3 І. Балаларды қоршаған ортамен таныстыру әдістемесінің теориялық негіздері


Тірі табиғатты жай бағдарлай білу



бет17/22
Дата31.05.2020
өлшемі59,65 Kb.
#71854
түріСабақ
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22
Байланысты:
stud.kz-56417

Тірі табиғатты жай бағдарлай білу. Топсаяхат кезінде баланың назарын ағашты, гүлді, шөпті ажырата білуге аудару. 1,5 жасқа дейінгі бала тәрбиеші ұсынған гүлді қарап көріп, соған ұқсас гүлді таба білуге тиіс. Сонымен бірге, ұқсас шөптерді, ағаштарды, гүлдерді үлкендердің көмегімен көрсетіп, атын атап, оларды таба біледі. Бақшадағы көкөніс (помидор, сәбіз, қияр, капуста) және жемісті өсімдіктердің (алма, алмұрт) сыртқы түрі мен аты, дәмі тәрізді қасиеттерімен таныстыру. Олардың суреттегі және табиғи түрлерін ажырата білуге үйрету. Тірі хайуанаттарды (балықты, құсты, тауықты, мысықты, итті) суреттегі, ойыншық түріндегі танып, көрсете білуге әдеттендіру. Балаға хайуанаттарды білдіре отырып, олардың негізгі дене мүшелеріне, қимылдарын (жүгіреді, ұшады) назар аударып, оларды да атауға жаттықтыру керек. Аквариумдағы балыққа, тордағы құсқа, гүлді өсімдіктердің әсемдігіне назар аударып, үй жағдайында (топ ішінде) оларға бақылау жүргізу. Хайуанаттар мен өсімдіктерді күте білуге үйрету, оларды аяу, қамқорлық жасау сезімдерін қалыптастыру.

Бақылау – зерттеу барысында нақты дерек материал жинақтау мақсатымен қандай да педагогикалық құбылыстың назарға алынуы. Бақыланған құбылыстар міндетті түрде хатталады. Бақылау нақты нысанмен жете танысуға орай алдын ала белгіленген жоспар бойынша жүргізіледі. Бақылау жұмысы келесі кезеңдерге бөлінеді:

1) міндеттері мен мақсаттарын айқындау;

2) бақыланатын объект, оның элементтерін және ситуацияларын таңдастыру;

3) бақылау және оның барысында ақпарат топтастыруға оңтайлы әрі тиімді тәсілдерді іріктеу;

4) байқалғандарды хатқа түсіру формасын ойластыру; 5) жинақталған ақпараттарды өңдеу және дәйектеу.

Бақылау түрлері: араласа бақылау – ізденуші зерттеу жүргізіп жатқан топтың мүшесі ретінде қатысады; сырттай бақылау- зерттеуші ізденіс жұмыстарына тікелей араласпайды; ашық және жасырын бақылау; тұтастай және таңдамалы бақылау.

Тәрбиешінің табиғи объектілері мен табиғат құбылыстарын бақылауды ұйымдастыруы және табиғатпен таныстырудың негізгі тәсілі болып табылады. Объектіге және балалардың жасына байланысты бақылаулар бірнеше минутқа созылатын мезгілдік және бірнеше күнге, ал кейде бір аптаға дейін созылатын ұзақ болуы да мүмкін.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет