Табиғат мүйісіне бақылау жасау. Балалар серуенде, топсаяхатта гусеницаларды (жұлдызқұрттарды), балықтарды, бақаларды, құстарды, және басқа жануарларды бақылаулары өте бағалы, өйткені бұл жануарлардың тіршілік етуі табиғи жағдайларда бақыланады. Өкінішке орай, мұндай бақылаулар кездейсоқ және өте қысқа мерзімді болады. Сондықтан серуенде не болмаса табиғат бұрышында жалғасуға тиісті.
Тәрбиеші өз жұмысын бастамас бұрын арнайы міндеттер жас ерекшелгіне қарай құрады, бөбек жасындағы екінші топта (бірден – екі жасқа дейін) тәрбиешінің алдында мына міндеттер болуы қажет:
Айналадағы әлем туралы бастапқы түсінік беру, алғашқы ойлау мәдениетін қалыптастыру, қоршаған өмір құбылыстарының қарапайым өзара байланыстары мен заңдылықтарын сезіне білу, алған білімін өз бетінше қол жетімді практикалық қызметте қолдана білу.
бақыланатын құбылыстарды тануда талдау және сүзгіден өткізу элементтерін қалыптастыру.
Міндеттерді іске асыру үшін тәрбиеші топсаяхаттарда мына мазмұндарға назар аударуға тиісті.
Қоршаған заттық ортаның функционалдық бағытталуы.
Заттардың негізгі белгілері (түсі, көлемі, пішіні).
Үлкендердің ауладағы, бақтағы, бақшадағы кейбір жұмыс қимылдары.
Үй-жайды жинауға, жөндеуге, кір жууға, ыдыс жууға, ас дайындауға байланысты іс-қимылдар. Оларды орындауға қажетті заттар.
Адам денесінің құрылымы (көз, қол, аяқ, ауыз, құлақ).
Адамның эмоциялық жай-күйі (жылады, күлді). Адамның физикалық жай-күйі (ауырсыну, шөлдеу, ашығу, шаршау).
Бірінші кіші топта (екіден – үш жасқа дейін) тәрбиешінің алдында мына міндеттер болуы қажет:
Баланың адам қолымен жасалған зат әлеміне кіруіне көмектесу.
баланы оны танып-білуге, заттарды дұрыс қабылдап, әрекет етуге үйрету.
баланы үлкендер беретін таныс емес заттарды зерттеуге, қарауға және олармен мақсатты іс-әрекет жасауға үйрету.
көруді, қимылды үйлестіруді, яғни қолдары мен қөздерінің үйлесімді қимылдарын дамыту.
Міндеттерді іске асыру үшін тәрбиеші топсаяхаттарда мына мазмұндарға назар аударуға тиісті.
Заттардың белгілі бір белгілері, қасиеттері, қолданыстары бойынша жіктелуі.. Затты сараланған белгілері бойынша салыстыру және олармен іс-әрекеттер жасау.
Балалар мекемелерінде жұмыс істейтін адамдардың негізгі еңбек процестерінің мазмұны. Еңбектің нәтижесі, оның адамдар үшін маңызы. Еңбек құралдары.
Жақын маңдағы көлік құралдары. Жеңіл жүк машиналары, жолаушылар көлігі (автобус, трамвай, пойыз). Автобуста, автомобильде адамдар жүріп-тұрады, жүк машиналарында жүк тасылады. Жүк автомобилінің бөлшектері, жүргізушінің іс-әрекеті.
Ортаңғы топта (төрттен бес жасқа дейін) тәрбиешінің алдында мына міндеттер болуы қажет:
Балалардың айналадағы әлем туралы білімін бекіту.
Үлкендердің еңбегі туралы, оның қоғамдық мәні, еңбек процесі туралы түсінік қалыптастыру.
Балалардың қозғалыс және байланыс, кейбір қоғамдық құбылыстар мен оқиғалар туралы білімін кеңейту.
Заттарды салыстыруға, оларды топтауға және жіктеуге үйрету.
Міндеттерді іске асыру үшін тәрбиеші топсаяхаттарда мына мазмұндарға назар аударуға тиісті.
Материалдардың (ағаш, метал, қағаз, мата) қасиеттері. Заттардың қолданысына қарай пайдалану. Жалпы түсініктер, заттарды қызметтік бегілері бойынша топтау. Жіктеу.
Өзінің аты, тегі, жасы, мекен-жайы. Ата-аналардың, отбасының, басқа мүшелерінің аты, әкесінің аты; туыстық байланыстар, отбасының құрамы. Отбасының дәстүрлері, атаулы күндері мен оқиғалары. Ата-аналар мен жақын туыстардың еңбегі. Жақын адамдарға қамқорлық, оларға көмек көрсету.
Қоршаған қоғамдық өмірдің оқиғалары. Жалпы халықтық мерекелер.
Туған қала, кент; оның көрнекті жерлері, қоғамдық ғимараттар.
Ересектер тобында (бестен алты жасқа дейін) тәрбиешінің алдында мына міндеттер болуы қажет:
Балалардың заттық-орта заттары мен материалдарының сапасы мен қасиеттері туралы білімін жүйеге түсіру.
Балалардың ақыл – ой қабилетін, танымдық белсенділігін дамыту.
Заттардың, құбылыстар мен оқиғалардың арасындағы байланыстар мен тәуелділікті орнықтыра білуді қалыптастыру.
Өз елінің мәдениеті, тарихы туралы қарапайым қорытылған түсініктерді қалыптастыру.
Міндеттерді іске асыру үшін тәрбиеші топсаяхаттарда мына мазмұндарға назар аударуға тиісті.
Айналадағы заттардың өзіне тән белгілері мен ерекшеліктері. Материалдар (әйнек, тері, резина) және олардың қасиеттері (мөлдір, қатты, жұмсақ, суық, тегіс).
Арнайы көліктің әр түрлілігі. Көлік және қозғалыс ортасы. Қоғамдық көлікті пайдалану ережесі. Көше қозғалысынаң ережелері. Кейбір жол белгілері.
Экономика негіздері. Жекелеген экономикалық түсініктер.
Мемлекеттік рәміздер (ту, елтаңба, әнұран), олрдың қолданысы. Қазақстан Республикасының президенті. Республика астанасы, Қазақстанның ірі қалалары.
Туған өлкенің табиғаты. Туған қала, ауыл. Қазақстан өңірлерінің кейбір ерекшеліктері.
Қазақстан әскері. Сарбаздарының, кейбір әскер түрлерінің киімдері. Жауынгерлерін Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ерлері.
Достарыңызбен бөлісу: |