3 і-тарау. Бастауыш мектеп кезеңінде шығармашылық қабілетінің дамуын зерттеудің теориялық негізі


Шығармашылық дербестікті қалыптастыру



бет11/16
Дата08.02.2022
өлшемі298 Kb.
#130956
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
Байланысты:
Дип.-01-Оқушылардың шығармашылық тапсырмалар арқылы ой - өрісін дамыту
Дип.-02
1.6. Шығармашылық дербестікті қалыптастыру.
Оқушылардың шығармашылық дербестігін қалыптастыруда сыныптан тыс жұмыстардың маңызы зор. Бұл мәселе педагогикалық әдебиеттерде (Е.Саркисян, Г.Суворова, П.Лосев, В.Кутьев, т.б.) қарастырылған. Олар сыныптан тыс жұмыс мектептегі бай рухани өмірді қалыптастыруға, оқу пәндері бойынша білімдерін тереңдетуге, оны іс жүзінде қолдануға, оқу пәндерінің тәрбиелік мүмкіндіктерін толық пайдалануға, дүниеге ғылыми көзқарасын және оқу пәндеріне танымдық қызығуын қылыптастырып дамытуға байланысты қарастырады.
Кейбір зерттеушілер (А.Матюшкин, О.Нильсон, П.Пидкасисиый, Б.Айтмәмбетова, т.б.), сыныптан тыс жұмыстар оқу жоспарына сай оқушылардың білім дәрежесін толықтырушы және белгілі дәрежеде оқыту үрдісін оңтайлы ұйымдастырушы, оқушылардың дербестік қасиеттерін дамытушы құрал ретінде қарастырады.
Сыныптан тыс жұмыстардың маңызды ерекшелігі - оқушылардың шығармашылық мүмкіндіктерін жетілдіру. Мұндай ерекшелік мынадай жағдайда байқалады:
- оқушының іс-әрекетте нәтижеге жетуіне сенімділігін қалыптастыруда;
- шығармашылық ой-өрісін кеңейтуде;
- өзіндік жұмыс істеу біліктерінің қалыптасуында;
- дербес жұмыс істеу дағдысын жетілдіруде;
- дүниетанымының интеллектуалдық, эмоционалдық, еріктік бөліктерін қалыптастыруда;
- оқушының шығармашылық дербестігін қалыптастыруда. Сыныптан тыс жұмыстар арқылы шығармашылық дербестікті қалыптастыру бір жағынан оқу үрдісіне қызмет етсе, екінші жағынан тәрбиелік ықпал жасауды күшейтеді.
Сыныптан тыс жұмыс мазмұны әр түрлі іскерліктерді, Дағдыларды жетілдіруге бағытталады. Олар оқу дағдыларын жетілдіреді, өзіндік жұмыс ұйымдастыруда ізденімпаздығын, дербестігін, танымдық біліктерін дамыту, этикалық нормаларды сақтау іскерлігін меңгереді. Сыныптан тыс жұмыстардың іс жүзіндік жағы басым болғандықтан, олардың мазмұнын оқушылардың шығармашылық іс-әрекеті бағыты жағынан қарастырып, соған ойластырған жөн.
Ол үшін сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастырудың ең тиімді деген түрлері мен әдістерін іріктеп ала білудің маңызы зор.
Сыныптан тыс жүргізілетін жүмыстар пәннің негіздерін оқушыларға үйретіп, қана қоймайды, сонымен қатар болашақ жастарды өмірге әзірлеп, мамандықты еркін таңдай білулеріне көп септігін тигізеді. Мұның өзі жеке мемлекет болып, білім берудің жүйесіне жаппай бетбұрыс жасалып жатқан қазіргі шақта жаңа мазмұнға ие болып отыр.
Бірқатар мектептер сыныптан тыс жұмыстарды оқушылардың көпшілігі қатысатын, атап айтқанда, кештер, «ойлан-тап» ойындарын өткізумен ғана шектеледі. Оның өзінде оқушылардың өз беттерінше жұмыс істеуіне, жеке белсенділіктері мен шығармашылығын дамытып отыруына жете көңіл бөлінбейді.
Соңғы кездерде сыныптан тыс жұмыстарды қызықты етіп жүргізуде пән апталығы, танымдық сөзжұмбақтар, ойындар, жарыс кештері, т.б. көптеген білім беретін материалдар кең түрде қолданыла бастағанына қарамастан, оларды қызықты етіп ұйымдастыру жағы жетіспейді. Бұл салада да оқушылар шығармашылығы аз пайдаланылады. Әсіресе,оқушыларды жаппай қатыстыратын сыныптан тыс жұмыстар: мектепішілік пәндік олимпиадалар, өндірістік мәні бар таным жорықтар, оқушылар білімін тексеруге арналған алғырлар, тапқыштар жарыс кештері сирек өткізіледі. Кейбір ұстаздар осы саладағы өздері өткізген үлгілі жұмыстарының нәтижесін басқаларға ұсынуға мән бермейді.
Оқушыларға жеке пәннен тек білім беріп қана қою жеткіліксіз, оларды сабақ үстінде де, сыныптан тыс жұмыстарда да сол ғылымды сүйе білуге тәрбиелеп, өз беттерінше білім ала білуге үйрету керек. Ұстаздар тәжірибесі сыныптан тыс жұмыстардың сабақтан басталатынын көрсетеді. Сондықтан да сабақты қызықты етіп өткізу арқылы оқушылардың білімді өз беттерімен тереңдете алатын жағдайға негіз қалау қажет.
Сыныптан тыс жұмыстар белгілі бір мақсатқа сай жүйелі де нәтижелі болуы керек. Оқу-тәрбие барысында сабақ пен сыныптан тыс жұмыстардың өзара байланыстылығын жетілдіру, мұнымен бірге оқушылардың білімге, жеке пәнге деген құштарлығын дамыту, сондай-ақ оларды қоғамдық пайдалы еңбекке неғұрлым белсенді қатыстырып, белгілі бір кәсіптік мамандықты игеруге әзірлеу - мұғалімдердің негізгі міндеті. Сондай-ақ мұғалімнің оқу материалын түсінікті етіп әсерлі баяндауы, тәжірибелерді шеберлікпен көрнекі көрсетіп, сабаққа танымдық ойын қисындарын енгізіп отыруы оқушылардың пәнге деген қызығуын арттырып, қиялын қозғауға әсер етеді.
Мұғалім сыныптан тыс жұмыстарды жеке оқушыға ғана әсер ететіндей емес, көпшілік оқушыларды қызықтыратындай етіп ұйымдастыруы тиіс.
Оқушылардың пәнге деген ықыласы артып, қызыға бастаса, онда пәнді меңгеруге деген құштарлық тереңдей түседі. Қазіргі кезеңде сабақтың мазмұны мен оны түсіндірудің негізгі әдістері оқушылардың өз беттерінше танымдық іс-әрекеттерін дамытатындай, әрбір нақты материалды жүйелі меңгеретіндей етіліп құрылғаны жөн. Осы мәселелердің бәрі оқушылардың жасы мен жеке басының ерекшеліктерін білуді қажет етеді.
Сыныптан тыс жұмыстар оқушылардың пәндік білімін дамытып қана қоймайды, оларды жан-жақты тәрбиелеудің де міндеттерін шешеді. Әрбір оқушы өзінің еріктілігімен қатар өз бетінше жеке дара жұмыс істейтінін де, ұжым алдындағы жауапкершілігін де жақсы сезінуі керек. Сыныптан тыс жұмыстардың жоспарын жасаған кезде әрбір үйірме мүшелерінің жеке міндеттері де көрсетіледі. Бұл үйірме мүшелерінің арасында ұжымдық сезімді тудырады. Ұжымдық жұмыстардың нәтижесі сан алуан түрде тұжырымдалады. Оқушылар үйірмедегі бастаған жеке тапсырманы ұжымдық тапсырмаға ұластырып, қоғамдық пайдалы жұмыстарды атқаратын болады. Ондай тапсырмаларға қарапайым құралдарды құрастырудан бастап пән кабинетін толық жабдықтауға дейінгі жұмыстар жатады. Осыдан қоғамдық пайдалы жұмыстардың сарамандық сипаты мен қажеттігі айқын көрініп тұрады.
Оқушылардың пәнге қызығуын оқу бағдарламасы шеңберінде қанағаттандыру мүмкін емес, сондықтан да сыныптан тыс әр түрлі жұмыстар жүргізіледі. Мұндай жұмыстар білім сапасын арттыруға септігін тигізіп, кәсіптік бағдар беріп, мамандықты таңдауға көмектеседі. Бұдан шығатын қорытынды, яғни сыныптан тыс жүргізілетін пәндік жүмыстардың негізгі мақсаты - әр түрлі үйірмелермен қамтылған оқушылардың қоғамдық және шығармашылық белсенділігін көтермелеу. Оқушы өз күші жететін іспен айналысса ғана оның үйірмедегі не бірлестіктегі ісі жемісті болады.
Оқушылардың шығармашылық дербестігін қалыптастырудың педагогикалық шарттарының: оқу-тәрбие үрдісінде жеке тұлғалық-бағдарлық оқыту, мұғалім мен оқушының өзара қарым-қатынасындағы ынтымақтастықтың болуы, жоғары сынып оқушыларын қазіргі өмірге бағдарланушылығын жүзеге асыру үшін сыныптан тыс жеке-ұжымдық жұмыстар ұйымдастырудағы шығармашылық ай, пәндік апталықтар мен ғылыми апталық, жобалар, пәндік үйірмелер мен факультатив сабақтарының маңызы зор.
Осындай формада жүргізілген жүмыстар арқылы оқушылар өздерінің әр түрлі танымдық және шығармашылық сүраныстарын қанағаттандыра алады, мектеп олимпиадалары мен байқауларға, көркемөнер және техникалық көрмелерге белсене араласады, бұл мектеп ішіндегі оқушылардың арасынан дарынды балалардың шығуына ықпал етеді.
Оқушылардың шығармашылық дербестігін қалыптастыруға бағытталған жұмыс түрлерінің қайсысы болсын, оқушылардың жеке басының қажетсінуіне орай құрылады.
Мектептерде шығармашылық сабақтарды жиі өткізу оң нәтижеге бастайтыны тәжірибе жүзінде дәлелденіп отыр. Мұғалімнің кез-келген сабағы шығармашылық сипатта өткізіліп отырса, оқушы дербестігінің қалыптасуы жоғары деңгейге көтерілері сөзсіз.
А.Хуторской, В.Сластенин еңбектеріне талдау жасай келе, біз оқушылардың шығармашылық дербестігін қалыптастыруға ықпал ететін шығармашылық сабақ түрлерін төмендегіше бөліп қарастырамыз: 1)Танымдық; 2) эвристикалық; 3) әдіснамалық; 4) коммуникативтік.
Енді жоғары сынып оқушыларының шығармашылық дербестігін ескере отырып, жоспарын құру ерекшеліктері мен кезеңдеріне тоқтала кетелік.
1. Шығармашылық сабақ жоспары - мұғалімнің білім беру бағдарламасын жүзеге асыру құралы. Сондықтан сабақты жоспарлау тақырыпты (бөлім, тарау) жоспарлаудан басталады. Мұғалім өзара байланысты бірнеше сабақты: мақсаты, тақырыбы, іс-әрекет түрі, мүмкін болар нәтижелерін ойластырады. Пән бойынша жалпы бағдарлама негізінде және оқылып отырған тарау бойынша оқушының мүмкін болатын жетістіктерін болжап, негізгі білімдік нәтижелерді белгілейді.
2. Оқушылардың шығармашылық әлеуетін ескеру. Мұғалім сабақ өтетін сынып оқушылардың ерекшеліктерін еске түсіреді. Өткен сабақтың жетістік жақтарын ескереді. Оқушының тақырып пен мәселеге байланысты көзқарасын ойша елестетіп, жоспарлап отырған сабақтың мазмұны мен құралдарын реттейді.
3. Тақырып мәселесіне мұғалімнің жеке қатынасын көрсету. Осы мақсатта сабақ тақырыбы бойынша мұғалім түрлі кітаптармен танысады, өзіне қызықты мәселелерді іздеп табады. Бұл мәселе төңірегінде айтылған пікірлерді немесе кем дегенде бір-біріне қарама-қайшы 2 ғалым пікірін табу қажет. Пікірлерді оқушы назарына ұсына отырып, қай ғалымның айтқаны дұрыстығын анықтауды ұсынады. Мұндай іс-әрекет оқушының талдау, ой қорытындысын жасау сияқты қасиеттерін дамытып, дербес шығармашылық ой-өрісін қалыптастыруға негіз болады.
4. Сабақтың мәнін анықтау. Пәндік мақсаттар мен сабақ мәнінің ара қатынасын анықтау. Сабақ мәні және оқылып отырған тақырып мазмұны әр кітапта түрліше болуын ескеру қажет. Бұл жағдайда оқушының жеке ерекшелігі мен қызығуын, жеке білім алу бағдарламасы бағыттарын білу пайдалы.
5. Сабақ түріне және мүмкін болатын шығармашылық нәтижелерге негізделген сабақ идеясы жасалады. Оқушының қабілеттерін, жеке ой-ерекшеліктерін көрсетуге мүмкіндік беретін сабақтардың бірнеше түрі ойластыры лады.
6. Оқушының жеке өзінің білім мазмүнын «пайда ететін» (дүниеге әкелетін) материал, қүралдар, әдістер мен тәсілдер таңдалынады.
7. Оқушының шығармашылық нәтижелерінің білім беру стандарттарымен сәйкес келуі. Жоспарланған шығармашылық нәтижеге оқушы алдын-ала мәдени, тарихи, түр нүсқаларды саралайды. Мысалы, тапсырмаларды орындауды оқушы әр ғасырды өмір сүрген ғалымдар еңбегімен танысады.
8. Оқытудың түрлі субъектісіне қатынасы бойынша түрліше дәрежедегі сабақ мақсаттары жазбаша құрастырылып, нақтыланады. Оқушыларға қатысты 3 деңгейдегі мақсат бойынша мысал келтірсек олар мыналар: «өзінің жеке математикалық заңдылықтары бойынша сандарды тізіп жаз» (Пәндік мақсат); «Заңдылық» ұғымын түсіндір (Пән аралық мақсат); «Өз жұмыс мақсатында, әдіс-тәсілдермен кездесетін қиындықтарды тап, графикалық рефлексия тәсілін игер» (Әдіснамалық мақсат)
9. Сабақ құрылымының бірнеше варианттарын ойлап табу. Сабақтағы оқушы әрекеті алуан түрлі болып ауысып отыруы қажет.
10. Сабақ жоспарын жасау. Оның үлгі ретіндегі құрылымы мынадай болады:
- Сабақ тақырыбы, сыныбы, уақыты;
- сабақ түрі;
- сабақ мақсаттары;
- сабақтың қүрал-жабдықтары;
- оқушының жоспарланып отырған іс-әрекетіне бағытталған іргелі білім беру нысандары;
- сабақтың негізгі мәселесі (бір немесе бірнеше мәселе жазылады)
- оқушы іс-әрекет түрі мен кезеңдерін минуттық жіктеп жазу;
- сабақтың әр кезеңдеріндегі оқушы тапсырмасын қүрастыру.
Шығармашылық сабақ тапсырмаларының орындалуы түрліше болуы үшін бір-біріне ұқсамайтындай тапсырма орындалады:
- тапсырманы орындаудағы мүмкін болатын нәтижелері (нәтиженің 2-3 вариантын көрсету керек);
- қарастырылып отырған мәсенің тарихи-мәдени нүсқалары;
- суреттер, тапсырмалар, кесте, сызбалар;
- оқушы іс-әрекетіндегі рефлексия бойынша тапсырмалары;
- бақылау түрі және сабақты бағалау;
- үйге тапсырма (әртүрлі варианттағы өзіндік жүмыс);
- оқушыларға ұсынылатын материалдар (оқулықтар, интернет жүйесіндегі сайт, т.б.);
- мұғалімнің сабаққа дайындалу кезеңінде пайдаланған әдебиеттер тізімі, түрлі дерек көздері;
- өткізілген сабақты талдау формасы, сабаққа қатысқан мұғалімдер мен оқушылардың пікірлері бойынша қорытынды.
Жоғары сынып оқушыларының шығармашылық дербестігін қалыптастырудың шығармашылық сабақтардың мәні үлкен. Дәстүрлі сабақ пен біз ұсынып отырған шығармашылық сабақ әдістемесінің маңызы өте зор. Оны салыстырмалы түрде талдаудың ерекшеліктері мен артықшылықтарын төмендегі кестеден көруге болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет