І тарау. Дарындылық туралы шетел және кеңес психологтарының ғылыми теориялық ой – пікірлері
1.1.Дарынды балалар туралы шетел және кеңес психологтарының
көзқарастары мен зерттеулері
Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде дарынды «асқан қабілетті, талантты» деп түсіндірілсе, ал Н.Ожеговтың сөздігінде дарындылық «табиғаттан берілетін ерекше қабілет» деп берілген.Ендеше, әр баланың жеке қабілетіне қарай интеллектуалды дамуы, жеке тұлғаны дарындылығын,талантын,қабілетін дамыту - дарынды балалармен жұмыста ең басты нысана.
Дарындылық ұғымы,жеке тұлғаның өзіндік ерекшелігі,жеке қабілеті,оны танудағы жүйелі жұмыстар төңірегінде дүниежүзі ғалымдары біршама зерттеу жұмыстарын жүргізгені белгілі.Бірақ,адам қабілетінің қайнар көзі,оның дарындылық,тума таланттық қасиеті толық зерттеліп болған жоқ деп айқын айтуға болады.Өйткені адам санасы зерттелмей жатқан ғарыш кеңестігімен бірдей.
Адамның дарындылығы оның жоғарғы нерв қызметінің тума типіне байланысты болып келеді. А.Н.Колмагоровтың байқағанындай: «Зерттеу жұмысында дарындылықты нақты анықтайтын тест болмайды» дейді.
Дарынның дамуына қолайлы жағдай туса,ол ерте көзге түсетін болады,демек бала қабілетінің ашылуы қоршаған орта,қоғамға байланысты.Тарихта ерте жастан дарындылығымен көзге түскен адамдар болғаны белгілі.Мысалы,Дюрер үш жасында өз портретін салған,жеті жасар Моцарт төрт соната жазып үлгерген.Тоғыз жасар Гете неміс,латын,грек тілдерінде өлең жазатын болған.Бертіндегі отыз – ақ жыл өмір сүрген Шоқан Уәлиханов та аз ғана ғұмырында адамзаттық ғылымға баға жетпес үлес қосып кетті.
Ж.Аймаутовтың пікірінше,адам өмірге өзіндік табиғи қасиеттермен,қабілеттермен келеді.Ал баланың бойындағы туа біткен қасиеттерді дамытатын – оқу мен тәрбие.
Елбасымыздың Қазақстан халқына Жолдауы мен әлемдегі барынша дамыған және бәсекеге қабілетті елдердің қатарына кіру стратегиясындағы басым бағыттардың бірі,осы заманғы білім мен озық ғылымды дамыту салаларына зор маңыз беру деп баса назар аударды.
Дарынды балалар – бұл болашақта қоғамның әлеуметтік және өнеркәсіптік өміріне жаңа өзгерістер енгізетін потенциал. «Адам ұрпағымен мың жасайды» дейді қазақ мәтелі.Иә, ұрпақ жалғастығымен адамзат баласы мың емес миллиондаған жылдар жасап келеді.Және ол сәт сайын өзгеріп,өрлей дамыған саналы тіршілік.Адамзат еншісіне ғана тиісті сол тірлік дамуының бағбаншысы - тәрбие.Демек,ұрпақ тәрбиесі - қай заманның, қай қоғамның болмасын көкейкесті мәселесі болып келегендігі дәлелдеуді қажет етпейді.Қазіргі жас ұландар – болашақтағы еліміздің тіректері,еліміздің болашақ өкілдері болып табылады.
Ел Президенті 2030 жылға қарай Қазақстан Орталық Азия барысына айналады және өзге дамушы елдерге үлгі болады деген асқақ сезімді алға тарта отырып, «Біздің жас мемлекетіміз өсіп – жетіліп, кемелденеді,біздің балаларымыз бен немерелеріміз онымен бірге ер жетеді.Олар өз ұрпағының өресі биік,денсаулығы мықты өкілдері болады» дейді.Жолдауда атап көрсетілгендей,өз ұрпағының жауапты да жігерлі болып,өресі биік жеткіншекті тәрбиелеуде мұғалімнің, психологтардың жаңаша ойлау түрін педагогикалық іс-әрекеті ғылыми тұрғыда ұйымдастырғанда ғана қол жетеді.Ол үшін оқу үрдісінің мәні мен заңдылықтарын жетік білу,жаңа оқу технологиясын жетік білу және дұрыс қолдану жатады.Бұл міндетке дарынды балаларды таңдау және олардың бойындағы ерекше қасиетті бағалап,өмірден өз орындарын табуға көмектесу де қосылады.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңына мемлекеттік саясат негізінде «Әр баланың жеке қабілетіне қарай интеллектуалдық дамуы,жеке адамның дарындылығын дамыту» сияқтыөзекті мәселелер енгізіліп отыр.Соңғы кезде дарынды балалардың шығармашылық қабілетін дамытуға көп көңіл бөліне бастады.
Психологтардың зерттеуі әрбір жаста шығармашылыққа баулуға өзек болардай өзіндік қабілет, бейімділік болады дегенді айтады. Сондықтан баланы сәби кезінен бастап мектеп бітіргенге дейін үзбей, жүйелі түрде шығармашылыққа баулып,ақыл – ойын, икемділігін дамыту қажет.
Шығармашылық қабілеттілік – бала өз бетінше жаңа бір бейне құрумен сипатталады, яғни іс - әрекеттің қандай түрінде болсын жаңалық ашу арқылы,жасампаздық бейне жасау арқылы өзіндік жеке даралық дамудың бір көрінісін байқатқан жағдаймен түсіндіріледі.
Тарихта халыққа басшылық етіп,әр салада жаңалықтар ашып,таңдаулы шығармалар мен қызметтер ұсынған дарынды қабілеттер аса жоғары бағаланған.Оларға дұрыс тәрбие берудің алғы шарты – дарын иелерін жастайынан таңдай білу.
Адамзат өркениетін алға апарушы,дамытушы күші болып саналатын дарынды балалар мен жастарды қолдау,іздестіру ,тәрбиелеу,оқыту әрі дамыту проблемасының көкейкестілігі Қазақстан Республикасының интеллектуалдық әулетін сақтау және дамыту қажеттілігінен туындап отыр.
Өмірде даналыққа жетудің бір –ақ жолы бар.Ол – білім.Білім беру – дара тұлғаның,қоғамның экономиканың ,мемлекеттің дамуының маңызды шарты мен құрамы.
Әрбір адам бала кезден өмірде үлкен жетістікке жетуді армандайды.Көпшілігі ерте кезден бастап белгілі бір іс - әрекетке қабілеттілік байқатады. (сурет салады,билейді,өлең айтады,белгілі бір музыкалық құралда ойнайды,мүсін салады.)Бірақ бұл қабілеттілікті қалыптастырып отырмаса, ол қасиет жас өскен сайын бірте – бірте жойыла бастайды, жас жеткіншектің болашақ кәсіби өміріне бағыт – бағдар бере алмайды.
Қазіргі әлеуметтік - экономикалық жағдайда кәсіби жетістікке жалпы және арнайы қабілеттілік, білімділік,шығармашылық арқылы ғана жетуге болады.Сондықтан ата – аналардың,мұғалімдердің, психологтардың алдында жаңа міндет:балалардың жеке қабілеттілігін,бейімділігін анықтау және оны дамыту,соның негізінде олардың болашағына бағыт беру тұр.Осы аталған мәселенің өзектілігі соншалық, жеке тұлғаның дарындылығын дер кезінде анықтап, оны қолдап отыру қажеттілігі дәлелдеуді қажет етпейді.
Педагогикалық энциклопедияда дарындылыққа мынадай анықтама береді: «Дарындылық – белгілі бір іс - әрекет саласында ерекше жетістікке жеткізетін адам қабілеті дамуының жоғары деңгейі».
В.Крутецкий өзінің математикалық қабілеттіліктің құрылымын зерттеген еңбегінде «Егер қабілеттіліктер деген ұғымды жеке психикалық қасиеттер деп түсінсек, онда дарындылық дегенді адамның ерекше қабілеттерінің жиынтығының бірлігі деуге болады» деп тұжырымдайды.Сонымен қатар «дарындылық» қабілеттіліктің жоғары деңгейін белгілейді.
Н.С.Лейтестің редакциялауымен 1996 жылы жарық көрген «Дарынды балалар мен ересек балалардың психологиясы» атты еңбегінде Н.Лейтес дарындылық ұғымына мынадай анықтама береді: «Дарындылық - баланың өз құрдастарымен салыстырғанда бірдей жағдайда білімді игеру деңгейінің жоғарылығы мен аса ерекше байқалатын шығармашылық қабілетінің байқалуы».Бұл ой тұжырымдарды дарындылық тек педагогикалық қана емес,әлеуметтік те мәні бар құбылыс деуге болады.Осы бағыттағы зерттелген ғылыми еңбектерге талдау жасай келе,дарындылық ұғымына төмендегіше анықтама береміз: дарындылық - адамның бір не бірнеше іс - әрекет саласында жоғары, қатардағылардан ерекше нәтижеге жету мүмкіндігін анықтайтынкөп өлшемді,ықпалдастырылған (интегральное) құрылым.Дарынды балалар мектеп бағдарламасын жылдам меңгереді.Зеректік,байқағыштық қасиеттері жоғары болады.Олардың көпшілігі өз уақыттарын шығармашылық жұмысқа арнайды.Сурет салады,өлең жазады.Мысалы, Ч.Дарвин көп уақытын көбелек қуып,коллекция жинауға бөледі екен.
Көрнекті психолог С.М.Жақыпов еңбектерінде оны: «Қабілеттіліктің қалыптасуындағы индивидуалдық ерекшеліктері (әдеттегідей мұны дарындылықтың туындауы немесе жоқтығы ретінде қарау) концептуалдық жүйе бойынша былай анықталады:
талаптардың сандық және сапалық көрсеткіштеріне,
біріккен іс - әрекеттегі серіктестердің мазмұнды сипаттамасына (ата – ананың жалпы деңгейі, мұғалімнің шеберлігі т.б.)
біріккен іс - әрекеттің құрылымдық ерекшеліктеріне байланысты», деп көрсетті.
Дарындылықтың шешілмеген мәселелері ретіндегі қазіргі авторлардың қарастырулары, мұны өзгермелі түрде қарайды «жасерекшелік дарындылық» (Н.С. Лейтес, 2001), шығармашылық белсенділік пен дарындылықтың байланысы мәселесі (Матюшкин А.М. 2001),қабілеттілік және психикалық процестердің байланыстыру мәселесі (Панов В.И. 1998) және т.б.Бұл арқылы дарындылық психологиясының көп аспектілерін түсінуге мүмкіндік ала отырып шығармашылық қабілетін дамыту жолдарын анықтаймыз.
Шығармашылық қабілеті бар балалар көбінесе шапшаң, тез ойлайтын, көп көлемде білім меңгеретін, оны ұзақ уақыт ұмытпайтын болып келеді.олардың түсінігі жоғары,сезімтал, ойға алған нәрсесін,алдына қойған мақсатын қалайда орындауға тырысатын, адамгершілік сезімі ерте дамып,моральдік қасиеттерге өте бай , қиял – күші басым болады.
«Қазақстан ұлы державада болуы үшін бізге күш – қуат, қажыр – қайраты мол, ақылды да, дарынды жастар керек» Н.Ә.Назарбаев
Ұлтымыздың алтын кені болатын дарынды балаларды тәрбиелеудің негізгі орталығы - білім ордасы.Дарынды оқушыларды іріктеу оңай жұмыс емес.Табиғи дарынды, талантты балалардың қасиеттерін біліп, оның дамуына қамқорлық жасайтын: ата – ана, ұстаз, психолог.
Зерттеу - дарынды балаларды оқытудың негізі.Зерттеусіз баланың қабілетін ашу, дамыту мүмкін емес. Қабілетті оқушының ізденушілік қасиетін қалыптастыру зерттеуге оқытудың түрлі форма - әдістері арқылы жүзеге асырылады.Мектепте оқушыны ізденушілікке баули отырып, ғылым мен техниканың жетістігіне сәйкес табыстарға жетуге, өз жолдарын дәл табуға, ғылымға жетелеу сәйкес табыстарға жетуге, өз жолдарын дәл табуға ғылымға жетелеуге арқылы өздерінің қабілеттерін аша түсу керек.
Дарын өкілдерінің қуат – қабілетінің шарықтайтын шегі болады.Мұндайда олардың санасы барынша өткірленіп,мейілінше айқындалады,байқампаздығы онан сайын арта түседі.
«Неғұрлым баланың қабілеті мен талантын дамытуға ертерек көңіл бөлінсе,соғұрлым оны толық ашуға мүмкіндік туады.Бала бойындағы ерекше қасиеттерді оған жақын жасы үлкендер дұрыс,жеткілікті бағаламаса,оның «өзгелер сияқты » болып қалып қоюы мүмкін» дейді америкалық ғалымдар.
Дарындылық төмендегідей топтарға жіктеледі.
Ой - өрістің жоғарылығы.
Академиялық табыс.
Шығармашылық және тиімді ойлау,пікір айту.
Көркемдік әрекет.
Қатынас және белсенділік.
Қозғалғыштық.
Адам жан – жақты даму мен өздігінен жетілу (өзінің жақсы қасиеттерін, қабілеттерін саналы түрде тәрбиелеп жетілдіру) үшін басқа адамдармен араласу керек. Дарынды балаларды анықтағанда және олармен жұмыс істегенде сол бала жанындағы ортаның педагогикалық,әлеуметтік жағдайларына баса назар аудару керек.
Дарынды баланың бірден көзге түсетін ерекшеліктері: оның шектен тыс белсенділіктері, аз ұйықтауы, танып білуге деген құштарлығы, қолына түскен заттарды реттеп жүйелеу, қайта құру әрекеттерін ұнатуы, ерте сөйлеуі, естігенін сөзбе сөз қайталауы т.с.с
Ғалымдар бала дарындылығын тағы бір аспектіде қарастыруға ұсынады. Дарындылық бала қызметіне анық және айқын көрінетін болса, онда олар оны анық деп атайды, қарама-қарсы көрінбейтін формада болса оны жасырын дарындылық деп атайды. Осы формаға өте жақын актуальді және потенциялды дарындылық бар. Көрінген, шамаланған дарындылықты яғни, психологтармен, педагогтармен, ата – аналармен байқалған дарындылық «Актуальді» деп аталады. Дарындылықтың берілген түрін көрсеткен балалар, әдеттегідей дарынды емес, талантты балалар деп аталады. Керісінше, жоғарғы жетістіктерге жету үшін нақты психикалық мүмкіндіктерді көрсететін дарындылық, бірақ функционалды жетіспеушіліктердің берілген кезде анық болмауы «Потенциялды» деп аталады. Бұл психологиялық көзқарас үшін өте қызықты және қажетті олжа болып келеді. Ілгері уақытта бұл ойлар әртүрлі ғалымдардың зерттеулерінде айтылған (К.Юнг,Н.С.Лейтес және т.б.),бірақ ең алғаш рет нақты айтылып отыр.
Дарындылықты уақыт ағымына қарай ерте және кеш кездегі дарындылық деп айтуға болады.
Көптеген атақты ғалымдар,музыканттар ,суретшілер және ақындар өзінің қажеттіліктерін ерте жас кезінде көрсете білді.А.Моцарттың жарқын шығармашылық жетістіктері барлығына белгілі,балалалық шақтарындағы Ф.Гальтонның,И.И.Мечниковтың,К.Гауссаның,Н.Винердің,Г.В.Лейбництің,В.Гюганың,Ф.Шуберттің,Н.А.Римский-Карсаковтың,М.Мусорскийдің көрнекті жетістіктері бар,бұл тізімнің аяғы жоқ..Дарынды балалар айтылып кеткендей үлкен кезінде атақты болады,бірақ әрқашан емес,ол ешкімге құпия емес.Жас балалық кезінде өзін - өзі көрсетпеген адамдар,есейген кезінде көрнекті нәтижелерге жеткен.Мысалы,Н.Коперник дарынды балалар арасында да болған жоқ және ғалым астрономдар қатарына да қосылмаған.
Дарынды деп үш негізгі параметрге сәйкес жағдайда ғана айтуға болады. Яғни, бірінші әлеуметтік даму, екінші интеллектуалды қабілеттілік, үшінші шығармашылыққа қабілеттілік. Егер параметрлерінің біреуіне сәйкес келмесе, онда біз дарынды баламен емес, ол бір маңызды бірақ ерекше психологиялық құбылысты іс болып табылады. Көптеген зерттеушілер идентификация кезінде дарында балалар «демократиялық көріністерден көрінеді» мысалы Д.Ж.Рензулли былай айтады: «Егер бала белгіленген параметрлерге сәйкес ең болмаса бір қабілеттілік жоғарғы деңгейде болса, онда оны дарынды деп дарынды деп квалификациялауға болады. Бұл жағдайдың кейбір шарттарын теория көзқарасынан белгілейтін онда педагогикалық қатынастан берілген әдіс өту продуктивті болады.»
Даму жалпы және жеке болып ерекшеленеді. Әрбір дарынды бала қайталанбайды, бірақ өзінің жеке бала дарындылығында көптеген өзінің ерекшеліктері болады. Олардың құндылығын тәжірибелі психологтар, бала бақша тәрбиешілері, мектеп мұғалімдері, ата-аналар үнемі байқайды. Қызметтің пәндік мазмұнына қарамай-ақ (суреттік, техникалық, комуникативті және т.б) бала дарындылығының дамуы білім бағдарламасын дамытуда, белгілібір нәтижеде жалпы көзқарастарды қарастыру керек. Олар негізгі ориентир «даму контуры» болып қарастырылуы мүмкін. Олар нақты қызметтің ерекшеліктері мен байланысты ұқсас емес арнайы психикалықжаңа білім және де дәстүрлі түрде педагогикадағы арнайы білімімен белгіленеді.
Дарынды балалар арасында ерекшелентіндерді американдық ғалым Л.Холлитнгуорт былай белгіледі: мектепті жек көрушілік, ойын қызықтарына ерекше бағытталуы; философиялық мәселелерге жүктелу; физика арасындағы интеллектуалды және әлеуметтік даму сәйкессіздігі, Ю.З.Гильбух ең негізгі ең негізгі дарынды балалар ерекшелігіне ертежоғарғы білім белсенділігі және білімге құмарлық; жылдамдықжәне ми операцияларының нақты орындауы; логикалық ойдың әдетін қалыптастыру; белсенді сөздіктің байлыңы; жылдам және вербальді ассоциациялардың тазалығы ; шығармашылық ойдың дамуы және көз алдына елестету, негізгі оқи білу компоненттеріне ие болу.
Атақты неміс маманы К.А.Хеллер дарынды балаларды оқытуда, төмендегідей олардың тұлғалық сипаттамаларын белгілейді:
жоғарғы интеллектуалды қабілеттілік;
белсенді шығармашылыққабілеттілік;
атақты жады және тезқабылдау қабілеттілігі;
интеллектуалды қызығу және білімге деген талпыныс;
жоғарғы тұлғалық жауапкершілік;
өзіндік эффективтілігіне көзжеткізу және өзіндік ой талғысы;
Көптеген ресей зерттеушілер жұмыстарында бір топ сипаттамалар белгіленген және айтылған. (Д.Б.Богоявленская, О.М.Дьяченко, В.А.Петровский т.б) Төменде қарастырылатын дарынды балалардың психикалық даму ерекшеліктері әртүрлі контент – талдау әдістерінің қайнар көздерінен алынған және де автордың өзінің эмперикалық зерттеулері нәтижелерінен анықталған. Білу сферасындағы даму ерекшеліктері: қызық құмарлық, білу қажеттілігі, яғни білім шыңына алып бару үшін, бұл түсініктер мен әр мұғалімге анық «саты» белгіленеді. Оның бірінші сатысында барлық балалар болады, яғни дарынды және дарынды еместер. Қызық құмарлық жаңа нәрсені білу құмарлығы, интеллектуалды стимульяция, ресейлік психологияда анықталатын және ми пікірлерінің қажеттіліктері әрбір дені сау балаға сипатталынған (Л.И.Божович, Л.А.Венгер, А.В.Запорожец, Н.С.Лейтес т.б)
И.П.Павлов өзінің жұмыстарында оның шығу және анықталу механизмін де ашты. Ол мынадай шартсыз рефлекс қатарында бұл азықтық, қорғану және де зерттеу рефлексі де бар деп сызып көрсетті. Бұл рефлекс адамда және еңжоғарғы маймылдарды ерекше күшке жетеді. И.П.Павлов былай жазған : «Пайдакүнемсіздік білім құмарлығы» өзіндік түсінікке ие.
Бұл қажеттілік мидың әсерлерінен жай- жай білім құмарлыққа ауысады, яғни оны білу қажеттілігінің екі деңгейі сияқты қарастыруға болады.
Білім беруді дамытудың 2005-2010 ж.ж. арналған Мемлекеттік бағдарламасы білім беру жүйелерінде дарынды балаларға жете көңіл бөлуді қажеттіліктерімен тығыз бірлікте қарастырады.
Қазіргі заманғы мектептің негізгі проблемаларының бірі – оқушылардың шығармашылықпен ойлау қабілеттерін дамыту проблемасы.Шығармашылққа деген қажеттілк пен өз ойын білдіруге деген қасиет адам бойында туғаннан қалыптасқан.Кейбіреулер шығармашылыққа үйрету мүмкін емес дейді, бірақ оның адам бойында өшіп қалмауы үшін оны мақсатты да,саналы түрде дамыту керек.Бұл мен үшін тәрбие мен оқытудың маңызды міндеті.
«Қазақстан - 2030» стратегиясы анықтап берген және республикасының ғылым мен білім жүйесінің алдында тұрған жауапты міндеттердің бірі – мемлекет үшін Қазақстанның гүлденуіне,егеменді еліміздің өсіп - өркендеуіне өз үлесін қосар білімді мәдениетті жастардың шығармашылық қабілетін анықтау.Осы жолдауда айтылғандай ХХІ ғасырдағы экономикалық және әлеуметтік ұмтылыстағы негізгі жетекші күш – «адамдар,олардың еркі,жігері,табандылығы,білімі».Бұл мақсатты орындау үшін республиканың ақыл – ойлы, шығармашыл әлеуетін өсіру қажет,дарынды балаларды анықтаумен дамыту үшін өркениетті жағдайлар жасау қажет.
Қазақстанның орта білім жүйесінің алдына адамзаттық құндылықтар,ұлттық рухани мұралар, адамгершілік пен ізгілік, елжандылық тұғырнамасында қалыптасқан,тәні және жаны сұлу,өзіне - өзі сенімді,ғылыми – теориялық білімділігі мен тәжірибелік қабілеттері арқылы күрделі әлемдік,өмірлік әрі әлеуметтік кеңістікке еркін ене алатын қасиеттерге ие дарынды тұлға тәрбиелеу міндеті қойылып отыр.
Дарынды балалардың шығармашылық қабілетін анықтау өте күрделі,жан – жақты мәселе.Қазірге дейін ғылым мен тәжірибеде дарындылық туралы екі түрлі көзқарас бар.Біреулері кез келген бала дарынды, тек уақытынды нақты қабілетін анықтап дамыту керек.Ал қарсы көзқарастағылар дарындылық өте сирек құбылыс, жалпы адамдардың өте аз тобына ғана тән, сондықтан дарынды балаларды іздеу алтынның түйірін тапқанмен бірдей.Бұл көзқарастар тұқымқуалаушылық пен тәрбиенің дарындылықтың дамуындағы рөлін талқылаудың жауабы.
Әрбір баланың еркін дамып,оның ішкі даралық және даралық мүмкіндіктерінің ашылуын және педагогтердің шығармашылықпен нәтижелі жұмыс істеуін қамтамассыз еті үшін мектепті басқару жүйесінің демократиялық пен ізгілік негізде құрылуының маңызы зор.
Дарындылыққа баратын міндеттерді төмендегідей анықтауға болады:
Дербестік - оқушының алдына нақты мақсат қойып,оған жету жолын өздігінен таба білу көрсеткіші.
Білімділік - әрбір істі нақты орындайтын,ақылы орамды,ойы кең, ұшқыр сана көрсеткіші.
Батылдық - өзіне тапсырылған жұмысты орындау барысындағы кездескен қиындық,қорқынышты жою жолындағы еңбек көрсеткіші.
Өнерлілік - тынымсыз, ізденгіш, ширақ, қиялы бай, алғыр жан- жақтылық көрсеткіші.
Елгезектік - тапсырылған жұмысты мерзімінен бұрын орындау, жауапкершілік көрсеткіші.
Шешендік - атқарған ісін көркем тілмен, әсем үнмен,әртүрлі ортада өзін жан – жақты көрсетіп,маңайын айтқанына елітіп, көрсететін иландыру көрсеткіші.
Шыдамдылық - әр жұмыстың қиындығына қарамай, жан – тәнімен атқарып,ерік – жігерін шыңдау көрсеткіші.
Білімге құмарлық немесе ми белсенділігі, жалпы түрде ми қабілеттілігінің конгломераты және мотивациялық факторлар сияқты ұсынылады . Білімге құмарлықтың тұруы тағы да бір маңызды ерекшелікке байланысты,зерттеулер қатарында белгіленген. Сөз эмоция туралы болып жатыр.
Достарыңызбен бөлісу: |