«Ғ.Мүсіреповтің әңгімелері және оны орта мектепте оқыту»
ЖОСПАРЫ:
КІРІСПЕ......................................................................................................3
І ТАРАУ. Ғ.МҮСІРЕПОВТІҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ӨМІР ЖОЛЫ ЖӘНЕ «АНАЛАР» ТАҚЫРЫБЫ
1.1. Ғабит Мүсреповтің шығармашылық өмір жолы...............................7
1.2. Ғ. Мүсірепов әңгімелеріндегі аналар бейнесі...................................11
ІІ ТАРАУ. Ғ.МҮСІРЕПОВ ӘҢГІМЕЛЕРІНДЕГІ ЖАҢАШЫЛДЫҚ ЖӘНЕ СИМВОЛ
2.1. Ғ.Мүсірепов әңгімелеріндегі жаңашылдық.......................................23
2.2 Ғ.Мүсірепов әңгімелеріндегі символ................................................46
ІІІ. Ғ.МҮСІРЕПОВ ШЫҒАРМАЛАРЫН ОРТА МЕКТЕПТЕ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
3.1 Ғ. Мүсіреповтің «Ананың анасы» әңгімесін орта мектепте оқыту...51
ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................59
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.....................................................61
КІРІСПЕ
Қазіргі қазақ әдебиеті барлық жанры кемелденіп өскен, одақтас, қала берді дүниежүзілік мәні бар әдебиетке айналды. Бірнеше ондаған жылдар ішінде көптеген идеялық, көркемдік табыстарға жетті.
Қазан төңкерісіне дейін, негізінде, ауыз әдебиеті ғана дамыса, бұл күнде прозаның да, драматургияның да, поэзияның да тамаша туындылары дүниеге келіп жатыр. Әдебиеттану ғылымы мен әдебиет сынының да жетістіктері мол.
Қазақ әдебиетінің осындай үлкен кәсіби биікке көтерілуіне елеулі үлес қосқан жазушылардың бірі – Социалистік еңбек ері, Қазақ ССР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақ ССР-нің халық жазушысы атақтарының иегері Ғабит Махмұтұлы Мүсірепов. Ол алпыс жылға жуық уақыт ішінде әдебиеттің түрлі жанрында бағалы еңбек етіп келді. Көрнекті прозаик, талантты драматург, жалынды публицист, қоғам қайраткері Ғ.Мүсіреповтің еңбегін жұртшылық жоғары бағалайды. Оның шығармашылығы жөнінде 60-жылдары жарық көрген «Қазақ совет әдебиеті тарихының очеркінде» былай делінген: Ғ.Мүсірепов – қазақ совет әдебиетінің көрнекті өкілдерінің бірі. Әдебиетте 60 жылға тарта еңбегінің ішінде Ғ.Мүсіреповтің қаламынан туған пьесалары, әңгімелері мен романдары советтік дәуірдегі қазақ мәдениетінен елеулі орын алады»[1, 332-б.].
Оның жекелеген шығармалары шетел оқушыларына да жақсы таныс. Мәселен, «Қазақ солдаты» романы болгар, поляк, румын, чех, словак, француз тілдеріне аударылған.
Ғ.Мүсіреповтің шығармашылығы туралы қазақ кеңес әдебиеттану ғылымында көптеген пікірлер айтылған, талдаулар жасалған. Жазушының «Тулаған толқында» атты шығармасына алғашқы сынның бірі бұдан сексен жылдай бұрын жарияланды. Содан бері қарай әр кезеңде Ғ.Мүсірепов шығармашылығы үздіксіз сөз болып, әдеби сынның ілтипатына бөленіп келеді.
Жазушының шығармашылық жолы мен суреткерлік көкжиегін танытуда бұл аталған еңбектердің қай-қайсысында болмасын бағалы пікірлер айтылған. Түрлі мәселелерге арналған жекелеген диссертациялар, зерттеу, таныстыру мақалалары және бір төбе. Бұларда Ғ.Мүсірепов шығармаларының сан қыры, стиьдік жағынан өзіне ғана тән ерекшеліктері, характер сомдауы, оқиға іріктеу, оны құру шеберліктері, өмір шындығынан көркемдік шындық жасау ұсталығы, тіл байлығы т.б. жайында біршама-ақ сөз болған.
Зерттеу еңбектердің әрқайсысында Ғ.Мүсірепов шығармалары түрлі тұсынан қарастырылып өтеді. Оның туындылары қазақ әдебиеті оқулықтарында көптен бері талданып келеді. Жазушы шығармаларын зерттеуде сонымен қатар қазақ және шет ел ғалымдары: С.Мұқанов, Т.Нұртазин, Қ.Құттыбаев, Н.Ғабдуллин, М.Әуезов, Р.Бердібаев, З. Қабдолов, С.Талжанов, С.Сейітов, А.Нұрқатов, М.Қаратаев, М.Базарбаев, Ә.Нарымбетов, Ш.Елеукенов С.Ақмурзин, Б.Уахатов, Б.Ақмұқанов, М.Сильченко, З.Кедрина, Е.Лизунова т.б. жетекші ғалымдардың еңбектері диплом жұмысына арқау болды.
Зерттеу жұмысының өзектілігі: Ғ.Мүсірепов өзінің алпыс жылға жуық қаламгерлік тұғырында қазақ әдебиетіне қалтқысыз қызмет етті десе болады. Ол әдебиетіміздің көп жанрына еңбек сіңірді. Көркем прозаның жұрт таныған шебері. Қазақ әңгімесінің бүгінгі жеткен биігін сөз еткенде, Ғ.Мүсіреповсіз елестету мүмкін емес. Әсіресе, оның колхоз тақырыбына қалам тербеген әңгімелері, аналар жайында жазған новеллалары, бүгінгі замандас өмірін бейнелеген туындылары - әдебиетіміздің қымбат қазынасына қосылған елеулі үлес болып табылып, жазушының әдебиеттегі орнын одан сайын биіктете түседі.
Қазақ әдебиетінің аса талантты стилист суреткері Ғ.Мүсірепов әдеби тіліміздің дамуына, кемелденуіне ерекше үлес қосқан жазушы. Оның қаламынан қазақтың көптеген көнерген сөздері қайта жаңғырып, құлпырып шықты. Кен іздеген барлаушы секілді Ғ.Мүсірепов халық тілінің тереңде жатқан неше алуан қазынасын таба білді. Ол әдебиетімізге сөз қолданудың сан салалы үйлесімді үлгілерін әкелді. Ғ.Мүсіреповтің әрбір шығармасынан маңызды оқиғалар, қызғылықты характерлер ғана табылып қоймай, тіліміздің жаңа қырлары, мол мүмкіншіліктері таныла түседі.
Жазушы драматургия, роман, повест, әңгімелер жазумен қатар қоғамдық жауапты жұмыстарды да қоса қатар алып жүрді. Қазақ ССР Ғылым академиясының академигі болды. Халық онын еңбектерін бағалап, еліміздің ең жоғары органы – Жоғары Кеңеске бірнеше рет депутат етіп сайлады.
Ғ.Мүсірепов аудармашылық өнерімен де көпке таныс. Ол орыстың және шетел драматургиясының таңдаулы нұсқаларын, көптеген прозалық шығармаларды қаза тіліне аударды.
Әдебиет зерттеушілері мен жазушылардың Ғ.Мүсірепов шығармашылығына ерекше көңіл қойып тоқталып өтетіндігі осыдан болар.
Дегенмен, Ғ.Мүсіреповтің шығармашылығы жайында айтылатын пікірлер мен зерттеулер осымен түгелденді десек, жаңсақ болар. Осы кезге дейін Ғ.Мүсірепов туралы бірталай зерттеулердің жарияланғанына қарамастан, жазушы шығармашылығының кейбір тұстары мен қырлары әлі де болса жеткілікті сөз болмаған.
Мәселен, Ғ.Мүсіреповтің прозалық туындыларын сөз еткен бұрынғы еңбектерде жазушы шығармалары не жалпы түрде, не әр қырынан жеке-жеке әңгіме етіліп келді. Кейбір зерттеушілер оның әңгімелері мен романдарының жалпы идеялық, тақырыптық мазмұнына көңіл бөлді. Ал екінші бір сала еңбектерде Ғ.Мүсіреповтің прозасы белгілі мәселелер тұрғысынан зерттелді. Айталық, характер, сюжет мәселесіне арналған диссертацияларда жазушының романдары бүкіл қазақ прозасының даму процесіне байланыстырыла қарастырылды.
Жазушының алғашқы кезде жазған шығармалары туралы баспасөз бетінде кезінде бірен-саран пікірлер айтылғанымен, түбегейлі жан-жақты сөз болған емес. Ғ.Мүсіреповтің аяқталмай қалған көптеген әңгіме, повестері мүлде дерлік әдебиет сынының назарына ілінбей қалған. Ал ондай шығармаларының саны да, маңызы да аз емес. Біз бұл еңбегімізде Ғ.Мүсіреповтің әңгімелеріне жүйелі талдау жасауды көздеп отырмыз. Бұл бүгінгі өскелең қазақ әдебиеттану ғылымы үшін зор үлес болмақ.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Дипломдық жұмыстың басты мақсаты көрнекті жазушы Ғ.Мүсіреповтің әңгімелеріне жүйелі талдаулар жасап, оның еңбектерінің қазақ әдебиеті тарихындағы алатын орны мен ролін анықтау болып табылады. Осы ретте алдымызға мынадай мәселелерді міндет етіп қойдық:
Ғ.Мүсірепов әңгімелеріне неғұрлым жүйелі талдау жасау;
Жазушы Ғ.Мүсірепов әңгімелерінің идеялық-көркемдік мәнін ашу, образдар табиғатын талдаумен қатар, оның суреткерлік ерекшеліктеріне де батылырақ бару;
Жазушы шығармаларын әңгімелегенде, қазақ кеңесәдебиетінің кейбір елеулі туындыларын да салыстыра қарастыру, идеялық, тақырыптық жағынан кейбір ұқсастық, үндестіктерді айқындау;
Аналарға байланысты әңгімелердің...
Ғ.Мүсірепов әңгімелерінің туысқан халықтар әдебиетінің тәжірибелерімен салыстыра қарастыру;
Жазушы әңгімелерін орта мектепте оқытудың жаңаша жолдары мен әдіс-тәсілдері қарастырылды.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы.
Дипломдық жұмыста Ғ.Мүсіреповтің әңгімелеріне жаңаша талдау жасалынды;
Жазушы әңгімелері сол кездегі өзге шығармалармен салыстырыла отырып, жаңаша талдаулар жасалынды;
Ғ.Мүсірепов әңгімелерін орта мектепте өтудің жаңаша технологиялары қарастырылды.
Зерттеу әдістері. Дипломдық жұмыста жүйелі-кешенді, типологиялық, салыстырмалы-тарихи, тарихи-әдеби, объективті талдау, жинақтау әдіс-тәсілдері пайдаланылды.
Зерттеу нысанасы. Зерттеу жұмысының негізгі нысаны ретінде Ғ.Мүсіреповтің «Таңдамалы әңгімелер» (1979), С.Жұмабековтің «Ғабит Мүсірепов» (1989), М.Бекбергеновтің «Ғабит Мүсіреповтің прозасы» (1990), Б.Смановтың «Ғ.Мүсіреповтің шығармашылығын оқыту» оқу-әдістемелік құралы (2002) және де тағы басқа зерттеулер, диссертациялық жұмыстар мен баспа бетінен жарық көрген ғылыми мақалалар пайдаланылды.
Зерттеу жұмысының теориялық және методологиялық негіздерін отандық және алыс-жақын шетел ғалымдарының сын, зерттеу еңбектеріндегі ой-пікірлері, тұжырымдары құрайды. Сонымен қатар зерттеу жұмысының барысында қазақ әдебиеті тарихы, әдебиет теориясы және әдеби сын саласындағы ғылыми еңбектер басшылыққа алынды. Осы саладағы М. Әуезов, С. Мұқанов, М. Қаратаев, Е. Ысмаилов, Қ. Жұмалиев, Т. Нұртазин, А. Нұрқатов, З. Ахметов, З. Қабдолов, Т. Кәкішұлы, Р. Бердібаев, Р. Нұрғали, С. Қасқабасов, Ш. Елеукенов, М. Дүйсенов, Ы. Дүйсенбаев, Қ. Сыдиықұлы, Ж. Ысмағұлов, Ж. Дәдебаев, Қ. Әбдезұлы, Ж. Тілепов, З. Бисенғали, Б. Майтанов, М. Жармұхамедов, Ә. Нарымбетов, Д. Ысқақұлы, Қ. Ергөбек, Б. Әзібаева, А. Сейдімбек, Б. Мамыраев, Т. Есембеков, Б. Әбдіғазиев, А. Еспембетов, С. Негимов, Р. Тұрысбек, С. Дәуітов, Т. Тебегенов, С. Қорабай сынды зерттеуші-ғалымдардың еңбектері жұмысқа теориялық және әдіснамалық негіз ретінде қолданылды.
Зерттеу жұмысының теориялық және практикалық маңызы. Зерттеу жұмысының негізгі тұжырымдары мен қорытындыларын арнаулы орта мектептерде, жоғары оқу орындарындағы филология, «Қазақ әдебиетінің тарихы» пәні мен арнаулы курстарды оқытуда пайдалануға болады.
Зерттеу жұмысының құрылымы. Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш тараудан, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
І ТАРАУ. Ғ.МҮСІРЕПОВТІҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ӨМІР ЖОЛЫ ЖӘНЕ «АНАЛАР» ТАҚЫРЫБЫ
1.1. Ғабит Мүсіреповтің шығармашылық өмір жолы
Мүсірепов Ғабит Махмұтұлы (1902-1985) - қазақтың әйгілі жазушысы, қоғам және мемлекет қайраткері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, әдеби сыншы, аудармашы, Социалистік Еңбек Ері, Қазақстанның халық жазушысы, Қазақ КСР Ғылым академиясының Абай атындағы және Ш.Уәлиханов атындағы мемлекеттік сыйлықтарының лауреаты.
Қазіргі Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл ауданында дүниеге келген. Алғашқыда ауыл молдасынан арабша хат таныған. Ғабит жастайынан әуелі екі жылдық ауылдық орыс мектебінде, кейін төрт жылдық жоғары басқыш орыс мектебін бітірген. Қазақ төңкерісінен кейін үстемдік алған Кеңес өкіметінің жұмысына әжептеуір орысша сауаты бар адам ретінде араласып, түрлі қызмет атқарған. Орыс мектебінде жүргенде орыстың атақты ақын жазушыларының шығармаларын оқып білуі, ауыл мектебінде өзін оқытқан әдебиетші мұғалім Бекет Өтетілеуовтың әсер ықпалы болашақ жазушының әдебиетке ерекше ықылас аударуына септігін тигізеді. 1923-26 жылдары Орынбор қаласындағы жұмысшы факультетіне (рабфак) оқуға түсіп, оны бітірісімен Омбыдағы ауыл шаруашылық институтында оқыған. 1927-1928 жылдары - Бурабай орман шаруашылығы техникумында оқытушы, 1928-1933 жылдары Қазақ мемлекеттік баспасының бас редакторы, 1934-1938 жылдары «Социалистік Қазақстан» (Егемен Қазақстан) газетінің редакторы, Қазақ АКСР Халық ағарту комиссариаты өнер секторының меңгерушісі, Қазақ өлкелік комитетінің баспасөз бөлімінің меңгерушісі, Қазақстан Компартиясы саяси-ағарту бөлімінің меңгерушісі қызметтерін атқарды.
1938-1955 жылдары бірыңғай шығармашылық жұмыстармен айналысқан. 1956-1957 жылдары - «Ара» - «Шмель» журналының бас редакторы, 1957-1985 жылдары Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының бірінші хатшысы, КСРО Жазушылар одағы басқармасының хатшысы қызметтерін атқарған. 1958 жылдан КСРО Министрлер Кеңесі жанындағы әдебиет, өнер және сәулет салалары бойынша Лениндік және Мемлекеттік сыйлықтары жөніндегі комитеттің мүшесі болған.
Ғ.Мүсіреповтің тұңғыш повестерінің қатарына «Тулаған толқында» мен «Американ бидайығы» шығармалары жатады. Жас жазушының болашағынан үміт күттірген бұл туындылар азаматтық тақырыпты толғайды. Ғ.Мүсірепов әңгіме жанрының өркендеуіне үлкен үлес қосты. Алғашқы шығармаларынан-ақ жазушылық шеберлігімен танылған.
«Қос шалқар», «Көк үйдегі көршілер», «Шұғыла», «Үздіксіз өсу», «Жайлау жолында», «Тұтқын қыз», «Жеңілген Есрафил» тағы басқа әңгіме, повестерінде еңбек адамдарының қиындыққа толы қажырлы өмірі мен азамат соғысы, ұжымдастыру кезіндегі дүрбелең оқиғалар легі суреттеледі.
«Талпақ танау» әңгімелері мен «Бір адым кейін, екі адым ілгері» повесі жыл аралатып барып, бірінен кейін бірі жарық көреген. Оның бұл шығармалары қазақ әдебиетіне жазу стилі қалыптасқан, көркемдік шеберлігі ерекше жаңа суреткердің келгенін жария еткен еді. Шығармашылық жолының бір белесін аналар туралы әңгімелер топтамасымен түйіндеген жазушы енді кең тынысты туынды жазуға кіріседі. Екінші дүниежүзілік соғыстың аяғын ала ол өзінің тұлғалы туындысы «Қазақ солдаты» романын жазған. Роман тың тақырыбымен, образдарының көркем бейнеленуімен, сюжет құру шеберлігімен, тартымды тамаша тілімен таңдаулы қазақ романдарының қатарына қосылады. Бұдан кейін ол араға біраз уақыт салып барып, өзінің ең ірі салалы да салиқалы шығармасы «Оянған өлке» романын жариялайды.
Қазақ прозасының шоқтығы биік туындысы саналған осы романынан кейін жазушы қайтадан шағын жанрға ойысады. Сөйтіп әңгіме жанрында зергер суреткерлігімен танылған ізденімпаз жазушы, көркемдік шеберлігін барған сайын шыңдап, әр әңгіме, повесі сайын жаңа бір белеске көтеріліп отырады. 1968 жылы «Кездеспей кеткен бір бейне» кітабы үшін Абай атындағы республикалық сыйлық алады. Араға бес алты жыл салып барып, прозадағы соңғы елеулі туындыларының бірі «Ұлпан» повесін жариялайды. Сонау отызыншы жылдарда ақ үлкен драматург екенін танытып, «Қыз Жібек» операсының либреттосын, «Қозы Көрпеш Баян сұлу» пьесасын берген Ғ.Мүсірепов кейінгі жылдарда да бүкіл қазақ драматургиясының тамаша туындысы болып табылған «Амангелді», «Ақан сері - Ақтоқты»,«болашаққа аманат», «Қыпшақ қыз Аппақ», «Қайран Майра» атты драмалық шығармаларын жазған.
Сценариін Б.Майлин, В.Ивановпен бірігіп жазған «Амангелді» фильмі (1938) қазақ кино өнерінің алғашқы баспалдағы саналса, «Махаббат туралы дастан», «Қыз Жібек» (1970) фильмдері қазақ кино өнерінің алтын қорынан орын алған туындылар.
Көркем аудармада О.Генри, С.Тагарао, М.Горький, М.Шолохов, У.Шекспир, К.Симонов, А.Штейн, Ж.Мольер, тағы басқа қаламгерлер пьесаларын қазақ тіліне аударған.
Ғ.Мүсірепов - көрнекті қоғам, мемлекет қайраткері. 1932 жылы шілде айында ол республикаға танымал адамдармен бірлесе отырып, халықтың басына төнген аштық нәубеті жайында БКП(б) қазақ өлкелік комитетіне «Бесеудің хатын» жолдаған.
Ғабит Мүсірепов өзінің қоғамдық, публицистік, журналистік, сыншылдық қызметімен де туған халқының мәдениетінің дамуына зор еңбек сіңірді. Алайда қазақ халқы оны үлкен суреткер жазушы деп таниды, көркем сөздің хас шебері деп біледі, құрмет тұтады. Ол бірнеше мәрте Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің, бір рет КСРО Жоғарғы Кеңесінің депутаты және Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің төрағасы болып сайланған. Үш мәрте Ленин орденімен және екі мәрте Еңбек Қызыл Ту орденімен, Октябрь Революциясы орденімен және көптеген медальдармен марапатталған.
Қазақ мемлекеттік балалар мен жасөспірімдер театрына жазушының есімі берілген.
1991 жылы қайраткер тұрған үйде Ғ.Мүсірепов атындағы әдеби-мемиоралдық мұражай үйі ашылған.
2002 жылы 100 жылдық мерейтой қарасаңында Солтүстік Қазақстан облысындағы бір ауданға, Астана қаласындағы көшелердің біріне Ғ.Мүсіреповтің есімі беріліп, Алматыдағы Қазақ мемлекеттік балалар мен жасөспірімдер театры алдына қоладан ескерткіш мүсіні қойылған.
Қазақ әдебиетінің әлеміне 20-жылдардын орта тұсынан өтіп барып келген Ғ.Мүсірепов алғашқы кезде жекелеген макалаларымен және аударма ецбектерімен көрінген. Одан кейінгі оның елеулі еңбегі болып саналатын «Тулаған толқында» атты ұзақ әңгімесі 1928 жылы жеке кітап болып басылып шығады. Жазушының шын мәнінде шығармашылық белсенді еңбегі осы тұстан басталады. Әлбетте, суреткердің алғашқы көлемді шығармасының айы-күнінен бастап қана оның өнерпаздық жолының бастауын анықтау қиын. Жазушының кейініректе жазған өмірбаяндық әңгімелеріне қарағанда оның жазу жұмысына ынталануы, әдебиетке құмартуы 1928 жылдан әлдеқайда ерте басталған сияқты.
Ең алғашқы шығармаларынан бастап Ғ. Мүсірепов творчествосына тән кейбір сипаттарды айқын байқауға болады. Соның бірі жазушының көркем дүниеліктерін бірден баспаға ұсынбай көп қарап, көп жөндеуден өткеннен кейін ғана, әбден пісіп болған соң ғана жариялау дағдысы. Бұл – шын мәніндегі жауаптылықты сезінетін талғампаз сурсткерге лайықты мінез. Екіншіден, шығарманың мазмұнын ғана екшемей, оның мейлінше көркем кестеленіп, бай, жатық тілмен берілуіне ден қоюы да атап көрсетерлік ұнамды қасиеті. Жазушының алғашқы он шақты жыл ішінде жазған көптеген әңгіме, очерк, повестерінің өзінен де осы ерекшеліктерді аңғарамыз.
1.2. Ғ. Мүсірепов әңгімелеріндегі аналар бейнесі
Адамның өткір көзі өзге жанның өмір жолдарын көзінен көре білуі неткен ғажап! Нәзік жанды әйел затының көз сиқыры жазушы Ғабит Мүсіреповті таңғалдырғанда, бірде қатты тебіренген ол: «Дүниеде әйелдің көзінен артық қызықтыра алатын, әйелдің көзінен артық сиқырлап тартып кете алатын күш жоқ қой деймін. Қалайда байлық, бақ, мансап, тіпті, қоғамдық дәреже дегендердің бірде-бірінде ондай күш жоқ. Бәрі бірге қосақталып келіп мойныма асыла кетсе, мен бәрін сілкіп тастап, оқтай қадалған әйел көзіне қарай жүре берер едім» деген екен. Әйел – АНА. «Күлімдеген көзіңнен күн мейірімі сезілген» деген «Ақ мамам» әнінде Әсет Бейсеуов әрбір аяулы Ана көздері туралы жырласа керек. Ғ.Мүсіреповтің «Адамның анасы» атты әңгімесіндегі адамзат анасының шуақ шашқан шырайлы көздері нәрестесіне қарағандағы мына бір көрініс нәзік жүректі ләззат сезімге бөлейді: «Ана тал түбінде жұдырығын түйіп жатқан қызыл адамға мейірімді көзінің барлық нұрын
Диплом жұмысының толық нұсқасын жүктеу ақылы.
Ол үшін халық банкінің 4402 5735 5419 3229 шотына (ЖСН 750115401055) немесе
Qiwi кошелек арқылы 8-701-859-48-75 (телефонға емес) номеріне
2500 теңге аударып, осы номерге телефон соғып, қажетті диплом жұмысының тақырыбын айтасыз немесе saulealt@mail.ru поштасына не ватсапқа ақша аударылған түбіртектің сканерленген түрін салып, қажетті диплом жұмысының тақырыбын жазып жібересіз.
Хабар алынысымен Сіздің поштаңызға қалаған диплом жұмысының толық нұсқасы салынады.
(Диплом жұмысы барлық талапқа сай, жоғары сапада дайындалған)
Осы сайттан басқа да диплом жұмыстарын, сабақ жоспарларын, сан алуан тақырыптағы қызықты ғылыми жобаларды кезіктіреcіз!
Достарыңызбен бөлісу: |