3 І тарау. ҚҰҚЫҚ БҰзатын жасөспірімдердің мінез-қҰЛҚын теориялық талдау



бет1/5
Дата03.04.2020
өлшемі0,65 Mb.
#61534
  1   2   3   4   5
Байланысты:
Дипломдық жұмыс

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ......................................................................................................................3
І ТАРАУ. ҚҰҚЫҚ БҰЗАТЫН ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢ МІНЕЗ-ҚҰЛҚЫН ТЕОРИЯЛЫҚ ТАЛДАУ

1.1 Құқық бұзатын жасөспірімдердің мінез-құлық ерекшеліктерін анықтау.........................................................................................................................7

1.2 Жасөспірімдердің қоғамдық құқық бұзуының себептері және оған әсер ететін жағдайлар........................................................................................................19

1.3 Жасөспірімдердің девиантты мінез-құлқын айқындаудың өлшемдері…….30



ІІ ТАРАУ. ҚҰҚЫҚ БҰЗАТЫН ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢ МІНЕЗ-ҚҰЛҚЫН ЭКСПЕРИМЕНТТІК ТҰРҒЫДАН ЗЕРТТЕУ
2.1 Зерттеудің мақсаты, болжамы мен міндеті.......................................................35

2.2 Зерттеу әдістемелерінің сипаттамалары...........................................................36

2.3 Зерттеу мәліметтерінің сандық өңдеуі мен сапалық талдауы.......................40

ҚОРЫТЫНДЫ........................................................................................................58

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.........................................................60

ҚОСЫМША……………………………………………………………………….62

КІРІСПЕ
Зерттеу жұмысының өзектілігі: Қазақстан Республикасында ересек адамдар арасында да, жастар арасында да қоғамға қауіпті құқық бұзушылық барған сайын көбейіп келеді. Ішкі істер органдары жыл сайын орта есеппен 15 мыңға жуық қылмыстың бетін ашып отырған. Олардың жартысынан астамын жасағандар жастар (14-29 жастағылар). Кәмелетке толмаған 16-17 жасар жастардың аса ауыр қылмыстарының өсу қарқыны 14-15 жастағыларға қарағанда едәуір жоғары.

Қоғамдық жаңарту кезеңінде, Қазақстандағы әлеуметтік саяси, экономикалық қатынастардың сипатының өзгеруі өз кезегінде қоғамдық білім, тәрбие институттарының да жұмыс бағыты мен мазмұнына жаңа талаптар қойып отыр. Бұл дегеніміз қоғамдағы мектеп, отбасы орны,оның басты міндеті – бала тәрбиесінде болған көзқарасты өзгертіп жаңа тұрғыдан тану мәселесін туындатты.

Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін алғаннан бастап мемлекеттік саясатта келер ұрпақтың денсаулығы, тәрбиесі басты назарда болып келеді. Қазақстан Республикасы Ата заңының 27 бап, 2 - тармағында «Балаларына қамқорлық жасау жане оларды тәрбиелеу ата-ананың табиғи құқығы әрі парызы» делінсе [1], «Қазақстан – 2030» бағдарламасында «Әкелер мен аналараталар мен әжелрдің өз балалары мен немерелері алдындағы жауапкершілігін күнделікті есте ұстауы» туралы ескертілген [2]. Бұдан әрбір ата-ана өз перзентінің әдепті, саналы, иманды да ибалы, Отанының сүйікті жане кішіпейіл азаматы болып жетілуіне қоғам алдында өз жауаптылығын түсінуі керек. Яғни, басты мақсаты психологиялық, физиологиялық денсаулығын қалыптастыру болу керек. Өйткені Қазақстанның болашағы келер ұрпақта болғандықтан жастардың психологиялық, физиологиялық денсаулығы халықтың өсімі мен сапасын анықтайды. Осы тұста келер ұрпақ тәрбиесінің салауаттылығын қамтамасыз ету ең алдымен отбасы, мектеп тәрбиесі жайында қолға алынуы тиіс.

Өкінішке орай, қазіргі таңда болып жатқан қылмыс, бұзақылық, ұрлық, зорлық – зомбылық, жеткіншектер арасындағы суицидтың көбейуі, үйден кету, қыздардың жеңіл жүрістері, бастауыш сыныптағы балалардан ақша алу тағы басқа болып жатқан қылмыс айыптыларының басым көпшілігі 11 - 18 жас аралығындағы жасөспірімдер екенін көрсетіп отыр. Дәлірек тоқталсақ, 14 жастағылар - 11% , 15 жастағылар - 7%, 16 - 17 жас аралығындағылар - 42%, көбіне көп 14 жасар балалар қылмыстық істерді топтасып жасайды. Ал қыз балалар тарапынан жасалған жалпы қылмыстың 5% құрайды. Бұл дегеніміз, қазіргі нарықтық қоғамдағы адамдар арасында қарым-қатынас пен психологиялық қысым, әсіресе, жас буын психологиялық денсаулығының бұзылуына алып келуде. Қазақстан Республиканың өзінде, тіпті әлемдік деңгейде халқымыздың психологиялық, физиологиялық денсаулығын сақтау адамзат алдында тұрған үлкен мәселе болып отыр. Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау ұйымының аймақты бюросының мәліметтері бойынша дүние жүзінде 14 - 24 жас аралығындағы адамдарда өзін-өзі өлтіру соңғы 15 жылда екі есе өскен. ҚР Агенттігінің статистикалық есебі бойынша Республикасы бойынша өзін-өзі өлтіру жағдайы тіркелген, оның ішінде 10 - 18 жас аралығындағы жастардың 154 - і ер балалар, 57 - сі қыз балалар. Ал өзін-өзі өлтіруден дүние жүзі бойынша Қазақстан бірінші орында тұрады екен. Ол әсіресе, 15 - 18 жас аралығындағы қыз балалар арасында көп орын алатынын статистикалық мәліметтер дәлелдейді.

Сонымен қатар, әлеуметтік ортаның ықпалын былай қойғанда, тәрбиелі мақсатты түрде ұйымдастыратын әлеуметтік институттардың бірі мектептің өзінде жеткіншектердің мінез-құлқы мен іс-әрекетін қадағалау қиынға соғып отыр. Оған дәлел, ең көп стресс алатындар мектеп жасындағы балалар екендігі анықталған. Мысалы, мектепке келген 1 - сынып оқушылар арасында 25 - 30% әртүрлі аурулар келсе, 11 - сыныпты бітіретін оқушылардың 80% - ы денсаулығын бұзып, әртүрлі диагноздармен мектеп қабырғасынан шығады екен.

Бұдан шығатын қорытынды, мектеп мұғалімдері мен оқушылар, балалар мен ата-аналар арасындағы қарым-қатынас және оқу еңбегінің мөлшерден тыс көптігі бала денсаулығының бұзылуына әкелетін көрсетеді.

Болашақ Қазақстан Республиканың азаматы дені сау, тәрбиесі түзу азамат болып ер жетуі, ең алдымен, ата-анасына, білім беретін мектеп қабырғасына және қоршаған ортаға байланысты. Қазіргі таңда денсаулығы мықты, рухы білім, тәрбиелі, мәдениетті жеке тұлғаны қалыптастыру мәселелері үкіметтің қаулыларында, тұжырымдамаларында негізгі орын алады. Атап айтар болсақ, елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан – 2030» стратегиялық даму бағдарламасында «салауатты өмір салтын ынталандыру әрекеті, дене тәрбиесі мен айналысуға, дұрыс тамақтануға, есірткі, темекі мен алкогольді тұтынуды қойып, тазалық пен санитария шараларын сақтауға бағытталған» – делінген.

Қазақстан Республикасының Конституциасында, «Адам мен адамзат» заңында, «Білім туралы» заңында, тәлім-тәрбие тұжырымдамасында да салауатты өмір сүруге ерекше басымдық беріледі.

Жасөспірімдердің құқық бұзуға бейім мінез-құлқын оларға нашар әлеуметтік орта әсер еткендіктен, сол ықпалдан барып қалыптасқан бейморальдық, бірақ қылмыстық емес мінез-құлық (девианттық) деп қарастырады. Сонымен қатар, құқық бұзуға бейім мінез-құлық криминогендік деп те қарастырылады. Әрине, ондай мінез-құлықтан (делинквенттік) қылмыстың жасалу мүмкіндігі зор және бұл жерде құқық бұзуға бейім мінез-құлықтың пайда болуына әсер ететін ортақ әлеуметтік жағдайлар ғана емес, жастарға тікелей әсер ететін кейбір келеңсіз жағдайларды, олардың жеке басының психикалық ауытқуларын қамтып зерделеуді қажет еді. Себебі соңғы жылдары Қазақстан Республикасында да күрделі криминогендік жағдай қалыптасты, онда қылмыстық көріністердің ауқымы жағынан да, азаматтың, қоғамның және мемлекеттің тірлік-тіршілігіне тигізетін келеңсіз ықпалы жағынан да едәуір ерекшеліктер бар. Сонымен қатар, жасөспірімдердің құқық бұзуға бейім мінез-құлық мәселесі сан қилы әрі күрделі сипат алған жағдай ұдайы өзгеріп отырады, мұның бәрі ғылыми зерттеулерді керек етеді.

Қазіргі кезде көптеген жасөспірімдер өздерінің дамуында жағымсыз жағдайларға, отбасы дамуында және қоғам бақылауынан тыс қалуына байланысты, жағымсыз микроортаның әсер етуі, әсіресе антиқоғамдық жүріс-тұрыстық тәжірибесі бар адамдардың әсер етуіне байланысты қылмыс жолына түсіп жатыр.

Сол себепті қылмысқа барған жасөспірімдердің болашақ өмірінің бейнесі мәселесі қазіргі таңда өте өзектілердің бірі болып отыр. Бұл мәселенің өзекті болуына қазіргі уақытта елімізде жасөспірімдер арасындағы қылмыстың өсуі әсер етеді.

Құқық бұзатын жасөспірімдерді көптеген авторлар қарастырған. Солардың ішінде Қазақстан ғалымдарынан (Қ.А. Бегалиев, К.А. Вайсберг, Ө.С. Жекебаев, Л.Ерменбетова, Е.І. Қайыржанов т.б.), Отандық психологтардан (А.Я. Колодная, А.Б. Сахарова, Е.А. Копыстынский, В.Н. Кудрявцев, П.П. Бельский, В.Л. Васильев т.б.), Ал шетел ғалымдарынан (Ллойд Олин, Харви Бейкер, Бартол, Курт, Ричард Джонсон, Терри Моффит т.б.).

Осы авторлар секілді көптеген ғалымдар құқық бұзған жасөспірімдердің психологиялық ерекшелігін зерттеген болатын.

Жоғарыда, айтылғандардан, ғылыми көзқарастарды талдай отыра, зерттеу проблемасын айқындап, тақырыпты «Қоғамдық құқық бұзатын жасөспірімдердің мінез-құлқын психологиялық анықтау» деп таңдауымызға негіз болды.



Зерттеу жұмысының мақсаты: Құқық бұзған жасөспірімдердің мікез-құлық ерекшіліктерін айқындап, теориялың тұрғыдан талдау.

Зерттеу жұмысының міндеттері:

1. Құқық бұзған жасөспірімдерді зерттеуге арналған әдебиеттерді талдау;

2. Құқық бұзған жасөспірімдерді тұлғалық қиындықтарының көріну формалары зерттеу;

3. Құқық бұзған жасөспірімдерді мінез-құлқын, ерекшеліктерін анықтауда эксперименталды-психологиялық зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу.



Зерттеу жұмысының пәні: Құқық бұзған жасөспірімдерді мінез-құлық ерекшеліктері.

Зерттеу жұмысының объектісі: Құқық бұзған жасөспірімдер (14-15 жас аралығында).

Зерттеу жұмысының болжамы: Құқық бұзған жасөспірімдердің мінез-құлқына ықпал ететін тұлғалық ерекшеліктері бар.

Зерттеу жұмысының әдістері:

  1. М.Рокичтің құндылық бағдарлар әдістемесі.

2. К. Леонгардтың мінез акцентуациясын зерттеу әдістемесі.

3. Темперамент типтерін анықтауға арналған Айзенк тесті.

4. К. Томас әдісдемесі.

Зерттеу жұмысының теориялық және әдiснамалық негiздерi: Қазақстан ғалымдарынан (Қ.А. Бегалиев, К.А. Вайсберг, Ө.С. Жекебаев, Л.Ерменбетова т.б.), Отандық психологтардан (А.Я. Колодная, А.Б. Сахарова, Е.А. Копыстынский, В.Н. Кудрявцев, П.П. Бельский т.б.), шетел ғалымдарынан (Харви Бейкер, Бартол, Курт, Ричард Джонсон, Терри Моффит т.б.).

Зерттеу жұмысының теориялық маңыздылығы: Құқық бұзған жасөспірімдердің мінез-құлық проблемасының ғылыми теориялық аспектілері анықталды, осы мәселе бойынша психологиялық-педагогикалық теорияны толықтырады. Экспери­менталдық тұрғыда құқық бұзған жасөспірімдердің мінез-құлқына ықпал ететін тұлғалық ерекшеліктері анықталды.

Зерттеу жұмысының практикалық маңыздылығы: Алынған теориялық қортындылар мен практикалық нұсқауларды студенттерге, болашақта практик-психологтар кеңес беруде, жасөспірімдермен жұмыс жасауда, әсіресе соның ішінде құқық бұзған жасөспірімдердің мінез-құлықтын анықтауға мүмкіндік береді.

Зерттеу жұмысының базасы: Девианттық мінез-құлқы бар балаларға арналған арнайы білім беру ұйымы (қатал режимдегі) және жалпы білім беретін №137 орта мектеп.

Зерттеу жұмысының құрылымы: диплом жұмысы кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиет тізімінен және қосымшадан тұрады.


І ТАРАУ. ҚҰҚЫҚ БҰЗАТЫН ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢ МІНЕЗ-ҚҰЛҚЫН ТЕОРИЯЛЫҚ ТАЛДАУ


    1. Құқық бұзатын жасөспірімдердің мінез-құлық ерекшеліктерін анықтау

Адамның тәні туғаннан бастап қартайғанға дейін ұдайы өзгереді, сол сияқты мінез-құлық та ешуақытта қандай да бір тиянақты деңгейге жетіп тоқтамайды. Мінез-құлық пен тән дамуы өзара тығыз байланысты және олардың кейбір кезеңдері біріне-бірі едәуір сәйкес келеді. Сондықтан, адамның мінез-құлқына табиғат пен орта бірлесіп ықпал етеді – адамның қандай да бір әрекетке бейімділігі қанында бар болса, ол ортаның әсерінен не артады, не кемиді деген ұғым орынды, – деп есептейміз. Яғни, адам дамуының күрделі де сан қилы процесінде биологиялық және әлеуметтік факторлар араласады, ой мен сезім айқасады, ішкі сенім мен сыртқы ықпал бірігеді. Бұл процестің ағымына қоршаған ортаның әсері зор, сонымен қатар оның әр адам үшін өзіндік сипаты бар. Осы арқылы даму процесі жүзеге асырылады. Ал, адамның дамуы (биологиялық және әлеуметтік) – әлеуметтік ортада да, адамның өз басында да бар көптеген факторлар әсер ететін күрделі, ұзақ және қайшылықты процесс. Адам дамуының көрсеткіші ретінде санадағы, мінез-құлықтағы, қызметтегі, оның қоршаған әлемге көзқарасындағы сапалық өзгерістерді – даму, ал өнеге, рух өзгерісін – адамның қалыптасуы деп атауға болатындығын көрсетті. 


Психологияда құқық бұзған жасөспірімдердің мінез-құлқы ерекше мәнге ие. Адамның дамуы өте күрделі, ұзақ жүретін процесс болып табылады. Мүндағы жауапты кезеңдердің бірі - өтпелі жас деп аталатын жеткіншек жас (11-12-ден 14-15 жасқа дейін) пен жасөспірімдік жас (15-16-дан 17-18 жасқа дейін). Бұл кезеңде адамның физикалық пісіп-жетілуі ғана емес, сонымен бірге түлғаның қарқынды түрде қалыптасуы, моральдық және зияттық күштерінің қуат алуы жүзеге асады.

Жасөспірім кезең өтпелі жас деп аталу себебі, ол балалық күйден үлкен өмірге, кемелсіздіктен кемелденуге өтумен сипатталады. Алайда, ортастатистикалық жасөспірім деп аталатын жас өмірде болмайды. Жасөспірім жасының ортақ заңдылықтары баланың қоршаған ортасы мен тәрбие шарттарына ғана емес, сондай-ақ оның организмі мен тұлғалық ерекшеліктеріне де тәуелді болатын жеке-дара нүсқалар арқылы көрінеді.

Ересек жасөспірім және жас немесе жасөспірімдік уақыт жас психологиясында өте маңызды кезең ретінде қаралады, өйткені осы жаста болатын өзгерістер одан кейінгі кезең заңдылықтарын дұрыс бағалау үшін маңызды болып табылады. Биологиялық жағынан бұл жас физикалық дамудың аяқталу кезеңін білдіреді.

Осы жастағы жасөспірімдердің мінез-құлқы мен әрекеттері саналы әрі жігерлі түрде жүзеге асады, осыған орай оларға неғүрлым жоғары талаптар қойылады. Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауапкершілігі 16 жастан басталатыны белгілі, ал кісі өлтіру, үрлық, тонау және т.б. үшін - 14 жастан басталады.

Алайда жасөспірімнің физикалық және адамгершілік жағынан дамуы әлі аяқталған жоқ, бүл оның іс-әрекеттері мен қылықтарының сипатынан байқалады. Жеткіншек жасында организмде биологиялық терең өзгерістер жүреді өсу жылдамдайды, жыныс бездерінің секрециясы күшейеді, қарқынды физикалық даму басталады. Организмдегі биологиялық өзгерістер психикалық дамуға да әсер етеді. Жеткіншек кезеңі бастапқы кезіндегі тепе-теңдік бұзылады: өз тұлғасына қызығушылық, айналасындағыларға сыни көзбен қарау пайда болады, мінезіндегі ерекшеліктер байқалып, қылықтары өзгереді.

Жасөспірім кезеңде мінездің психикалық жарақат алу мүмкіндігін арттыратын және мінез-құлық нормаларынан ауытқитын кейбір қасиеттері пайда болады. Көптеген жасөспірімдердің сезімдері, ойлары, әрекеттері тұрлаусыз болып келеді. Бұл:

а) елгезектік пен сылбырлық арасындағы қайшылық;

б) көңіл-күй өзгерістеріне алып келетін қызбалық пен сылбырлықтың тез ауысып отыруы ретінде көрінеді.

Импульсивтілік пен көңіл-күй тербелістері жасөспірімдердің ойы мен қылықтарына ықпал етеді. Олардың бір пікірге келуі жылдам және тез өзгереді. Өз іс-әрекеттері мен басқа адамдардың қылықтарын дұрыс бағалай бермейді, дос таңдауда көбінесе қателесіп жатады, кездейсоқ жанжалдарға килігеді.

Бірқатар психологтар жасөспірім кезең ауыр «апаттар» кезеңі деп есептейді, торығу мен үмітсіздік ахуалы, агрессивтілік, қаталдық, қылмыс істеуге бейімділік туралы айтып өтеді.

Л.И. Божовичтің көрсетуінше, жасөспірімдердің моральдық саласында екі ерекшелік пайда болады:

а) қоғамдық мінез-құлық пен адамдар арасындағы өзара қарым-қатынас нормалары мен ережелеріне байланысты мәселелерге жіті назар аударуы;

б) салыстырмалы түрде тұрақты және кездейсоқ ықпалдардан тәуелсіз моральдық көзқарастар, пікірлер, баға беру қалыптаса бастайды [3].

Жасөспірім кезеңіне жоғары эмоциялық қозғыштық қасиеті тән, «ұстамдылық» жүйесі мен өз мінез-құлқын саналы түрде бақылау нашар дамыған, сондықтан да жасөспірімдер ойлары мен пікірін өзгертуге уақыт кетіргенді ұнатпайды, тез іске көшеді. Бұл қасиеттер көбінесе құқыққа қайшы әрекетке алып келеді немес оларды жасы үлкен құқық бұзушылар пайдаланады, кәмелетке толмағандар тарапынан ойланбай әрекет жасау мүмкіндігі туралы білетін олар оңтайлы сәтті тауып, жасөспірімдерді қылмыс істеуге тартады.

Кейбір жасөспірімдерге олардың тұрмыс және тәрбие шарттары белгілейтін дөрекілік, өжеттік, шамшылдық қасиеттері тән және осы жаста көп кездесетін мінез-құлық кемшіліктерінің бірі – қырсықтық. Өтірікке түрткі болатын нәрселер көбінесе:

а) жауапкершілік пен жазадан қорқу;

ә) қылмысқа қатысушылар немесе олардың туыстары мен достары тарапынан кек алу қорқынышы;

б) достықты дұрыс түсінбеушілік және осыған байланысты "сатқын" атанудан қорқу;

в) құрдастарының назарын аудару, таңғалысын тудыру тілегі [4]. Жасөспірім кезеңде жекелеген жағымды қасиеттерді дамытуға, кемшіліктерді жеңуге бағытталған өзін-өзі тәрбиелеуге деген қажеттілік дамиды. Жасөспірімдер осылайша өзінің сүйікті кейіпкеріне, мұғаліміне және т.б. ұқсауға тырысады. Бірақ, кейбір жағдайларда адамгершілік категориялары мен ұғымдары туралы дұрыс және жан-жақты түсініктерінің болмауынан жасөспірімдер оқиғалар мен адамдардың мінез-құлықтарын бағалауда қателесіп жатады. Кейбір жасөспірімдердің адамгершілік тұрғысынан жағымсыз тұлғаларға ұқсас болғысы келіп, еліктейтіні бекер емес. Жасөспірімнің адамгершілік сенімдері қате, теріс болуы мүмкін. Және олар кейбір моральдық нормалар туралы теріс түсінікте болуы себепті немесе жасөспірімдердің жекелеген кішігірім топтарында қабылданған моральдық құндылықтар жүйесінің кесірінен қылмыс істеуі мүмкін. Қылмыстың өзінен де жасөспірім ерлік, батырлық, ептілік қасиеттерін көруі кездеседі.

Бұл жас ерекшеліктері бәрінен бұрын 14-15 жастағы жасөспірімге тән. 16-17 жастағы жасөспірімдерде физикалық және ақыл-ой дамуы процестері жалғасады, бірақ осы кезеңнің соңына қарай қарқыны бәсеңдейді. Жасөспірімдердің импульсивтілігі азайып, эмоционалдық тұрақтылық пайда болады; жүйке жүйесінің түріне қарамастан, олар 14-15 жасар жеткіншектерден гөрі ұстамдылау және салмақтырақ. " Ересек жеткіншектік кезең - бұл жасөспірім өз мінез-құлқында басшылыққа ала бастайтын адамгершілік қағидаларының, сенімдерінің қалыптасатын уақыты". Дегенмен, өздерінің физикалық және ақыл-ой қасиеттері бойынша олардан жасөспірімдерге әлі де ұқсастықтары көп: физикалық және рухани кемелденуге жеткен жоқ; оларға әлі де 14-15 жасар балаларда болатын қасиеттер тән ("ерексек болып көріну" сезімі, өзін көрсетуге ұмтылу, т.б.). Бұл жаста айналадағы адамдардың жасөспірімдерге неғұрлым жоғары талаптар қоюына және олардың құқықтарын, әсіресе, дербестікке құқығын мойындауға мүмкіндік беретін бірқатар психологиялық қасиеттері қалыптасады.

Алайда, психологтардың зерттеулері көрсеткендей, дербестікке ұмтылу үшін отбасында дұрыс үлгі көрсететін біреудің, жақын айналысында беделді, абыройлы адамның болуы қажет, сонда ғана жасөспірім одан үлгі кеңес ала алады. Үлкендердің тәжірбиесі негізінде бала қандай да бір жағдайда қалай әрекет ету керектігін, туындаған мәселелерді өз бетімен шешуді үйренеді.

Ата-аналардың бала тәрбиесіне селқос қарауы оның беделді тұлғаны сырттан іздеуіне әкеп соғады. Сондықтан да үлкендерге қарағанда көнгіштеу болып келетін қараусыз жасөспірімдер біреудің ықпалына тез түседі. Қылмыстық ортаға түскен баланың мінез-құлқында теріс қылықтар (дөрекілік, бейбастақтық, шылым шегу және т.б.) пайда бола бастайды, бұл оның ойынша, өзін "үлкен сезінуге", өзімен-өзі болуға көмектеседі. Жасөспірім қарсы келген проблемаларды өзі ойланып, шешімін табуға тырысып қана қоймайды, сонымен бірге осылайша өз қабілетін, жағымды қасиеттерін көрсетуге, өз ортасының құрметіне бөленуге ұмтылады. Психологиялық әдебиеттерде айтылатындай, "ұжыммен өзара жақсы қарым-қатынасты бұзу қажеттілігі туған қиын бала, осы мақсатқа жету үшін лайықты құралдарының болмауы себепті мінез-құлықтың теріс тәсілдеріне, тіпті өз тұлғасын бұзақылық жолымен болса да бекітуге дейін барады" [5].

Жасөспірім кезеңінде "әлсіз" атану қорқынышы басым болады. Бұл қасиеттер өзін үлкен сезіну сезімімен тығыз байланысты: жасөпірімдер өздерінің кемелденгенін дәлелдеу үшін кез-келген әрекеттерді жасауға дайын тұрады.

Жасөспірім жасының соңына қарай үлкендік сезімі өзіндік сипатқа ие болады, ол өзін-өзі бекіту, өзін-өзі көрсету сезіміне ауысады, бұл оның топтан бөлінуі, өз ерекшелігін, даралығын көрсетуге тырысуынан байқалады. Осыдан келіп мінез-құлқымен, киім кию мәнерімен және т.б. кез келген жолмен өзіне назар аударту тілегі пайда болады. Алайда, мұндай жас ерекшеліктері өздігінен құқыққа қарсы мінез-құлық туғызбайды. Өйткені тұлғаның қоғамдық қауіптілігі көбінесе қылмыс істеуге дейін қалыптасады.

Жасөспірімдердің психологиялық жас ерекшеліктері жалпы криминогенді емес. Бірақ олар жасөспірімнің тұлға ретінде қалыптасуы, өмір сүруі шарттарымен байланысып жатыр, оның қажеттеліктерімен, ниет-пиғылығымен сабақтас.

Делинквенттіліктің әлеуметтік және психологиялық анықтамалары мәнді шамада бір-бірлеріне сәйкес келуі мүмкін, бұл жерде екеуі де заңның анықтамасымен қиылысады. Әлеуметтік тұрғыдан қарастырғанда, делинквенттіліктің құрамына жол беруге болмайтын жасөспірімдердің әр түрлі, яғни агрессивті мінез-құлқы, қыдырулар, кішігірім ұрлық, немесе есірткі қолдану сияқты әрекеттері енеді. Делинквенттіліктің психологиялық анықтамасының құрамына мінез-құлықтың бұзылуы мен антиқоғамдық мінез-құлықтар кіреді. Мінез-құлықтың бұзылуы – бұл әдетке айналған дұрыс емес қылықтармен сипатталынатын мінез-құлықтық паттерндердің бүтіндей класын белгілеу үшін қолданылатын диагностикалық ұғым. Әдетке айналған дұрыс емес қылықтарға: ұрлық, өрт қою, үйден кету, мектептен қашулар, төбелестер, жануарлар мен адамдарға мейрімсіз қатынас жасау және әдетке айналған өтірік айту сияқты қасиеттер жатады [6, 33-35 б.б.].

Құқық бұзған барған жасөспірімдердің делинквентті мінез-құлық ерекшелігін көптеген ғалымдар зерттеген. Солардың бірі психолог А.Я. Колодная делинквентті мінез-құлық ерекшелігі бар жасөспірімдерді мынадай үш топқа жіктеген болатын, олар:

1. ата - аналары тарапынан бақылау жасалынбағандықтың нәтижесінде жағымсыз микроортаның әсеріне кез болған, психикалық және физикалық дендері сау жасөспірімдер;

2. жүйке жүйесінде ауытқулары бар, оңай қозатын, жағымсыз әсерлерге оңай берілетін және жанұясы мен мектептен тиісті тәрбие алмаған жасөспірімдер;

3. психикалық жүйке ауруларына шалдықпаған, алайда толығымен дендері сау деп есептеле алмайтын, шекаралық күйдегі жасөспірімдер.

Бұл жердегі құқық бұзған жасөспірімдердің Ц.П. Короленко бойынша ұсынылған жіктелуі өте жалпы болып табылады. Оның классификациясы қылмысқа барған жасөспірімдерге медициналық, медико-педагогикалық және тәрбиелеудің күшпен жасалынатын шараларын қолдану мүмкіндігіне бағдарланған ( егер жауап беруге қабілеттілік шегіндегі психикалық ауытқулары бар адамдар туралы айтылса ). Бұл жерде құқықтық аспект айқын анықталмаған, және қылмысқа барған жасөспірімдердің тұлғалық ерекшеліктері ашылмаған [7].

Құқық бұзған жасөспірімдердің тағы бір классификациясын жасаған П.П. Бельский болатын. Ол өз кезегінде құқық бұзған жасөспірімдердің – антиқоғамдық мінез-құлық мотивациясын негізге ала отырып жіктеуді ұсынған. Ол құқық бұзған жасөспірімдерді мынадай топтарға бөлген:

1) қарапайым және төменгі қажеттіліктерін қанағаттандыруға белсенді талпынушы жасөспірімдер;

2) ерік-жігердің және сенгіштіктің әлсіздігінен арбауларға оңай берілетін жасөспірімдер;

3) арманшыл жасөспірімдер;

4) истерияның немесе психопатияның әсерінен әрекет етуші жасөспірімдер;

5) моральдық және ақыл-ойлық дефектілері бар жасөспірімдер.

Осы П.П. Бельскийдің тұжырымдамасын ұстана отырып, Г.Г. Бочкарева қылмыс жасаған жасөспірімдердің үш типін бөліп көрсеткен, олар: «өкінетіндер», «конфликтілі еместер», «циниктер». Автордың бұл жіктеуі айыпты адамның жасаған қылмысын бағалауына негізделген және белгілі-бір шамада оның құндылық бағдарын бейнелейді.[8.54-63]



А. Е. Личко жасөспірімдердің мінез ауытқуларының ішінде жүріс-тұрысынан көрініс беретін бірнеше түрлерін анықтаған. Олар: 
1. Ішімдікке салыну (маскүнемдік). Бұл құбылыс күннен күнге көбейе түсуде. Бұл заңдылыққа сай мәселені салыстырмалы-әлеуметтік зерттеушілер мына тұжырымдарға келді: 
- Әлеуметтік-құқықтық жағдайларды бұзатындар ішінде ішімдікті пайдаланатындардың жиі кездесуі; 
- Ішімдік пайдалану әлеуметтік бақылаудың спецификалық түрлерімен байланысты. Кей жағдайларда бұл құбылыс белгілі бір қажетті ритуал элементтерімен байланысты болса, басқа жағдайларда жүріс-тұрысының антинормативтік көрінісі ретінде кездесуі; 
- Ішімдік, әдетте ішкі комфорттан тасымалданып, тұлғаның өз тәуелділік сезіміне негізделеді. 
2. Нашақорлық. Есірткілерді пайдаланған кезде жасөспірімдер белгілі бір жаман қылық жасауы мүмкін. Осыдан қылмыс жасау, ұрлықтар, кісі өлтіру саны көбейеді. А.Е.Личко бойынша, нашақорлықтың түрлі деңгейлері бар. 
Олар: 
- Бір рет немесе сирек пайдаланатын нашақорлар; 
- Физикалық және психикалық тәуелділік белгілерсіз жиі қолдану; 
- Психикалық тәуелділік қалыптасуында жағымды сезімдерге бөлену үшін әлі есіркі заттарға физикалық тәуелділік болмаған кездегі нашақорлықтың бірінші кезеңі; 
- Нашақорлыққа физикалық тәуелділік болатын екінші кезең; 
- Толықтау психикалық және физикалық деградация. Бұл үшінші кезең болып саналады. 
3. Агрессивті мінез-құлық. Жасөспірімдер агрессиясы олардың өмірлік сәтсіздіктерге ұшырауының нәтижесінде өз-өзін сыйлауының төмендеп, қатыгез адамға айналуымен сипатталады. Мұндай қатігездік отбасында әбден еркелетіп өсірген, өз істеріне жауап бере алмайтындарда да кездеседі. 
4. Суицидиалды мінез-құлық. Осы бағытта ғалым А.Е.Личко жасөспірімдердің мінезіне зерттеу жүргізген. Нәтижеде 17 жастағы жасөспірімдердің 32%-ы суицидалды әрекетті жасауға бел буғанын анықтаған. Жасөспірімдердің өз-өзіне қол жұмсауына түрткі болатын конфликтілік жағдайларының алдын алу, жетелеген қолайсыз психологиялық климатты болдырмау бұл әрекеттерге тосқауыл болуға мүмкіндік туғызады [9]. 
Әлеуметтік ауытқуды С. А. Беличева «девиантты мінез-құлық» деп атап, оларды төмендегідей етіп топтастырды: 
- Пайдақорлық бағыттағы девиация: материалды, ақшалай, мүліктен пайда табу (ұрлық, алдау, жымқыру, сату, т.б. құқық бұзу, түрлері); 
- Агрессивті бағыттағы девиация: адамгершілікке кері бағытталған әрекеттер жасау (бұзықтық, соққы, тіл тигізу, өлтіру, зорлау); 
- Девиацияның әлеуметтік енжар түрі: әлеуметтік және жеке мәселелерді шешуде (жұмыс, оқу, нашақорлық, ішімдік және суицид) белсенді өмір сүруден қашу, азаматтық жауапкершіліктен жалтару. 
Бейсаналық мінездің сыртқы жағдайда көрінуі, ол ішкі ресурстың реттелуімен: әлеуметтік, адамгершілік бағыт және түсініктің өзгеруі негізінде қарастырылады. Сондықтан бір жағынан баланың мінез-құлқында теріс белгі, дабыл, нышанның пайда болуы, дамуы, екіншіден, жеке бас дамуына мақсатты әсердің құралы тәрбиелік әсердің сапа көрсеткішінің төмендеуіне алып келеді [10]. 
Мінез-құлықтағы кертартпалық жағымсыз жағдай немесе өмірдегі жүйелі, бір жақтылы әрекет біртіндеп жиналып кейіннен өткір кедергіге әкеледі. Кертартпалық мінез-құлықтың деңгейіне қырсықтық, шектелу, қашу, агрессия жатады. Бұл мінез көрсеткіштері белгілі бір психологиялық жағдайларда пайда болып, жеткіншек оның мән-мағынасына түсініп, одан арылуға ниет етіп, күш салғанда жоюға болады. Егер сол ыңғайсыз жағдайлар қайталана берсе, психологиялық «толық емес» сезім қалыптасады. Мінез-құлықтағы белсенділікпен және енжарлықпен икемделу топ ішінде немесе жеке әрекеттер арқылы жүреді. Мұндай жағдайлар орын алмаған кезде мінез-құлық бұзылып, агрессия, қойылған талапты орындаудан қашу секілді әрекеттер байқалады. Мінез-құлықтың сипатына қарай өзара әрекеттерінің тәсілдеріне байланысты және қоғам нормаларының бұзылуына сәйкес К. К. Платонов девианттық мінез-құлықты бес түрге бөліп көрсеткен: 

1. Делинквенттік мінез-құлық (әрекетке шектен тыс күш салу); 
2. Аддиктивті мінез-құлық; 
3. Патомінездік мінез-құлық; 
4. Психопатологиялық мінез-құлық; 
5. Гиперқабілеттілік базасындағы мінез-құлық [11]. 

Адамның қылмыстық мінез-құлқы түрлерінің бірі - делинквенттік мінез-құлық, бұл қылмыстық жазаға тән жағдайлардағы ауытқулар. Делинквенттіліктің, криминалдық мінез-құлықтың басқа девиация түрлерінен айырмашылығы құқық бұзылушылықтың ауырлығында, қоғамға қарсы көрсетілген әрекеттің сипатында. Құқық бұзушылықты қылмыс және шектен тыс әрекеттер деп екіге бөлінеді. Шектен тыс әрекеттердің мағынасы тек қоғамға қауіп келтіру емес, заңға қарсы әрекеттерімен ерекшеленеді. 
К. К. Платонов қылмыскерлік девиацияны тағы жіктеп келесі түрлерге бөлген: 
1) қылмысты қайталауға іш тартып, соған сәйкес қылықтарымен айналысуға құмарлықтың орын алуымен байланысты қылмыс жасайтындар; 
2) ішкі психологиялық әлемінің тұрақсыздығымен байланысты өзге адамның немесе қоршаған ортаның әсерімен қылмыс жасайтындар; 
3) құқықтық сезімі жоғары дамыған, бірақ құқықтық нормаларын бұзушыларға қызығушылығымен байланысты қылмыс жасайтындар; 
4) құқықтық сезімі жоғары дамыған, құқық пен нормаларды бұзушылармен белсенді күресуге бағытталған әрекеттер кезінде басқаларға зорлық көрсетіп қылмыс жасайтындар; 
5) кездейсоқ қылмыстық әрекетке душар болғандар. 
Делинквентті мінез-құлқы бар адамдар тобына екінші, үшінші және бесінші топ өкілдерін жатқызады. Мұндай индивидтер өзгелердің заң бұзуына ішкі қарсылық әсеріне бөленіп, өз әрекетінің нәтижесі қандай болатыны туралы ойланбай құқық бұзушыға қарсы әрекеттер жасайды. Белгілі бір әрекетке оятатын күш оның теріс нәтижеге алып келу мүмкіндіктерін талдауын тежейді. Деликвенттік әрекеттерді ситуациялық, импульстік немесе аффектогендік мотивтер басқарады.

Л. Ф. Бурлачук ситуациялық-импульстік қылмыс әрекеттер негізіне қанағаттанбаған қажеттілік жатады деп түсіндіреді. Деликвенттік мінез-құлық адамның көңіл көтеруінде т.с.с. әрекеттерден де көрінуі мүмкін. Жасөспірім қызығушылықпен немесе (компания) топ арасында тұрып балконнан төмен қарай өтіп бара жатқан өткіншілерге ауыр зат тастап, дәл тигізгеннен қанағаттануы мүмкін. Бұзықшылық жасап аэропорт диспетчеріне самолетте бомба қойылғаны туралы қоңырау соғуы мүмкін. Өзінің жеке басына назар аударту үшін жас жігіт телевизиялық мұнараға шығуы немесе психологтың сөмкесінен жазба блокнотын ұрлауы және т.с.с. әрекеттер жасауы мүмкін [12]. 
Жасы кәмелетке толмаған қылмыскерлердің адамды кепілге алу, қорқытып талап ету, қару-жарақ, нашақорлық заттармен алып-сатарлық жасау, ақша, бағалы қағаздарға байланысты алаяқтық және тағы басқалармен айналысатынын тәжірибе көрсетіп отыр. Қылмыс жасаған жеткіншектердің әрбір бесіншісі бұрын қылмыс жасап сотталғандар. Жасы кәмелетке толмағандарды ересектердің қылмыстық іс-әрекеттерге тарту фактілері де жылма-жыл өсе түсуде. Жасы кәмелетке толмаған қылмыстық ауытқушылығы барлардың 90–95%-ы ер балалар. Бұлардың қылмысына не себеп дегенге келсек, олардың көпшілігі оқуға, еңбекке ынта қоймайды, бос уақыттырын қаңғыбастық пен құмар ойындарға, ішімдікке, нашақорлық және басқа да есеңгірететін заттарды пайдалануға және т.б. істермен айналысуға арнайды. Қоғамға жат осындай іс-әрекеттер сөз жоқ оларды қажетті қаражат табу үшін ұрлыққа, тонауға және басқа да пайдакүнемдік қылмыстық әрекеттер жасауға итермелейді. Маскүнемдікке салынған қылмыскерлер көп реттерде «өзін нағыз еркек» етіп көрсету мақсатында кез келген қылмысқа барудан тайынбайды, қылмыстың жазаланатындығына онша мән бермейді. 
Аддиктивтік мінез-құлық - девианттық мінез-құлық түрлерінің бірі. Ғалымдар З. И. Файнбург, Т. А. Донских бұл мінез-құлықтағы адам ақиқаттан жасанды жолмен, психикалық күйін жасанды өзгертумен шығады деп түсіндіреді. Аддиктивті түрге бейім жеке адамның негізгі мотиві оларға қызықсыз, «сұр» болып көрінетін психикалық күйінің өзгеруі болып табылады. Мұндай адамға іс жүзінде оның назарын аударып, қызықтыратын қандай да бір қызмет саласын табуға мүмкіндік туады. Өмір оған қызық емес сияқты, біркелкі қараңғылық болып көрінеді. 
Қоғамда қалыпты болып табылатын жайттарды, мысалы, бір нәрсе жасау қажеттілігін, қандай да бір іспен, қызметпен айналысуды, отбасында немесе қоғамда қабылданатын қандай да бір дәстүрлер мен нормаларды сақтауды жаны қаламайды, оны қабылдамайды. Аддиктивті мінез-құлқы бар индивидтің күнделікті өмірдегі белсенділігі төмендейді. Сонымен қатар, аддиктивтік сипатты таңдау адамның өміріндегі өзін қанағаттандыратын саласында әрекет етуге алып барады, нәтижесінде мақсатына жетуде күтпеген белсенділікті көрсетеді. Мұндай мінез-құлыққа аддиктивтік түрлерінің көрініс беруіне байланысты келесі психологиялық ерекшеліктер тән: 

- Қиыншылықтарды бастан кешіруге төзімділігінің төмендігі; 
- Сыртқы ортаға икемделу келбетінің толыққанды еместігі; 
- Тұрақты эмоциалық жағдайда қорқыныш сезімінің басым болып; социабильдікпен үйлесетіндігі; 
- Көп жағдайларда өтірік айтуы; 
- Айыпты болмаса да басқаларды айыптауы; 
- Шешім қабылдауда жауапкершіліктен бас тартуы; 
- Жағымсыз стереотиптік мінез-құлықты қайталауы; 
- Өзгелерге тәуелділігі; 
- Өзінен күштілерге алаңдаушылығы [13]. 
Психологиялық ашығудың девианттылыққа жетелейтіндігі ғылымда дәлелденген. Э.Берннің пікірі бойынша адамда психологиялық ашығудың алты түрі бар: 

- сенсорлық стимуляцияға ашығу; 
- өзгелерге өзін мойындату бойынша ашығу; 
- қарым-қатынас жасауға ашығу; 
- физикалық жақындасуға және сексуалдық қатынасқа ашығу; 
- психологиялық құрылымдық ашығу; 
- тіл табысуға келіспеушілік жағдайында ашығу [14]. 

Бағыттылықты талдаудың негізінде Г.М. Миньковский қылмыс жасаған жасөспірімдерді төрт топқа бөлген болатын, олар үшін жасағандары: а) кездейсоқ (коллизионды), тұлғаның жалпы бағыттылығына қарама-қайшы болып табылатындар; б) бағыттылықтың тұрақсыздығын ескергенде мүмкін, бірақ қылмыс жасау жағдайы тұрғысынан жағдайлық болып табылатындар; в) тұлғаның жалпы жағымсыз бағдарының нәтижесі болып табылатындар; г) тұлғаның қылмыстық бағдарының нәтижесі (асоциалды бағалаулар мен қатынастар жүйесі) болып табылатындар [15].

Жасөспірімнің қылмысқа алып баратын жолы әдетте бірнеше өзара байланысты кезеңдерден тұрады, ол тәртіпті қылық – кішігірім қылмыстық әрекет – қылмыс деп бөлінеді. Қылмыс, айтылып өткеніндей, - объективті және субъективті факторлардың күрделі байланысының нәтижесі. Біздің пікіріміз бойынша, олардың мәнін ашу үшін мыналар біршама маңызды болып табылады:

1) антиқоғамдық мінез-құлықтың мотивтерін туғызатын жасөспірімнің әлеуметтенуі және оның тұлғалық қасиеттерінің өзгеруі процесстеріндегі ауытқуларды талдау;

2) қылмыс жасаған жасөспірімнің тұлғасын қалыптастыратын тұлға аралық байланыстар мен қатынастардың құрылымын зерттеу;

3) жиі жағдайларда жасөспірімге шешуші әсер ететін және тұлғаның әлеуметтік қасиеттерінің қирауын, қылмыскер тұлғасының қалыптасу процессін аяқтайтын топтық қылмыстық мінез-құлықтың мазмұнын ашу [16].

Қылмысқа барған жасөспірімдердің қылмысқа бару себебін М.В. Костинцкий үш негізгі деңгейлерде қарастырудың жақсы талпынысын жасады, олар:

1. құрамында антиқоғамдық мінез-құлықтардың объективті мүмкіндіктері бар негізгі әлеуметтік процесстер әрекет ететін қоғам;

2. адамдардың өзара қатынастарының объективті заңдылықтары жүзеге асырылатын өндірістік ұжымдар мен кіші (формальды емес) топтар;

3. субъектінің белгілі-бір мінез-құлқының психологиялық себептері әрекет ететін жеке индивидуалды деңгей [17].

А.Б. Сахаровтың пікірі бойынша, қылмыс - жеке индивидуалды-тұлғалық қажеттіліктерді заңмен қорғалынатын қоғамның қызығушылықтарына қарама-қарсы қоятын жеке топтардың немесе нақты адамдардың жеке индивидуалисттік психологиясының көрінуі болып табылады [18, 83-84 б.].

Өткен өмір туралы санадағы жалпы формуланы қылмыс жасаудың себептері ретінде нақтылауға тырыса отырып криминологтардың біреулері (И.И. Карпец, И.Р. Ратинов) жеке индивидуалды құқықтық сананың бұрмалануы (құқықтық сананың үзілістілігі және құқықтық инфантилизм) жайлы айтады. Басқалары (Н.И. Стручков) қылмыс жасаудың себептеріне тек бастан өткерулерді ғана емес, сонымен бірге дұрыс емес көзқарастар мен түсініктерді де жатқызады; енді біреулері (Д.В. Филимонов), қылмыс жасаудың себептерін жеке адамуализмнен, карьеризмнен, қоғамдық мүліктерге деген ұқыпсыз қатынастардан және басқа да құбылыстардан қарастыра отырып, оларды адамның қоғамдық өмірдің әр түрлі қырларына деген қатынастары позициясынан ашуға тырысқан; төртінші біреулері (С.С. Остроумов) осындай себеп ретінде анти қоғамдық құндылық бағдарды жариялайды; бесіншілері (Г.Г. Зуйков) өткен шақтағы бастан өткерулерді тұлғаның анти қоғамдық бағдарымен теңестіреді [19, 37-40 б.б.]. Басқаша айтқанда, нақты қылмыстарды жасаудың себептерін ең алдымен жеке адамтің санасына жататын қандай да бір ортақ фактормен түсіндіруге талпыныстар жасалды, алайда бұл жерде күрделі әлеуметтік және биологиялық тіршілік иесі болып табылатын адамның оны тұлға ретінде қалыптастыратын көптеген әлеуметтік факторлардың әсерінде жүретіндігі ескерілмеген. Шеттетіліп алынған тұлғаның кез-келген қасиеттері мінез-құлықтың мазмұнын толығымен анықтай алмайтындығы айқын.

Қылмыс жасаудың әлеуметтік табиғатын талдау, адамның қылмыс жасау жолына түсуінің себебі ең алдымен ортаға және тұлғаның өзіне тән жүріс-тұрыстың әлеуметтік детерминанттарында жатқандығы туралы ойға алып келеді.

Осы орайда Е.А. Копыстынский қылмысқа барған жасөспірімдердің үлкен тобын зерттеген. Бұл зерттеу авторға құқық бұзушылардың мынандай бес тобын бөліп көрсетуге мүмкіндік берді, олар:

1. Интеллектуалды қабілеттіліктері жақсы және тұлғасының этикалық ядросы сақталған жасөспірім құқық бұзушылар жанұядан кетудің нәтижесінде кездейсоқ реформаториумға кез болғандар. Қылмысқа барған жасөспірімдердің бұл тобы 10%-ды құраған.

2. Нашар микроортаның (ата-аналарының қазасы, жанұядағы ішімдікке салыну, жанұялық жанжалдар, ұрлық, аштық, ішімдікке салынулар және т.б.) әсерінен көшедегі өмірдің төменгі жағына түскен жасөспірім құқық бұзушылар. Балалардың бұл тобы өздерінің күәліктегі жастарына қарағанда 2 – 3 жасқа шамалы интеллектуалды артта қалулармен сипатталынады, бұл орталық жүйке жүйесінің органикалық өзгерістерімен емес, «ақыл-ойлық қабілеттіліктердің жаттығуларының жоқтығымен, жанұяның төмен мәдениетімен, аз дамыған моральдық сезімімен шарттандырылған». Бұл топтағы құқық бұзушылар 53%-ды құраған.

3. Туа берілген және жүре қалыптасқан ерте жастағы генездің біршама айқын көрінетін интеллектуалды дефективтілігі бар, орталық жүйке жүйесінің айқын көрінетін органикалық өзгерістері бар құқық бұзушылар. Бұл жағдайда дебильділіктің, тұлғалық ерекшеліктердің ұзақ мерзімдік эпилепсиясының, зақымдық церебростенияның, энцефалопатияның және басқа да аномалиялардың әр түрлі нұсқалары туралы айтылуда. Аталған топтағы балалар мен жасөспірімдер 17%-ды құраған.

4. Материалдық негізінде мәнді шамадағы церебральды, эндокриндік, сөздік және соматикалық түзелмейтін бұзылыстары басым қатал ақыл-ойлық артта қалған құқық бұзушылардың тобы. Бұл топ 4%-ды құрады.

5. Генезінде психопатиялық даму (аффективті-тұрақсыз, аса қозғыш, органикалық, истериялық және псевдологтар) жатқан жасөспірім құқық бұзушылар. Олар 16%-ды құрады [20].

Негізінен қылмыстық заңда,қылмысқа барған жасөспірімді әр түрлі терминдармен анықтайды: «қылмыс істеген жасөспірім», «қылмысты тұлға», «айыпкер» т.б. Қалайша, неге осы жасөспірім қылмыс әрекеттеріне барды? Нақты бір қылмыс жасаған жасөспірім қандай жауапкершілік арту керек? Оның қайта түзеу жүйесі қандай болу керек? Қылмыскер жасөспірім қалыптаспас үшін қандай ескертулер болу керек? Деген сұрақтарға жауап алу үшін қылмысқа барған жасөспірімнің тұлғалық ерекшеліктерін талдау керек.

Заң шығарушы қылмыс барысында жасөспірімнің байқалынған ерекшеліктерін айқындап алуы міндетті. Нақты қылмыс құрамын құрастыруда, жаза мен қылмыстық жауапкершілігін жекелеуінде де қылмыс жасаған жасөспірім тұлғасының жеке индивидуалдылды ерекшеліктері еске алынады.

Қылмыскер жасөспірімді сипаттау – жеке адамның маңызды қасиеттерін типологиялық – криминогендік анықтау, зерттеу дегенді білдіреді. Жасөспірімнің қылмыстық тұлғасы – ол сол тұлғамен істелінген қылмысқа себеп болатын, жеке адамның типологиялық қасиеттерінің жиынтығы болып табылады. Қылмыс негізінен жеке адам қылмысқа тигіштігінен, дұрыс өмір сүру керек екендігін түсіне алмай немесе түсіне алғысы келмегендіктен емес, әлеуметтік шындықтың нақты бір жағына қатысты шартталынған адамның ой құрылымы жүйесінің бұрмалануынан іске асады. Қылмысқа барған жасөспірімнің тұлғасын бағалай отырып, оның мінез-құлқының жалпы үлгісін, өмірлік стратегиясын құрайтын басыңқы ниетін, өмір сүру әдістерін анықтап алуымыз керек. Негізінен адамның мінез-құлқы тұлғаның құндылық позициясымен ұйымдастырылады. Адамның мақсатқа жету үшін құралын таңдау субъектінің өзіндік сана сезімімен байланысты. Тұлғаның жетекші жүйелендіруші фактор ретіндегі механизмі оның мағыналық құрылымы. Жалпы адамның әр саналы әрекетін тұлғалық құндылық бағалайды. Қылмысқа барған жасөспірімдердің құндылықты мінез-құлқында бір жетіспеушілік бар,олар өздерінің қылмыстық ісіне адекватты емес баға береді. Өзінің антиәлеуметтілігін өз бетінше бағалай отырып, өзінің қылмыстық мақсатына жететін әлеуметтік құндылықтарды жоққа шығарып, өзінің мотивтерін қорғауға жүйе құрады. Жасөспірімдер қылмыстық мінез-құлық себебін өздерінің жағымсыз жақтарынан емес, басқалардың мінез-құлқынан, сыртқы қоршаған ортадан көреді. Әдетте олардың өзіндік бағалауы жоғары болады, ал бұл олардың адекватты емес бағалауын, тұлғасында құндылық аясының бұзылуын көрсетеді.

Қылмыстың мотивациясы қылмысқа барған жасөспірімнің жағымсыз, яғни пайдақорлық, кекшілдік, қызғаныштық, мансапқорлық, қате түсініктер сияқты тұлғалық қасиеттерден құралады. Қылмысқа барған жасөспірімнің мативационді-қажеттілік сферасында терең қозғалыстар байқалады, олардың әрекеттері төменгі импульсивті нұсқаулық деңгейде жүреді. Мұндай әрекеттің мотивациясы жасырын болып, «мотивсіз»қылмыс деген жалған көрініс береді. Ал олардың қажеттіліктері бір жақтылығы мен шектеушілікпен, әлеуметтік жағымды қажеттілік түрлерінің дамымай қалғандығымен, төменгі деңгейдегі қажеттіліктердің тым шектен шығушылығымен ерекшеленеді [21].

Жасөспірім қылмысының сипаты келесі белгілер жиынтығымен анықталынады:

1. қылмыстың түрімен–объект, қылмыстық салдардың ауырлық сипаттылығымен;

2. айыптау формасы, қылмыстың мақсаты мен мотиві;

3. қылмыс жасаудың амалы немесе әдісі;

4. қылмыс жасаудың жағдайымен;

5. жұмсарту жағдайының бар болуы;

6. қылмысқа жасөспірімнің қатынасы, жасалынған қылмыстан кейінгі мінез-құлқы. [22, 46-47 б.].

Әлеуметтік дезадаптация дәрежесі бойынша қылмыс жасаған жасөспірімнің 2-типі бөлініп шығарылынады: бірінші, антиқоғамдық тип, яғни бірнеше рет қылмыс жасағандар, екінші, асоциалды тип-алғаш рет қылмысқа барғандар. Өзіндік реттеу кемшілігі бар қылмыскер жасөспірімді төртке бөледі:

а) әрекетсіз, қылмыстық селқостық жіберетіндер;

ә) өзіне тым сенімшілдік нәтижесінде қылмысқа барғандар;

б) қатты жан толқуларын сезініп, басқалардың заңсыз әрекеттеріне қарсы қылмысқа барғандар;

в) тым жоғарғы дезадаптация жағдайының әсерінен қылмысқа барғандар.

Құндылыққа бағдарланған бағыт бойынша қылмыс жасаған жасөспірімдерді келесідей түрлерге бөледі:

1. антиәлеуметтік – пайдақорлыққа бағытталған, олар әсіресе қоғамның құндылығына қол сұғумен айналысады.

2. антиқоғамдық пайдақор-зорлау бағытындағы .

3. антигуманды-агрессивті бағыттағы .

Айтылып кеткен қылмыстық типтер қажеттілік, мотивациялық, интеллектуалды, еріктік, эмоционалды-құралдық, мінез-құлықтық қасиеттер бағыты өзіндік «тұлға үлгісіне» ие [23].

Қылмысқа барған жасөспірімдер қайта түзету мекемелерінде өзіндік бір психологиялық ерекшеліктерге ие болады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет