Мәліметтердің сапалық талдамы
К. Леонгард әдістемесі бойынша эксперименталды тобында, бақылау тобына қарағанда мінез акцентуациясының типтері көбірек байқалды.
Жасөспірімдерде К. Леонгард әдістемесі бойынша демонстративті, гипертимді, қозғыш, циклотимді акцентуация типтері анықталды.
Демонстративті тұлғаның негізгі ерекшелігі басқаларға әсер қалдыру, өзіне зейін аударту, әрқашанда ортада болуға деген қажеттілік. Бұл өз өзін көрсетуге ұмтылыста көрінеді, өз өзін мақтау, өзі туралы айтқанды ұнатады. Өзі туралы әңгімелер қиялынан туған, оны елемеу түрлі реакциялар тудыруы мүмкін, ерекшелікке деген қажеттіліктің одан сайы күшеюі, елемей тұрған адамға деген агрессия, аффективті жарылыс. Өзін көрсетуге деген гипер қажеттілік демонстративті суицидте, өлемін деп қорқыту. Деликвентті мінез-құлық туындауы мүмкін, бұл өзіне көңіл бөлдіруден туады.
Гипертимдер белсенді, оптимист. Бұл типтегі тұлға ерекшелігі ол үнемі еш себепсіз көтеріңкі көңіл-күйде жүреді. Көтеріңкі көңіл-күй жоғары белсенділікпен, әрекетке құштарлықпен қатар көрінеді. Шектен тыс сөзшеңдік тән. Қиыншылықта белсенділікті жоғалтпайды және белсенділіктерінің арқасында қиындықтарды оңай жеңеді. Гипертимдер қатаң тәртіп, ұсақ түйекке шейін қадағаланып отыратын жағдайларда қатты қиналады. Бұндай жағдайда тәртіп бұзумен қатар ашулану, оқытушылармен шиелініске келу орын алады. Гипертимдердің деликвенттілігі антиқоғамдық нұсқаулардан гөрі, олардың жеңілтектігінен, гипер белсенділігінен, тәуекелшілдігі мен топтасуға бейімділігінен болады.
Тұрып қалушы тип. Бұл тип жоғары тұлға аффектінің тұрақтылығымен, эмоциялық әсердің, бастан кешулердің ұзақтығымен сипатталады. Жеке қызығушылықтары намысына тиуді, реніштерін ұзақ есте сақтайды. Сондықтанда оларды басқа адамдар кекшіл деп ойлайды. Оның себебі, аффекті бастан кешіру қиялдаумен, мүмкін жауаптарды ойластырумен, кегін алуды жоспарлаумен қатар жүреді.
Қозғыш тип мінез-құлық импульсивтілігімен сипатталады. Олар қарым-қатынаста және мінез-құлқында логикаға санаға жүгінбейді, импульсқа, құмарлыққа, қадағаланбайтын ұмтылыстарға бағынады. Әлеуметтік қарым-қатынас пен өзараәрекеттестікте шыдамсыздықпен сипатталады.
Циклотимді типтегілер, қандайда қиындықта ешкіммен сөйлескісі келмейді, көңіл-күйі жабырқау кезінде туындаған ұсақ-түйектерге мұңаюға шейін барады. Бірқалыпты көңіл-қүйі шығармашылық шабыттылыққа ауысып, одан өзі сенімсіздік танытып, селсоқ күйде болуы мүмкін.
Қ. Томас әдістемесі бойынша, төмендегі көрсеткіштер алынды.
1. Бәсекелестік стилі – эксперименталды тобында 30%, бақылау тобында 22% яғни бұл стилдегі жасөспірімдерде айналадағылармен қарым-қатынас негізі ретінде, өмірлік стратегия желісімен тұлғаның өзгеруін анықтайтын, айналадағыларды оқшаулау және жатсынуға әкеледі (өзінің дұрыстығы мен қателеспегендігіне сенімділік, кез-келген жағдайдағы позицияның моралдық және интеллектуалдық басымдықты қабылдау, қабілеттерін кетіру).
2. Қашу стилі – бақылау тобында 5%, ал эксперименталды тобында 7% яғни, бұл стилдегі жасөспірімдерде тенденциясының басым болуы өмірлік стратегиясында жеке әрекетсіздікті ақтауға тырысу, әлеуметтік белсенділіктің төмендеуіне, психологиялық қорғаныстың күшеюіне, жеке енжерлықты негіздеуге әкеледі. Осындай стратегия басым адам әрдайым жауапкершілікті өз мойнына алатын партнер іздейді.
3. Бейімделу стилі – эксперименталды тобында 15%, бақылау тобында 16% яғни, жасөспірім өз әрекетінің дұрыс емес екендігін түсінеді, өзінде жетерліктей дәреже не мүмкіндік жоқтығын біліп, өзінің күштірек не жолы болғыш партнер жаққа өтіу арқылы болашақта соның есебінен қиындықтан шығатынын түсінеді.
Айзенк тесті бойынша эксперименталды тобында басым бөлігі холерик темперамент типіне жатады. Холерик типіндегі эксперименталды тобы күшті, елгезек. Ұшып-қонып тұратын, күйгелек, тынымсыз, шамданғыш, көңіл-күйі жиі өзгеретін, қарым-қатынаста аумалы-төкпелі, тұрақсыз, ашуланшақ болып келеді. Қимыл-қозғалысы батыл, шапшаң. Қызыққан ісіне барлық ынтасымен әбден беріліп, барлық ынтасын салып орындайды. Ондай ой әрекетінің белсенділігін байқауға болады. Ашушаң, шапшаң, қатты, қияңқы, кейде топ ішінде дауысы қатты шығып та кетеді. Олар тез қызу сөйлеп төңірегіндегілерді бірден ұйытады. Ерекшеліктері өткір көзімен, тез және оңтайлы қозғалыстарынан жақсы байқалады.
Ал, бақылау тобында да, балаларда да холерик типі басым болды. Құрамы күшті, елгезек, өте баяу. Қимыл қозғалыстары батыл, шапшаң, қызығушылықтарын оята білсе әр істі ынтамен орындайды. Ой әрекеттері белсенді. Тез сөйлеп айналасындағыларды бірден ұйытқанымен ашушаң, шапшаң, қатты қияңқы, кейде дауыстары қатты шығып кететін кездері де бар.
Психологиялық зерттеулерге сүйенсек холерик типіндегі балалар арасынан «киын мінезді» балалар көп шығады екен, яғни қылымсқа баратын балалар холерик типтегі балаларда көп кездеседі.
Зертеуде оқушылдардың эмоциялық тұрақтылықтың төмен екені байқалды, бұл күрделі конфликті қарым-қатынастар тудырады.
М. Рокичтің құндылық бағдарлар әдістемесі көрсеткіштері бойынша, адам өзін қайраткер ретінде жүзеге асыратын өнімділік құндылықтарды талдау барысында құқық бұзған жасөспірімнің инструменталды және терминалдық құндылықтар арасындағы ерекшеліктерді көруге болады (бақылау тобымен салыстырғанда). Нақты іс-әрекет мазмұнын жоғалту, өзінің уайымдары мен ойларын қандайда бір шығармашылықта көрсетуге қатты талаптану байқалады. Шығармашылық белсенділік – құқық бұзған жасөспірімнің өмірінде біршама жоғары деңгейде жүзеге асырылатын құндылықтардың бірі. Жазасын өтеп жатқан жасөспірімде өзін және отбасын тікелей қаражатпен қамтамасыз ету қажеттілігі жоқ, сондықтан шынында белгілі бір шығармашылық қабілетті жүзеге асыруға ұмтылыс (сурет салу, түрлі мүсіндер жасау т.б.) және оларды жасауға уақыт оларда бар.
Әдістеме бойынша тұлғаның әлеуметтік мәнін жүзеге асыратын құндылықтар маңыздылығы бойынша соңғы орынды алады. Мысалы, бақытты жанұялық өмір бақылау тобында маңыздылығы бойынша маңызды орынды иеленсе, ал, құқық бұзған жасөспірімдерде неғұрлым соңғы орындарды иеленеді. Мұндай жағдай мынадай құндылықтарда байқалады: жақсы және сенімді достарынығң бар болуы. Құқық бұзған жасөспірімдерді бақылау тобымен салыстырғанда өмірлік құндылықтардың жүзеге асырылуына қанағаттану деңгейі бойынша да айырмашылықтарды көреміз.
Құқық бұзған жасөспірімнің тұлғалық құндылықтарының иерархиясының бостандықтағы құрдастарымен салыстырғандағы мәнді айырмашылық, олардың өмірлік маңызды деп есептейтін құндылықтарды жүзеге асыра алмауы, яғни әлеуметтік оқшаулану жағдайымен байланысты болады деген көзқарасымызды дәлелдей түседі. Сонымен бостандықтағы жасөспірімдер өзінің өміріне маңызды деп есептейтін құндылықтарды жүзеге асыруға тырыса алады, ал құқық бұзған жасөспірімдер егер қандайда – бір деңгейде құндылықтарды жүзеге асыруға мүмкіндік тапса да, көбісінде олардың тұлғалық маңыздылығы жоқ.
Құқық бұзған жасөспірімнің бақылау тобымен салыстырғандағы иерархия құндылықтарының маңызды айырмашылығының себебін бөлшектеп анықтау үшін, жазаны өтеу кезеңіне байланысты қылмыс жасаған жасөспірімдерге жүргізілген құндылықтарды рангілеу нәтижелерімен салыстырмалы талдау жасалды. Мұнда құндылықтың маңыздылық иерархиясындағы орны, олардың түзеу мекемесіне келу уақытына қарай мәнді өзгерістерге түсуі мүмкін. Мұндай өзгерістің сипаты әртүрлі болуы мүмкін. Мысалы, құндылықтардың маңыздылық деңгейіндегі біршама тұрақтылығы бостандық және белсенді өмір көрсеткіштеріне қатысты байқалады.
Құқық бұзған жасөспірімнің жазаны өтеудегі уақытының ортаңғы кезеңіндегі бостандықтан айырыуға бейімделу кезеңі өтіп кеткен соң, бірақ бостандыққа шығуға әлі біраз уақыт бар кезеңде таным, қызық жұмыс, материалды қамтылған өмір, даму, бақытты жанұялық өмір жоғары құндылықтарға ие бола бастайды. Зерттеу үшін маңыздысы қылмыс жасаған жасөспірімнің жеке құндылықтары және бұл құндылықтардың олардың өз өмірлеріндегі жүзеге асуына қанағаттану деңгейінің салыстырмалы түрдегі өзгеруі болады.
Қорытынды
Біздің қоғамымызда жасөспірімдердің адамгершілік келбетіне қоятын талаптардың өсуіне, оларды жақсылыққа тәрбиелеуге баса назар аударылуда. Ал қазіргі кезеңде құқықтық тәртіпке немқұрайлы қарайтын ұрлық, зорлық, бұзақылық т.б. қылмыстық әрекеттер мен қарапайым азаматтардың демалысы мен көңіл-күйіне көлеңке түсіретін жастар жиі кездесіп отыр. Елдің экономикалық жағдайы, бұрынғы дүниетанымның құлдырауы мен бәсекелі және жоғары өндірісті жағдайда өмір сүру мен жұмыс жасау іскерлігі мен дағдысының жоқтығы – қоғамның күрделі қиындықтары мен ішкі дау-жанжалдарды тудыруға әкеледі.
Жасөспірімдер арасында ересектермен күрделі және қиын қарым-қатынастар көрінеді. Сонымен қатар, қаталдық пен агрессивтілік пайда болып, қылмыстық әрекеттер көбейді. Осындай жағдайларға байланысты жасөспірімдердің мінез-құлықындағы қиындықтарды психологтар дер кезінде анықтап, психологиялық жұмыстар жүргізу керек.
Біздің зерттеу жұмысымызда жүргізілген әдістемелерден төмендегідей нәтижеге қол жеткіздік: К. Леонгард әдістемесі бойынша акцентуацияның негізгі типтері: Демонстративті тип, Тұрып қалушы тип, Гипертимді тип, Циклотимді тип, Козғыш тип, Педантты тип, Эмотивті тип, Экзальтацияланған немесе Лабильді тип, Мазасыз тип, Шоғырланушы тип. Жүргізілген зерттеуде эксперименталды топта балаларда Демонстративті тип – 20%, Тұрып қалушы тип – 6,6%, Гипертимді тип – 26,6%, Циклотимді тип –20 %, Козғыш – 13,3%, Педантты тип – 6,6%, Эмотивті тип – 6,6% акцентуация типтері кездессе, бақылау тобында Демонстративті тип – 20%, Тұрып қалушы тип – 6,6%, Гипертимді тип – 46,6%, Циклотимді тип – 13%, Козғыш – 13% акцентуация типтері кездесті.
Бақылау тобында қарағанда, эксперименталды топта акцентуация типтері басым болды.
Темперамент типтерін анықтауға арналған Айзенк тесті бойынша эксперименталды топта Холерик – 73,3%, Сангвиник – 20%, Флегматик – 0%, Меланхолоик – 13% типтері анықталса, бақылау тобында Холерик – 46,6%, Сангвиник – 26,6%, Флегматик – 6%, Меланхолоик – 6% типтері анықталды.
Жалпы зерттеулерге сүйенетін болсақ, қиын мінезді балалардың басым бөлігі холерик типіндегі балалар болып келеді екен.
К. Томас әдістемесі көрсеткіштері бойынша, гипертимдер арасында бәсекелестік пен бейімделу стилдері анықталғандар басым болды.
Қозғыш типтер арасында бәсекелестік, демонстративті мінез акцентуациялары басым болды (эксперименталды топта анық байқалды). Бейімделу де, қашу стилдері де кездесті.
Айзенк тесті бойынша да, эксперименталды топта мен бақылау тобындада холерик типі басым болды.
М. Рокичтің құндылық бағдарлар әдістемесі көрсеткіштері бойынша, адам өзін қайраткер ретінде жүзеге асыратын өнімділік құндылықтарды талдау барысында құқық бұзған жасөспірімнің инструменталды және терминалдық құндылықтар арасындағы ерекшеліктерді көруге болады (бақылау тобымен салыстырғанда). Нақты іс-әрекет мазмұнын жоғалту, өзінің уайымдары мен ойларын қандайда бір шығармашылықта көрсетуге қатты талаптану байқалады. Шығармашылық белсенділік – құқық бұзған жасөспірімнің өмірінде біршама жоғары деңгейде жүзеге асырылатын құндылықтардың бірі. Жазасын өтеп жатқан жасөспірімде өзін және отбасын тікелей қаражатпен қамтамасыз ету қажеттілігі жоқ, сондықтан шынында белгілі бір шығармашылық қабілетті жүзеге асыруға ұмтылыс (сурет салу, түрлі мүсіндер жасау т.б.) және оларды жасауға уақыт оларда бар.
Жұмыста құқық бұзатын жасөспірімдердің мінез-құлқына ықпал ететін тұлғалық ерекшеліктері бар деп болжам қойылған болатын, зерттеу барысында болжам дәлелденді.
Психологтар, ата-ана, мұғалімдер баланың ішкі жан дүниесін түсіне білуі шарт. Мінез-құлқы қиын оқушыны ешқандай ұжым өмірінен, қоғамдық пайдалы еңбектен тыс қалдыруға болмайды, олар барлық үйірме жұмысына, басқа да шараларға қатысуы керек. Бұл олардың зиянды істермен айналыспай, жауапкершілік сезімін туғызуға жол салады.
Қазіргі кезде жасөспірімдердің мінез-құлқындағы қиындықтар әртүрлі қылмыстық әрекеттер мен жағымсыз істер көбейіп отыр. Бұны зерттеу барысында дәлелденді. Осындай құқық бұзатын жасөспірімдердің қиын мінез-құлқын алдын алып, түзету үшін әрбір педагог, ата-ана, психолог бірлесе жұмыс жасай отырып, әрбір жасөспірімдердің дербес ерекшеліктері мен мінез-құлқын ескеріп, анықтап, соған сәйкес жұмыстар жүргізу керек.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Қ.Р. Ата заңы. Алматы,1995.Толық тарауларымен 21.05.2007 ж.
Назарбаев Н.Ә. Қазақстан-2030. Алматы. Білім.1998ж.
Божович Л.Л. Личность и ее формирование в детском возрасте- М. 1968. – 322 бет.
Реан А.А. Психология подростка. Мосва, Олма-пресс, 2005.-429с.
Копыстынский Е.А. Этот опасный возраст. Москва, знание. 1982.
6. Шульга Т.И., Олиференко Л.Я. Психологические основы работы с детьми группы риска в учреждениях социальной помощи и поддержки. Москва. 1997г.
7. Короленко Ц.П. Донских Т.А. Семь путей к катастрофе: Деструктив, поведение в современном мире. Новосибирск, 1990.
8. П.П. Бельский. Избранные педагогические и психологические соченения в двух томах. Том 2. педагогика, 1979.
9. Личко А.Е. Психопатии и акцентуации характера у подростков. Л., 1983.
10. Беличева С.А., Фокин В.М. Социальная профилактика откланяющегося поведения несовершеннолетних как комлекс охранно-защитных мер. Консорциум, 1993.
11. Платонов К.К. Психология способностей. М., 1972.
12. А.Ф. Бурлачук. Иследование личности в клинической психологий. М.-1986.
13. Чуфаровский Ю.В. Юридическая психология. Москва. 1997.
14. Эрик Берн. Психика в действии. М., Литур. 2000г.
15. Г.М. Миньковский. Криминология. Учебник. М.,1988.
16. Кудрявцева В.Н. Личность преступника. М. – 1975ж.
17. Костицкий М.В. Психологические методы в борбе с правонарушениями. Киев, 1991.
18. Сахаров А.Б. О личности преступника и причинах преступлени. Москва: 1992.- 83-84 б.б.
19. Ратинов А.Р. , Ефремова Г.Х. Правовая психология и преступное поведение: Теория и методол. исслед. Красноярск 1988.- 37 – 40б.б.
20. Тилеубергенова Е.В. Криминалистические проблемы: использование психолого-педагогических знаний при расследований преступлений несовершеннолетних. Алматы: 1998ж.
21. Золотухина Е.В. Чухраев Б.М. Почему они такие? заметки о правонарушениях подростков. Карелия, 1989.
22. Бартол, Курт . Психология криминального поведения. 7-е междунар.изд. Еврознак: Олма-Пресс, 2004.- 46 – 47 б.б.
23. Еникеев М.И. Общая, социальная и юридическая психология. Учебное пособие для вузов.Москва, 2002.
24. Обухова Л.Ф. Возрастная психология. Учебник. – М., 1996.
25. Еникеев М.И. Общая и юридическая психология.
Москва, Политиздат, 1989.
26. Психологический словарь./под.ред. В.В.Давыдова. Ф.Ломова и др/. М: 1983.
27. Ерменбетова Л. «Кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алудағы құқықтық тәрбиенің рөлі». //Юриспруденция сериясы вестник КазНПУ. 2006.- №1.
28. Абдрасулов Е. «Кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасында құқық бұзушының алдын-алу».// Заң. 2005.- №6.
29. Еникеев М.И. «Юридическая психология», Питер, 2005.
30. Образцов В.А. Криминалистическая психология: Методы, рекомедации. Москва, Юнити-дана, Закон и право. 2002.-447с.
31. Надбаев Х.С. Крименология. Алматы, 2002.
32. Райс Ф. психология подросткого и юношеского возраста. Алматы, 2002.
33. Психологическая сущность агрессивности и ее проявления у детей подросткового возраста. Москва. 1991.
34. А.Ф. Парницев. Трудные дети и трудные взрослые. – М.: Просвещение, 1991.
35. В.М. Бехтерев. Внушение и его роль в общественной жизни. Москва, 1983.
36. Аверин В.А. Психология детей и подростков. Учеб.пос. 2-изд. 1998.-379с.
37. Антонян Ю.М. Психологические особенности осужденных за кражи личного имущества и индивидуальная работа с ними. Учеб. Пособ. Москва 1989.
38. Алмазов Б.Н. Психическая средовая дезадаптация несовершеннолет- них. Свердловск, 1986.
39. Батку И.Г., Мартынчик Е.Г. Социально-правовые факторы преодоления антиобщественного поведения подростков. Штиница, 1988.-203с.
40. Мягков И.Ф. Вакторы педагогической запущенности и
психологические вопросы коррекции делинквентного поведения несовершеннолетних. Воронеж, 1983.-142с.
41. Мягков И.Ф. Психологические проблемы предупреждения педагогической запущенности и правонарушений несовершеннолетних. Воронеж, 1982.
42. Домодедова. Психологическое изучение осужденных
несовершеннолетних. Учеб.пос. 1991.
43. Арықбаев М.С. Теория жизни. Алматы, 2004.
44. Головей Л.А., Рыбалко Е.Ф. Практикум по возрастной психологии. СПб: Речь, 2005.
45. Ерменбетова Л. «Кәмелетке толмағандардың тұлғалық ерекшеліктері».// Заң. 2002. №8.
46. Волков Б.С. Мотивы преступлений. Казань. 1982.
47. Түңлікбава Э.М. Психологиялық зерттеулерде қолданылатын негізгі ықтималды статистикалық әдістер. Алматы, 1999.-ҚҰ-43 б.
Қосымша 1.
Темпераментті анықтауға арналған Айзенк тесті
(12-17 жас аралығындағы жеткіншектерге арналған).
Өзіңнің айналаңда шуды және әбігершілікті ұнатасың ба?
Сені жұбататын достарыңды жиі қажет етесің ба?
Сабақта отырмаған кезіңде сенен бір нәрсе сұрағанда жауапты тез таба аласың ба?
Сен кейде ашуланшақ боласың ба немесе ызаланасың ба?
Сенің көңіл күйін жиі өзгеріп тұрады ма?
Саған достарыңмен кездескеннен, жалғыз болған ұнайды ма?
Түрлі ойлар сенің ұйықтауыңа кедергі жасайтын кездер болады ма?
Саған айтқандығ дәл солай істейсің бе?
Басқалармен әзілдескенді ұнатасың ба?
Еш себепсіз өзіңді бақытсыз сезіндің бе?
Сен көңілді адамсың ба?
Мектеп ережелерін бұзған күндерің болды ба?
Сені көп нәрсе ашуландырады ма?
Жылдамдықты керек ететін жұмыстарды ұнатасың ба?
Бола жаздаған бірақ соңы жақсы біткен оқиғаларды көп уақыт уайымдап жүресің бе?
Саған сеніп кез келген құпияны айтуға болады ма?
Зерігіп отырған балалардың көңілін көтере аласың ба?
Кейбір кездері еш себепсіз жүрегің қатты соғады ма?
Біреумен достасу үшін бірінші қадам жасайсың ба?
Өтірік айтқан кездерің болды ма?
Сен істеген жұмысыңынан адамдар кемшілік тапса қатты ренжисің бе?
Достарыңмен қызық әңгімелер айтып, әзілдескенді ұнатасың ба?
Еш себепсіз шаршайсың ба?
Сен бірінші сабағыңды орындап сосын ойнайсың ба?
Сен әдетте разы емес көңілдісің, солай ма?
Көп ренжисің ба?
Басқа балалармен ойнағанды және әңгімелескенді ұнатасың ба?
Тұрмыста жақындарыңа көмектесесің бе?
Басыңның айналған кездері болады ма?
Біреулерді ыңғайсыз жағдайға қоғанды немесе біреуге күлгенді ұнатасың ба?
Бір нәрседен жалыққан кездерің жиі болып тұрады ма?
Мақтанғанды ұнатасың ба?
Басқа балалардың арасында үндемей тұрасың ба?
Сен қатты толқығаннан бір орында отыра алмай кететін кездерің болады ма?
Бір нәрсеге тез шешіле аласың ба?
Мұғалім жоқ кезде сабақ уақытында шулайсың ба?
Қорқынышты түстерді жиі көресің бе?
Бәрін ұмытып, достарыңның арасында жақсы көңіл көтеріп отырасыі ба?
Сені ренжіту оңай ма?
Біреуді жамандаған күндерің болды ма?
Өзіңді бейқам, қамсыз деп санайсың ба?
Өзің ыңғайсыз жағдайға түскен кезіңде көп уақыт уайымдап жүресің бе?
Шулы және қызықты ойындарды жақсы көресің бе?
Саған ұсынған тамақтың барлығын жей бересің бе?
Сенен бір нәрсе сұранса жоқ деп жауап беру қиын ба?
Қонаққа жиі барғанды ұнатасың ба?
Өмір сүргің келмей кететін кездерің болады ма?
Ата-анаңа дөрекі болған кездерің бар ма?
Сені көңілді адам деп санайды ма?
Сабағыңды орындаған кезіңде көңілің басқа жаққа алаңдайды ма?
Үлкен думанға қатыспай, жанынан қарап отырғанды ұнатасың ба?
Түрлі ойлардан ұйықтай алмайтын кездерің болды ма?
Саған тапсырылған жұмысты орындай алатыныңа сенімдісің ба?
Жалғысырау сезімде боласың ба?
Бейтаныс адамдармен бірінші сөйлеуге ұяласың ба?
Кеш болғанда бір нәрсе істеуді жиі шешесің бе?
Саған баланың біреуі айқайласа сенде оған айқайлайсың ба?
Кейбір кездері еш себепсіз өзіңді қайғылы немесе көңілді сезінесің бе?
Қонақта, шыршада шын риазлық алуға болады деп есептейсің бе?
Бір нәрсені ойламай істегеніңе жиі толқисың ба?
Өңделуі.
Экстроверсия – интроверсия:
«ия» («+») 1, 3, 9, 11, 14, 17, 19, 22, 25, 27, 30, 35, 38, 41, 43, 46, 49, 53, 57.
«жоқ» («-») 6, 33, 51, 55, 59,.
Нейротизм
«ия» («+») 2, 5, 7, 10, 13, 15, 17, 18, 21, 23, 26, 29, 31, 34, 37, 39, 42, 45, 50, 51, 52, 56, 58, 60.
Өтірік көрсеткіші
«ия» («+») 8, 16, 24, 28, 44
«жоқ» («-») 4, 12, 20, 32, 36, 40, 48.
Нәтижелер бағасы:
Экстра – интроверсия шәкілінің бағлау кестесі:
Интроверсия
|
Экстраверсия
|
Едәуір
|
Орташа
|
Едәуір
|
Орташа
|
1-7
|
8-11
|
12-18
|
19-24
|
Нейротизм шәкілінің бағлау кестесі:
Сезімдік салмақтық
|
Сезімдік салмақсыздық
|
Едәуір
|
Орташа
|
Едәуір
|
Орташа
|
1-10
|
11-14
|
15-18
|
19-24
|
Г. Айзенк анықтамасына орай, холериктер – сезімтал, агрессивті, шамданғыш, көңіл-күйі өзгергіш, басқамен қарым-қатынаста я сезім қатынасында тұрақсыз, әр түрлі жағдайларда соқпа мінезді, оптимист, белсенді, сенгіш, ашуланшақ.
Сангвиник – ашық, көпшіл, сөзшең, қайырымды, қысылып-қымтырылмаытын, өмір сүйгіш, уайымсыз, көтерінкі көңілді, басшылыққа бейім.
Флегматик – сақ, енжар, байыпты, өзгеге жақсылық тілегіш, ынтымақшыл, өз ісін ойлап істейтін, сенімді, тұрақты, бір қалыпты.
Меланхолик – беймаза, ренжігіш, ойлампаз, қырағы, пессимист, тұйық, ұстамды, көп сөзі жоқ, ригіттік.
Қосымша 2.
К.Леонгард тесті.
(Акцентуантты жеке тұлғаны анықтау)
Нұсқау: Сізге қазір Сіздің мінезіңізге қатысты тұжырымдар беріледі. Егер Сіз берілген тұжырымдамалармен келісетін болсаңыз сұрақтың жананда «иә» «+» белгісін, ал келіспейтін болсаңыз «жоқ» «-» белгісін қойыңыз. Жауап берерде көп ойланбағаныңыз жөн. Дұрыс немесе дұрыс емес деген жауап болмайды. Сіздің айтқаныңыздың барлығы дұрыс.
Сізде көңіл-күйіңіздің көтеріңкілігі мен алаңсыздығы жиі бола ма?
Сіз жәбірленгенге сезімталсыз ба?
Кино көргенде, театрда, әңгіме уақыттарында сіздің көзіңізге жас үйірілетін уақыттар болады ма?
Бір нәрсе жасай отырып, ол дұрыс жасалынды ма жоқ па, сол дұрыс жасалғанша тағы бір көзіңіз жетпейінше сіз күмәнденесіз бе?
Балалық шағыңызда тетелес балалар сияқты жанкешті және батыл болдыңыз ба?
Өмірге деген қызықпаушылықтан жиренішке дейінгі жағдайдан көңіл-күйіңіз жиі өзгереді ме?
Ұжымда, компанияда көптің назарының ортасында боласыз ба?
Сіздің көңіл-күйіңіз байбаламшы жағдайда болған уақытта, ең дұрысы сізбен сөйлеспеген дұрыс дегендей сәттер болып тұрады ма?
Сіз байсалды адамсыз ба?
Сіз масайрап, таңқала аласыз ба?
Сіз іскерсіз бе?
Сізді біреу жәбірлесе тез ұмыта аласыз ба?
Сіздің жүрегіңіз жұмсақ па?
Хатты хат салатын жәшікке сала отырып, жәшіктің тесігін қарап, түскен-түспегенін қайта-қайта тексересіз бе?
Жақсы қызметкерлер қатарына қосылуға тырысасыз ба?
Балалық шағыңызда найзағай жарқырағанда немесе бөтен итке жолыққан уақытта қорыққан сәттеріңіз болды ма, сондай сезім қазір де сақталды ма?
Барлық жерде де ережені ұстануға тырысасыз ба?
Сіздің көңіл-күйіңіз сыртқы жағдайларға байланысты ма?
Таныстарыңыз сізді жақсы көреді ме?
Сізде ішкі қатты мазалаушылық, қайғы, жағымсыз жағдайлар болып қалатындай сезімдер жиі болады ма?
Сізде көңіл-күйіңіздің жоқтығы жиі болып тұрады ма?
Сізде ең болмағанда бір рет долылық немесе жүйке тозуы болды ма?
Бір орында отыру сізге қиынға соғады ма?
Сізге байланысты адамгершіліксіз қатынас жасады, сіз өз мүддеіңізді қызуқандылықпен қорғай аласыз ба?
Тауықты, қойды бауыздай аласыз ба?
Үйде дастархан немесе терезе пердесі қисық болып тұрғандығы сіздің шамыңызға тиеді ме және сіз оны тез барып дұрыстайсыз ба?
Бала кезіңізде үйде жалғыз қалуға қорқатын ба едіңіз?
Сіздің көңіл-күйіңіз жиі себепсізден себепсіз өзгереді ме?
Өз ісіңізде мықты маман болуға тырысасыз ба?
Сіз тез ашуланып немесе ызақорлыққа түсесіз бе?
Сіз аса көңілділік жайда бола аласыз ба?
Толық бақыттылық сезімі сізді қатты өкпектейтін кездері болды ма?
Ойын-сауықтарда жүргізуші, концерттерде конференсье бола аламын деп ойлайсыз ба?
Әдетте сіз ойыңызды екі ойлы емес ашықтан ашық айтасыз ба?
Қанның түсін көргенде төзесіз бе? Ол сізде жағымсыз сезім тудырмай ма?
Жеке жауапкершілікті қажет ететін жұмысты ұнатасыз ба?
Сіздің көзқарасыңызша адамгершіліксіз қарағандарды қорғауға бейімсіз бе?
Қараңғы жертөлеге түсу қиын, қорқынышты ма?
Тез жасауды қажет ететін, бірақ жоғары сапаны талап етпейтін жұмысты артық көресіз бе?
Сіз өзіңізді жатырқамайтын адамдардың қатарына қосасыз ба?
Сіз мектепте өлеңдерді тақпақтап оқыдыңыз ба?
Бала кезіңізде үйден қашып көрдіңіз бе?
Сізге өмір қиын сияқты көрінеді ме?
Дау-дамай немесе реніштен кейін сіз сондай қатты берекеңіз кетіп, содан соң іспен айналысу мүмкін болмайтын кездеріңіз болды ма?
Сәтсіздік кезінде де сізді әзіл-сықақ сезімін жоғалпайды деп айтуға болады ма?
Егер сізді біреу ренжіткен жағдайда, сіз онымен татуласуға бірінші болып қадам жасайсыз ба?
Сіз жанурларды өте жақсы көресіз бе?
Үйде немесе жұмыс орыныңызда жөнді қалыпта екендігіне толық сенімде болу үшін сіз қайтып барасыз ба?
Сізбен, сіздің жақындарыңызбен қорқынышты жағдай болар ма деген белгісіз бір ой сіздің ойыңыздан шықпай қояды ма?
Сіздің көңіл-күйіңіз аса өзгергіш деп ойлайсыз ба?
Аудитория алдында сөз сөйлеу, баяндау қиын ба?
Егер сізді біреу қорласа, жәбірлеушіні соққыға аласыз ба?
Басқа адамдармен қатынас жасауда сізде қатты қажеттілік бар ма?
Көңіл қайтқанда терең торығушылыққа түсетін адамдардың қатарына жатасыз ба?
Екпіндетілген ұйымдастыруды қажет ететін қызмет ұнай ма?
Егер жолында көптеген қиындықтар кездессе де, алға қойған мақсатыңызға ерінбей-жалықпай жетесіз бе?
Қайғылы фильм сізді қатты толғандырып, көзіңізге жас келтіреді ме?
Өткен немесе алдағы күндердегі мәселелердің салдарынан ұйықтау қиынға соғу жиі болып тұрады ма?
Мектепте сіз кейде жолдастарыңызға сыбырлап көмектестіңіз бе немесе үй тапсырмасын көшіруге бердіңіз бе?
Түнде зираттың ішімен өтуіңіз үлкен қиналыс тудырады ма?
Пәтеріңіздегі әрбір зат өз орнында тұруды сіз мұқият қадағалайсыз ба?
Ұйықтар алдында көңіл-күйійңіз жақсы, ал таңертең қабағыңыз қатулы сәттер болады ма?
Жаңа жағдайларға жеңіл үйренесіз бе?
Басыңыздың ауыратын кездері болады ма?
Сіз жиі күлесіз бе?
Өзіңіз бағаламайтын, ұнатпайтын, сыйламайтын адамдармен жайдары бола аласыз ба?
Сіз елгезексіз бе?
Адамгершіліксіздік үшін қатты қапаланасыз ба?
Сіз табиғатты жақсы көретініңіз соншалықты, өзіңізді оның досымын деп есептейсіз бе?
Үйден кетерде немесе ұйықтар алдында барлық жерде жарық сөндірулі ме және есіктер жабылды ма жоқ па тексересіз бе?
Сіз қатты жасқаншақсыз ба?
Ішімдік ішкен уақытта сіздің көңіл-күйіңіз өзгереді ме?
Бұрын сіз көркемөнер үйірмелеріне жан тәніңізбен қатыстыңыз, қазір де қатысасыз ба?
Сіз өмірді қуанышты бағалағаннан гөрі, түңілген көзқараспен бағалайсыз ба?
Жиі саяхатқа шыққыңыз келеді ме?
Көңіл-күйіңіз кенеттен өзгеріп, қуанышты жағдайдан тез арада түнерген жабырқаушылық басып алады ма?
Қол астыларыңыздағы адамдардың көңіл-күйін сізге көтеру жеңіл тиеді ме?
Өкпені ұзақ уақыт күйзелісте ұстайсыз ба?
Басқа адамдардың қайғысына ұзақ уақытта күйзеліп жүресіз бе?
Оқушы болып жүргенде дәптеріңізді бүлдіріп алсаңыз беттерін жиі қайта көшіруші ме едіңіз?
Адамдарға сенімділіктен гөрі сенімсіз және абайлап қарайтын адамдардың қатарына жатасыз ба?
Қорқынышты түстерді жиі көресіз бе?
Өтіп бара жатқан поездың астына түсіп кетемін бе деп сіз жиі ойлап қорғаштанатын ба едіңіз?
Көңілді ортада әдеттегідей көңілдісіз бе?
Міндетті түрде шешім қабылдауды талап ететін қиын мәселелерден өзіңізді алаңдата аласыз ба?
Егер ішімдік ішсеңіз, өзіңізді еркін сезініп, өзіңізді өзіңіз ұстай алмайтындай боласыз ба?
Сіз әңгімеге сараңсыз ба?
Егер сізге сахнада ролді ойнау қажет болса, оның ойын екендігін ұмытып, мүлде беріле ойнар ма едіңіз?
Қосымша 3.
Т. Томастың тұлғаның конфликтілі мінез-құлққа бейімділігін диагностикалау әдістемесі.
Интерпретация. Әр шкала бойынша индивидтің жинаған балл саны оның конфликтілі жағдайдағы мінез-құлқының формасына сәйкес келетін тенденциясын білдіруге мүмкіндік береді.
Бәсекелестік стилі.
Бұл стилдегі адам тіптен белсенді және конфликтіні реттеуде өз жолымен жүруге тырысады. Ол әдетте жігерлі шешім қабылдауға және тез әрекет етуге қабілетті. Бірінші орында өзінің қызығушылықтарын қанағаттандырады, өзі дұрыс деп тапқан нәтижеге жетеді, ол басқалардың қызығушылықтары мен пікірлерін қабылдамайды. Партнерына қатысты жағдайларда келесідей ерекшеліктерге ие. Оларға сол бағытта бәсекелесуге немесе сол тәсілмен нәтижеге жетуіне мүмкіндік бермейді. Қарсыластық басым болады. Келесі таңдалған стратегиядағы адамдар одақтас болып табылады, тек олар қарсылық танытып немесе бәсекелестік тудырғанға дейін ғана есептеледі. Шынында, егер олардың күштері өз еріктерінде болса, бәсекелестік немесе элементарлы сәттілік, жолы болғыштық күштірек болса, соңында лидер олардың дұрыс екенін тән алады, оларға бағынуы және бұдан кейінгі проблемалардың шешімін табуда басқа мінез-құлық стилін таңдауы мүмкін. Осы стилді қолдана отырып және партнеріңмен өзара қарым-қатынаста өмірлік стратегияңа сәйкес құруда нені білу қажет? Бұл стиль белгілі бір билікке ие кезіңізде, дәл осы жағдайда өзіңіздің шешіміңіз бен бағытыңыздың дұрыстығы мен сіз айтқаныңыздан қайтпауға мүмкіндігіңіз бар кезінде тиімдірек. Алайда, бұл стиль жеке қарым-қатынасты мақсатты қолдануда, мәселен, адамдармен жақсы қатынасты сақтағыңыз келсе тиімді емес. Конкуренция стилі нақты субъективті алғышарттарды талап етеді: таңдаған шешеімінің дұрыстығына сенімділік және өмір бойы бұл шешімді өзінің қабілетімен іске асыру, істі соңына дейін жеткізу және кедергілерді жеңу үшін энергия, жүйелілік, батылдық қажет, тіпті айналасындағылар қарсы болған жағдайда да өзінің айтқанында тұра білу, сонымен қатар психологиялық қатынастың кейбір түрін елемеу.
Бұл стилді қолданар алдын, тіршілік әрекетіндегі жағдайларды нақты шешіп, сіз әдетте қайсысы маңыздырақ екеніне таңдау жасауыңыз керек – нәтижеге жету немесе достық қарым-қатынасты сақтау.
Бәсекелестік стилін мынадай жағдайларда орынды қолдану керек:
Нәтиже сіз үшін маңызды, сіз өз қабілетіңізбен осы мәселені шешуге үлкен мөлшерлеме жасадыңыз;
Шешім қабылдау үшін сізде жетерліктей атақ пен біліктілікке иесіз, сіз ұсынған шешім осы мәселе мен қиындаған жағдайда ең жақсысы болған жағдайда;
Тез шешім қабылдау керек, ал сіз жетерліктей атақ бар және сіз оның нәтижесіне жауапкершілікті өз мойныңызға алатын болсаңыз;
Сіз бұдан басқа таңдау жоқ және ештеңе жоғалтпайтын болсаңыз, сонымен қатар сізден басқа ешкім жасай алмайтындай сезінсеңіз;
Сіз үнемі көңіл бөлуді талап ететін қиын жағдайда тұрсыз, ал айналаңыздағылар жауапкершілікті өз мойнына алуға асықпаған жағдайда;
Сіз айналаңыздағыларға тығырықта тұрғаныңызды көрсете алмайтын жағдайда болсаңыз. Кенеттен болған істі артқа қалдыру үшін кез-келген шешімді қабылдау; оның танымал емес екендігін жақсы білесіз, алайда қалайда болмасын әрекет ету керек деп есептейсіз және сіз қате болған жағдайда да оны түзету үшін сізде қажетті өкілеттік болған жағдайда.
Бәсекелестік стилі айналадағылармен қарым-қатынас негізі ретінде, өмірлік стратегия желісімен тұлғаның өзгеруін анықтайтын, айналадағыларды оқшаулау және жатсынуға әкеледі (өзінің дұрыстығы мен қателеспегендігіне сенімділік, кез-келген жағдайдағы позицияның моралдық және интеллектуалдық басымдықты қабылдау, өзін-өзі сынап қабілеттерін кетіру).
Ығысу стилі.
Бұл стилдің негізгі сипаттамасына туындаған конфликтіден тез шешім қабылдаудан қашу болып табылады. Бағынышты адам тек өзінің құқықтарын қорғамай, сондай-ақ проблеманы шешу мақсатындағы басқа адамдармен өзара әрекеттен бас тартады. Проблемадан жалтару үшін әртүрлі тәсілдерді қолдануы мүмкін: сіз әңгімелесушімен бұданда жауаптырақ тақырыпта сөйлесуге тырысасыз, не бұл мағынасыз таласты қаламайтыныңызды не дайын емес екендігіңізді ашық айтасыз; сізді басқа жұмыс күтіп тұрғанын сылтауратып кетуіңіз мүмкін, әлемдік процесстер алдында мұндай майда-шүйдемен айналысу ақымақтық деп айтуыңызда мүмкін; қалағанын жақын арада жасауға сөз беріп, кейін оны басыңыздан шығарып тастауыңыз мүмкін, бұдан да қызықты немесе жеңісті әрекетпен айналысуды ұсынуыңыз да мүмкін.Қандай жағдайда да (проблеманы талқылаудан қашсаңыз, оны елемесеңіз, дегеніңізді жасайсыз, шешім қабылдауды кейінге қалдырасыз немесе ол шешімнің жауапкершілігін басқаға жүктейсіз) сіз ығысу стратегиясын қабылдайсыз.
Бұл стилде бір ғана тілек бар – проблема өздігінен сіздің қатысуыңызсыз шешіліп, сіздің өміріңізде қосымша жауапкершілік пен масылдық тудырмаса болғаны. Алайда кейбір жағдайларда тек осы ығысу стилі қосымша кедергілерден қашуға жақсы тәсіл болып табылады. Егер сіз қиын партнермен қарым-қатынасқа түсуге мәжбүр болсаңыз және ол талқыланып отырған проблеманы шешуде кемеліне жетпеген болса, немесе қиын конфликтілі адаммен қарым-қатынаста ортақ пікірге мүлдем келу мүмкін емес және бұдан әрі жалғастырудың қажеті жоқ кезде тиімдірек.
Ығысу стилі мынадай жағдайларда тиімдірек:
Шиеленіскен жағдай өте үлкен (мысалы, қатысушылардың жүйкесі шегіне жеткен болса) және сіз қызудың басылғанын байқасаңыз;
Сіз үшін ауыр күн болды және сіз қатты ашулысыз, болып жатқан жағдайды дұрыс талдай алмай жатырсыз, сондықтан бұл мәселені дәл қазір шешу дұрыс емес, ол жеке сіз үшін немесе басқаларға қосымша келеңсіздік тудыруы мүмкін екенін сезінсеңіз;
Істің аяқталуы сізді қызықтырмайды және сіз үшін бұдан да маңыздырақ әрі қалдырып болмайтындай көптеген шаруаларыңыз болған жағдайда;
Ситуация сондай жеңіл ал оны шешу соншалықты бос сөздік болған жағдайда сіз бұған өз уақытыңызды құртқыңыз келмесе, немесе партнерыңызға жауапкершілікті өз мойнына алуына дағдылануы үшін күшті мүмкіндік деп есептеген болсаңыз;
Партнерлар жауласуға дейін барып, келісімге келуге тырыспаса немесе сіздің қызығушылықтарыңызбен санасқанын байқасаңыз;
Сіз уақытты ұтқыңыз келеді, бұдан да жақсы шешім қабылдау үшін қажетті мәлімет алғыңыз келеді немесе біреудің көмегіне не қолдауына ие болғыңыз келеді;
Жағдай тым мүшкіл, ал оны жетерліктей деңгейде шешуге немесе істі соңына дейін жеткізуге сіздің уақытыңыз жоқ;
Сіз өз күшіңізді таразылап, басқалардың бұл мәселені шешуде мүмкіндігі тиімдірек, олар бұған көз жеткізгенше сіз әрекет алаңын босатуды жөн көресіз;
Сіз конфликтіні дәл қазір талқылау жағдайды тым мүшкілдететіне көзіңіз жетті, сол үшін де жағдайды шешуді біраз уақытқа кешеуілдеткен дұрыс.
Ығысу стилінің осы немесе басқа тәсілдерін таңдай отырып, сіз айналаңыздағылардың сізді проблеманы шешуден қашып, жауапкершілікті өз мойнына алғысы келмейді деп ойлауына дайын болуыңыз керек. Ығысу тенденциясының басым болуы өмірлік стратегияңызда жеке әрекетсіздікті ақтауға тырысу, әлеуметтік және кәсіби белсенділіктің төмендеуіне, психологиялық қорғаныстың күшеюіне, жеке енжерлықты негіздеуге әкеледі. Осындай стратегия басым адам әрдайым жауапкершілікті өз мойнына алатын партнер іздейді.
Ыңғайлану стилі.
Бұл стилдің негізінде басқалардың қызығушылықтары үшін өзінің жеке қызығушылықтарынан бас тарту жатыр. Осыған байланысты ыңғайланудың әртүрлі үлгісі болуы мүмкін. Біріншіден, жағымдысы, жете түсініп артқа шегінумен байланысты, бұл тәсілді конфликтіден мақсатты түрде шығу үшін таңдайсыз. Жазалағанына қарамастан өзіңізді жақсы сезініп қарым-қатынасты жалғастырасыз. Сіздің қызығушылықтарыңыз, тілектеріңіз, ұмтылыстарыңыз ауыртпалықсыз басылады, не басқа жағдайда, басқа адамдармен не басқа әрекет аймағында мүмкіндігіңізді пайдалануға тырысасыз. Басқа адамның сіздің есебіңізден жақсы нәтижеге жетуі сізге қосымша проблема тудырмайды, сіз өзіңіздің жомарттығыңызбен мүмкіндік бересіз. Алайда аталған ситуацияда сіз дайын емес ығысуды талап етеді. Яғни, сіз өз пайдаңыз үшін әрекет еткіңіз келсе, не сіздің мейірімділігіңізді теріс ниетте пайдаланып жатқанын білген жағдайда да ығысуыңызға тура келеді. Мұндайда өзіңізді ренжіген сезінесіз, өзіңіздің болған жағдайдан қанағаттанбағандығыңызды, қабілетсіздігіңізден өз құқықтарыңыздан бас тарту қажеттігін түсінесіз. Сіздің ығысуыңызды талап ететін жағдайларда болады; сіз жағдайға байланысты не партнерыңызбен өзара әрекетте ығысып тура қыласыз, алайда қанағаттанбағандық сақталады. Сонда ішкі конфликт конфликтің іштей тұтануына рұқсат береді. Мұндай жағдайда бір сөзді қайталау қажет: «жол бергенге-жол бер».
Ыңғайлану стилі іштей ығысу стиліне ұқсайды. Оны сондай-ақ проблеманы шешуді кейінге қалдыру үшінде қолданады. Мысалы, азырақ ығысу арқылы сіз ештеңе жоғалтпайтындығыңызды, жағдайды жеңілдететініңізді, мүмкіндік болғанда бұл сұраққа қайта оралатыңызды білесіз. Алайда негізгі айырмашылық келесідей болады. Ығысу стилінде сіз басқа адамның қызығушылығын қанағаттандыруға тырыспайсыз, тек жағдайды шешуден бас тартасыз. Ал ыңғайлану стилінде сіз басқа адамның «сіздің жеке өзіңізге зиянын» тигіздіре отырып, сол үшін проблемаға ораласыз.
Ыңғайласу стиліне мақсатты түрде келесі жағдайларда ғана қолдану керек:
Сізді болып жатқан жағдай мүлдем қызықтырмайды, сіз толығымен мүмкіндік бере аласыз; солардың логикасы арқылы ары қарай дамиды, ал егер басқа біреу ұтатын жағдайда сізге бәрібір;
Сіз тыныштықты сақтап және басқалармен болатын жағымды қарым-қатынас үшін және өз дәрежеңізден бас тартып, олармен ымыраны сақтау үшін «төлеуге» дайын болсаңыз;
Жеңу арқылы келген жеңістен, сол адаммен арадағы жағымды қарым-қатынасты артық көрсеңіз;
Сіз нәтиже сізден гөрі басқа адамға маңызды екенін білсеңіз;
Сіз бұл адамның өз-өзіне сенімділікті сезінуі маңызды екенін, сіздің шегінуіңіз оның өзіне деген сенімділігін арттыруға немесе айналадағылардың алдында дәрежесін сақтауға көмектесетінін білсеңіз;
Сіз өзіңіздің дұрыс емес екендігіңізді, сіздің шешіміңіз – пайдасыз және дәл қазір одан бас тарта отырып, істің тығырыққа тірелуінен сақтайтыныңызды түсінсеңіз;
Өзіңізде жетерліктей дәреже не мүмкіндік жоқтығын біліп, өзіңізден күштірек не жолы болғыш партнер жаққа өтуіңіз арқылы болашақта соның есебінен жеңіске жететініңізді немесе билікке ие болатыныңызды білсеңіз.
Ығысу арқылы сіз өзге үшін өз қызығушылықтарыңыздан бас тартасыз, сіз басқа тәсілдерден нәтиже болмаған соң осы арқылы конфликті жағдайды жеңілдетіп, партнеріңізбен жақсы қарым-қатынасты қалпына келтіресіз. Алайда сіз жетістікпен тыныштала алмайсыз. Әрине, егерде сіз үшін нәтиже толығымен қанағаттандырса, оны тез арада басыңыздан шығарып тастай аласыз. Егерде, кішкене болсын қанағаттанбағандықты сезінсеңіз, онда өзіңізде күш жинап, бұл проблемаға қайта оралуға не өзіңіз күткен конфликтіні шешуде жақсырақ тәсілді қолдануыңыз мүмкін.
Компромисс стилі.
Алдыңғы стилде бір жақтың ығысу негізделсе, компромистің негізінде өзара ығысу жатыр. Әр партнер өз талаптарын азайтады, жартылай болсын қанағаттандыру үшін өз қызығушылықтарынан шегінеді. Нәтижесінде екі жақта өз тілектерін азырақ болсын қанағаттандырады, қарама-қарсы жақтың да тілегін жартылай қанағаттандырады. Парттерлардың іс-әрекеті әріптестік стиліне (келесіден көріңіз) ұқсас, бірақ жоғары деңгейде өтеді. Бұл жерде жасырын қажеттіліктер мен қызығушылықтарды көрсету туындамайды, өзара әрекетте жағдай тек сырттай, тақырып мәселесінде ғана өрбейді. Компромис стиліне екі жақта бір нәрсені қалап, алайда жоғары нәтижеге мұндай жағдайда жету мүмкін емес екенін білгенде ғана барады. «қасқыр да тоқ, қой да аман» жағдайына бір уақытта жету мүмкін емес. Екі адамда қарбалас жағдайда екеуіде бір нәтижеге жетуге тырысып жатқанын біледі және оған жету үшін бір-біріне кедергі келтіреді, қарама-қарсылық туындау арқылы бір нәтижеге жету мүмкіндігі азаяды. Кейбір жағдайларда компромис жағдайды шешуде жалғыз мүмкіндік болуы мүмкін.
Компромисс стилі келесі жағдайларда тиімдірек:
Екі жақта бірдей дәрежеге ие және өзара қызығушылықтары бірдей деңгейде болған жағдайда;
Сіз уақытыңыздың жоқтығынан тез арада шешімге келуіңіз керек; бұл тәсіл қосымша күш пен ресурстарды кетіруден сақтануға мүмкіндік берсе; бүгінгі компромисс бұданда маңызды шешімге келуде күш пен ресурсты бағыттауға немесе болашақта қосымша өндіріс сұрақтарын шешуге мүмкіндік беретін болса;
Аз уақыттық нәтижеге, шегініске, аялдауға жету арқылы сіз бұданда шұғыл жағдайды шешуге қолдануыңыз мүмкін;
Бұл проблеманы шешудегі басқа тәсілдер тиімсіз немесе болашақта қосымша кедергілер тудыратын болса;
Өзіңіздің тілегіңіздің қанағаттануы сіз үшін қатты маңызды емес, сіз өз шешіміңізді бірнеше рет өзгерте алсаңыз;
Компромисс өзара қарым-қатынасты сақтауға мүмкіндік беретін болса;
Барлығын жоғалтқаннан гөрі кішкене болсын нәтижеге жетуді қаласаңыз;
Компромисті шешімді қарапайым әңгімелесу жолымен шешеді: жеке және кездескен ұсыныстарды тыңдау, сәйкес келетін қызығушылықтарды табу, партнер үшін қабылданған шегіну формаларын талқылау және т.б. Осы арқылы бірінші компромисс аз уақытқа құрылса, кез-келген уақытта проблемаға оралып, конфликтіні шешудің басқа бағытын таңдауы мүмкін.
Әріптестік стилі.
Бұл стилдің негізінде партнердің проблемасын шешуде қарама-қарсы жақты теңқұқылы, тең қызығушылыққа ие ретінде қарап, оған көмектесе отырып, өзің үшін және бір уақытта ұқсас нәтижеге жету үшін, қалаған нәтижеге бірге жету жатыр. Мұнда өзара әрекеттесуші жақтар сырттай «сурет» жағдайында емес, партнерда да, өзінде де бар жасырын қажеттіліктер, қамқорлық, қызығушылыққа көңіл аударады. Проблеманы шешу прцедурасы екіжақтама тиімді нәтижені іздеу және ситуациядағы барлық қатысушылардың қызығушылықтарын қанағаттандыруға тырысады. Бұл стилдің қиындығы сонда, мұнда өзара әрекетке түсуші партнерлар өздері не қалайтындарын, қандай нәтиже тиімдірек екенін есепке алмай қатысады.
Мұндай жағдайларда проблема қарама-қарсы жақтыңда әріптестік стилінде болғанын қалауымен туындайды. Қарама-қарсы жағдайда өз қажеттіліктеріңізді ашық айту арқылы сіз сенімділіктен шығуыңыз, қосымша кедергілерді туындатуыңыз мүмкін. Мұндай кездесуге баратын болсаңыз, көрініп тұрған нәтижені талқылап босқа уақыт кетірмеңіз, одан да жасырын қызығушылықтар мен қажеттіліктерді іздеп, екі жақтың да тілегін қанағаттандыру тәсілін жасау керек. Сонымен қатар, өз қалауыңызды түсіндіріп, өз қажеттіліктеріңізді ашып айту, бір-біріңізді тыңдау, проблеманы шешудің әртүрлі үлгілерін қалыптастыру.
Басқа стилдер тиімді болса да, мынадай жағдайларда әріптестіктен бас тартпау керек:
Екі жақ үшінде өмірлік маңызы бар проблеманы шешуде, ешкімде артқа қайтқысы келмесе;
Сіз онымен тату, ұзақ уақыттық және өзара байланысты басқа жақтан байланыстасыз, сізді партнерыңыздың көңіл-күйі алаңдатады, оны және өзіңізді қолайлы жағдайдағы бұдан әрі дамитын қарым-қатынас орнатуыңыз керек;
Сізде туындаған проблеманы қайта өңдеуде перспективті жоспарлар құруға, толық бейтараптанған фактілерді шартпен қамтамасыз етуге, осы кезде және үнемі пайда болатын конфликтерді шешуге уақыт болған жағдайда;
Сіз және басқа адам проблема және екі жақтың тілектерін жайлы хабарлайсыз, бір-біріңізді сыйлайсыз және сізді қанағаттандыратын шешімді іздеуге және талқылауға бірге дайын болған жағдайда.
Тек әріптестік стилі ғана бір-бірінің тең құқықтығы мен мүмкіндіктерін ескеріп, тапсырманы шешуде екі жақтың қызығушылықтарын анықтап, қанағаттандыруға тырысады. Тіпті, әріптестік стилі қосымша шығын мен көп уақытты кетірсе де, айналадағылар осы стилді өмірлік стратегиясы сапасында таңдаған адамды жақын адамдарымен қарым-қатынаста жақсы нәтижеге жететіндігін, «әріптестік» субъектісіне әрекет ету аймағында барлық қатысушылардың даму деңгейімен салыстырғанда оның стратегиясы нәтижелі болатынын мойындайды.
Достарыңызбен бөлісу: |