3 І тарау. ҚҰҚЫҚ БҰзатын жасөспірімдердің мінез-қҰЛҚын теориялық талдау


Жасөспірімдердің девиантты мінез-құлқын айқындаудың өлшемдері



бет3/5
Дата03.04.2020
өлшемі0,65 Mb.
#61534
1   2   3   4   5
Байланысты:
Дипломдық жұмыс


1.3 Жасөспірімдердің девиантты мінез-құлқын айқындаудың өлшемдері
Қоғам өмiрiнiң барлық салалары көптеген өзгерiстерге, бұрынғы мінез-құлық нормалары құлдырауға ұшырап жатқан кезде  девиантты мінез-құлық мәселесі елiмiздегi ерекше өзекті мәселе болып тұр.

Қазақстан Республикасында болып жатқан экономикалық өзгерістер, ертеңгi күнге деген сенiмсiздiк, жұмыссыздық, саяси бағыттардың өзгеруi, жаңа ұрпақты тәрбиелеу мен оқыту ісінде нақты мәдени-адамгершіліктік бағдарламалардың болмауы девиантты мінез-құлықтардың қалыптасуы мен жеткіншектерді тәрбиелеудің қиындығына әсер ететін факторларды анықтау, зерттеудің қажеттілігін туғызды.

Бұл мәселенiң ерекше өзектiлiгi сол, девиантты мінез-құлықтардың таралуы салдарынан қазiргi кезде қоғамның әр түрлi салаларының тұрақсыздануына, экономикалық және мәдени дамуының тежелуiне әкеліп отыр.

Қазіргі қоғамдағы әлеуметтік күйреу процестері адамдар психикасына да теріс ықпал етуде. Ол адамдарда мазасыздық, ашу-ыза, қаталдық тәрізді сезімдердің туындауынан көрінеді. Елдегі жағымсыз жағдайлар біздің қоғамда қиындықтар мен ішкі қақтығыстардың, аморальді мінез-құлықтардың, қылмыстың және т.б. ауытқыған мінез-құлық түрлерінің кең таралуына әкелуде. Статистикалық мәліметтерге сәйкес, ауытқыған мінез-құлық әр түрлі әлеуметтік және демографиялық топтардағы адамдар арасында өсіп отыр. Әсіресе бұл кезең жеткіншектерге ауыр тиді. Асоциальді әрекеттерден (маскүнемдік, нашақорлық, қоғамдық тәртіпті бұзу, бұзақылық, вандализм және т.б.) көрінетін девиантты мінез-құлықты кәмелеттік жасқа толмағандар саны күрт артты. Олардың үлкендерге деген қарым-қатынастары өзгеріп, жауыздық пен агрессивтілік көріне бастады.

Сондықтан да девиантты мінез-құлықтардың пайда болуының әртүрлiлiгi және қоғам мен адам өмiрiнiң барлық саласына әсерi бiлiмнiң әр саласындағы ғалымдардың – дәрігерлердің, психологтардың, социологтардың, экономистердiң, заңгерлердің және т.б. назарын аударды.

Кез келген мінез-құлықты бағалағанда оны қандай да бір нормамен салыстырады, ал проблемді мінез-құлықты көбіне девиантты, яғни ауытқыған әрекет деп айтады.

Қоғамдық ғылымдардың негiзгi категорияларының бiрi - әлеуметтік ауытқу. С.И.Ожеговтың түсiндiрмелi сөздiгiнде ауытқу «қандай да бiр дұрыс емес мінез-құлық» ретiнде көрсетiлсе, Оксфорд сөздiгi ауытқуды «ерекшелiк, шетке бұрылу» деп түсiндiредi. Отандық әдептанушылар (этиктер) ауытқу немесе девиантты мінез-құлықты саралай келе, оған «iс-әрекет, мiнез-құлық үлгiсiнен және нормасынан жағымсыз ауытқудан көрiнетiн рухани жамандықтың ерекше бiр түрi» деген анықтама бередi [38].

Осы әлеуметтiк құбылыстың пайда болу себептерiн түсiндiру үшiн көптеген сұрақтарға, оның iшiнде «норма» категориясының мәнi (әлеуметтiк норма) және одан ауытқу жайлы сұрақтарға жауап iздеуге тура келедi. Әлеуметтiк норма - әлеуметтiк бақылау мен басқарудың құралы ролiн атқаратын әлеуметтiк практиканың қажеттi және тұрақты элементi. Я.И.Гилинскийдiң айтуынша: «Әлеуметтiк норма – нақты бiр қоғамдағы тарихи қалыптасқан әлеуметтiк ұйымдардың, әлеуметтiк топтардың, адамдардың атқаруға болатын (ерiк берiлген немесе мiндеттi) iс-әрекеттерiнiң интервалын, шегiн анықтайды».

Р.Мертон және Э.Дюркгейм енгiзген «аномия» түсiнiгiн (ескi нормалар мен құндылықтардың қазiргi қатынастарға сәйкес келмей, ал жаңаларының әлi орнықпаған кезiндегi қоғамның жағдайы) қолдана отырып, ауытқыған мінез-құлықтардың себебiн қоғам тудырған мақсаттар арасындағы келiспеушiлiктер деп есептейдi [39].

Девиантты мінез-құлықты екі үлкен категорияға бөлуге болады. Біріншіден, ол нақты немесе жасырын психопатологияның болуын білдіретін психикалық денсаулық нормаларынан ауытқыған мінез-құлық. Екіншіден, бұл қандай да бір әлеуметтік және мәдени, әсіресе, құқықтық нормаларды бұзатын антиәлеуметтік мінез-құлық. Мұндай қылықтар салыстырмалы түрде мәнсіз болса, оларды құқықбұзушылық деп атайды, ал егер салмақты және қылмыстық тәртіп бойынша жазаланса – қылмыс болып табылады.

Дегенмен әлеуметтiк ауытқулар қоғам үшiн әр түрлi мағына беруi мүмкiн. Әлеуметтiк прогрессивтiлiгi және пайдалылығы жөнiнен ауытқуды  позитивтi (жағымды), негативтi (жағымсыз) деп бөлуге болады. Позитивтi ауытқулар жүйенiң прогрессивтi дамуы, оның ұйымдастыру дәрежесiн көтеру, мінез-құлықтардың ескiрген, консервативтi  стандарттарын жеңу құралы қызметiн атқарады. Оған әлеуметтiк шығармашылықты (ғылыми, техникалық, көркемдiк, қоғамдық-саяси) жатқызуға болады.  Негативтi ауытқу - әлеуметтiк патология. Оған соғыс, дiни, нәсiлдiк, ұлттық және т.б. жағдайдағы барлық мүмкiн қайшылықтар, құқықбұзушылық (оның iшiнде қылмыс, өзiн-өзi өлтiру, нашақорлық, маскүнемдiк, жезөкшелiк, т.б.) жатады.

Сонымен, ауытқыған мінез-құлықтар қоғамда екі түрлі мәнге ие: бір жағынан қоғамның тұрақтылығына қауіп төндірсе, екінші жағынан  - осы тұрақтылықты қамтамасыз етеді. 

Мінез-құлықтың бұзылуын жіктеуде үш негізгі тәсіл қолданылады: психологиялық, әлеуметтік-құқықтық және медициналық.

  Психологиялық тәсіл ауытқыған мінез-құлықтың  жекелеген түрлерінің психологиялық айырмашылықтарын көрсетуге негізделген. Олар келесі сипаттамаларда көрінеді:



  • бұзылған норманың түрі;

  • мінез-құлықтың психологиялық мақсаттары және оның мотивациясы;

  • нақты мінез-құлықтың нәтижелері және олардың зияны;

  • мінез-құлықтың даралық-стильдік сипаттамалары [40].

Ресейлік зерттеушілер Ц.П.Короленко мен Т.А.Донских мінез-құлықтың барлық бұзылуын екі үлкен топқа бөледі: стандарттық емес және деструктивті мінез-құлық [41].

Стандарттық емес мінез-құлық, авторлардың пікірінше, жаңаша ойлаудың, жаңа идеялардың, сонымен қатар мінез-құлықтың әлеуметтік стереотиптерінің шеңберінен шығатын іс-әрекеттердің формасына ие бола алады. Стандарттық емес  мінез-құлыққа мысал ретінде білімнің қандай да бір саласындағы алғашқы жаңалық ашушылардың әрекетін жатқызуға болады. Ескертетін жайт, мінез-құлықтың бұл түрі «девианттылықтың» жоғарыда көрсетілген көрсеткіштеріне сәйкес келмейді және ауытқыған мінез-құлық болып есептелмейді.

Деструктивті мінез-құлық оның мақсаттарына сәйкес жіктеледі. Бір жағдайда ол әлеуметтік нормаларды (құқықтық, моральдік-этикалық, мәдени) бұзуға бағытталған сыртқы деструктивті мақсаттар, және соған сәйкес сыртқы деструктивті мінез-құлық. Екінші жағдайда – тікелей жекелік ұйымдардың дезинтеграциясына бағытталған ішкі деструктивті  мақсаттар, және соған сәйкес, ішкі деструктивті мінез-құлық. Ауытқыған мінез-құлық деструктивтік ретінде, яғни адам мен қоғамға зиян келтіретін, оны бұзатын қылық ретінде қарастырылады.

Сыртқы деструктивті мінез-құлық құрылымында Ц.П.Короленко мен Т.А.Донских аддиктивті және антиәлеуметтік мінез-құлықты бөліп көрсетті.

Ішкі деструктивті мінез-құлық тобына авторлар суицидальдік, конформистік, нарциссикалық, фанатикалық және аутистикалықты жатқызды [42].

Деструктивті мінез-құлықтың барлық аталған формалары девианттылықтың негізгі көрсеткіштеріне жауап береді, себебі олар өмірдің сапасының нашарлауына, өзін-өзі бағалаудың төмендеуі мен эмоционалдық бұзылуларға, тұлғаны әлеуметтік дезадаптация жағдайына және т.б. әкеп соқтырады [43].

Ауытқыған мінез-құлықтардың пайда болу себептерін қарастыратын болсақ, оның себептерін зерттеуде үш түрлі теория бар: физикалық типтер теориясы, психоаналитикалық және әлеуметтанушылық немесе мәдени теориялар.

1.   Физикалық теория бойынша тұлғаның белгілі бір физикалық ерекшеліктері оның нормадан түрлі ауытқуларын алдын ала анықтауға көмектеседі. Физикалық типтер теориясын жалғастырушылардың қатарына Ч. Ломброзо, Э. Кречмер, В. Шелдонды жатқызуға болады. Бұл адамдардың еңбектерінде бір ғана басты идея орын алған: белгілі бір физикалық ерекшеліктері бар адамдар әлеуметтік ауытқуларды жасауға бейім келеді. Дегенмен практика көрсеткендей, бұл теорияның олқы жағы көп. «Қылмыстық» бет бейнесі бар адамдардың ішінде тірі жанға зиян келтіре алмайтындар болатыны, керісінше, түріне қарап тәртіпті деп ойлайтындардың қылмысқа барғандары да белгілі.

2.   Психоаналитикалық теорияның негізінде тұлғаның түйсігінде, санасында болып жатқан қайшылықтарды зерттеу жатыр. З.Фрейдтің теориясына сәйкес әрбір тұлғаның белсенді санасының астыңғы қабатында санасыздық жатыр – бұл біздің психикалық энергиямыз. Әр адам өзінің табиғи «заңсыздық» жағдайынан өзіндік «Менін», сонымен қатар қоғам мәдениеті арқылы ғана анықталатын «жоғарғы-Менін» қалыптастыру жолы арқылы қорғана алады. Бірақ «Мен» мен санасыздық арасында, сонымен қатар «жоғарғы-Мен» мен санасыздық арасында болатын қайшылықтар қорғанысты бұзып, мәдениетті білмейтін ішкі жағдай сыртқа шығатын да жағдайлар болады. Мұндай кездері индивидтің қоршаған ортасының әсерінен мәдени нормалардан ауытқу мінез-құлық көрініс береді.  

3.   Әлеуметтанушылық немесе мәдени теорияларға сәйкес кейбір нормаларға байланысты топтағы әлеуметтену процесі сәтсіз болған жағдайда индивидтер девиант аталады. Ал әлеуметтену процесі сәтті болғанда индивид ең алдымен оны қоршаған мәдени нормаларға бейімделеді, содан кейін қоғамның құндылықтары мен нормалары оның эмоционалдық қажеттілігіне, мәдениеттегі шектеулер оның санасының бөлігіне айналады [44]. 

Көп жағдайда девиантты мінез-құлықтардың қалыптасуының басты себептері отбасылық жағдайдың нашарлығы болып табылады: отбасында қалыпты мәдени-адамгершіліктік тәрбиенің болмауы, ұлттық салт-дәстүрлерді мойындамауы, ата-аналарымен және жақындарымен қақтығыстардың жиі болуы және т.б [45].

Кейбір зерттеулерде көрсетілгендей, жасөспірім - құқық бұзушыларға интеллектуалдық және әлеуметтік қызығушылықтардың төменгі деңгейде болуы, сонымен бірге жастары бойынша ересектердің  антиәлеуметтік бағыттағы ықпалы тән. Біздің қоғамда болып жатқан әлеуметтік-психологиялық, саяси өзгерістер өзіндік дүниеге көзқарастары мен құндылықтар жүйесі қалыптаспаған жасөспірімдер  үшін қиынға соғуда. Өмірге деген тұтынушылық-өзімшілдік қатынас көптеген жастардың өзіне және қоршағандарға немқұрай қарауына әкеп соқтырады.

  Қазіргі кездегі жасөспірім мазмұны жағынан күрделі әлемде өмір сүреді. Бұл, біріншіден, техникалық-технологиялық жаңалықтардың жылдамдығына және адамдарға жаңа талаптардың қойылуына байланысты. Екіншіден, ақпараттың сипатына байланысты, себебі жеткіншектің нақты өмірлік позициясы анықталмағандықтан, оған жаңалық пен өзгерістер терең әсер етеді. Үшіншіден, қоғамдағы экономикалық және экологиялық күйзелістер балаларда сенімсіздік тудырады. Сонымен қатар елдегі әлеуметтік, экономикалық және моральдік жағдайлардың тұрақсыздығынан жасөспірімдер басқа жас тобындағылардан гөрі көбірек қиналады.

    Жасөспірімдердің мінез-құлық нормаларын бұзуын тудыратын көптеген себептерді анықтап, уақытында жоюға болады. Сонымен қатар девиантты мінез-құлық факторларының ішінде оның алдын алу және жою үшін қажетті шаралар әлі  табылмағандары да бар.

Бұл категорияға толығымен психологиялық-педагогикалық факторларды жатқызуға болады. Жасөспірімдердің мінез-құлық нормалары мен ережелерін бұзу себептерін анықтау кезінде біз көбінесе отбасының психологиялық климатын, жасөспірімдердің өз құрдастарымен және ересектермен эмоционалдық-психологиялық қарым-қатынасын талдауға тырысамыз. Ауытқыған мінез-құлық баланың, жасөспірімдердің немесе бозбаланың өзінің сеніміндегі, мойындаудағы, өзін қалыптастырудағы әлеуметтік-психологиялық қажеттіліктерін дұрыс қанағаттандыра алмағандығымен түсіндіріледі.  Жасөспірімдердің тәртіп бұзуының көп бөлігі психологиялық әрекеттің төменгі деңгейіндегі немесе норма мен паталогия арасындағы жағдайда жасалады [46].

  Сондықтан, жасөспірімдегі ауытқыған мінез-құлықтың профилактикасы бойынша түзету жұмыстары өзіндік ерекшеліктерге ие. Оның бастапқы кезеңінде топтық түрден гөрі жасөспіріммен жеке жұмыс жүргізген тиімді болып табылады. Басынан бастап отбасымен бірлесіп түзету жұмыстарын қолдану керек. Отбасылық қатынастар мен олардың үйлесімділік дәрежесіне диагностикадан кейін жеке және топтық психокоррекциялық жұмыс жалғасуы қажет. Коррекциялық жұмыста жасөспірімнің мінезі мен қабілетінің ерекшеліктерінің негізіндегі қызығушылықтарын қалыптастыру ерекше орынды алады. Жасөспірімнің бос уақытын мейлінше азайтуға тырысу, яғни «көңіл көтеру мен істейтін іс жоқ уақытты» тұлғаны қалыптастыруда маңызды орын алатын, пайдалы істермен  (кітап оқумен, музыкамен, спортпен шұғылдану және т.б.) алмастырған жөн.



ІІ ТАРАУ. ҚҰҚЫҚ БҰЗАТЫН ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢ МІНЕЗ-ҚҰЛҚЫН ЭКСПЕРИМЕНТТІК ТҰРҒЫДАН ЗЕРТТЕУ
2.1 Зерттеудің мақсаты, міндеттері мен болжамы
Құқық бұзатын жасөспірімдердің мінез-құлықын психологиялық анықтау негізінде эксперименталды зерттеудің мақсаты мен міндеттерін және болжамын тағайындаймыз.

Зерттеу жұмысының мақсаты: Құқық бұзған жасөспірімдердің мікез-құлық ерекшіліктерін айқындап, теориялың тұрғыдан талдау.

Зерттеу жұмысының міндеттері:

1. Құқық бұзған жасөспірімдерді зерттеуге арналған әдебиеттерді талдау;

2. Құқық бұзған жасөспірімдерді тұлғалық қиындықтарының көріну формалары зерттеу;

3. Құқық бұзған жасөспірімдерді мінез-құлқын, ерекшеліктерін анықтауда эксперименталды-психологиялық зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу.



Зерттеу жұмысының пәні: Құқық бұзған жасөспірімдерді мінез-құлық ерекшеліктері.

Зерттеу жұмысының объектісі: Құқық бұзған жасөспірімдер (14-15 жас аралығында).

Зерттеу жұмысының болжамы: Құқық бұзған жасөспірімдердің мінез-құлқына ықпал ететін тұлғалық ерекшеліктері бар.

Зерттеу жұмысының әдістері:

  1. М.Рокичтің құндылық бағдарлар әдістемесі.

  2. К. Леонгардтың мінез акцентуациясын зерттеу әдістемесі.

  3. Темперамент типтерін анықтауға арналған Айзенк тесті.

  4. К. Томас әдісдемесі.

Зерттеу жұмысының базасы: Девианттық мінез-құлқы бар балаларға арналған арнайы білім беру ұйымы (қатал режимдегі) және жалпы білім беретін №137 орта мектеп.

2.2 Зерттеу әдістемелерінің сипаттамасы


  1. Темпераментті анықтауға арналған Айзенк сауалнамасы (12-17 жас аралығындағы жеткіншектерге арналған).

Мақсаты – бала темпераментінің ерекшеліктерін айқындау.

Нұсқау: Сіздің іс-әрекеттеріңіздің ерекшеліктері жөнінде сізге бірнеше сұрақтар беріледі. Егер сұрақтың жауабы келісемін болса, «+» белгісін қой, егер келіспеймін болса, «-» белгісін қой. Жауапты ойланбай тез беру керек, өйткені бірінші әрекетіңіз маңызды.

Мәліметтер түсініктемесі.

Әдістеме 3 шкаладан тұрады – экстраверсия - интроверсия, нейротизм және ерекше шкалалар, олар зерттелушінің зерттеуге қатынасы мен адалдық бағалауға арналған.

1. Экстраверсия – интроверсия.

Типтік экстравертке мінездеме бергенде, оның адамдармен үйрлігін, таныстарының көптігін, қарым-қатынасты қажет етуін белгіленеді. Экстраверт жағдайға байланысты әрекеттер жасайды, серпінді, ашушаң. Ол қамсыз, оңтайлы, көңілді, мейірбан. Сезімі қатаң бақылауда емес, тәуекелді қылықтарға бейім. Оған әр уақытта сенуге болмайды. Типтік интроверт – ол тынық, ұялшақ, интроектті адам, өз-өзін талдауға бейім. Ұстамды, өзін туысқандарынан басқа адамдардан алысырақ ұстайды. Өзінің іс-әрекеттерін алдын ала жоспарлайды, кенеттілікке сенбейді, шешім қабылдауға байсалды қарайды, барлық кезде тәртіпті ұнатады. Өзінің сезімдерін бақылайды, оны ашыландыру оңай емес. Өнегелі нормаларды бағалайды, түңілуші.

2. Нейротизм – сезімдік тұрақтылық

Сезімдік тұрақтылықты немесе тұрақсыздықты сипаттайды. Сезімдік тұрақтылық – ұйымдастырушылық іс-әрекеттерді, стресстік және қәдімгі жағдайларда жағдайлық мақсаттықты сақтауда көрінеді. Ержетумен, жақсы бейімделумен, қатты қызулықтың, мазасызданудың болмауымен, сонымен бірге адамдармен үлесуімен, озаттықпен сипатталады. Нейротизм тұрақсыздықта, қатты ашышаңдылықта, бейімделуінің нашарлығында, көңіл-күйдің тез өзгеруінде, ұмытшақтықта, мазасыздануда және кінә сезімінде, қамсыздануда, депрессияларда, стресті жағдайладрда тұрақсыздықта байқалады. Сезімділік, серпінділік, адамдармен қатынаста ашушаңдылық, ықыласының өзгеруі, әсерлілігі, өзіне сенімсіздік нейротизмге сай сезімдер. Нейротизм шкаласында үлкен көрсеткішке ие адамдарда жағымсыз стресті жағдайларда невроз дамуы мүмкін.

Экстра-интроверсия шкаласының орташа көрсеткіштері: 7-15 балл. Нейротизм шкаласының орташа көрсеткіштері: 8-16 балл.

Егер адалдық шәкілінің көрсеткіштері 10 балдан асқан болса, онда зерттеу нәтижелері дұрыс емес және зерттелуші сұрақтарға ашық жауап беруі тиіс деп есептелінеді.




  1. Т. Томастың тұлғаның конфликтілі мінез-құлққа бейімділігін диагностикалау әдістемесі

Конфликтіні толығымен болдырмау мүмкін еместігі және конфликтілердің жағымды функцияларының анықталуына байланысты конфликті феноменіне деген қатынас өзгереді. Томастың ойынша конфликтіні болдырмауға емес, оны басқаруға зейін қою қажет. Осы мақсатта конфликт мәселесін қарастыру барысында төмендегі міселелерге назар аударған жөн: конфликтілі жағдайларда қандай мінез-құлықформалары байқалады, олардың қайсысы тиімді мінез-құлқын, өнімді мінез-құлықты қалайша күшейтуге болады.

Конфликтілі жағдайдағы адам мінез-құлқын сипаттау үшін Томас екі қлшемді модель қалыптастырды: кооперация – адамның екінші жақтың қызығушылықтарына зейін қоюы және өз мүдделеріне бағдарлану. Осы екі өлшемге сәйкес конфликтілі мінез-құлық адамдары:


  1. Бәсекелестік – қарсыласының мүдделерін ескермей өз дегеніне ұмтылу;

  2. Бейімделу - өз қызығушылықтарын екінші кезекке ысыру, қарсыласының мүдделеріне бағдарлану;

  3. Компрамис;

  4. Қашу, өз мүддесінен де сенген адамының қызығушылықтарын қанағаттандырудан бас тарту;

  5. Серіктесу кезінде конфликтіге түсуші екі жақ бір бірінің мүдделері толық қанағаттандыратындай ортақ шешімге келу.

Әдістеме Н.В. Гришинаның басшылығымен тұлғаның қақтығыстық мінез-құлыққа бейімділігін анықтау үшін арнайы бейімдеуден өткен. Конфликтілі құбылыстарды зерттеуде Томас дәстүрлі көз қарастың өзгеруіне алып, соған басымдылық жасаған.

Томас әдістемесінде осы бес мінез-құлық типінің әрқайсысының сипаттамасы берілген он екі сұрақ беріледі, олар әр түрлі сәйкестікте жұптастырылған отыз пайымдаудан тұрады. Респондент өзіне сәйкес келетін пайымдауды таңдауы қажет.

Әрбір шкала бойынша жинақталған балл тұлғаны конфликтілі қарым-қатынастағы сәйкес мінез-құлық формасының көрінісін білдіреді. Зерттеу нәтижесінде алынған балдар кілтпен сәйкестендіріліп, мінез-құлық стилінің көріну жиілігі анықталады. Әрбір шкала бойынша жиналған балл конфликтілі қарым-қатынастағы сәйкес мінез-құлықтың басымдылығын көрсетеді.

Тесті жеке және басқа да әдістермен бірге қолдануға болады. Тапсырманы орындауға 15-20 минут уақыт беріледі.




  1. Мінез акцентуациясын анықтаудағы К. Леонгард әдістемесі

Акцентуация терминін алғаш рет неміс психиатры мен психологы Карл Леонгард енгізген болатын.

Жеке тұлғаның акцентуациясы – мінездерінің жекеленген бөліктерінің шамадан тыс айқындалуы және олардың қиюласуы, көрінуі көбінесе темпераментке байланысты.

К.Леонгард бойынша акцентуацияның негізгі типтерін сипаттап көрсетейік.



Гипертимді тип. Бұл типтегі тұлға ерекшелігі ол үнемі еш себепсіз көтеріңкі көңіл күйде жүреді. Көтеріңкі көңіл күй жоғары белсенділікпен, әрекетке құштарлықпен қатар көрінеді. Қарым-қатынасшылдық, шектен тыс сөзшеңдік тән. Қиыншылықтар кезінде оптимизмін жоғалтпайды және өздерінің белсенділігінің арқасында қиындықтарды оңай жеңеді.

Дистимді тип. Гипертимге қарама қайшы тип акцентуация. Дистимдер өмірдің көңілсіз, қараңғы жақтарына ден қояды. Бұл ерекшелік олардың қарым катынасында, мінез-құлқында, өмірді қабылдау ерекшеліктерінде, жағдайлар мен басқа адамдарды қабылдауында анық байқалады. Олардың мінезі салмақты салмақты. Белсенділік оларға тән емес.

Циклотимді тип. Ерекшелігі гипертимді және дистимді күйлердің ауысып отыруы және бұл ауысу сирек және кездейсоқ болмайды. Гипертимді фазада қуанышты оқиғалар жағымды эмоциялармен қатар белсенділікті, сөзшеңдікті, әрекетшілдікті тудырады. Көңілсіз оқиғалар жабырқаумен қоса адамның ұнжырғасын түсіріп жібереді. Бұл кейде реакциялар мен ойлау баяулап, эмоциялық араласу төмендейді.

Шоғыранушы тип. Тұлға аффектінің жоғары тұрақтылығымен, эмоциялық әсердің, бастан кешулерінің ұзақтығымен сипатталады. Жеке қызығушылықтарымен намысына тиюді, реніштерін ұзақ есте сақтайды. Сондықтан да оларды басқа адамдар кекшіл деп сипаттайды. Оның себебі, аффекті бастан кешіру қиялдаумен, мүмкін жауаптарды ойластырумен, кегін алуды жоспарлаумен қатар жүреді. Олардың өкпешілдігі анық байқалады.

Эмотипті тип. Нәзік эмоцияларға жоғары сезімталдықпен және сезімдерінің тереңдігімен сипатталады. Оларға ақкөңілдік, мейірімділік, жұмсақтық, жоғары дамыған эмпатия тән. Бұл ерекшеліктер анық байқалады және түрлі жағдайлардағы сыртқы реакцияларында көрініс табады. Көңілі бостық, жылауықтық та эмитивтілерге тән ерекшелік.

Педантты тип. Анық байқалатын белгілері шектен тыс ұқыптылық, реттілікке ұмтылыс, шешім шығара алмау, сақтық. Іс жасамас бұрын ұзақ ойланады. Педанттылықтың астарында жаңа жағдайларға, жауапкершілікті мойнына алуға бейімделе алмауы жатыр. Олардың өздерінің үйреншіті істерін жақсы көреді,жұмыстарын сирек ауыстырады. Жұмыста өте тәртіпті адамдар.

Мазасыз тип. Мазасыздану деңгейі жоғары. Өз өмірі үшін, жақындарының өмірі үшін қорқу, мүмкін сәтсіздіктерден қорқу тән. Бұл қорқыныштардың объективті себебі мәнді емес не мүлдем жоқ. Ұяңдық, басыңдылық тән. Сыртқы жағдайлардан үрейлену өз күшіне сенбеушілікпен қатар жүреді.

Демонстривті тип. Демонстривті тұлғаның негізгі ерекшелігі басқаларға әсер қалдыру, өзіне зейін аударту, әрқашанда ортада болуға деген қажеттілік. Бұл өз-өзін көрсетуге ұмтылыста көрінеді. Өз өзін мақтау, өзі туралы айтуды ұнатады, өзі туралы әңгімелердің көбі қиялдан туған не әсіреленген болады.

Қозғыш тип. Мінез құлқы импульсивтілікпен сипатталады. Олар қарым-қатынаста және мінез құлқында логикаға санаға жүгінбейді, импульсқа, құмарлыққа, қадағаланбайтын ұмтылыстарға бағынады. Әлеуметтік қарым-қатынас пен өзара әрекеттестікте шыдамсыздықпен сипатталады.

Экзальтацияланған немесе лабильді тип. Оларға буырқанған реакция тән, қуанышты оқиғадан тез әсерленіп, көңілсізден тез жабырқайды өте әсершіл. Ішкі әсерлері сыртқа айқын көрініп тұрады.

4. М. Рокичтің құндылық бағдарлар әдістемесі
Бұл әдістеме тұлғаның негізгі құндылықтар жүйесін зерттеуге бағытталған. М. Рокич тұлғаның құндылықтар жүйесін адамның өмірлік мақсаттарына байланысты, тұлғалық қасиеттеріне байланысты екі түрге бөледі (терминалды, инструменталды). Осы құндылықтарды сипаттайтын әрқайсысы 18-тұжырымдамадан тұратын құндылықтар тізбесі жасалынған. Адамның өмірлік мақсатына байланысты құндылықтар жүйесі тұлғаның өмір сүруінің түпкілікті мақсатын анықтайды; тұлғалық қасиеттерге байланысты құндылықтар жүйесі-өмірлік ситуациялардағы тұлға әрекеттерінің жүйесін сипаттайды (мысалы, адалдық, шындыққа сәйкес шешім қабылдай білу).

Зерттелінушілерге әдістеменің орындалу шарты, яғни нұсқау: «Сіздердің назарларыңызға тұлғаның негізгі құндылықтар жүйесі ұсынылып отыр. Сіз өз қатынасыңызды аса маңызды құндылықтан бастап, біртіндеп соңына қарай сіз үшін аса мәнді емес құндылықтарды жазыңыз немесе ретті санмен әрбір құндылықтың жанына белгілеп отырыңыз» түсіндірілгеннен кейін оларға бірінші адамның өмірлік мақсаттарына байланысты 1-терминалды құндылықтар жүйесін зерттеу барысы аяқталғанан кейін, 2-инструменталды құндылықтар жүйесі ұсынылады.



2.3 Эмпирикалық мәліметтерді өңдеу және сапалық талдау
Зерттеуге «Девианттық мінез-құлқы бар балаларға арналған арнайы білім беру ұйымының (қатал режимдегі)» 15 оқушысы алынды. Жас шамалары 13-15 аралығында және жалпы білім беретін №137 орта мектептің «қиын балалар» қатарындағы 15 оқушы іріктеп алынған. Олар, мектеп ішілік есепте тұратын, сабақтан себепсіз қалатын, төбелеске бейім, мінез-құлқы қиын, қатарластарымен қарым-қатынаста қиындық тудыратын оқушылар.
Мінез акцентуациясын анықтаудағы К. Леонгард әдістемесі бойынша эксперименталды топтың көрсеткіші:

Кесте 1 – Эксперименталды топтың көрсеткіші:





Аты-жөні


Демонстра

тивті тип


Тұрып қалушы тип


Педантивті

типті


Қозғыш тип

Гипер

тимді тип

Эмотивті тип

Циклотимді

Тип

1.

Алдабеков Маулен




+
















2.

Жақан Диас

+



















3.

Әлжан Берік













+







4.

Сағындықов Серік







+













5.

Ғалым Мурат

+



















6.

Али Мақсат













+







7.

Берік Санжар










+










8.

Марат Елжан













+







9.

Медетұлы Ислам



















+

10.

Есентайұлы Шыңғыс

+



















11.

Жанболатұлы Әнуар













+

+




12.

Құрметұлы Сұлтан



















+

13.

Дамир Нұрғанат













+







14.

Серікұлы Бекжан










+










15.

Бағылан Арсен



















+

Тұлғаның мінез акцентуациясын анықтауға байланысты Леонгард әдістемесі бойынша зерттелушілер тобында демонстративті типте 3 оқушы, 1 тұрып қалушы тип, 6 гипертимді тип, 2 циклотимді тип, педантты типте 1оқушы, эмотивті типте 1 оқушы, қозғыш акцентуациясы 2 оқушыда кездесті. Проценттік мәнін көрсететін болсақ:
1. Демонстративті тип – 20%

2. Тұрып қалушы тип – 6,6%

3. Гипертимді тип – 40,6%

4. Циклотимді тип –19 %

5. Козғыш – 13,3%

6. Педантты тип – 6,6%



7. Эмотивті тип – 6,6%
Кесте 2– Бақылау тобының көрсеткіштері.



Аты-жөні


Демонстративті тип

Тұрып қалушы тип


Гипертимді тип

Қозғыш тип

Циклотимді тип

1.

Әсенбек Мұхаммед







٭







2.

Бауыржан Мұхаметжан

٭













3.

Желали Омер-Фарух













٭

4.

Заутбеков Нұрдәулет







٭







5.

Исмагулов Тимур










٭




6.

Қалибек Санжар

٭













7.

Қожамжаров Нұржан

٭













8.

Оналбек Арман







٭







9.

Сатыбалдиев Бақтияр













٭

10.

Сеткәрім Нұрғиса







٭







11.

Сураншинов Дәурен










٭




12.

Рыскулбеков Нұрдәулет







٭







13.

Сағынов Даулетхан







٭







14.

Айтқабылов Темирлан




٭










15.

Мұрат Ердәулет







٭







Тұлғаның мінез акцентуациясын анықтауға байланысты Леонгард әдістемесі бойынша зерттелушілер тобында демонстративті типте 3 оқушы, 1 тұрып қалушы тип, 7 гипертимді тип, 2 циклотимді тип, қозғыш акцентуациясы 2 оқушыда кездесті. Проценттік мәнін көрсететін болсақ:


  1. Демонстративті тип – 20%

  2. Тұрып қалушы тип – 6,6%

  3. Гипертимді тип – 35,6%

  4. Циклотимді тип – 13%

  5. Козғыш – 13%

Көрсеткіштерді диаграмма түрінде көрсетсек:

Диаграмма 1 - 1 – Эксперименталды топтың көрсеткіштері;



2 - Бақылау тобының көрсеткіштері.
Кесте 3 - Темперамент типтерін анықтауға арналған Айзенк тесті бойынша Эксперименталды топтың нәтижесі:




Аты-жөні

І

ІІ

Темперамент типтері

1.

Алдабеков Маулен

9

19

Холерик

2.

Жақан Диас

11

9

Меланхолик

3.

Әлжан Берік

13

19

Холерик

4.

Сағындықов Серік

10

19

Холерик

5.

Ғалым Мурат

11

18

Холерик

6.

Али Мақсат

13

19

Холерик

7.

Берік Санжар

11

18

Холерик

8.

Марат Елжан

10

6

Меланхолик

9.

Медетұлы Ислам

15

15

Сангвиник-холерик

10.

Есентайұлы Шыңғыс

15

12

Сангвиник

11.

Жанболатұлы Әнуар










12.

Құрметұлы Сұлтан

15

15

Сангвиник-холерик

13.

Дамир Нұрғанат

11

22

Холерик

14.

Серікұлы Бекжан

9

18

Холерик

15.

Бағылан Арсен

7

17

Холерик



  • Холерик – 73,3%

  • Сангвиник – 20%

  • Флегматик – 0%

  • Меланхолоик – 13%

Кесте 4 – Бақылау тобы бойынша төмендегі көрсеткіштер көрсетті:



Аты-жөні

І

ІІ

Темперамент типтері

1

Әсенбек Мұхаммед

13

21

Холерик

2

Бауыржан Мұхаметжан

16

14

Сангвиник

3

Желали Омер-Фарух

17

17

Сангвиник-Холерик

4

Заутбеков Нұрдәулет

10

12

Флегматик

5

Исмагулов Тимур

12

10

Меланхолик

6

Қалибек Санжар

8

20

Холерик

7

Қожамжаров Нұржан










8

Оналбек Арман

10

19

Холерик

9

Сатыбалдиев Бақтияр

16

17

Холерик

10

Сеткәрім Нұрғиса










11

Сураншинов Дәурен

12

19

Холерик

12

Рыскулбеков Нұрдәулет










13

Сағынов Даулетхан

16

15

Сангвиник

14

Айтқабылов Темирлан

12

21

Холерик

15

Мұрат Ердәулет

16

14

Сангвиник



  • Холерик – 46,6%

  • Сангвиник – 26,6%

  • Флегматик – 6%

  • Меланхолоик – 6%

Алынған нәтижелерді диаграмма түрінде көрсетсек:

Диаграмма 2 - 1 – Эксперименталды топ;

2 – Бақылау тобының көрсеткіштері.

1. Холерик типі;

2. Сангвиник типі;

3. Флегматик типі;

4. Меланхолоик типі.
Зерттелушілер тобына конфликтілі қарым-қатынастағы мінез-құлық стилдерін айқындайтын Томас әдістемесі жүргізілді. Зерттеу нәтижесінде қоғамдық қылмыс жасаған балалар арасында конфликтілі қарым-қатынастың бәсекелесу, қашу және бейімделу стильдерінің басым екендігі анықталды.

Томас әдістемесінің топтық нәтижесі.



Кесте 5 – Эксперименталды топтың көрсеткіші:



Аты-жөні

Бәсекелес

тік


Серіктес

тік

Компро

мисс

Қашу

Бейімделу



Алдабеков Маулен

5

6

4

4

2



Жақан Диас

10

5

8

9

3



Әлжан Берік

6

6

6

9

4



Сағындықов Серік

4

7

5

10

4



Ғалым Мурат

7

8

5

6

5



Али Мақсат

6

3

4

3

8



Берік Санжар

8

2

3

3

8



Марат Елжан

9

2

2

5

7



Медетұлы Ислам

7

9

2

5

7



Есентайұлы Шыңғыс

7

9

2

6

9



Жанболатұлы Әнуар

6

5

4

2

5



Құрметұлы Сұлтан

5

4

3

2

5



Дамир Нұрғанат

5

5

4

8

9



Серікұлы Бекжан

4

3

6

6

6



Бағылан Арсен

4

9

6

5

3




Ʃ

6,2

5,5

4,2

5,5

6,1

Кесте 6 – Бақылау тобының көрсеткіші:





Аты-жөні

Бәсекелес

тік


Серіктес

тік

Компро

мисс

Қашу

Бейімделу

1.

Әсенбек Мұхаммед

9

2

5

10

5

2.

Бауыржан Мұхаметжан

4

10

3

9

4

3.

Желали Омер-Фарух

8

8

7

5

3

4.

Заутбеков Нұрдәулет

7

8

2

8

6

5.

Исмагулов Тимур

9

4

5

10

2

6.

Қалибек Санжар

6

6

2

10

3

7.

Қожамжаров Нұржан

8

4

5

6

3

8.

Оналбек Арман

5

6

7

5

5

9.

Сатыбалдиев Бақтияр

8

5

5

8

9

10.

Сеткәрім Нұрғиса

9

4

5

2

8

11.

Сураншинов Дәурен

3

2

4

5

9

12.

Рыскулбеков Нұрдәулет

10

5

6

7

8

13.

Сағынов Даулетхан

6

2

3

4

8

14.

Айтқабылов Темирлан

5

7

2

3

5

15.

Мұрат Ердәулет

10

5

3

2

10




Ʃ

7,1

5,2

4,2

6,2

5,8

К. Томас әдістемесі бойынша конфликтілі қарым-қатынастағы мінез-құлық стилдерінің таңдалуы:

1. Бәсекелестік стилі – эксперименталды топта 30%, бақылау тобында 22% яғни бұл стилдегі жасөспірімдер айналадағылармен қарым-қатынас негізі ретінде, өмірлік стратегия желісімен тұлғаның өзгеруін анықтайтын, айналадағыларды оқшаулау және жатсынуға әкеледі (өзінің дұрыстығы мен қателеспегендігіне сенімділік, кез-келген жағдайдағы позицияның моралдық және интеллектуалдық басымдықты қабылдау, қабілеттерін кетіру).

2. Қашу стилі – эксперименталды топта 5%, ал бақылау тобында 7% яғни, бұл стилдегі жасөспірімдер тенденциясының басым болуы өмірлік стратегиясында жеке әрекетсіздікті ақтауға тырысу, әлеуметтік белсенділіктің төмендеуіне, психологиялық қорғаныстың күшеюіне, жеке енжерлықты негіздеуге әкеледі. Осындай стратегия басым адам әрдайым жауапкершілікті өз мойнына алатын партнер іздейді.

3. Бейімделу стилі – эксперименталды топта 15%, бақылау тобында 16% яғни, жасөспірім өз әрекетінің дұрыс емес екендігін түсінеді, өзінде жетерліктей дәреже не мүмкіндік жоқтығын біліп, өзінің күштірек не жолы болғыш партнер жаққа өтіу арқылы болашақта соның есебінен қиындықтан шығатынын түсінеді.



Диаграмма 3 - 1 – Эксперименталды топ;

2 – Бақылау тобы.


Кесте 7 - Стилдердің таралуының проценттің көрсеткіші:




Бәсекелесу

Қашу

Бейімделу




Эксперимен

талды топ

Бақылау тобы

Эксперимен

талды топ

Бақылау тобы

Эксперимен

талды топ

Бақылау тобы

Гипертим

50% 43%

- 13%

34% 37%

Тұрып қалушы

45 % 46%

21% 15%

29% 27%

Қозғыш

13 % -

- -

- -

Демонстративті

_ 12%




- -


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет