1-кесте
Мінез бітістерінің сипаттамасы
Қатынастар
|
Қатынастар белгілері
|
Адамның қоғамға
|
1. Адамзаттық
2. Адамның ұғымдағы маңыздылығын ұғыну
3. Қоғамдық борыш
4. Адамның қоғамдық белсенділігі
5. Өмірді жақсартуға ұмтылыс
6. Өз қалауларын қоғамдық жұмыстарға ендіру
7. Азаматтық борыштарды орындау
8.Өз мінез - құлқын қоғамдық нормаларға сай басқару
|
Адамның адамға
|
1. Гумандық
2. Құрметтеу
3. Мейірімділік
4. Өзара түсінушілік
|
Адамның өзіне - өзі
|
1. Өзінің жеке қасиеттерін бағалау (принципшілдік, өз бетінше жұмыс істеу, жинақтылық, сенімділік, жауапкершілік, қойылған мақсатқа жетуде өжеттілік)
2. Мінез - құлқын талдау және түзету (қажет болса)
3. Қызығушылығын, қажеттілігін бағалау
4. Өзін - өзі тәрбиелеуге ұмтылу
|
Адамның еңбекке
|
1. Еңбексүйгіштік
2. Жауапкершілік
3. Ұйымдасқандық
4. Жұмыскерлік
5. Тапқырлық
6. Еңбектің өмірлік маңызын түсіну
7. Ақыл - ой еңбегі мен денелік еңбек мәдениетінің болуы
|
Адамның табиғатқа
|
1. Жауапкершілік
2. Гумандылық
3. Табиғаттың адам үшін қажеттілігін түсіну
4.Қоғам мен табиғаттың өзара байланысы заңдылығын түсіну
5. Табиғи байлықтарды саналы түрде пайдалану
6. Келер ұрпақ үшін қолайлы биосфераны сақтау қажеттілігін ұғыну
|
Жүйенің тағы бір құрамдас бөлігі ізгілік санасы болып табылады. Ізгілік сана құлықтың даму тенденциясын, оның перспективаларын айқындайды. Сонымен, сана өзіндік моральдық қатынастарды бейнелейді.
Ізгілік іс-әрекеті – бұл рухани іс-әрекет болып, мұнда жеке тұлға ерік-күші нәтижесінде өзіндегі өзімшілдік сезімін жояды, қойылған ізгілік мақсат жүзеге асады.
Жоғарыда қарастырылған бастауыш сынып оқушыларының жеке басының дамуы мен психологиялық ерекшеліктерін жалпылай келе, бұл жас кезеңнің мінез бітістерінің құрылымын №2 кесте түрінде көрсетуге болады. Бастауыш сынып оқушыларының ізгілік қасиеттері – мейірімділік, кішіпейілділік, тәртіптілік, ақкөңілділік, сүйкімділік және т.б. жалпы адамзатқа тән ізгілік қасиеттердің жиынтығы болып табылады.
Бастауыш сынып оқушыларының болашақта жақсы азамат болып өсуіне құрбыларымен, мұғаліммен, ересектермен дұрыс қарым-қатынаста болуы үшін және ізгілік қасиеттерінің дамуы үшін ізгілік қасиеттің алатын орны зор. Осыған орай, олардың бойында жағымды мінез бітістерін тәрбиелеуде тікелей отбасы тәрбиесінің ролі зор екендігін айтуға болады.
А.В.Петровский өз еңбегінде бастауыш сынып оқушыларының жеке басының даму мүмкіндіктерін жан-жақты сипаттайды. Баланы моральдық жағынан тәрбиелеу мектепке дейін басталады.
№2 кесте
Достарыңызбен бөлісу: |