3 курс студенті, М.Әуезов атындағы ОҚМУ, Шымкент (11 пт.) ҚР дағы коммерциялық банктер ашу кезеңдері



Дата12.02.2023
өлшемі26,21 Kb.
#168392
Байланысты:
баяндама банк ісі 3 апта


Ш.Н.Турдибаева (11 пт.)


3 курс студенті, М.Әуезов атындағы ОҚМУ, Шымкент (11 пт.)


ҚР дағы коммерциялық банктер ашу кезеңдері (11 пт)




Аңдатпа /Аннотация
Қазақстанның алдыңғы қатарлы коммерциялық банктері өзінің табыс базасын кеңейту үшін, табыстылықты және бәсекелік қабілеттілігін жоғарлату үшін өзінің клиенттеріне кең ауқымды операциялар мен қызметтер көрсетуге ұмтылатыны белгілі. Бұл жерде есте ұстайтын жағдай, банк қызметінің дамуы клиенттер және банктің өзі үшін минималды шығындармен банк қызметтерін көрсетуді, клиенттерге қажетті қызметтерге қолайлы бағаларды пайдалануды білдіреді.
Банк операцияларының тиімді, икемді жүйесі кең ауқымды клиенттерімен ішкі жинақтарды шоғырландыруға жағдай жасау керек. Осыған байланысты өзгермелі экономиканың қалыптасып келе жатқан қажеттілігіне жауап бере алатын икемді банктік қызмет көрсету мәселесі ерекше мәнге ие болып отыр.
Қазіргі дамып жатқан ақпараттық технологиялар заманында өз шаруашылығын жалғастыру үшін, қызмет ауқымын кеңейтіп, жоғары пайдаға қол жеткізу үшін көптеген кәсіпорындар тауардың жаңа түрін шығаруға, жаңа қызметтерді ұсынуға ұмтылуда. Осыған орай банктер де жаңа қызметтерді ендіруге және бұрынғы қызметтерді жетілдіруге үлкен назарын аударып отыр.
Жаңа қызметтерге пластикалық карточкалар, банкаралық электрондық есеп-айырысулар, элемдік Интернет байланыс жүйесіндегі қаржы нарығының құрылуы жатады.
Біздің еліміздегі қазіргі банктік институттар аталған жаңа қызметтерді атқара бастады. Клиенттің заказы бойынша маркеингтік зерттеуді, валюталық операцияларды, басқа да қызметтерді, соның ішінде, трасталық, ақпараттық-анықтамалық консультациялық, қор және т.б. жүргізеді.


Кілттік сөздер: /Ключевые слова (10-сөзге дейін): банк, бақылау, лизенция, есептілік



Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктері ҚҰБ-нің лицензиясы негізінде қызмет етеді.
1995 жылдың 31 тамызында қабылданған «Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасында банкті ашу немесе оның қызметін ұйымдастыру мынадай үш кезеңнен тұрады:

  1. Банк ашуға рұқсат алу;

  2. Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өту;

  3. Банк операцияларын жүргізуге лицензия алу.

Аталған заңға сәйкес, банкті занды және жеке тұлға ашуға құкылы.
Бірінші кезеңде, банк ашушы банк ашуға рұқсат алу өтінішін береді және оған қоса төмендегідей құжаттарды тапсырады:

  • рұқсат алу үшін беретін өтініші;

  • құрылтайшылык шарт (түпнұсқа);

  • банктің жарғысы (түпнұсқа);

  • банк жарғысын қабылдау және банк органын сайлау туралы хаттама;

  • құрылтайшылар туралы мәліметтер;

  • құрылтайшылардың соңғы екі есептік жылдағы бухгалтерлік балансы (заңды тұлғалар үшін);

  • құрылтайшылардың қаржылық жағдайлары туралы аудиторлық қорытынды;

  • егер бір немесе одан да көп құрылтайшылары Қазақстан Республикасының резиденті болмаса, ондай жағдайда сол мемлекеттегі тиісті мемлекеттік немесе қадағалау органынан жазбаша келісім қажет;

  • егер банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым банк ретінде қайта құрылса, онда: онын. жарғысы, құрылтайшылық шарты, соңғы есептік мерзімге жасалған бухгалтерлік балансы, ұйымнын, қаржылық жағдайы туралы аудиторлық қорытынды;

  • банктің жетекшілік қызметіне тағайындалатын тұлғалар туралы мәліметтер, оның ішінде: банк төрағасы мен бас бухгалтерінің банк жүйесінде кемінде - үш жыл, ал олардын, орынбасарларының кемінде екі жыл, банк филиалының бірінші жетекшісі мен бас бухгалтерінің кемінде — біржылдық еңбек тәжірибесі болуы және т.с.с.;

  • жаңадан құрылатын банктің толық ұйымдастырылу құрылымы (банктің өкілетті органымен бектілуі тиіс);

  • жаңадан құрылатын банктің ішкі аудит қызметі туралы ережесі (банктің өкілетті органымен бектілуі тиіс);

  • жаңадан құрылатын банктің несиелік комитеті туралы ережесі (банктің өкілетті органымен бектілуі тиіс);

  • жаңадан құрылатын банктің бизнес-жоспары, оның ішінде болу керек, оның ішінде: банк қызметінің стратегиясы, бағыттары мен ауқымы, қаржылық болашағы (есеп айырысу балансы, бастапқы қаржылық (операциондық) үш жылға арналған пайда және зиян туралы есебі, маркетинг жоспары (банк клиенттерін қалыптастыру), еңбек ресурстарын калыптастыру жоспары;

  • тапсырылған бизнес-жоспарына сәйкес дайындық шаралары туралы құрылтайшылардың есебі;

  • нотариалды түрде куәландырылған, кұрылтайшылардың атынан өтініш беруге құзіретінің барлығын растайтын құжаты;

  • басқа банктің жарғылық капиталына қатысуы туралы мәліметтер.

Банк ашу үшін рұқсат алуға берілген өтініш үш ай әрі кеткенде алты ай мерзімі ішінде өкілетті органда қаралады.
Екінші кезеңде жаңадан құралатын банк ҚҰБ рұқсат берген күннен бастап, бір ай ішінде Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде банк мемлекеттік тіркеуге алынады. Оған, Қаржылық кадағалау агентгігінің банк ашуға берген рүқсатын және оның келісімімен расталған құрылтайшылық құжаттарын тапсырады.
Үшінші кезеңде банктік операцияларын жүзеге асыру үшін Қаржылық қадағалау агенттігінен лицензия алады. Лицензия алу үшін мемлекеттік тіркеуден еткен күннен бастап, бір жылғадейін мыналарды орындауға тиіс:

  • ұйымдастырушылық-техникаяық шараларды орындау, оның ішінде: Ұлттық Банктің нормативтік талаптарына сәйкес бөлмелерді және құрал-жабдықтарды дайындау, тиісті біліктілігі бар қызметкерлерді қабылдау;

  • жарияланған жарғылық капиталды төлеу.

Лицензия алуға өтінішпен бірге жоғарьща аталған талаптарды орындағандығын растайтын құжатгы беруге тиіс. Өтінішті берген уақыттан бастап, бір ай ішінде ҚҰБ қарайды. Лицензияның мерзімі шектелмейді және онда банктің жүргізетін барлық операциялар тізімі көрсетіледі.
Банктер бағалы қағаздар нарығында басқа да кәсіби қызмет түрлерін жүзеге асыра алады. Оларға мыналар жатады:

  • брокерлік — мемлекетгің бағалы қағаздарымен;

  • дилерлік — мемлекеттің және өзге де бағалы қағаздармен;

  • кастодиандық;

  • клирингтік.

Осы аталған қызмет түрлеріне ҚҰБ-нен жекелеген және кешенді (бірнеше қызметке) лицензиялар беріледі.
Сонымен катар, Қазақстан Республикасындағы екінші деңгейдегі банктер өз қызметін жүзеге асыру барысында филиалдарын, өкілдіктерін, жинақ кассаларын, сондай-ақ еншілес банктерін аша алады.
Банктің филиалы — филиал туралы ережеде немесе лицензияда көрсетілетін банктік операцияларды жүзеге асыруға кұқылы және өзінің дербес бухгалтерлік балансы бар, занды тұлға болып табылмайтын банктік мекеме.
Заңға сәйкес, банктер өздерінің филиалын ашу үшін ҚҰБ-нің келісімін алуға тиіс. Ол үшін мынадай кұжаттарды тапсырады:

  • Филиал ашуға рұқсат алу өтініші;

  • Банк операцияларының тізімі көрсетілген банк филиалы туралы ереже;

  • Бірінші жетекші және бас бухгалтер қызметіне кандидаттар туралы мәліметтер.

Шетелдік банктердің Қазақстан Республикасы аумағында филиалдарын ашуға заңмен тыйым салынады..
Банктің өкілдігі — банктік операцияларды жүзеге асырмайтын, яғни банктің тапсырмасымен және оның атынан әрекет ететін банктің орналасқан жерінен тыс орналасқан, занды тұлға болып табылмайтын банктің құрылымдық бөлімшесі.
Банк өкілдігі де Қаржылық қадағалау агенттігінің келісімімен ашылады. Шетелдік банктер өкілдіктерін ашу үшін мынадай құжаттарын тапсырады:

  • өкілдік ашуға рұқсат алу етініші;

  • өтініш жасаушы банктің, кұрылтайшылық құжаттары;

  • Қазақстан Республикасы аумағында өкілдік amy туралы өтініш жасаушы банктің шешімі;

  • өтініш жасаушы банктің банктік қызметті жүргізуге арналған

лицензиясынын. барлығын растайтын сол мемлекеттегі банктік қадағалау органының жазбаша расталымы;

  • аудиторлық ұйым куәландырған өтініш жасаушы банктің соңғы қаржылық жылға жасалған жылдық есебі;

  • өтініш жасаушы банктің Қазақстан Республикасы аумағында өкілдігін ашуға қарсы еместігін куәландыратын сол мемлекеттегі банктік қадағалау органының жазбаша хабарламасы;

  • өкілдікте жұмыс жасайтын қызметкерлердің саны және жетекшісі туралы мәліметтер.

Еншілес банк — жарғылық капиталдың елу пайыздан астамы бас банкке тиесілі және өзінің дербес бухгалтерлік балансы бар заңды тұлға.
Есеп айырысу-кассалық бөлімі (жинақ кассасы) — Қазақстан Республикасы аумағында банктік операциялардың жекелеген түрлерін орындайтын, филиал немесе екілеттік мәртебесі жоқ, занды тұлға емес, Қазақстан Республикасы Ұлттык банкінің келісімі негізінде құрылатын банктің аумақтық бөлімшесі.
Әдебиеттер (11 пт)

  1. Орысша-қазақша заңдық түсіндірме сөздік-анықтамалық. — Алматы: «Жеті жарғы», 2018 жыл.

  2. Ақша, несие, банктер теориясы: Оқулық. — Алматы: «Жеті жарғы», 2011. — 368 бет.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет