Студенттің өзіндік жұмысына арналған әдістемелік нұсқаулар (оқытушының таңдауы бойынша)
СӨЖ курстың, бірнеше тақырыпты, бөлімдерді немесе модульдерді қамтитын белгілі бір бөлімдер немесе өзекті мәселелерге бойынша өткізіледі. Көбінесе зерттеу сипатқа сұрақтар курсы бойынша СӨЖ ие болады, олар әдістемелік сипаттағы сұрақтар болып табылады.
СӨЖ-дің барлық түрлері әртүрлі үйлесімдегі түрлі әдістемелік тәсілдермен өткізуге болады.
Көп тараған СӨЖ түрлері мыналар:
Қандай да бір түсінікті қалыптастыру, қысқаша эссе жазу.
Тақырып бойынша шолу – баспасөзден және Интернеттің ақпараттық ресурсынан қосымша материалдар қосымша материалдарды пайдалана отырып ұсынылған тақырыптар бойынша 1-2 беттік қысқаша әдеби шолу жазу.
Глоссарии жазу – тақырып бойынша терминдер мен ұғымдардың қысқаша түсінігін жазу, кроссворд та құрастыруға болады.
Презентация – презентация үшін студенттің белгілі бір тақырыпты таңдауы, өзінің көзқарасын көрсетуі, презентацияда қарастырлған қандай да бір аспектіні түсінуі немесе тусінбеуі. Презентация уақыты 8-10 минут. Презентация тақырыпты аша білу критерилеріне, тыңдаушының қызығушылық деңгейіне, кәсібилігіне қарай бағаланады.Іскерлік ойындар – болашақ мамандығына қатысты студентте дағды қалыптастыратын рольдік немесе топтық ойындар. Кей кездері үйде дайындалуды, кітапханада жұмыс істеуді қажет етеді.
Нақты оқу жағдайы – сұрақтарға жауапты талап ететін немесе ол бойынша мәселені жазуды қажет ететін жағдай.
Топтық жоба – топ 4-5 адамнан еспауы керек. Әр топ өз бетінше жоба құрайды. Мысалы, бізідң облысымызды еркін экономикалық аймақ ету мәселесі. Компьютерді, блок-кестелерді қолдану ұсынылады. КТК (КВН) түрінде де өткізуге болады.
Жеке жоба - өтініші бойынша едәуір дайындалға студенттер орындайды. Жұмыс тақырыптың айрқша болумен және зерттеу спатысен ерекшеленуі қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |