Бүгінгі таңда жастардың құндылықтары, еңбекке деген көзқарасы және болашағы туралы идеялары мүлде басқаша, табыс пен әл-ауқатқа ұмтылады, бірақ, сонымен бірге бұлыңғыр жалған идеалдарға ие. Интернетке және әртүрлі технологияларға, атап айтқанда смартфондар мен компьютерлерге тәуелділік дәуірінде жастарға әңгімелесу және педагогикалық араласу арқылы әсер ету барған сайын қиынға соғуда
Бүгінгі таңда жастардың құндылықтары, еңбекке деген көзқарасы және болашағы туралы идеялары мүлде басқаша, табыс пен әл-ауқатқа ұмтылады, бірақ, сонымен бірге бұлыңғыр жалған идеалдарға ие. Интернетке және әртүрлі технологияларға, атап айтқанда смартфондар мен компьютерлерге тәуелділік дәуірінде жастарға әңгімелесу және педагогикалық араласу арқылы әсер ету барған сайын қиынға соғуда
Өйткені барлық дерлік идеалдар мен құндылықтар интернеттің әсерінен жүзеге асырылуда. Нәтижесінде, жас жігіттер мен қыздарда қызметтің жекелеген түрлері, кәсіптер және оларға қойылатын талаптар туралы бұрмаланған түсінік қалыптасады, бұл кәсіптік таңдаудың дұрыстығына, саналылығына және объективтілігіне теріс әсер етеді.
Қазіргі білім берудегі тағы бір мәселе – бюджеттік орындардың болуына қарай мамандық таңдау. Жасыратыны жоқ, мектеп бітіруші түлектердің ақылы негізде жоғары білім алуға мүмкіндігі көп емес. Тіпті мұндай мүмкіндік бола тұра, түлектер бюджеттік орынға ие болуға тырысады. Кейде тегін білім алуға деген құштарлық ең қалаулы мамандық бойынша оқуға деген құлшынысын басып тастайды. Бұл, түптеп келгенде, түлектің өзін көрсетпейтін және болашақта жұмыс істегісі келмейтін мамандықты әдейі таңдауына әкеледі. Осылайша, қоғам мен мемлекет материалдық және еңбек ресурстарынан айтарлықтай шығынға ұшырайды. Бюджеттік орындардың белгілі бір санын бөлгеннен кейін мемлекет белгілі бір салаға бірдей мамандарды алуды күтеді.
XX ғасырдың аяғы мен XXI ғасырдың басында қазақстандық жастардың әлеуметтенуі әртүрлі бағыттағы факторлар әсерінен дамуда: елдегі саяси жағдайлар; құндылықты-нормативтік жүйенің трансформациясы; қоғамдағы жаңа әлеуметтік дифференциация; мамандықтар беделі шкаласының өз-геруі; жұмыссыздықтың өсуі; білім жүйесіндегі өзгерістер және т.б.
Еңбек нарығындағы қалыптасқан жағдай жастар үшін, әсіресе, жоғарғы оқу орындары түлектері үшін екі негативті тенденциямен сипатталады:мемлекеттік құрылымдарда жоғарғы білімді мамандар үшін еңбек ақы төмен; коммерциялық салада жоғарғы оқу орнын аяқтаған түлектерге еңбек ақысы жоғары қызмет ұсынылғанымен, олардың кәсіби біліктілігі мен интеллектуалдық әлеуетінің жетілуіне көңіл бөлінбейді және ол қажет деп есептелмейді.Бұндай үрдістер өндіріс, ғылым саласы үшін келешегі бар, білімді кадрларды жоғалту болса, басқа салаға кететіндер үшін- біліктілігін жоғалту болып табылады.
Жастар бұқаралық санада қалыптасып қалған «заманауи», «беделді», «табысты» мамандықтарға бағдарланады..Қоғамның трансформациясы кезеңінде жеке өмірге дайын тұлғаның маңызы артады. Нарықтық экономика әр адамның еркін әрекет етуіне жағдай туғызып қана қоймай, сонымен қатар оған талап та қояды – ол жас мамандардан кез-келген күтпеген жағдайларға дайын болуын немесе тығырықтан шығар жолды өздігінен таңдай білу заман қажеттілігі. Адамдардың саналы түрде өздігінен мамандықты таңдауы өмірлік қажеттілік болып отыр.
Жастардың кәсіби өзіндік айқындалуын зерттеуге И.А.Громов ұсынған кезеңдеу шарасын қолдануға болады, себебі 11-12 жас аралығында жас ұрпақтың қоғамдық қатынастар жүйесіне кезең-кезеңмен араласу процесі жастардың жас шамасына қарай біршама сәйкес келеді және кәсіби өзін-өзі анықтаудың бірнеше қолайлы сәттеріне ерекше көңіл бөлуге мүмкіндік береді Бұл процесс қала мен ауыл жастары арасында біршама айырмашылықта өтетіндігін де атап өту қажет. Әрбір мекендік құрылым адамдар өмірінің нақты көрсеткішінің сипаты, ол индивидтің әлеуметтік даму мүмкіндігін нақты анықтайды
ауыл өмірі баланы жастайынан ересектермен қатар еңбекке баулиды. Адамның тіршілігіне қоршаған орта тарапынан қатаң әлеуметтік бақылаудың әсерінен ауылдық мекендер әлеуметтік-кәсіби өзін-өзі анықталудың тиімді механизмдерін жасайды. Ауыл тұрғындарының кәсіби өзін-өзі анықталуы еңбектің әралуандығымен байланысты: табиғат жағдайы мен оның маусымдарына бағыну, еңбек пен тұрмыстың тығыз байланысы, тұрғындардың еңбек мобильділігі үшін мүмкіндіктің жоқтығы
Қалада мүлде басқаша әлеуметтік орта қалыптасқан. Қалалық мекен үшін ерекшеліктер- жастарға өмірдің барлық саласында мамандықтардың түр-түрін таңдау мүмкіндігі жеткілікті дамыған (өндіріс, құрылыс, көлік, қызмет көрсету саласы, білім мен ғылым, мәдениет және т.б.), әртүрлі деңгейдегі білім мекемелері жүйесінің дамығандығы, тұрғындардың әлеуметтік және кәсіби әралуандығы, бұқаралық ақпарат орталықтарының шоғырлануы.Осының барлығы қала жастарының кәсіби өзін-өзі анықталуын ұзақ, көп факторлы процесс қылады.