Таланттылық - бұл адамдардың нақты бір жұмысты орындаудағы потенциалы. Таланттылық тума немесе өмірден арттырылған болуы мүмкін. Қажеттілік бұл адамның бір нәрсенің жетіспеуін психологиялық және физиологиялық сезінуі. Күту өткен тәжірибеге және ағымдық жағдайды бағалауға негізделе отырып, адамдар өздерінің тәртібінің нәтижесінде салыстырмалы түрде күтулерін қалыптастырады, адамның қажеттілікті сезініп жатырма және осы жағдайда оның нені күтіп жатқанын анықтап береді. Күту өткен тәжірибеге және ағымдық жағдайды бағалауға негізделе отырып, адамдар өздерінің тәртібінің нәтижесінде салыстырмалы түрде күтулерін қалыптастырады, адамның қажеттілікті сезініп жатырма және осы жағдайда оның нені күтіп жатқанын анықтап береді. Құндылық бұл жалпы түсінік, сенім, өмірде не жақсы, не керек емес туралы түсінік. 5. Сыртқы орта туралы түсінік. Сыртқы ортаның маңызы және оның ұйым жұмысына әсері Джеральд Беллдің айтуы бойынша «Ұйымның сыртқы ортасы келесі элементтерді өз ішіне алады: тұтынушылар, бәсекелестер, мемлекеттік заңдылықтар, жабдықтаушылар, қаржы ұйымдары және т.б.» Ұйымға әсер ететін барлық факторларды келесі 2 топқа бөлу мүмкін: тікелей және жанама әсер ететін факторлар. Тікелей әсер ететін орта ұйымның операцияларына тікелей, яғни бірден әсер ете алу қабілеттілігіне ие факторлар жиынтығы болып, оларға жабдықтаушылар, еңбек ресурстары, заң және мемлекеттік реттеу органдары, тұтынушылар және бәсекелестер жатады. Жанама әсер ететін орта ұйымның операцияларына бірден әсер ете алмайды, бірақ оларға жанама әсерін тигізетін факторлар жиынтығы. Оларға халықаралық жағдайлар, экономика жағдайы, ҒТП, әлеуметтік, мәдени факторлар, саяси жағдайлар жатады.
Достарыңызбен бөлісу: |