3. Махамбет Өтемісұлы әдеби мұрасының ғылыми зерттелуіне талдау жасаңыз


Ш.Қанайұлының «Бала зары» мен «Зар заман» толғауларының идеясы, көркемдік ерекшелігіне қарай талдау жасаңыз



бет4/9
Дата26.12.2023
өлшемі75,29 Kb.
#199478
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Мама (2)
Баяндама 1, Баяндама 1, Микро және макроэкономика, тест-1, Синий Зеленый и Желтый Коллаж Тест по Музыке Презентация
38. Ш.Қанайұлының «Бала зары» мен «Зар заман» толғауларының идеясы, көркемдік ерекшелігіне қарай талдау жасаңыз.
Шортанбайдың бұл өленіңдегі ерекшеліктер: надандардың басшы болуы, ақшақұмар билік өкілдерінің озбырлығын, ұрпақтың бүлінгенін жеткізу болып табылады. Ш.Қанайұлының "Бала зары" атты өлеңдер жинағы ХІХ ғасырдың 80-жылдарында Қазан қаласында баспаханадан басылып шыққан.
"Зар заман" деген толғауында өткен заманның жақсылықтарын аңсау байқалады. Мұнда ақын заман азды, заң тозды, бұрынғы зорлар қор болды, қорлар зор болды, ұрпақ ата-анасын тыңдаудан қалды деп торығады. Ел ішіндегі әлеуметтік мәселені жырға арқау етіп, жұртқа төрелік айтатын билер мен ел билеушілерінің парақорлығы мен әділетсіздігін, ел ішіндегі алауыздықты тағы басқа да мін-қылықтарды шариғат жолымен кінәлап, бұрынғы өтіп кеткен замандағы билердің әділ іс-әрекеттерін аңсайды. Аласапыраны көп алмағайып замандағы өзгерістер мен жаңалық біткенді танығысы келмей. Өлеңдігі жаман-малдан түңілген-деген өлең шумақтарында қазақ даласында ақша пайда болғалы бері адамдар малға қызықпайтын болды, сондықтан малдан түңіледі, Байлардың ұрлық жасауы кедейлердің малы азайды оны байлар ұрлап өзіне пайдаланды ол кезде ақша деген мал шығып кедейлер кун көре алмаған жәнеде заманақыр болар деп қорқып өмір сурген. Отаршыл Ресей патшасының қазақты үйреншікті сүйегіне сіңген әдет-ғұрыптан, наным-сенімінен, иманынан, ел билеу салтынан айыруға жасаған әрекеті мен зорлықшыл әділетсіздіктері.
«Бала зары» атты ұзақ термесі – қазақ поэзиясындағы мұсылмандық-софылық-философия тереңдіктерін шынайы таныта алатын кесек туынды. Терменің тұтас композициялық құрылысында ақын адамзатты жарат­қан Адам Атадан тарағандардың пиғылдарына қарай мұсылман мен кәпір болып бөлінуі болғанын айтады. Адамзат жаратылғаннан бері жақсылық пен жамандық арпалыса қайшыласқан қарама-қарсылықты құбылыстарға толы осынау фәни жалғандағы тіршілік тынысын философиялық ойшылдықпен, лирикалық сезімталдықпен жырлайды. Адамдық ғұмырдың реалистік өмір шындығымен суарылған тынысын айқын бояулармен елестетеді. «Бала зары» – композициялық құрылысы жағынан бірнеше тақырыптық бөлімдерден құралатын термелер ­жиыны. «Атамыз Адам пайғамбар», «Сен демек қисын емес пе?», «Ит жүгіртіп құс салған», «Жылқының құты айғыр-ды», «Жақсыны жаман көре алмас», т.б. тақырыптық-мазмұндық дербестікпен тұрған термелердің ортақ түйіні – жалпыадамзаттық, гуманистік ойларды мағыналы сөздер шоғырымен жеткізу.
Құдайдың, пайғамбардың қасиетті дінінің ұлы қағидаларын адамгершілік тәрбиесін берудегі өзекті желі етеді. Мысалы, «Атамыз Адам пайғамбар» термесіндегі жолдардың халық көңіліне қасиетті дінімізді берік ұялатуға ықпалының зор болғаны күмәнсіз. Ақын мұсылман діні жолының ұлылығын айта келіп, адамдық ортадағы пендешілік қарама-қайшылықтардың сипатын да дәл бей­нелейді. Осы терменің тұтас мазмұ­нынан қазақ халқының ежелден қалып­тасқан табиғи мінез-құлқының бұзыла бастаға­нынан секем ала жырлаған ақынның ішкі жан күйзелістері аңғарылады. Халқын әділдікпен басқарған кемеңгерлердің орнына сырты бүтін, іші түтін қуыс кеуде­лердің келіп, елді аздырғанына күйзелген ақынның күйініші, мұңы анық естіледі.
Шортанбай негізінен болжампаз, көреген, ақылгөй, өсиетшіл ақын. Сондықтан жырлары­мен де адами ақыл айтып, халықты түзу жолға салып, жөн сілтеуді өзінің зор мақсаты санаған болса керек. Ақын әр кезде терең толғап, өрнекті де өрелі сөз термелейді. Орынды да орнықты ақылдар береді, нақылды сөз айтады.

Ол өсиеттерін қалың қазаққа, оның кәрі-жасына арнайды. Елдің бас көтерер адамдарын тәубаға шақырып, бір күндік мал-мүлік пен дүние жинап қор болмай, халық үшін, бір Құдай­дың жолында қызмет етуін тілейді. Ізгілік, әділет жолынан тайынбай іс қылып, саналы, салиқалы өмір кешуін уағыздайды. Ақирет жолы мен адамгершілік, әділет жолдарын тең ұстап, ешкімге обал, қиянат жасамай, тек қана ізгілік жасап өткенін қалайды. Адамдарды тойымсыздық пен опасыздықтан аулақ болып, қанағат пен рақымға жақын болуға үндейді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет