3. Махамбет Өтемісұлы әдеби мұрасының ғылыми зерттелуіне талдау жасаңыз



бет1/9
Дата26.12.2023
өлшемі75,29 Kb.
#199478
  1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Мама (2)
Баяндама 1, Баяндама 1, Микро және макроэкономика, тест-1, Синий Зеленый и Желтый Коллаж Тест по Музыке Презентация

3. Махамбет Өтемісұлы әдеби мұрасының ғылыми зерттелуіне талдау жасаңыз.


Махамбет хат біле тұрса да оның бізге жазып қалдырған өлеңдері жоқ. Бірен-саран өлеңдері болмаса көбісі ауызба-ауыз, суырып салмалық әдісімен шығарылған өлеңдер. Өлеңді керекті жерінде суырыпсалып айту қазақ ақындарына дағдылы әдет. Мұның әуелгі себебі хат білмеушіліктен, кейін біртіндеп оған дағдыланушылықтан десек Махамбет те суырып салмалыққа жас шағынан талаптанып, әдеттегенге ұқсайды. Махамбет шығармаларын терең тебіреніс, термелі тұспал тән. Қиялы ұшқыр өжеттіктерге құрылған шумақтары жаттауға, ұғынуға соншалық жеңіл, қарапайым. Соған қоса ақын толғаныстары көркем образды.
Ақын өлеңдері өзінің құрылысы жағынан да көңіл аударады. Оның өлеңдері ақын ойына сай келіп, жымдасып жатады. Онда шумақ өлшемі, буын мөлшері, тіпті ұйқас тәртібі онша қатал сақталмайды. Осыдан болса керек, жырларда мөлшерлі шумақ болмайды, буын саны көбіне 7-8 болғанымен, онда басқа да мөлшерлер (11, 12 буын) ұшырай береді. Жырлардың буыны 11 болса да ол төрт жолды бір шумақ қара өлеңмен шатаспайды, өзінің жыр қалпын сақтайды.


Махамбет өлеңдерінде ауыстырудың алуан түрлері кездеседі. Сонымен
қатар, оның өлеңдерінен фигураның түрлері де көп кездеседі.
Ау, қызғыш құс, қызғыш құс!
Көл қорыған сен едің –
Сен де айрылдың көліңнен.
Ел қорыған мен едім –
Мен де айрылдым еліменен, -
деген параллелизм, немесе:
Борй да борай қар жауса,
Қалыңға боран борар ма?
Қаптай соққан боранда
Қаптама киген тоңар ма?
Деген риторикалық сұраулар, фигураға жатады.


Жазба поэзиясының озық шығармаларына ғана тән құбылыстар Махамбет өлеңдерінде жиі ұшырасады. Анаформа мен эпифораны өлең құрылысына жетік ақындар көп қолданады десек, Махамбет те солай.
Махамбет өлеңдерінің құрылысы мен түріне де әсер етті. Оның «Ереулі атқа ер салмай», «Мұңайма», «Айныман» деген өлеңдері, мазмұнына түрі сай, жалынды үндеу сөздер. Махамбеттің досын мақтап, жыр ету болса, құрылысы шешендікке толы үгітке арналған отты, өткір сөздер болып келеді де, сөйлемдері қаратпалы, сұрау сөйлемдер болып келеді, не жырлай арнау, не сұрай арнау немесе «риторикалық сұрау» болып отырады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет