3. Махамбет Өтемісұлы әдеби мұрасының ғылыми зерттелуіне талдау жасаңыз


Абайдың «Алланың өзі де рас, сөзі де рас» өлеңіндегі діни көзқарасын «SWOT» талдау арқылы түсіндіріңіз



бет7/9
Дата26.12.2023
өлшемі75,29 Kb.
#199478
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Мама (2)
Баяндама 1, Баяндама 1, Микро және макроэкономика, тест-1, Синий Зеленый и Желтый Коллаж Тест по Музыке Презентация
66. Абайдың «Алланың өзі де рас, сөзі де рас» өлеңіндегі діни көзқарасын «SWOT» талдау арқылы түсіндіріңіз.


«Алланың өзі де рас, сөзі де рас...» - Абайдың 1902 ж. жазған өлеңі. Әрқайсысы 4 тармақты 14 шумақтан тұрады. Көлемі 56 жол. Қазақ топырағында Абайға дейін Алланы тану мәселесімен арнайы шұғылданған ойшыл болмаған. Өзін сопылармыз деп атаған тақуалар (әулиелер) да «Алла бір, пайғамбар хақ» дегеннен аспаған. «Алла» бір, неліктен «пайғамбар хақ» деп мәселе нақтылы қойылмаған. Бір сөзбен айтқанда, сенім мен таным арасы ажыратылмаған. Абай болса, Аллаға сену мен оны тану бір ұғым деп қарамайды. Сенім - діни қағида, таным - гносеологиялық ұғым. Алғашқысы, діни идеологияға негіз болса, соңғысы діни философияның категориясы. Бірақ Аллаға сену және оны тану мәселелері - діни сана ауқымындағы үғымдар. Сондықтан осы мәселелермен айналысқан, пікір айтқан адамдарды біз бүгінгі күні діни ойшылдар деп жүрміз.



S-Күшті жақтары

Абай соны-мен Алланы абсолют шындық ретінде ұсынады, ал оның сөзін жеткізушілер туралы өзгеше пікірде. Ол: «Замана, шаруа, мінез күнде өзгерді, оларға кез-кезімен нәби (пайғамбар) келді». Міне, осы тұста Абай өзі айтқан Алла жолы мен пайғамбар жолының айырығына келді. Нәбилер келеді, кетеді, ал Алла – мәңгілік.

Нәбилердің келіп-кетуінің себебін Абай мәңгілік өзгеріс үрдісі тұрғысында түсіндірген. Замана, шаруа, мінез болғандықтан үнемі өзгеріп отырады. Мұқағали айтқандай: «…кереметті өзгертіп кереметтер, керемет шақ тағы да кез келеді». Өзгермейтін – бір Алла, ол – абсолют. Өзгеретін – оны танушылар, оның құдіретіне бас июшілер. Адасатын Алла емес, адамдар.



W-Әлсіз жақтары

Бірақ тәкаппар адамзат Құдайды ұмытты. Атеист ғалымдар мен саясаткер қулар аты жаман вирустың шығу себебін іздеп әлек қазір. Жарайды, тапты дейік. Вирусқа әлдебір ғалым немесе табиғат мутанты кінәлі дейік. Не бітті? Құдай тағы сырт қалмақ па? Өстіп, адамзат сабақ ала алмай, суық ақылдан сорлап-ақ келеді. Пандемия індеті – Алла ескертуі, қаһары! «Құдайсыз қурай да сынбайды». Ақиқатты көрмей, босқа сенделу, басқа себеп іздеу, бұра тарту – зор қауіп! Дарвинизм теориясы күн сәулесін жапқан қалың бұлт есепті. Оны күллі білім ордалары әспеттеп, оқытып жатса, ау, жұртшылық, кісілік неге адам жүрегінен алшақтап барады, әлемді ақша билеп, қатігездік жайлағаны қалай деп несіне таң қаламыз?! Адамзатты тығырыққа тіреген де – осы атеистік сана!

O-мүмкіндіктері

адамның ғылымы Алла ғылымының зәредей бөлшегі. Сол сияқты Алланың махаббаты болмаса, өзге махаббат қайдан келмек? Махаббат – Алланың құдіреті, қуаты, рухы. Онсыз дүние – қаңырап, бос қалмақ. Бұл мәселенің бір жағы. Екінші жағынан, Алланың махаббатын танып-білмей тұрып, Оған қайтіп ғашық болмақсың, қалайша жаннан тәтті сүймексің?

T-қауіптері

Табиғатты аяусыз тонау, тек пайда ойлау, тек тұтыну – жарға тіреді ақыры. Әлемдік пандемия шеңгелі босатқан соң ғылым-білім, экономика, мәдениет, саясат, жалпы жаһандық өркениет дамуы жаңа бағыт алуға тиісті. Сол соны жолда Абай еңбектері, әсіресе, «толық адам», «үш сүю» ілімдері зор сұранысқа ие болары күдіксіз ақиқат. Мейірімді Жаратушы Иеміз халқымыз сол жарқын заманға жетуін нәсіп етсін!

73. Шоқан Уәлиханұлының қазақ әдебиеті тарихындағы орнын бағамдап, жүйелеңіз.
Шоқан Уәлихановтың қазақ халық әдебиеті үлгілерін жіктеуі және оның тегі, құрамы, ерекшеліктері туралы ой-пікірлері. Шоқан Уәлихановтың қазақ әдебиеті туралы еңбектері, негізінде, мыналарды қамтиды( қазақтың ауыз әдебиетінің халық өміріндегі маңызы, эпостық жырлардың тууы, тарихи шындықпен байланыстылығы мен ерекшеліктері, қазақ халық поэзиясының жанрлық түрлері мен өзгешеліктері( аңыздар, ертегілер, айтыстар, мақалдар( олардағы этнографиялық көріністер( қазақ әдебиетінің жекелеген өкілдері Асан қайғы, Бұқар жырау, Тәтіқара жырау, Шал ақын, Шөже, Орымбай, Нұрымбай, ертедегі көптеген шығыс жазбаларындағы қазақтарға, олардың аңыз- әңгімелеріне байланысты деректер( әдеби алмасулардың сыр-сипаты, әдеби салыстырулар т.б. Міне, қазақ әдебиетінің көп ғасырғы даму тарихы мен тәжірибесі Шоқан Уәлиханов еңбектерінде тұңғыш ғылыми тұрғыда тексерілді де байсалды ой-тұжырымдар айтылды. Ол ой-тұжырымдардың ғылыми салмақтылығы мен тереңдігі биік деңгейде болды да осы күнге дейін мән-маңызын жоғалтқан жоқ.

Қазақ ауыз әдебиеті үлгілерін жинап, жарыққа шығару, зерттеу ісінің ғылыми жолға тұңғыш қойылуы қазақ оқымыстысы Шоқан Уәлихановтың есімімен байланысты. Ол қазақ аңыздары, аңыз- әңгімелері, ертегілері, өлеңдері, эпостық жырлары мен тарихи жырлары саласынан мол материалдар жинап, алғаш зерттеді. Зерттеу нәтижелерін қазақ халқының өткендегі тарихын танып білуге пайдаланды. Ғалым еңбектерінде қазақ ауыз әдебиеті алғашқы рет қазақтың мәдени рухани мұрасы есебінде зерттелді. Шоқан Уәлихановтың басқа еңбектері сияқты әдебиет туралы жазған мақалалары, ғылыми еңбектері, күнделіктері оның ерекше білімдарлығын, байыптылығын, аңғарымпаздығын, ұқыптылығын байқатады. Қай халықтың болса да әдебиеті алдымен фольклордан, халық сөз өнерінен басталатыны белгілі. Бұл заңдылық қазақ халқына да тән екндігін, оның ауыз әдебиеті де бай әрі өзіндік сыр-сипаттары да мол болғандығын Шоқан Уәлиханов көптеген деректерге сүйене отырып дәлелдейді.


Қазақтың ауыз әдебиеті Шоқан Уәлихановты тіпті бала күнінде қызықтыра бастағаны белгілі. Оған дәулетті Уәлихановтар әулетінде қазақтың сөз өнері аса құрметтелгені, ауылында талай айтыстар, өнер сайыстар болғандығы, парасатты, терең ойлы, оқыған, білімді әжесі Айғаным халық даналығын, ертегі, аңыздарын щебер әңгімелейтіні, араб, парсы тілдерін меңгеруі, әкесі шыңғыспен бірге ел аралағанда халықтың ертегілерін жинап жүргені ықпал еткен(5.24). “Шоқан Уәлиханов қазақтың халық поэзиясына ерте жастан құмартып, оның классикалық үлгілерін жазып алып, өзінің ата-анасына дауыстап оқып жүреді.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет