Қазақстанның 15- 18 ғғ әлеуметтік-экономикалық, саяси және мәдени дамуы
|
01
|
Қазақ хандығының құрылуы 1465-1466 жж.
Қандықтың саяси тарихы 15-18 ғғ басы Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы
|
02
|
Жоңғарлардың Қазақстан жеріне шапқыншылығы
|
03
|
Қазақ халқының жоңғарларға қарсы азаттық күресі
|
04
|
XVІІІ ғ дейінгі қазақ-орыс қатынастары
|
05
|
Кіші жүздің Ресейге қосылуы
|
06
|
Қазақстан XVIII ғасырдың ортасында
|
07
|
Абылай кезіндегі Қазақ хандығы
|
08
|
Қазақтардың 1773-1775 жылдардағы Е.Пугачев бастаған шаруалар соғысына қатысуы
|
09
|
Сырым Датұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс
|
10
|
XVIII ғ. Қазақстан мәдениеті
|
02
|
ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы Қазақстан
|
01
|
Қазақстанда хандық биліктің жойылуы
|
02
|
Қазақстандағы ХІХ ғ. бірінші жартысындағы патшалық Ресейдің отарлау саясаты
|
03
|
Ақмола тарихы
|
04
|
Бөкей Ордасының құрылуы. 1836-1838 жж. Бөкей ордасындағы көтеріліс
|
05
|
1837-1847 жылдардағы Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс
|
03
|
Қазақстанның Ресейге қосылуының аяқталуы.
|
01
|
Ұлы жүздің Ресейге қосылуы.
|
02
|
Қазақстанның Ресейге қосылуының салдары мен маңызы
|
03
|
Қазақтардың ХІХ ғасырдағы Қоқан, Хиуа хандықтарына қарсы азаттық күресі
|
04
|
Қазақстанның ХІХ ғ І жартысындағы мәдениеті
|
01
|
Материалдық мәдениет
|
02
|
Рухани мәдениет
|
05
|
ХІХ ғ ІІ жартысындағы Қазақстан
|
01
|
XIX ғасырлардың 60-90 жылдарындағы әкімшілік реформалар
|
02
|
|
03
|
|
06
|
Қазақстанның ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы мəдениеті
|
01
|
ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы Қазақстанды зерттеу
|
02
|
Ағарту ісінің жағдайы. Қазақ ағартушылары
|
|
|
07
|
ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басындағы Қазақстан
|
01
|
ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басындағы Қазақстанның əлеуметтік-экономикалық дамуы
|
02
|
ХХ ғ. басындағы Қазақстанның экономикалық дамуы
|
03
|
Қазақстан 1905-1907 жж. орыс революциясы кезінде
|
04
|
ХХ ғ. басындағы Қазақстан мəдениеті
|
08
|
ХХ ғ. бас кезіндегі Қазақстан
|
01
|
ХХ ғ. басындағы қоғамдық – саяси жағдай.
|
02
|
1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыстың басталуы мен сипаты
|
03
|
1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыстың барысы мен қорытындысы
|
09
|
Қазақстан 1917 жылғы Ақпан және Қазан төңкерістері кезінде
|
01
|
Қазақстан Ақпан төңкерісі кезінде
|
02
|
Қазақстан 1917 жылғы Қазан төңкерісі кезінде
|
03
|
«Алаш» партиясының қызметі
|
10
|
Қазақстан тоталитарлық жүйе кезінде
|
01
|
Қазақстанда кеңес үкіметінің орнауы
|
11
|
Қазақстан азамат соғысы жылдарында. Қазақстан 20-жылдардың бірінші жартысында
|
01
|
Қазақстан әскери интервенция және азамат соғысы жылдарында
|
02
|
Қазақ ұлттық мемлекеттілігінің құрылуы
|
03
|
Жаңа экономикалық саясат жылдарындағы Қазақстан
|
12
|
Қазақстан 1920-шы жылдардың екінші жартысы мен 1930 жылдарда
|
01
|
Қазақстан индустрияландыру жылдарында
|
02
|
Қазақстандағы ауыл шаруашылығын ұжымдастыру
|
03
|
1920-1930 жылдардағы қоғамдық-саяси жағдай. Қазақ КСР-ң құрылуы, репрессия, депортация
|
|
|
|
Ұ.ОС басталуы Қазақстандықтардың Ұ.О.С жж, барлық майдандардағы соғысқа қатысуы
|
|
|
|
С кейінгі бейбіт өмірге көшу қйыншылықтары мен ауыртпашылықтары 1950-60 Қазақстан қоғам саяси өмірі. Тын игеру
|
|
|
|
1970-80 жж. Қ-н тоқырау мен күйзелістің күшейе түсуі
|
|
|
|
1986 ж жел көт, Қайта құру жж Қ-н
|
6. Тапсырма мазмұнының сипаттамасы:
Оқу бағдарламасы бойынша оқушылар Қазақстан тарихы курсынан меңгеруі тиіс:
Қазақстан тарихы жаңа дәуір кезеңдерінің хронологиялық шеңбері; қазақ-жоңғар қарым-қатынасы, Қазақ халқының жоңғарларға қарсы азаттық күресінің негізгі себебі мен зардаптары; XVIII ғасырдың алғашқы ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы; Қазақстанның Ресейге қосылуынің кезеңдердері; XVIII-XIX ғғ отарлау саясатына қарсы азаттық күресінің негізгі себептері мен зардаптары; XVIII-XXғасырлар басындағы Қазақстанның мәдениеті.
Бірінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі Қазақстан; 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыстың себептері, көтерілістің негізгі ошақтары; Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнауы;Кеңестік Қазақстанның экономикалық және саяси дамуының негізгі кезеңдері(әскери коммунизм саясаты, ЖЭС, Қаз АССР жән Қаз КСР-інің құрылуы, индустриаландыру, ұжымдастыру, Сталин репрессиялары).
7. Тапсырмалар орындалуының орташа уақыты:
Тесттің бір тапсырмасын орындап шығуға белгіленген уақыт – 1,5 минут. Тесттің толық орындалу уақыты – 3 сағ бойы.
8. Нұсқалар мен тапсырмалар саны:
Нұсқалардың санын Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министірлігі анықтайды. Тест нұсқаларының баламалылығы:
- тестілердің спецификацияға сай құрылуымен;
- өзара ауыстыруға келетін тапсырмалардың әр түрлі нұсқаларда бір орында келуімен;
- барлық нұсқаларда қиындық деңгейінің бірдей болып келуімен жүзеге асырылады. Бір нұсқада 25 тест тапсырмасы беріледі.
9. Тапсырмалар формасы:
Берілген бес жауап нұсқасында бір дұрыс жауапты таңдау.
Нұсқау: «Таңдаған жауапты жауап парағында берілген пәнге сәйкес орынға, дөңгелекшені толық бояу арқылы белгілеу қажет».
10. Жеке тапсырмалар мен жалпы жұмысты бағалау:
Дұрыс орындалған әр тапсырма үшін оқушыға 1 балл беріледі. Дұрыс орындалмаған тапсырмаға – 0 балл. Тест тапсырмалары толығымен дұрыс орындалған жағдайда 25 балл алады.
0-16 балл-қанағаттандырылмаған
17-19 балл қанағаттандырылған
20-22 балл жақсы
23-25 балл үздік
ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНЫҢ ҚҰРЫЛУЫ ЖӘНЕ НЫҒАЮЫ
(XV-XVI Ғ.Ғ. БАСЫ)
1. Қазақ хандығының құрылуының тарихи алғышарттары мен заңдылықтары.
2. Қазақ хандығының құрылуы. Керей мен Жәнібек .
3. XVсоңғы ширегі –XVI ғғ. басындағы Қазақ хандығы. Шайбанидтермен күрес.
Қазақ мемлекеттігінің құрылуы- XIΥ-XΥғасырларда Шығыс Дешті Қыпшақ (Ақ Орда, Әбілхайыр хандығы), Жетісу (Моғолстан) мен Түркістан ( Қазақстанның отырықшы-егінші ауданы) аумағындағы қазақ рулары мен тайпаларының этникалық және саяси топтасуының күшейе түсті. Сонымен қатар Қазақ хандығы үш жүздің қалыптасуы, өндіргіш күштердің дамуы, көшпелі аудан мен отырықшы-егінші аудандар арасындағы интеграция нәтижесінде өмірге келді.
Шығыс Дешті Қыпшақ жеріндегі көшпелі халық бұқарасы феодалдық қанаудың күшеюіне, соғыстар мен тартыстардың өршуіне, хандар мен феодалдардың қол астынан көшіп кетіп, қоныс аударумен жауап берді. Бұл оқиға «Тарих-и Рашидиде» былайша суреттеледі: «... Сол заманда Әбілқайыр ханның Дешті Қыпшақ даласына түгелдей билік жүргізіп отырған кезі еді. Жошы ұрпағының сұлтандары жорық жасап, Жәнібек хан мен Керей хан одан қашып, Моғолстанға кетіп қалған еді...».
Ол кезде Жетісуды билеген Моғолстан ханы Есенбұға (1433-1462 ж.ж.) бұлардың мұнда қоныс аударуына қарсы болмады. Өйткені оның да өз есебі бар еді. Есенбұға қазақ ру-тайпаларын өзінің ішкі және сыртқы саясатында, атап айтқанда, солтүстіктегі көршісі Әбілқайыр хандығына және шығыстан күшейіп келе жатқан ойраттар шапқыншылығына қарсы күресте, сондай-ақ хандықтың өз ішіндегі феодалдық алауыздық пен талас-тартысты тоқтату үшін пайдалануды көздеді.
Керей мен Жәнібектің Жетісуға қоныс аударуы туралы М. Х. Дулати былай деп жазды: «...Есенбұға хан оларды құрметтеп қарсы алып, қоныстануға Моғолстанның батыс жағындағы Шу өзені алабындағы Қозыбасыны берді. Жұрттың көпшілігі Керей хан мен Жәнібек ханның жанына кетіп қалды. Олардың саны екі жүз мың адамға жетті, оларды өзбек казақ деп атай бастады
Жәнібек Барақ ханның ұлы, ал Керей- оның ағасы, Болат ханның баласы еді. Барақтан (Ақ Орда ханы) басталатын қазақтың дербес мемлекеттігі жолындағы күресті оның туған ұлы мен немересінің жалғастыруы табиғи құбылыс еді.
Деректер мағлұматтары, фактілер мен пікірлерді салыстыру және талдау Қазақ хандығының XV ғасырдың 60-жылдарының ортасында Батыс Жетісуда құрылғандығын дәлелдейді, яғни бүгінгі Қазақстан тарих ғылымы осы мәселеде Мұхаммед Хайдар Дулати пікірін ұстанады.
Соған қарамастан Қазақ хандығының құрылу мерзімі туралы пікірлер сан- алуан. Солардың кейбіріне тоқтала кетейік:
Қазақстандық тарихшылардың бірі К. Ақышев 1428 -жылы Әбілқайыр хандығының құрылуы өзбек және қазақ мемлекеттігінің қалыптасуының бастамасы болды десе, М. Тынышбаев, М. Мағауин, Қ. Салғарин, т.б. Керей мен Жәнібектің 1456- жылы көшуі, қазақ хандығының құрылған жылы деп есептейді. Келесі бір пікірдің авторы тарихшы Б.Кәрібаев, ол Қазақ хандығының құрылған жылы ретінде 1458- жылды ұстанады. Тарихшы К. А. Пищулина «Қазақ хандығының құрылу мерзімі шамамен XΥғ. 60-жылдарының ортасы» деп Мұхаммед Хайдар Дулатимен келіседі. Тарихшы Т. И. Сұлтанов Қазақ хандығының құрылуын 1468- жылы Әбілқайырдың қайтыс болуымен, Керей мен Жәнібектің Жетісудан Дешті Қыпшаққа қайтуымен байланыстырады, яғни XΥғ. 70-жылдарынан ерте емес, т.б.
Осылайша, Жетісуға қоныс аударған Керей мен Жәнібек сұлтандардың дербес мемлекет - Қазақ хандығының негізін қалаған мерзімін, М. Х. Дулати «Қазақ сұлтандарының алғаш билік жүргізуінің басы хижраның 870 (1465-1466жж.) жылынан басталады» десе, И.Орбелидің синхронды кестесі бойынша да хижраның 870 жылы 1465 жылдың 24 тамызында басталып ,1466- жылдың 11- тамызында аяқталады екен.
Әбілхайыр хандығы мен Моғолстан жерінен бірқатар рулардың ауа көшіп, Жәнібек пен Керейдің қол астына келуі Қазақ хандығын бұрынғыдан да күшейтті. Бұлар жаңадан құрылған Қазақ хандығының үкімет билігін нығайтып, оның беделі мен әскери-саяси күш-қуатын арттыра түсті. Едәуір әскери күш жинаған және Жетісуда берік қорғанысы бар Жәнібек пен Керей Жошы әулетінен шыққан сұлтандардың Шығыс Дешті Қыпшақты билеу жолындағы күресіне қосылды. Бұл күрес 1468- жылы Әбілқайыр өлгеннен кейін қайтадан өршіді. Мұны қазақ хандары Керей мен Жәнібек тиімді пайдаланды. Олар бұрын өздері көшіп кеткен ата қонысы Дешті Қыпшаққа қайта оралып, билік үшін күреске араласты. Бұл күрестің барысында Әбілқайыр ханның орнына отырған мұрагер баласы Шайх Хайдар өлтірілді. Әбілқайыр ханның немерелері Мұхаммед Шайбани мен Махмұд сұлтан Астраханға барып паналады. Күресте жеңіске жеткен қазақ хандары 40 жыл Әбілқайыр билеген Шығыс Дешті Қыпшақ даласын және ондағы көшпелі тайпаларды өзіне қосып алды. Соның нәтижесінде XV ғ. 70 -жылдары Қазақ хандығының жері едәуір кеңейді.
1. Сонымен, Жетісуда Ақ Орда хандарының (Орда Ежен - Орыс хан) ұрпақтары басқарған орта және ұлы жүз тайпалары негізін қалаған Қазақ хандығы құрылды.
Керей мен Жәнібек, олардан кейін Бұрындық Шығыс пен Батыс арасындағы сауда жолының үстіне орналасқан Түркістан өңірі, Сырдария жағасындағы Сығанақ, Созақ, Отырар, Ясы (Түркістан) т.б. қалаларды қазақ хандығына қарату үшін шайбан ұрпақтарымен күрес жүргізді.
Мұхаммед Шайбани Астрахань қоршауынан қашып шығып, Түркістан аймағына келген еді. Мұнда ол өзінің билік жүргізіп отырған Әмір Темір тұқымынан шыққан Мұхаммед Мәзит тарханды паналады. Ол Қазақ хандығына қарсы Мұхаммед Шайбаниды айдап салу мақсатын көздеді. Бірақ бұдан ештеме шықпады. 1470- жылы қыста қазақ ханы Керей әскерлерімен Түркістанға шабуыл жасады. Ал Жәнібектің үлкен баласы Еренжі Сауранды иемденді. Сауран түбінде соққы жеген Мұхаммед Шайбани Бұхараға қашты.
Қазақ хандығының құрылуының қайнар көзі Ақ Орда десек, кейін ХV ғасырдың екінші жартысында Қазақстан жерінде екі мемлекеттің - Әбілқайыр хандығы («көшпелі өзбектер мемлекеті») мен Моғолстанның ішкі саяси ахуалы нақты жол ашты.
Қазақ хандығының құрылуы қазақ халқының тарихындағы аса маңызды оқиға болды. Ол ұлан-байтақ өңірді мекендеген қазақ ру-тайпаларының басын қосуда, қазақтың этникалық территориясын біріктіруде маңызды роль атқарды. Қазақтардың біртұтас мемлекеттігінің пайда болуы қазақ халқы қалыптасуының аяқталуының шешуші факторларының бірі болды.
Әдебиеттер тізімі:
1. Асфендияров С.Д. Қазақстан тарихы. (көне дәуірден) А., 1995.
2. Мыңжани Н. Қазақтың көне тарихы. А., 1993. 400-бет.
3. Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін). Бес томдық. 1, 2 томдар. А., 1997. 542- бет., А., 1998.
Достарыңызбен бөлісу: |