Әр адам өзінің отбасында мінез-құлық ережесін жасауы керек және оны өздері де бұлжытпай орындап, сол ережеге бағынып отыруы керек.
Бала сорғыш сияқты, жақсыны да, жаманды да бойына сіңіреді, ересектердің мінез- құлқын, іс-қимылын және әдеттерін қайталайды. Кейбір ата-ана өз мінез-құлқы арқылы баласының есейгендегі мінез-құлқы мен тәртібін тікелей қалыптастыратынын түсіне бермейді.
Жақсы мұғалім үнемі өзін-өзі жетілдіреді, үнемі жаңалықтармен танысып оқушыларымен бөлісіп отырады. Жақсы ата-ана тек өз баласын ғана емес, өздерін де тәрбиелейді. Дұрыс тәрбиелеудің нақты тармақтары жоқ. Әр отбасында «ересектер-балалар» қарым-қатынасын құру процесі өзінше жүреді. Сонымен қатар баланың үйлесімді тұлғасын қалыптастыру үшін қажетті тәрбие элементтері бар. Өзара сыйластық. Таңдау құқығы. Сенімді қарым-қатынастар т.б. Әр адамның құндылықтарын ажырата отырып, көмек көрсетуге тырысамын. Әр адамның бойында бұрыннан бар рухани-адамгершілік әлеуетін ашу біздің, психологтардың парызы деп санаймын. Әр адамның ішкі жан-дүниесінің шексіз әсемдігін ашуға бағытталған жұмысымыз нәтижесін берері хақ.
3.Мектепте психологиялық кеңеске жүгінушілердің проблемаларын шешуге қолдау көрсетуде қандай қиындықтар жиі болады? Оны шешу үшін не істейсіз?
- Әсіресе, мұғалімдер мен оқушылардың арасындағы кикілжің, дау-дамайларды шешуде қиындықтар болды. Кей кездері мұғалімдер өзінің әрекеті дұрыс болмай тұрса да, мойынсынбайтын кездері болды. Артынша кеңес жүргізіу барысында өз қателіктерін түсінді. Оны шешу үшін, мұғалімдермен мотивациялық видиокеңестер, семинарларда ойын-жаттығулар өткіздім. Мәселен, эмоциясын басқара алып, жақсы қарым-қатынас жасай алу дағдысын дамыту мақсатында мұғалімдермен және оқушылармен мынадай жаттығулар өткіздім. “Мырза жігіт”жаттығуы ортақ келісім; жауапкершілік; ойлау, шешім қабылдау дағдыларын жетілдіру үшін “Мен ұсынамын...”, “Мен ойлаймын...” бағытталу және пікір білдіру, “қазір және осында”сөздерін пайдалану арқылы «Ішкі сәуле» жаттығуын; Оқушылардың жағымсыз эмоциясын шығаруға, ыза, ашулану, қобалжудың алдын алуға көмек беру үшін «Пресс» жаттығуы . Мұғалімдермен «Психологиялық коридор», Өрмекші торы» деген ойын- жаттығулар өткіздім.
4.Психологиялық кеңес берудің әр түрлі мәселелері бойынша біліміңізді қалай толықтырасыз? Вебинарлар мен курстар мен тренингтерге қатысамын және өздігімнен білімімді жетілдіру үшін көп ізденемін. Қазіргі уақытта болып жатқан онлайн курстан да аларым көп екен. Жеке психологиялық кеңес беруде қолданылатын техникалары жөнінде білімімді жетілдіремін. Белсенді тыңдау, сұрақ қою техникасын, кеңес берудегі әсер ету техникалары, эмпатиялық тыңдау, сендіру мен иландыру техникаларын, кеңес берудегі кері байланыс жасауды және т.б. кеңес берудің бірқатар модельдерін толық үйренуім керек.
Достарыңызбен бөлісу: |