8. ОСӨЖ, СӨЖ кестесі:
№
|
ОСӨЖ / СӨЖ тапсырмасы
|
Тапсырма түрі
|
Тапсырманың берілу және орындалу мерзімі (апта күні мен уақыты)
|
Берілген мерзімі
|
Қабылдау мерзімі
|
|
ОСӨЖ тапсырмасы
|
1
|
Паспорттың шығу тарихы. ҚР паспортты алу тәртібі.
|
Баяндама немесе жоба дайындау.
|
2-апта
сейсенбі
|
3-апта
бейсенбі
|
2
|
Виза түсінігі. Визалық қолдау шаралары.Виза типтері. Виза түрлері.
|
Курс материалдарын талдау
|
3-апта
сейсенбі
|
4,5-апта
бейсенбі
|
3
|
Қазақстан Республикасындағы әуе, теміржол, автокөлік саяхаттарының дамуы.
|
Хабарлама дайындау
|
5-апта
сейсенбі
|
6,7-апта
бейсенбі
|
4
|
Ерекше қауіпті факторларды алдын ала қарастыру, сақтандыру жұмыстарын ұйымдастыру.
|
Хабарлама дайындау
|
7-апта
сейсенбі
|
8,9-апта
бейсенбі
|
5
|
Сақтандыру түсінігі: қазіргі қоғамдағы оның қажеттілігі, мәні, функциялары, қағидалары, сақтандырудың экономикалық табиғаты.
|
Курс материалдарын талдау
|
9-апта
сейсенбі
|
10, 11-апта
бейсенбі
|
6
|
Визалық анкета, шақырулар, органдардың рұқсаты мен виза алу ережелері.
|
Курс материалдарын талдау
|
11-апта
сейсенбі
|
12,13-апта
бейсенбі
|
7
|
Жұқпалы аурулардың негізгі белгілері, алдын алу, сақтандыру.
|
Хабарлама дайындау
|
12-апта
сейсенбі
|
13,14-апта
бейсенбі
|
8
|
Турист қауіпсіздігі. Саяхаттар қауіпсіздігі. Бақылау әдістері.
|
Презентация әзірлеу
|
13-апта
сейсенбі
|
14-апта
бейсенбі
|
9
|
Өкілдік қызметтер мен филиалдардың мақсаты мен міндеттері.
|
Хабарлама дайындау
|
14-апта
сейсенбі
|
15-апта
бейсенбі
|
10
|
Туристерге арналған ақпарат құрылымы, негізгі тараулары. Туристерге арналған ережелер мен жадынама.
|
Курс материалдарын талдау
|
14-апта
сейсенбі
|
15-апта
бейсенбі
|
|
СӨЖ тапсырмасы
|
1
|
Жолдамаларды рәсімдеу тәртібі.
|
Практикалық жағдаяттарды талдау
|
2-апта
сәрсенбі
|
3-апта
жұма
|
2
|
Саяхаттың технологиялық картасын жасау.
|
Аналитикалық баяндама
|
3-апта
сәрсенбі
|
4-апта
жұма
|
3
|
Ваучерді рәсімдеу.
|
Практикалық жағдаяттарды талдау
|
4-апта
сәрсенбі
|
5-апта
жұма
|
4
|
Инвойсты рәсімдеу тәртібі.
|
Берілген тақырыпты баяндау, сұрақтарға жауап беру, ұсынылған әдебиетті оқу
|
6-апта
сәрсенбі
|
7-апта
жұма
|
5
|
Экскурсиялардың технологиялық картасын жасау.
|
Аналитикалық баяндама
|
8-апта
сәрсенбі
|
9-апта
жұма
|
6
|
Ақпараттық парақша құрастыру.
|
Практикалық жағдаяттарды талдау
|
10-апта
сәрсенбі
|
11-апта
жұма
|
7
|
Паспорттың шығу тарихы
|
Қысқаша аналитикалық, графикалық баяндама
|
11-апта
сәрсенбі
|
12-апта
жұма
|
8
|
Жалпыға танымал әлемдік паспорттар
|
Презентация әзірлеу
|
11-апта
сәрсенбі
|
13-апта
жұма
|
9
|
ҚР елшілік, консулдық
|
Аналитикалық баяндама
|
12-апта
сәрсенбі
|
14- апта
жұма
|
9. КУРСТЫҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ
9.1 Дәрістер
Тақырыбы: Кіріспе.«Туризмдегі визалық құжаттарды рәсімдеу» курсының мақсаты мен міндеттері.
Сағат саны: 1
Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары:
Кіріспе.
«Туризмдегі визалық құжаттарды рәсімдеу» курсының мақсаты мен міндеттері.
Дәріс тезисі*
«Туризмдегі визалық құжаттарды рәсімдеу» курсының мазмұны нарықтық экономика жағдайында паспорттық және визалық формальдылықтардың негізгі түсініктерін зерттеуден тұрады. Ерекше назар қиыр шығыс елдерінің шекарасын өтудегі ережелерді меңгеруге аударылады.
Елшілік визаны алуда құжаттарды рәсімдеу барысында туристермен жұмыс істеу дағдыларына үйретуга үлкен назар аударылады.Сонымен қатар, осы пәнді оқыту барысында кедендік және визалық ережелердің жиі өзгеріп тұратындығына бағдар жасау қажет.
«Туризмдегі визалық құжаттарды рәсімдеу» пәнін меңгерудің мақсаты туризмдегі визалық құжаттар мен сақтандыру полистерін рәсімдеу және миграциялық қызметтермен жұмыс істеуді үйрену.
Курстық негізгі міндеті туристік формальдылықтардың негізгін,саяхаттар қауіпсіздігін және жорықтарды сақтандыру бойынша білім жүйесін меңгере білуге болып табылады.
Осы пәнді оқып-үйрену нәтижесінде туристік формальдылықтың негізгі түсініктерін, визалық құжаттарды рәсімдеу ережелерін, сақтандыру полистерін рәсімдеу ережелерін білу қажет. Сонымен қатар визалық құжаттарды рәсімдеудің, клиенттермен жұмыс істеу, елшіліктермен, кедендік, миграциялық қызметтермен жұмыс істеудің негізгі дағдыларын үйрену және де визалық жұмыстар бойыша, саяхаттар қауіпсіздігі, жорықтарды сақтандыру бойынша білім жүйесін қалыптастыру мүмкіндігі бар.Визалық құжаттарды рәсімдеудің, клиенттермен жұмыс істеу, елшіліктермен, кедендік, миграциялық қызметтермен жұмыс істеу, нормативтік құжаттарды, құжаттарды рәсімдеу барысында пайда болатын негізгі мәселелерді анықтау, визалық жұмыстар бойынша, саяхаттар қауіпсіздігі, жорықтарды сақтандыру бойынша білім ала алу мүмкіндігі мол
Бекіту сұрақтары
«Туризмдегі визалық құжаттарды рәсімдеу» курсының мазмұны қандай?
«Туризмдегі визалық құжаттарды рәсімдеу» пәнін меңгерудің мақсаты.
Әдебиет:
Ердавлетов, С. Р. География международного туризма [Текст] : учебное пособие / С. Р. Ердавлетов, Ж. Н. Алиева. - Алматы : Қазақ университеті, 2013.
География туризма [Текст] : учебник / А. Ю. Александровой. - 3-е изд. - М. : КНОРУС, 2010. - 592 с.
Бабажанова, Ж. А.Поведение потребителей на рынке туристических услуг [Текст] : учебное пособие / Ж. А. Бабажанова, А. А. Флек. - Шымкент : GOLDYES, 2016. - 230 с.
Кузьменко, Ю. В.Культурный сервис и туризм [Текст] : курс лекции / Ю. В. Кузьменко. - Almaty : TechSmith, 2019. - 156 с.
Дүние жүзінің туристік - рекреациялық аймақтары [Текст] : оқу құралы. - Алматы : Сөздік-Словарь, 2013. - 536 бет.
Смагулова, К. Р.Қонақжайлылық және туризм экономикасы [Текст] : электрондық оқулық / К. Р. Смагулова, О. Ж. Досымова. - Алматы : РЖООАЭК, 2017. - 25 бет.AKNURPRESS
Байискакова Қ.А. Қурорттық және сауықтыру туризмі. Оқу құралы.-Алматы: ЖК "LP-Zhasulfn",2019-110 б
Тақырыбы: Паспорттық және визалық формальдылықтар
Сағат саны: 1
Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары:
1.Паспорттың пайда болу алғышарттары.
2.Паспорттың дамуының тарихи.
3.Паспорттың дамуының негізгі көрсеткіштері.
Дәріс тезисі: Қазақстан Республикасы азаматтарының, тұрғылықты мекен-жайына қарамастан, жеке басын куәландыратын құжаты болуы тиіс. Жеке басты куәландыратын құжаттарға жеке бас куәлігі мен Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжаты жатады.Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжаты азаматтарға олардың жасына қарамастан өз қалаулары бойынша беріледі және Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерде иесінің жеке басын куәландыратын құжат болып табылады. Төлқұжат 10 жыл мерзімге беріледі. Төлқұжаттың қолданылу мерзімін өкілетті орган тағы бір жылға ұзарта алады. Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі азаматтарға 16 жастан бастап беріледі және республика аумағында жарамды. Қазақстан Республикасы аумағында ұдайы тұратын барлық азаматтардың жеке бас куәлігі болуы тиіс. Жеке бас куәлігі 10 жылға беріледі.Қандай уақыт аралығында жеке бас куәлігін алуға немесе ауыстыруға болады?16 жасқа тола салысымен барлық тиісті құжаттарды тапсырып қою кеңес етіледі. Құжат мерзімінің өтуіне байланысты ауыстыруды құжат мерзімі өткен соң емес, оған дейін үш ай бұрын жүзеге асырған дұрыс. Бұған себеп, Мемлекеттік қызмет стандартының "Қазақстан Республикасының азаматтарына төлқұжаттарды, жеке бас куәліктерін беру" атты 7 тармағына сәйкес төлқұжат және жеке бас куәлігі құжатты алуға өтініш берген күннен бастап 2 айдан кем емес уақытта беріледі, ал Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 377 бабының әрекеттегі редакциясы құжатсыз немесе пайдалану мерзімі асып кеткен құжатпен тіпті аздаған уақыт ішінде тұрудың өзін қарастырмайды. Қажет болған жағдайда жедел түрде рәсімдеу нұсқасына жүгінуге болады. Бұған қатысты ақпарат төменде көрсетілген.Жеке бас куәлігін уақытылы алмағаны үшін жүктелетін жауапкершілік Жеке бас куәлігін алуға уақытылы өтініш бермеген азамат ең алдымен Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 377 бабының 1 бөлімінде көрсетілгендей, 5 АЕК (9260 тенге) көлеміндегі айыппұл түрінде әкімшілік жауапқа тартылады.Әкімшілік жазаға ұшырағаннан кейінгі бір жыл ішінде қайта жасалған осыған ұқсас құқық бұзушылық 10 АЕК (18520 тенге) көлеміндегі айыппұлмен жазаланады.Пайдалану мерзімі асып кеткен төлқұжат үшін жауапкершілік белгіленген бе?Халықты құжаттау және тіркеу ережелерінің 5 тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжаты азаматтарға олардың жасына қарамастан өз қалаулары бойынша беріледі. Осылайша, пайдалану мерзімі асып кеткен төлқұжатты ауыстыру керек пе, жоқ па – азамат өзі шешеді. Пайдалану мерзімі асып кеткен төлқұжат үшін әкімшілік заң шығарушы тарапынан жауапкершілік қарастырылмаған.
Туризм сферасында туристік формальдылықтар – бұл міндетті заң аясында бекітілген іс-әрекеттер. Бұл туристік саяхатты жасаумен, құжаттарды даярлаумен және шекарадан өту іс-әрекеттерімен байланысты.
Туризмде туристік формальдылықтарды бірнеше классификацияға бөлуімізге болады:
төлқұжаттар (паспорт) мен визалар;
кедендік бақылау;
валюталық бақылау және валютаны айырбастау реті;
санитарлық бақылау;
туристерді әлеуметтік және экологиялық қорғау және т.б.
Төлқұжат (паспорт) даярлау. Шетелге саяхатқа шығу үшін әрбір азаматтың шетелдік төлқұжаты болуы керек. Бұл құжат арқылы елімізден тыс елдерге еркін барып-келуге болады. Бұл құжатты алу үшін халыққа қызмет көрсету орталығына келесідей құжаттарды тапсыру керек:
бекітілген нүсқадағы арыз (2 дана);
3x4 формасындағы сурет (4 дана);
төлемақы төленгені туралы тубіртек;
төлқұжатты толтыру үшін бланкіге төленетін сома.
Арызды компьютерде қатесіз теріп тапсырған дұрыс. Егер құжатқа жеті жасқа дейінгі балалар жазылатын болса, олардың туу туралы куәліктерінің көшірмесін тапсырған дұрыс.
Төлқұжатта азаматтың жынысы, жасы, туылған жері, тұрғылықты жері және азаматтығы жайлы жазылады. Туристтің төлқұжатының жарамдылық мерзімі елге қайтып оралғанға дейін жетуі керек. Сондай-ақ төлқұжатта (паспортта) техникалық ақаулар болмауы керек., яғни суретінің жыртылуы, жазуының көрінбеуі, беттерінің жыртылуы және т.б. Төлқұжатты тексеру барысында жоғарыда аталған ақауларға түристік фирма жауап бермейді.
1963 жылғы Рим конференциясының шешімі бойынша халықаралық туризм мен саяхатқа келесідей ұсыныстар енгізілген:
төлқұжат қызметінің орталықтануы;
төлқұжаттарды даярлау мерзімінің қысқартылуы;
шетелге шектеусіз саяхат жасаушыларға 5 жылдық мерзімді енгізу;
барлық елдердің төлқұжатын халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) стандартына сәйкестендіріп жасау; яғни бұл компьютерлік тексеру кезінде мүмкіндіктерді қамтамсыз етеді.
Виза. Кез келген елге кіру үшін міндетті түрде виза қажет.
Виза (латын тілінде «visa» - көру , қарап шығу) – бұл шетелдік үкіметтің сол елден кіріп-шығуға арнайы рұқсаттамасы. Виза – оның егесіне сол елде уақытша тұруға рұқсат етіледі. Виза төлқұжатқа қойылуы мүмкін немесе арнайы құжатта көрсетіледі.(мысалы, топтық туристік виза).
Виза – туысқандарға қыдырып барғанда, немесе олардың шақыртуы бойынша және іскерлік мақсатқа да жасалады.
Визалар, сондай-ақ көпреттік және бірреттік, жеке және топтық, студенттік, шығу, транзиттік және шенген болып бөлінеді. Визаны алу үшін визалық анкета толтырылады, 3х4 формадағы сурет, елшілік кеңеске ақша төленеді, мысалы Англия, АҚШ –қа бару үшін виза аштырарда елшілік кеңеске арыз берушіні шақыртады.
Визалық анкеталардың бланкілері әр елде әртүрлі.Мазмұны да саяхат мақсаты мен ұзақтығына байланысты. Кейбір елдерде елге визасыз кіруге рұқсат етілген: Болгария, Венгрия, Куба, Моңғолия, Македония, Польша, Словения, Хорватия, Чехия, Югославия.
Ал мына елдерде визаны елге келгеннен соң алуға болады: Мальта, Мысыр, Ливан, Непал, Намибия, Сирия және т.б. елдерде.
1995 жылы 26 наурыздан бастап, Еуропаның 7 мемлекетінде Шенгендік келісім күшіне енді. Бұл елдер: Бельгия, Португалия, Германия, Австрия, Испания, Франция, Нидерланды.
Шенген визасының 2 түрі бар:
бірыңғай шенген визасы, 3 айға дейін осы 7 ел территориясында кедергісіз жүруге болады;
ұлттық шенген визасы, 3 айдан жоғары мерзімге беріледі.
Шенген визасы қарапайым виза сияқты топтық болмайды.
Бекіту сұрақтары
Паспорт формальдылықтарын көрсет.
Туристік формальдылықтарды қысқартудың негізгі қағидалары қай конвенцияда қаралды?
Шенген визасының қандай түрлері бар?
Әдебиет:
Ердавлетов, С. Р. География международного туризма [Текст] : учебное пособие / С. Р. Ердавлетов, Ж. Н. Алиева. - Алматы : Қазақ университеті, 2013.
География туризма [Текст] : учебник / А. Ю. Александровой. - 3-е изд. - М. : КНОРУС, 2010. - 592 с.
Бабажанова, Ж. А.Поведение потребителей на рынке туристических услуг [Текст] : учебное пособие / Ж. А. Бабажанова, А. А. Флек. - Шымкент : GOLDYES, 2016. - 230 с.
Кузьменко, Ю. В.Культурный сервис и туризм [Текст] : курс лекции / Ю. В. Кузьменко. - Almaty : TechSmith, 2019. - 156 с.
Дүние жүзінің туристік - рекреациялық аймақтары [Текст] : оқу құралы. - Алматы : Сөздік-Словарь, 2013. - 536 бет.
Смагулова, К. Р.Қонақжайлылық және туризм экономикасы [Текст] : электрондық оқулық / К. Р. Смагулова, О. Ж. Досымова. - Алматы : РЖООАЭК, 2017. - 25 бет.AKNURPRESS
Байискакова Қ.А. Қурорттық және сауықтыру туризмі. Оқу құралы.-Алматы: ЖК "LP-Zhasulfn",2019-110 б
Тақырыбы: Туристік формальдылықтар
Сағат саны:2
Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары:
1.Туристік жолдама түрлері және оның рәсімделуі
2. Туроператор мен турагент, туристік келісім шарт түрлері.
Дәріс тезисі: Туристік жолдаманың сатып алуына туристік қызмет көрсету шарты жасалуының растамасы болып табылады.Турдың құрамына кіретін туристік қызметтер көрсетілуін сатып алған жағдайда туристік ваучер туристің тиісті қызмет көрсетуді пайдалану құқығын растайтын құжат болып табылады. Туристің кінәсінен туристік қызмет көрсету шартын орындау мүмкін болмайтын жағдай туындаған ретте, егер заң актілерінде немесе өтелмелі қызметтер көрсету шартында өзгеше көзделмесе, көрсетілген қызметтерге толық көлемде ақы төленуі тиіс. Туристік қызмет көрсету шартын орындаудың мүмкін болмауы тараптардың бірде бірі жауап бермейтін мән жайлар бойынша туындаған жағдайда, егер заң актілерінде немесе шартта өзгеше көзделмесе, турист туристік ұйымға іс жүзінде шығарған шығындарын өтейді.
Туристің кінәсінен болған жағдайды қоспағанда, туроператор немесе турагент тапсырыс берушіге шартты бұзудан келтірілген залалдардан толық өтеген жағдайда ғана шартты орындаудан бас тартуға құқылы.
Басқа елге келген жері бойынша не жүру барысындағы маршруты бойынша шарт талаптарына сәйкес келмеген жағдайда туроператор мен турагент шарт талаптарының тиісінше орындалмағаны үшін жауапты болады.
Туристерге келтірілген залалдар мен моральдық зиянды өтеу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүргізіледі.
Туристік ұйым саяхат жасау кезінде дүлей күштің ықпалы салдарынан туритке келтірілген залал үшін жауап бермейді.
Жолаушыларды көліктің кез келген түрімен тасымалдаған кезде туристік ұйым туристке жөнелтілетін және баратын пунктер атаулары, жолаушылардың негізгі құқықтары мен міндеттері көрсетілген жеке немесе топтық (туристер тобына қызмет көрсету кезінде) тасымалдау кезінде (билетін) беруге міндетті.
Туристік ұйым жазатайым оқиға (ауру, жарақат, қаза) туралы туристің отбасын өз есебінен хабардар етуге міндетті.
Өлшеуге берілмеген жүкті тасымалдау, оның сақталу жауапкершілігі туристке жүктеледі.
Егер туристік ұйым билет, жүк квитанциясын немесе тасымалдауға қабылданған жүктің жөнелтпе құжатын берсе, бірақ олар дұрыс рәсімделмеген болса немесе жоғалса, немесе оларды қандайда бір басқа себептермен ұсыну мүмкін болмаса, тасымалдау шарты күшінде қалады.
Туроператор немесе турагент, шартпен көзделген мән жайлар өзгерген жағдайда және шарттың талаптарын елеулі түрде өзгерту қажет болған жағдайда туристке жазбаша нысанда осындай өзгерістердің ықтимал салдар туралы дереу хабарлауға міндетті. Туристік қызмет көрсету шарт негізінде жүзеге асырылады. Туристік қызмет көрсету шарты жазбаша нысанда жасалады және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес болуы тиіс.
Шарттың елеулі талаптарына мыналар жатады:
туристік қызметті жүзеге асыруға берілетін лицензия туралы деректерді қоса алғанда туроператор немесе турагент туралы ақпарат, оның атауы, тұрған жері және банктегі деректемелері;
туристік өнімді өткізу үшін қажетті көлемде турист туралы мәліметтер;
барлық болатын пунктерді көрсете отырып, болатын елдегі (жердегі) саяхаттың бағдарламасы мен маршруты туралы, туристердің қауіпсіздігі жағдайлары туралы, туристік қызмет көрсетуге сертификаттың болуы туралы ақпаратты қоса алғанда, туристік өнімнің тұтынушылық қасиеттері туралы дұрыс ақпарат;
саяхаттың басталуы және аяқталуы;
туристерді күтіп алу, шығарып салу және оларға ілесіп жүру тәртібі;
туристік өнімнің бағасы және оны төлеу тәртібі;
тараптардың құқықтары, міндеттері және жауапкершілігі;
шартты өзгерту және бұзу жағдайлары;
баратын жеріне туристің багажын жеткізу мәліметтері мен талаптарын және шарттың осы тармағының тиісінше орындалмауының құқықтық салдары;
шарттың таратар келісімі бойынша белгіленетін өзге де ережелері.
Шартты жасау кезінде басшылыққа алынған мән жайдың елеулі түрде өзгеруіне байланысты тараптардың әрқайсысы шартты өзгеруіді немесе бұзуды талап етуге құқылы. Мән жайлардың елеулі түрде өзгеруіне мыналар жатады:
саяхат жағдайларының нашарлауы, саяхат мерзімінің өзгеруі;
көлік тарифтерінің ойламаған жерден өсуі;
салықтар мен алымдардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің жаңа ставкалардың артуы;
тараптардың келісімі бойынша белгіленетін өзге де негіздер.
Туроператор немесе турагент шартты орындамаған немесе тиісінше орындамаған ретте турист Қазақстан Республикасының заңдарына көзделген жағдайларда және тәртіппен шартты бұзуға құқылы.
Турист туроператорға немесе турагентке шартты орындаудан бас тарту туралы хабардар етілгенге дейін көрсетілген қызметтері үшін олардың іс жүзінде шығарған шығындарын төлеген жағдайда, саяхат басталғанға дейін шартты орындаудан бас тартуға құқылы.
Бекіту сұрақтары
1.Туристік жолдама түрлерін ата, оның рәсімделуіне тоқталыңыз.
2. Қандай туроператор мен турагент міндеттері, туристік келісім шарт түрлері бар
Әдебиет:
Ердавлетов, С. Р. География международного туризма [Текст] : учебное пособие / С. Р. Ердавлетов, Ж. Н. Алиева. - Алматы : Қазақ университеті, 2013.
География туризма [Текст] : учебник / А. Ю. Александровой. - 3-е изд. - М. : КНОРУС, 2010. - 592 с.
Бабажанова, Ж. А.Поведение потребителей на рынке туристических услуг [Текст] : учебное пособие / Ж. А. Бабажанова, А. А. Флек. - Шымкент : GOLDYES, 2016. - 230 с.
Кузьменко, Ю. В.Культурный сервис и туризм [Текст] : курс лекции / Ю. В. Кузьменко. - Almaty : TechSmith, 2019. - 156 с.
Дүние жүзінің туристік - рекреациялық аймақтары [Текст] : оқу құралы. - Алматы : Сөздік-Словарь, 2013. - 536 бет.
Смагулова, К. Р.Қонақжайлылық және туризм экономикасы [Текст] : электрондық оқулық / К. Р. Смагулова, О. Ж. Досымова. - Алматы : РЖООАЭК, 2017. - 25 бет.AKNURPRESS
Байискакова Қ.А. Қурорттық және сауықтыру туризмі. Оқу құралы.-Алматы: ЖК "LP-Zhasulfn",2019-110 б
Тақырыбы: Виза түрлері
Сағат саны: 1
Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары:
1.Визаның түрлеріне сипаттама
2.Туристік қызметтердің негізгі түрлері.
3.Қосымша қызметтер түрлері
Дәріс тезисі :
Дипломаттық визалар:
1) Қазақстан Республикасына жұмыс істеу үшін жіберілетін Қазақстан Республикасында тіркелген шетел дипломаттық өкілдіктерінің дипломаттық агенттеріне және консулдық мекемелердің консулдық лауазымды тұлғаларына және олардың отбасыларының мүшелеріне;
2)Қазақстан Республикасына қызметтік сапармен жіберілетін, дипломаттық паспорттардың иелеріне;
3)Дипломаттық агенттің мәртебесіне теңестірілген халықаралық ұйымдардың паспорттарының иелеріне;
4) Қазақстан Республикасында тіркелген халықаралық ұйымдардың қызметкерлеріне және олардың отбасыларының мүшелеріне;
5) шетел мемлекеттерінің, үкіметтерінің басшыларына және олардың отбасы мүшелеріне;
6) дипломаттық паспорттарының иелері - шет мемлекеттері парламентінің, үкіметінің мүшелеріне және олардың отбасының мүшелеріне, сонымен қатар дипломаттық паспорттардың иелері – шетел ресми делегациясының мүшелеріне және олармен бірге жүретін адамдарға;
7) курьерлік парағы бар болған жағдайда, дипломаттық поштаны тасымалдаушы дипломаттық паспорттардың иелері – дипломаттық курьерлерге;
8) Қазақстан Республикасының құрметті консулдарына және олардың отбасы мүшелеріне;
9) Қазақстан Республикасында тіркелген шетел мемлекеттерінің құрметті консулдарына және олардың отбасы мүшелеріне беріледі.
Дипломаттық визалар төмендегі тұлғаларға берілмейді:
1) дипломаттық паспорттарын көрсеткен, бірақ Қазақстан Республикасында дипломаттық сапасы танылмайтын тұлғаларға;
2) дипломаттық поштаны тасымалдаушы адамның дипломаттық паспорты жоқ болған жағдайда.
Дипломаттық визалар бір, екі, үш және көп мәрте келуге және шығуға беріледі.
Қызметтік визалар:
1) Дипломаттық агент мәртебесіне теңестірілмеген халықаралық ұйымдар паспорттарының иелеріне және халықаралық ұйымдарда жұмыс істейтін ұлттық паспорт иелеріне;
2) Қазақстан Республикасына қызметтік істер бойынша жіберілген қызметтік паспорт иелеріне;
3) ресми шетел делегацияларының мүшелеріне және олармен бірге жүретін адамдарға;
4) Қазақстан Республикасында тіркелген халықаралық ұйымдар мен шет мемлекеттер дипломаттық өкілдіктерінің әкімшілік - техникалық және қызмет көрсетуші персоналына, консулдық қызметшілерге, шет мемлекеттердің консулдық мекемелерінің қызмет көрсетуші персоналына және олардың отбасы мүшелеріне;
5) дипломаттық поштаны тасымалдаушы дипломаттық курьерлерге, егер дипломаттық паспорты жоқ және курьерлік парағы болған жағдайда;
6) Қазақстан Республикасына Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасының Парламентінің, Қазақстан Республикасының Үкіметінің, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесінің, Қазақстан Республикасының Жоғарғы сотының және Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясының, Қазақстан Республикасы Президентіне тікелей бағынышты және есепті органдардың, Қазақстан Республикасының орталық атқару органдарының шақыруымен келетін тұлғаларға;
7) Қазақстан Республикасына қызметтік істер бойынша жіберілетін шет мемлекеттердің әскери қызметшілеріне;
8) Қазақстан Республикасында тіркелген шетел дипломаттық өкілдіктерінің, консулдық мекемелерінің және халықаралық ұйымдардың шақыруымен Қазақстан Республикасына іссапарға жіберілген тұлғаларға;
9) Қазақстан Республикасында тіркелген және ҚР СІМ басшылығының нұсқауы негізінде Қазақстан Республикасына жіберілетін бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне беріледі.
Қызметтік визалар бір, екі, үш және көп мәрте келуге және шығуға беріледі.
Инвесторлық визалар Қазақстан Республикасының экономикасын инвестициялауға қатысушы шетелдік заңды тұлғалардың басқарушы буындарының басшылары мен өкілдеріне, АӨҚО қатысушыларына, сондай-ақ олардың отбасының мүшелеріне беріледі.
Бір мәртелік инвесторлық визалар шетелдіктерге ҚР СІМ басшылығының нұсқауы бойынша, не болмаса ҚР шетелдегі мекемелері басшыларының келісімі бойынша шетелдік заңды тұлғалардың немесе Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігінің Инвестициялар жөніндегі комитетінің қолдаухаты болған жағдайда, оларға Қазақстан Республикасының аумағына кіруге шектеу жоқтыєы алдын ала тексеріліп, шақыру қағазсыз, өтініш білдірілген күні беріледі, кейін виза берілген фактісі ҚР СІМ-ге хабардар етіледі.
АӨҚО қызметін реттейтін уәкілетті органның қолдаухаттары бойынша АӨҚО қатысушыларына 30 тәулік мерзімге дейін бір мәртелік инвесторлық визаларды өтініш жасаған күні беруге болады.
Көп мәртелік инвесторлық визалар АӨҚО қызметін реттейтін уәкілетті органның қолдаухаты және ҚР СІМ, ҚР ІІМ мен ҚР ҰҚК-мен келісілген паспорттық деректері бар АӨҚО-ға қатысушылардың (дилерлер, брокерлер және эмитенттер) тізімдері негізінде, АӨҚО қатысушыларына, АӨҚО әкімшілігі жанындағы халықаралық кеңес мүшелеріне, сонымен қатар олардың отбасының мүшелеріне беріледі. АӨҚО қызметін реттейтін уәкілетті органның қолдаухаттарының ұлттық қауіпсіздік органдарында келісілуі 3 жұмыс күнінен аспайтын мерзім ішінде жүзеге асырылады. Көп мәртелік инвесторлық визалар беру барысында ҚР СІМ - нің келісімі талап етіледі.
Инвесторлық визалар бір, екі, үш және көп мәрте келуге және шығуға беріледі.
Іскерлік визалары Қазақстан Республикасына келесі іскерлік мақсаттармен келетін шетелдіктерге:
1) іссапар;
2) келіссөздер жүргізу, келісім-шарттар жасасу, консультациялық және аудиторлық қызметтер көрсету;
3) конференцияларға, симпозиумдарға, форумдарға, көрмелерге, концерттерге, мәдени, ғылыми, спорттық және басқа да іс-шараларға қатысу;
4) мектеп оқушылары, студенттер және жастар арасындағы алмасу бағдарламалары бойынша, Қазақстан Республикасының оқу орындарында оқудан басқа;
5) халықаралық автомобильдік тасымалдауды жүзеге асыру;
6) Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ХААҰ) куәлігі жоқ кезекті және чартерлік рейстер ұшақтарының экипаждары мүшелеріне, сондай-ақ поез бригадаларына және кемелер экипаждарының мүшелеріне;
7) гуманитарлық көмекпен бірге жүрушілерге;
8) жоғарғы оғу орындарында қысқа мерзімді дәріс оқу, сабақ жүргізу;
9) жабдықтарды жинақтау, жөндеу және оларға техникалық қызмет көрсету;
10) Қазақстан Республикасының әділет органдарында тіркелген заңды тұлғалардың құрылтайшыларына, ұйымдастырушыларына беріледі.
Іскерлік (ІСВ) санаттағы визаларды беруге төмендегілер негіз болып табылады:
1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының және мемлекеттік емес заңды тұлғаларының, Қазақстан Республикасында тіркелген дипломаттық өкілдіктердің, шет мемлекеттердің консулдық мекемелерінің, халықаралық ұйымдардың шақыруы;
2) 2 қосымшада көрсетілген елдер азаматтарының ҚР шетелдердегі мекемелеріне білдірген жазбаша өтініші, сондай-ақ ұлты қазақ шетелдіктер (ұлтын растайтын құжаттары болған жағдайда) шақыру қағазсыз және ҚР СІМ - нің нұсқауысыз.
Іскерлік визалар бір, екі, үш және көп мјрте келуге және шығуға беріледі.
Бекіту сұрақтары
Туристтік формальдылықтардың негізгі элементтеріне жатады….
Келесі терминдер мен түсініктерге анықтама беріңіз: «формальдылық», «туристтік қызмет», «тур», «туристтік маршрут», «туристтік қызмет көрсету», «туристтік ваучер».
Туристтік формальдылықтар қалай жіктеледі?
Әдебиет:
Ердавлетов, С. Р. География международного туризма [Текст] : учебное пособие / С. Р. Ердавлетов, Ж. Н. Алиева. - Алматы : Қазақ университеті, 2013.
География туризма [Текст] : учебник / А. Ю. Александровой. - 3-е изд. - М. : КНОРУС, 2010. - 592 с.
Бабажанова, Ж. А.Поведение потребителей на рынке туристических услуг [Текст] : учебное пособие / Ж. А. Бабажанова, А. А. Флек. - Шымкент : GOLDYES, 2016. - 230 с.
Кузьменко, Ю. В.Культурный сервис и туризм [Текст] : курс лекции / Ю. В. Кузьменко. - Almaty : TechSmith, 2019. - 156 с.
Дүние жүзінің туристік - рекреациялық аймақтары [Текст] : оқу құралы. - Алматы : Сөздік-Словарь, 2013. - 536 бет.
Смагулова, К. Р.Қонақжайлылық және туризм экономикасы [Текст] : электрондық оқулық / К. Р. Смагулова, О. Ж. Досымова. - Алматы : РЖООАЭК, 2017. - 25 бет.AKNURPRESS
Байискакова Қ.А. Қурорттық және сауықтыру туризмі. Оқу құралы.-Алматы: ЖК "LP-Zhasulfn",2019-110 б
Тақырыбы: ҚР визаларды алу ережелері
Сағат саны: 1
Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары:
1. Қазақстандық виза алу ережелері.
2. Шетел азаматтарының Қазақстан Республикасына келу, кету, мекендеу ережелері.
3. Консулдық заңдастыру ережелері.
Дәріс тезисі
Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше тәртіп көзделмесе, шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасының аумағына келу үшін Қазақстан Республикасының визасы қажет. ҚР визаларын беру тәртібі «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы – Сыртқы істер министрінің 2002 жылғы 24 желтоқсандағы № 08-1/77 бұйрығымен және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2002 жылғы 27 желтоқсандағы № 806 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының визаларын беру тәртібі туралы нұсқаулықпен реттеледі.
ҚР визасы жарамды паспортқа немесе Қазақстан Республикасы танитын жеке басын куәландыратын басқа құжатқа жапсырылады, және Қазақстан Республикасының аумағына келуге, және онда болуға, сондай-ақ кетуге немесе транзитпен ҚР аумағын кесіп өтуге құқық береді.
1. Қазақстан Республикасының визаларын беру және олардың қолданыс мерзімін ұзарту үшін қолданылып жүрген заңнамаларға сәйкес ресімделген халықаралық ұйымдардың, шет мемлекеттер өкілдіктерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасы мемлекеттік мекемелерінің Астанадағы ҚР СІМ Консулдық қызмет департаментіне немесе Алматыдағы КҚД өкілдігіне тапсырылған жазбаша өтініштері негіз болып табылады.
Туристер ретінде немесе іскерлік мақсатпен шетел азаматтарын шақыратын мемлекеттік емес ұйымдар облыстық деңгейдегі көші-қон полициясының жергілікті бөлімшелерімен (Астана мен Алматы қалаларының тұрғындары үшін Астана және Алматы қалаларының Ішкі істер бас басқармасы – Ішкі істер басқармасының көші-қон полициясы басқармасымен) келіскеннен кейін ҚР СІМ Консулдық қызмет департаментіне жазбаша өтініштерді береді.
Австралия Одағының, Австрия Республикасының, Америка Құрама Штаттарының, Андорраның, Аргентина Республикасының, Бельгия Корольдігінің, Болгария Республикасының, Бразилия Федеративтік Республикасының, Ватиканның, Венгрия Республикасының, Германия Федеративтік Республикасының, Грек Республикасының, Дания Корольдігінің, Жаңа Зеландияның, Жапонияның, Израиль Мемлекетінің, Ирландия Республикасының, Исландия Республикасының, Италия Республикасының, Испания Корольдігінің, Канаданың, Кипр Республикасының, Корея Республикасының, Коста-Рика Республикасының, Куба Республикасының, Латыш Республикасының, Литва Республикасының, Лихтенштейн Княздігінің, Люксембург Ұлы Герцогтығының, Мальта Республикасының, Мексика Құрама Штаттарының Монаконың, Наурудың, Нидерланд Корольдігінің, Норвегия Корольдігінің, Оңтүстік Африка Республикасының, Польша Республикасының, Португалия Республикасының, Румыния Республикасының, Сан-Марино Республикасының, Сингапур Республикасының, Словакия Республикасының, Словения Республикасының, Түркия Республикасының, Уругвай Шығыс Республикасының, Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігінің, Хорватияның, Чех Республикасының, Чили Республикасының, Швейцария Конфедерациясының, Швеция Корольдігінің, Финляндия Республикасының, Француз Республикасының, Эстон Республикасының, Ямайканың азаматтарын іскерлік немесе туристік мақсатпен шақыру үшін ішкі істер органдарының рұқсаты талап етілмейді, яғни қабылдайтын ұйымдардың шақырулары (Астана, Алматы қалаларындағы) ҚР СІМ КҚД-ға тікелей тапсырылады.
Қазақстан Республикасына жеке істерімен келетін шетел азаматтары үшін келуге арналған рұқсатты Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары ресімдейді.
2. ҚР визаларын алу үшін шетел азаматтары Қазақстан Республикасының өкілдігі орналасқан елдегі дипломатиялық/консулдық мекемесіне өтініш білдіріп, жарамды паспортты (немесе халықаралық жол жүру құжатын), ҚР СІМ КҚД визалық қолдауының нөмірі қойылған шақыру хаттың көшірмесін (немесе Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары ресімдеген жеке шақырудың түпнұсқасын), толтырылған визалық сауалнаманы және фотосуретті береді. Визаның қолданылу мерзімі шетелдік азамат паспортының қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін кемінде алты ай бұрын аяқталуы тиіс. Басқа құжаттардың беру қажеттілігін консул жергілікті жерде белгілейді.
3. Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын – жұбайларымен, балаларымен
немесе ата-аналарымен Қазақстан Республикасына бірге келетін шетел азаматтары үшін бір айға дейінгі, бірақ бір жыл ішінде екі реттен артық емес мерзімге, визалар жоғарыда аталған туыстардың өтініштері (осы шектеу Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын ата-аналарымен бірге келетін кәмелетке толмаған шетел азаматтарына қолданылмайды) негізінде ресімделуі мүмкін.
4. Қазақстанда тұратын шетел азаматының туыстары немесе таныстары ауыр науқастанған немесе қайтыс болған жағдайларда, визалар нотариалды куәландырылған қайтыс болу туралы анықтаманың көшірмелері, не дәрiгер куәландырған халықаралық жеделхат (телеграмма) негізінде ресімделуі мүмкін.
5. Қазақстан Республикасынан қоныс аударған шетел азаматтарына туған жерлеріне және туысқандарының зираттарына болып қайту үшін олардың жеке өтініштері және Қазақстан Республикасымен байланыстығын растайтын құжаттары (ұлттық паспорттағы бағаны немесе Қазақстан Республикасында туғандығы туралы куәлігі, Қазақстан Республикасында жақын туысқанының жерленгендігі туралы құжаттың, Қазақстан Республикасының азаматтығынан шыққандығы туралы анықтаманың көшірмесі) негізінде үш айға дейінгі мерзімге жеке визалар берілуі мүмкін.
6. Тарихи отанына келу тәртібін одан әрі ырықтандыру мақсатында қазақ диаспорасының шетелдік өкілдеріне ҚР СІМ-мен келісімі бойынша жыл ішінде екі рет үш айға дейінгі мерзімге олардың жеке өтініштері негізінде жеке визалар берілуі мүмкін.
Шетелдегі ҚР консулдық мекемелерінде ҚР-дық бір мәртелік визалары 3, 4, 5 және 6-тармақтарда көрсетілген шетел азаматтарына, сондай-ақ қызметтік, туристік, жеке және іскерлік мақсатпен келетін Австралия Одағының, Австрия Республикасының, Америка Құрама Штаттарының, Бельгия Корольдігінің, Германия Федеративтік Республикасының, Грек Республикасының, Дания Корольдігінің, Жаңа Зеландияның, Жапонияның, Ирландия Республикасының, Исландия Республикасының, Италия Республикасының, Испания Корольдігінің, Канаданың, Корея Республикасының, Лихтенштейн Княздігінің, Люксембург Ұлы Герцогтығының, Малайзияның, Монаконың, Нидерланд Корольдігінің, Норвегия Корольдігінің, Португалия Республикасының, Сингапур Республикасының, Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігінің, Швейцария Конфедерациясының, Швеция Корольдігінің, Финляндия Республикасының, Француз Республикасының азаматтарына шақырусыз беріледі.
7. Дипломатиялық визалар дипломатиялық паспорттың иелеріне, халықаралық ұйымдардың қызметкерлеріне және олардың отбасы мүшелерiне, Қазақстан Республикасы таныған мемлекеттерде үкiметке, парламентке мүше, көрнекті қоғамдық және саяси қайраткерлерге консулдық алымдар алынбай беріледі.
8. Қызметтiк визалар шетелдiк дипломатиялық өкiлдiктердiң және консулдық мекемелердiң персоналына, Қазақстан Республикасында тіркелген дипломатиялық өкілдіктердің, халықаралық ұйымдардың шақыруы бойынша қызметтiк iстермен Қазақстан Республикасына жол жүретін шетел азаматтарына, қызметтік паспорттың иелеріне беріледі.
9. Инвесторлық визалар Қазақстан экономикасын инвестициялауға қатысатын шетелдiк фирмалар мен компаниялардың басқару буындарының басшылары мен өкілдеріне, сондай-ақ олардың отбасы мүшелеріне беріледі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 23 қаңтардағы № 46 қаулысына сәйкес инвесторлық виза тегін беріледі.
10. Егер халықаралық шарттар мен келiсiмдерде өзгеше көзделмесе «жұмыс iстеуге арналған» санаттағы ҚР визаларын ресімдеу үшін басқа құжаттармен қоса шетелдiк жұмыс күшiн тартуға рұқсат болуы қажет.
11. Iскерлiк визалар (iскерлiк келiссөздерге, кеңесулерге, түрлі форумдарға, конференцияларға қатысу, келісім-шарттар жасасу, бiрлескен кәсiпорындар құру, қазақстандық рынокты зерттеу, консультативтi және аудиторлық қызмет көрсету және т.б.) Қазақстан Республикасына iскерлiк мақсатпен келетін шетел азаматтарына Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген мемлекеттік емес заңды тұлғалардың қолдаухаттарының негізінде беріледі.
12. ҚР туристiк визалары шетел азаматтарына туристiк қызметтi жүзеге асыру құқығына арналған лицензиясы бар Қазақстан Республикасының туристік ұйымдарының оларды қабылдау туралы растауы, сондай-ақ iшкi iстер органдарының рұқсаты және ҚР СIМ КҚД-нiң визалық қолдауы болған жағдайда беріледі
Консулдық алымдардың ставкалары:
бір мәрте келу-кету немесе кету-келу ҚР визасы немесе оны үш айға дейінгі мерзімге ұзарту – 50 евро;
екі мәрте келу-кету немесе кету-келу ҚР визасы немесе оны үш айға дейінгі мерзімге ұзарту – 70 евро;
үш мәрте келу-кету немесе кету-келу ҚР визасы немесе оны үш айға дейінгі мерзімге ұзарту – 90 евро;
көп мәртелік виза немесе оны:
бір жылға дейінгі мерзімге ұзарту – 170 евро;
екі жылға дейінгі мерзімге ұзарту – 250 евро;
30 күнге дейінгі бір мәрте туристік виза – 35 евро;
60 күнге дейінгі екі мәрте туристік виза – 50 евро;
транзиттік виза – 30 евро құрайды.
Бекіту сұрақтары
Қандай ережелерге сүйеніп жұмыс жасалады,оны тізбектеп қарастырайық.
Әдебиет:
Ердавлетов, С. Р. География международного туризма [Текст] : учебное пособие / С. Р. Ердавлетов, Ж. Н. Алиева. - Алматы : Қазақ университеті, 2013.
География туризма [Текст] : учебник / А. Ю. Александровой. - 3-е изд. - М. : КНОРУС, 2010. - 592 с.
Бабажанова, Ж. А.Поведение потребителей на рынке туристических услуг [Текст] : учебное пособие / Ж. А. Бабажанова, А. А. Флек. - Шымкент : GOLDYES, 2016. - 230 с.
Кузьменко, Ю. В.Культурный сервис и туризм [Текст] : курс лекции / Ю. В. Кузьменко. - Almaty : TechSmith, 2019. - 156 с.
Дүние жүзінің туристік - рекреациялық аймақтары [Текст] : оқу құралы. - Алматы : Сөздік-Словарь, 2013. - 536 бет.
Смагулова, К. Р.Қонақжайлылық және туризм экономикасы [Текст] : электрондық оқулық / К. Р. Смагулова, О. Ж. Досымова. - Алматы : РЖООАЭК, 2017. - 25 бет.AKNURPRESS
Байискакова Қ.А. Қурорттық және сауықтыру туризмі. Оқу құралы.-Алматы: ЖК "LP-Zhasulfn",2019-110 б
Тақырыбы: Туризмдегі сақтандыру
Сағат саны:
Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары:
1. Сақтандырудың экономикалық мәні және қалыптасуы.
2.Шетелге баратын адамдарды медициналық сақтандыру.
3.Туризмдегі сақтандырудың түрлері.
Дәріс тезисі
Туризм – бұл біздің күнделікті өмірде кездесіп жүрген жай ғана сөз сияқты, бір жағынан солай да шығар, себебі еліміздегі қалталы адамдар үшін өмірде жиі кездесетін құбылыс, бірақ та бұл құбылыс емес, және жай ғана сөз де емес. Туризм сөзінің мағынасы өте тереңде жатыр және кең мағынада айтылады. Туризм – француз тілінен аударғанда, tourisme, tour – серуен, жол жүру, саяхат деген мағынаны білдіреді. Туризм мен саяхат қонақжайлылық индустриясының айырылмас бөлігі болып табылады. Саяхат – туризмнің басты тақырыбы. Уақыт мерзімі, арақашықтық, тұрғылықты орны, мақсат және келудің ұзақтылығы – мұның бәрі туризмнің айрықша элементтері ғана. Бүтіндей алғанда, туризм көпмақсатты феномен болып табылады, мысалы, әр түрлі оқиғалар, алыс саяхаттағы романтикалар, белгілі бір құпиялар, экзотикалық жерлерді көру және осылармен қоса жүретін денсаулық, жеке қауыпсіздік, мүлікті қорғау, кәсіпкерлік жұмыстары және т.б. сұрақтарды қамтиды. Көптеген елдерде туризм индустриясы ел бюджетінің негізгі үлесін құрайды, және сол елдің экономикасы тек бір салаға ғана, яғни туризм саласына ғана бағытталған. Біздің елімізде басқа елдерден кем емес, тіпті олардан артық деп асырып айтсақ та қателеспейміз. Осындай тамаша табиғаты бар, ежелден келе жатқан дәстүрі мен мәдениеті, қонақжайлылығы және т.б. жақсы жақтары бар еліміздің туризмін неге дамытпасқа?
Сақтандыру – қоғамның экономикалық қатынастарының айрықша сферасын бейнелейтін көне категорияларының бірі. Сақтандыру сферасы адам өмірінің, өндірісітік және әлеуметтік – экономикалық қызметтің барлық жағын қамтиды [1].
Сақтандыруға себеп болатын басты себеп - өндіріс пен адам өмірінің қауіп – қатерлі сипаты. Сондықтан өндіріс үрдістерін жалғастыру, азаматтардың жекелеген санаттарының өмір тіршілігі мен әл – ауқатын қолдап отыру мақсатында оларды сатып алу үшін қоғамның, жеке өндірушілердің, олардың топтарының (салалық және аумақтық аспектілерде) натуралдық заттай қосалқы қорларын да немесе резервтерін де, сондай – ақ ақша ресурстарын да кіріктіретін қажетті қаражаттары әдетте резерв және сақтандыру қорлары түрінде қалыптасады.
Еліміздегі сақтандыру нарығы жаңа бағыттарды қамти отырып күннен-күнге ілгерілеп дамып келеді. Сақтандыру нарығы Қазақстандағы қаржы нарығының стратегиялық бағыттарының бірі болып табылады. Сондықтан олардың ел экономикасындағы ролі өте жоғары. Егер Батыста сақтандыру компаниялары банктермен бірдей деңгейде позицияланатын болса, бізде әзірге олар әлі шағын. Олардың өсіп жетілуі үшін көптеген іс-шаралар жүргізілуі керек. Қазақстан сақтандырушылары үшін бастысы – мемлекет тарапынан қолдау бар. Республикада міндетті сақтандыру бойынша бірқатар заңдар енгізілуде, олар өз кезегінде сақтандырудың ерікті түрлерін дамытуға итермелейді.
Елімізде туризмнің дамуы белгілі бір табиғи және әлеуметтік ортада жүзеге асады, және де ол соның нәтижесінде оған шешуші бір әсер етеді. Бұл әсер әр уақытта жағымды немесе оң түрде бола бермейді. Сол себептен де туризм саласындағы орын алатын физикалық және әлеуметтік сипаттағы қауіп қатерлер туризм индустриясындағы субъектілердің назарында болуы керек және де есепке алынуы тиіс. Олар туристік қызметтегі қауіпсіздікке төнетін әр түрлі қауіп-қатерлердің алдын алуы қажет, және де олардың мүмкіндігін неғұрлым төмендету керек.
Туристік жорықтардағы қауіпсіздік туристердің жеке қауіпсіздігін, олардың мүліктерінің сақталуын сондай-ақ саяхат барысында қоршаған ортаға зиян келтірмеуді қарастырады.
Табиғат апаттарының, бақытсыз жағдайлардың және т.б. оқиғалардың салдарынан нұқсан келтірсе, қаражаттан ақша сомасын нұқсан үшін өндіріп алатын ақша қорын құру шаралар жүйесін мемлекет жүзеге асырады.
Сақтандыру шартының ұғымы Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодекстің 803 бабынан туындайды. Осы бапқа сәйкес сақтандыру шарты бойынша сақтандырушы деп аталатын бір тарап сақтандыру төлемдерін төлеуге міндеттенеді. Ал сақтандырушы деп аталатын екінші тарап сақтандыру жағдайы пайда болған кезде сақтанушыға немесе оның пайдасына шарт жасалған өзгеше тұлғаға – пайда алушыға шартта белгіленген сақтандыру сомасының шегінде сақтандыру төлемдерін төлеуіне міндеттенеді.
Сақтандыру сақтандыру шарты негізінде не өзара сақтандыру қоғамына мүшеліе негізде жүзеге асырылады.
Сақтандырудың түрлері Азаматтық Кодекстің 805 бабында көрсетілген. Осы бапқа сәйкес сақтандыру: міндеттілік дәрежесі бойынша – ерікті және міндетті болып; сақтандыру объектісі бойынша жеке және мүліктік болып бөлінеді.
Міндетті сақтандыру – заң актілері талаптарына орай жүзеге асырылатын сақтандыру. Оның түрлері, тәртібі мен талаптары заң актілерімен белгіленеді. Ол сақтанушының есебінен жүзеге асрылады.
Сақтанушы мен сақтандырудың белгілі бір түрін жүзеге асыруға лицензиясы бар сақтандырушының арасында міндетті түрде шарт жасалады.
Адам өз өмірін немесе денсаулығын сақтандыруды өзі шешеді. Сақтандыру міндетін заң актілерімен де, шартпен де азаматқа жүктеуге болмайды.
Ерікті сақтандыру – тараптардың еркін білдіруіне орай жүргізілетін сақтандыру.
Егер міндетті сақтандырудың түрлері, тәртібі мен талаптары заң актілермен белгіленсе, ал ерікті сақтандырудың түрлері, шарттары мен тәртібі тараптардың келісімі бойынша белгіленеді.
Жеке сақтандыруға – азаматтың өмірін, денсаулығын, еңбекке қабілеттілігін және жеке басына байланысты өзге де мүдделерін сақтандыру жатады.
Сақтандырудың бұл түрі бойынша сақтанушының өзі, сондай-ақ шартта көрсетілген басқа адам сақтандырлуы мүмкін.
Мүліктік сақтандыруға – мүліктік және кәсіпкерлік тәуекелдер мен азаматтық-құқықтық жауаптылықты қоса алғанда, оларға мүдделерді сақтандыру жатады.
Заңды тұлғаның немесе азаматтың кез келген мүддесі сақтандыру объектісі бола алады.
Заңда кәсіпкерлік тәуекелді сақтандыру, зиян келтіргендегі үшін азаматтық-құқықтық жауаптылықта сақтандыру, шарт бойынша азаматтық-құқықтық жауаптылықты сақтандыру жағдайларында көзделген.
Сақтандырудың мақсаты қоғамдық ұдайы өндірістің үздіксіздігін қамтамасыз ету үшін азаматтарды, мүліктерді, өндіріс процестерін қоғамдық және ұжымдық қорғау болып табылады.Сақтандыру категориясы үшін мына белгілер тән болып келеді:
1) қатынастардың ықтималдық сипаты;
2) қатынастардың төтенше (жай емес) сипаты (кез келген ауқымда – мемлекеттік, аймақтық деңгейде, кәсіпорын немесе оның оның бөлімшесі, жеке адам деңгейінде).
Сақтандыру категориясының қаржы категориясымен ортақ өзгеше белгілері бар:
– сақтандыру қатынастарының ақшалай сипаты;
– сақтандырудың қоғамдық өнімнің құнын қайта бөлуге қатысуы;
– оның іс – қимылы ақша қорларын жасап, пайдаланумен қосарланып отырады;
– сақтандыру қатынастарының бір бөлігінің міндетті сипатының болуы;
- ақша қорларын жасап, пайдалану кезіндегі сақтық баламалылығы барлық жағдайда бола бермейді (қатынастардың баламасыздығы).
Сақтандыру – жеке тұлға немесе заңды тұлғаны білгілі бір зиян шегулерін көптеген тұлғалар арасында (сақтандыру жиынтығы) болу тәсілі арқылы зиянның орнын толтыру болып табылады.
Зиянның орнын толтыру сақтандыру ұйымдарының (сақтандырушының) иелігіндегі сақтандыру қорының көзінен жүргізіледі
Туризмдегі сақтандыру - әлеуметтік сақтандыру түріне жатады. Әлеуметтік сақтандыруға 4 сала кіреді:
- Медициналық сақтандыру (міндетті және еріктік);
- Зейнетақылы сақтандыру;
- Белгісіз, аяқастынан болатынан сақтандыру;
- Жұмыссыздықты сақтандыру.
Сақтандыру іс-әрекеті және соған байланысты іс шаралар кешені сақтандыру нарығында жүреді.
Сақтандыру нарығы дегеніміз – бұл ерекше әлеуметтік-экономикалық орта және де сату және сатып алу объектісі ретінде сақтандыру қорғаушысы жүретін экономикалық қатынастардың сферасы болып табылады.
Сақтандыру нарығына төмендегілер тән:
- Қоғамның сақтандыру қорғанысын қамтамасыз ету үшін, сақтандыру қорларын бөлу және қалыптастыру бойынша қатынастардың ұйымдастыру формасы;
- Сақтандыру процессін жүзеге асыратын сақтандыру ұйымның (сақтандырушылардың) жиынтығы.
Сақтандырудың экономикалық мәні барлық қатысушылардың төлемдері есебінен оқыс оқиғаға ұшырағанға көмек көрсетілетіндігінде.
Демек, сақтандыру – қолайсыз құбылыстар мен күтпеген оқиғалар болған кезде жеке және заңды тұлғалардың мүліктік мүдделерін қорғау және оларға материалдық зиянды төлеу үшін мақсатты ақша қорларын құру және пайдалану жөнінідегі қайта бөлгіштік қатынастардың айрықша сферасы.
Сақтандырудың экономикалық мәніне бұл категорияның қоғамдық арналымының көрінісі ретінде оның бөлу, өтемдік, жинақтық және бақылау функциялары сай келеді.
Бөлу функциясы: бұл функцияның өзгешелігі қайта бөлу ретінде көрінуі. Ол алдын алу функциясына, мысалы, алдын алу шараларын қаржыландыру жолымен сақтандыру жағдайының болу мүмкіндігін жоюға бүгіледі.
Жеке басты сақтандыруда бөлу функциясы сақтандырудың тиісті түрлерінің жинақтық функциясына байланысты болады.
Бақылау функциясы сақтандыру төлемдерін жұмылдыруды және сақтандыру қорын қатаң мақсатты пайдалануды қамтамасыз етуге байланысты болатын тараптардың нақты қатынастарында көрінеді.
Соңғы уақытта бірқатар зерттеушілер сақтандырудың экономикалық категориясын сипаттау үшін тәуекелдік функциясын қарауды ұсынады, өйткені сақтық тәуекелі сақтандырудың негізгі арналымымен – қолайсыз оқиғалардан болған зиянның орнын толтырумен байланысты.
Бекіту сұрақтары
1. Сақтандырудың экономикалық мәні және қалыптасуы.
2.Шетелге баратын адамдарды медициналық сақтандыру.
3.Туризмдегі сақтандырудың түрлері.
4.Сақтандыру түсінігі: қазіргі қоғамдағы оның қажеттілігі, мәні, функциялары, қағидалары, сақтандырудың экономикалық табиғаты.
Әдебиет:
Ердавлетов, С. Р. География международного туризма [Текст] : учебное пособие / С. Р. Ердавлетов, Ж. Н. Алиева. - Алматы : Қазақ университеті, 2013.
География туризма [Текст] : учебник / А. Ю. Александровой. - 3-е изд. - М. : КНОРУС, 2010. - 592 с.
Бабажанова, Ж. А.Поведение потребителей на рынке туристических услуг [Текст] : учебное пособие / Ж. А. Бабажанова, А. А. Флек. - Шымкент : GOLDYES, 2016. - 230 с.
Кузьменко, Ю. В.Культурный сервис и туризм [Текст] : курс лекции / Ю. В. Кузьменко. - Almaty : TechSmith, 2019. - 156 с.
Дүние жүзінің туристік - рекреациялық аймақтары [Текст] : оқу құралы. - Алматы : Сөздік-Словарь, 2013. - 536 бет.
Смагулова, К. Р.Қонақжайлылық және туризм экономикасы [Текст] : электрондық оқулық / К. Р. Смагулова, О. Ж. Досымова. - Алматы : РЖООАЭК, 2017. - 25 бет.AKNURPRESS
Байискакова Қ.А. Қурорттық және сауықтыру туризмі. Оқу құралы.-Алматы: ЖК "LP-Zhasulfn",2019-110 б
Тақырыбы: Саяхаттар қауіпсіздігі
Сағат саны:
Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары:
1.Туристерді тасымалдау қауіпсіздігі.
2.Автокөліктерде қауіпсіздікті қамтамасыз ету.
3.Туристердің дұрыс әрі қауіпсіз тамақтануы
Дәріс тезисі*
Туризм әрқашанда көлікпен байланысты болады (авиациялық, теміржол, автомобильді, су көлігі т.б.). Көлік түрлері туристерді тасымалдау кездерінде апаттар болып, қауіп төндіруі мүмкін. Сол себепті туристерді тасымалдау кезіндегі қауіпсіздік мәселелеріне аса қатты көңіл бөлінуі керек.Туристік және экскурсиялық көліктік саяхаттарды ұйымдастыру үшін ең маңызды мәселе көліктің қауіпсіздігі мен сенімділігі және туристердің қауіпсіздігін ұйымдастырушылық және ақпараттық іс-шаралар арқылы жоғарылату болып отыр. Туризм мақсатында қолданылатын көліктердің бекітілген талаптарға сәйкестік сертификаттарының, ал көліктік кәсіпорындардың жолаушы тасымалдау қызметіне лицензияларының болуы тиіс.Туристердің баратын жерлеріне дейін жетуі мен қайтадан келуі және саяхат кезінде пайдалануы үшін әртүрлі көлік түрлері қолданылады.Әрбір нақты жағдайларда туристердің жарақат алуы, қозғалмалы механизмдермен байланыс кезінде төнетін қауіптерді болдырмау шараларын қарастыру қажет.Жарақат алуды болдырмау үшін туроператорлар, ең алдымен, көлік компанияларының қауіпсіздікке қатысты рейтингтерін қадағалап отыруы және тасымалдау кездерінде жеке қауіпсіздік шараларын сақтау туралы ақпараттандыру жұмыстарын жүргізу қажет.Әрбір көлік жүйесі шегінде жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің ережелері мен нормалары бар.Авиа тасымалдау кезіндегі жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуАвиа тасымалдау қауіпсіздігі – авиакомпанияларының өздерінің сөзсіз ерекше хұқы. Бұндай көпсалалы міндеттер көптеген мамандандырылған қызметтер көмегімен шешіледі (қарапайым техникалық мәселелерден терроризмді болдырмауға дейін). Сонымен қатар, бір мезгілде ұшу қауіпсіздігі көптеген жағдайларда жолаушылардың өздеріне байланысты болады.Туристік фирмалар жұмысшылары жолаушыларды, жүктерді авиалинияларда тасымалдаудың ережелерін, ұшу қауіпсіздігі ережесін білуі және ұшу кезінде жеке және қоғамдық қауіпсіздікті қаматамасыз ету шаралары туралы туристерді ақпараттандыруы керек.Туристер өздерімен бірге тіркелмейтін жүктер ретінде қандай заттарды алып жүруге рұқсат етілетінін білулері қажет. Бұл заттардың салмағы 5 кг аспауы шарт. Кейбір жағдайларда (авиакомпания рұқсатымен) тіркелмеген заттар ретінде тасымалдауда ерекше абайлылықты талап ететін заттарға рұқсат етіледі.Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жолаушылар мен экипаж мүшелерінің өмірі мен денсаулықтарын қорғау мақсатында азаматтық авиация, милиция, кеден мекемелері мен шекара орындарының жолаушылардың жеке және жүктерді тексеруге құқылары бар.Туристер тексеру жүргізудің мақсаты, ұшу көліктерінде тасымалдауға рұқсат етілмейтін заттар және тасымалдау ережелерін бұзған жағдайлардағы жауапкершіліктер туралы алдын ала ақпараттандырылуы керек.Туристік саяхатты табысты өткізудің маңызды мәселесі – ол туристердің дұрыс әрі қауіпсіз тамақтануы. Тамақ дене ауыртпалығымен болған күшінінің орнын толтыру үшін қажет. Тамақтануды ұйымдастыру оны есептеуден, сатып алудан, салудан және дұрыс бөлуден тұрады.Азық-түлікке қойылатын ең басты талаптар: жоғары калориялық, салмағының жеңілдігі, ұзақ сақталу мен суланбауға шыдамдылығы.Азық-түлікке қажеттілікті анықтау туристік топтың тәжірибесіне, материалдық және көліктік мүмкіндіктеріне қарай есептелінеді. Тағамдар құндылығы оның калориялығымен таңдалады. Тамақ калориялылықпен қатар, тамақ құрамындағы негізгі компоненттерінің дұрыс қатынасымен де сипатталады. Саяхатқа алынған тағамдар ішінде құрамында көміртегі бар азық-түліктер болуы тиіс. Адамға орташа бұндай өнімдерден 500-800г қажет етіледі.Тағамның келесі энергетикалық көзі – бұл майлар. Салмағына қарай олар көп калориялы болып келеді. Адамға күніне 70-100г әртүрлі майлар қажет. Қатты ыстық кездерде ағзаның көміртекке қажеттілігі төмендейді және калория жетіспеушілігінің орнын майлар толтырады. Майлы, құнды тамақтарды қыс уақытында көп қолданады. Көміртек пен майлар қандай да бір деңгейде бір-бірінің орнын толтыра алады.
Бекіту сұрақтары
1.Қандай туристерді тасымалдау қауіпсіздігін білеміз?
2.Автокөліктерде қауіпсіздікті қалай қамтамасыз етуге болады?
3.Туристердің дұрыс тамақтануы.
Әдебиет:
Ердавлетов, С. Р. География международного туризма [Текст] : учебное пособие / С. Р. Ердавлетов, Ж. Н. Алиева. - Алматы : Қазақ университеті, 2013.
География туризма [Текст] : учебник / А. Ю. Александровой. - 3-е изд. - М. : КНОРУС, 2010. - 592 с.
Бабажанова, Ж. А.Поведение потребителей на рынке туристических услуг [Текст] : учебное пособие / Ж. А. Бабажанова, А. А. Флек. - Шымкент : GOLDYES, 2016. - 230 с.
Кузьменко, Ю. В.Культурный сервис и туризм [Текст] : курс лекции / Ю. В. Кузьменко. - Almaty : TechSmith, 2019. - 156 с.
Дүние жүзінің туристік - рекреациялық аймақтары [Текст] : оқу құралы. - Алматы : Сөздік-Словарь, 2013. - 536 бет.
Смагулова, К. Р.Қонақжайлылық және туризм экономикасы [Текст] : электрондық оқулық / К. Р. Смагулова, О. Ж. Досымова. - Алматы : РЖООАЭК, 2017. - 25 бет.AKNURPRESS
Байискакова Қ.А. Қурорттық және сауықтыру туризмі. Оқу құралы.-Алматы: ЖК "LP-Zhasulfn",2019-110 б
Тақырыбы: Визаны рәсімдеу тәртібі және Шенген келісімі елдерінің шекарасынан өту
Сағат саны: 2
Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары:
1. ҚР –да визаны рәсімдеу тәртібі мен шарттары.
2. Шенген визасының жалпы ережелері.
3. Шенген визалық аймағы. Шенген визасының рәсімделуі
Дәріс тезисі
Батыс еуропалық ынтымақтастық ауқымының кеңеюi Еуропалық Одаққа мүше елдердiң арасында кедендiк кедергiсiз, еркiн қозғалу ережелерiн түзу туралы бастамаға негiз болды. Екiншi Дүниежүзiлiк соғыс аяқталғаннан кейiн бiрiгуге ұмтылған кәрi құрлықтағы шекаралық мәселелердi мемлекетаралық келiсiмдер арқылы шешу тәжiрибесi мол болатын. Мысалы, Солтүстiктiк төлқұжаттық одақ. Одаққа 1949 жылы Ұлыбритания мен Ирландия, 1954 жылы Исландия, Норвегия, Дания мен Швеция, ал 1955 жылы Финляндия мүше болған. Бiрақ бүкiл еуропалық деңгейдегi төлқұжаттық келiсiм бiрнеше жыл бойы шешiмiн таппай келдi.1985 жылдың 14 шiлдесiнде Люксебургтiң Шенген қаласында еуропалық 5 мемлекет – Люксембург, Франция, Германия, Бельгия мен Нидерландтар ортақ келiсiмге қол қойды. Аталған құжат 5 мемлекеттiң арасындағы төлқұжаттық кедендiк бақылаудан бас тартуға қатысты болатын. Әрине, бiрден емес, сатылап, кезең бойынша. Келiсiм толық жүзеге асырылған сәттен бастап, 5 елдiң азаматтарына кедендегi кедергiлер мен тексерулерден құтылған. 1995 жылы осы келiсiмге Испания мен Португалия қол қойды. 1997 жылы Италия, 2000 жылы Греция мен Австрия, 2001 жылдың 25 наурызында Дания, Финляндия, Норвегия, Швеция мен Исландия қосылды. Еуропаның қақ ортасындағы адамдардың емiн-еркiн жүрiп-тұруға мүмкiндiк беретiн кеңiстiк осылайша түзiлген едi. Шенгендiк ереже құрамына Шенггендiк келiсiм (1985 ж.), Конвенция (1990 ж.), мемлекеттердiң Шенгендiк аймаққа мүше болғандары туралы келiсiмдер мен осы келiсiмдердi толықтыру мақсатында 1999 жылдың 1 мамырында қабылданған бiрқатар келiсiмдер кiредi. Ынтымақтастық барысында туындаған көптеген техникалық мәселелердi шешу үшiн мемлекеттер 1990 жылы Шенгендiк келiсiмге қосымша Конвенцияны қабылдады. Ресми түрде "Екiншi шенгендiк келiсiм" деп аталған құжат адамдардың еркiн жүрiп-тұруына қатысты ережелердi бекiткен. Конвенцияға Италия (1990), Испания мен Португалия (1991), Греция (1992) қосылды. Ирлания мен Ұлыбритания миграциялық ағынға тосқауыл қоя алмай қалуымыз мүмкiн деген қауiппен, Екiншi шенгендiк конвенцияны мойындаудан бас тартты. 1995 жылы Еуропалық Одаққа мүше болғаннан кейiн Австрия мен Швеция Шенгендiк аймақ құрамына ендi. Солтүстiктiк төлқұжаттық одақтың басқа да мүшелерi – Финляндия, Дания Норвегия мен Исландия да Шенгендiк келiсiмдi қабылдады. Бiр айта кетерлiгi, Исландия мен Норвегия ЕО құрамында жоқ. 1997 жылғы Амстердамдық келiсiм Ероодақ құрамындағы барлық мемлекеттiң Шенгендiк келiсiмдi қабылдауына мiндеттейдi. 1999 жылы Тамперде өткiзiлген ЕО саммитiнде Орталық және Шығыс Еуроаның аумағындағы елдердiң ЕО-ға қабылданбаса да, Шенгендiк құжаттарға қол қоюы керектiгi айтылды. Осының нәтижесiнде, 2002-2003 жылы виза беру жүйесiн жаппай реформалау басталды. 2006 жылы Шенгендiк конвенцияға өзгерiс енгiзiлгендiктен, Шенгендiк кодекс қабылданды.
Шенген визасы арқылы бірнеше мемлекеттерді аралауға болады. Қазіргі таңда шенген визасы 23 мемлекетте рәсімделеді: Австрия, Бельгия, Венгрия, Германия, Греция, Дания, Исландия, Испания, Италия, Латвия, Литва, Люксембург, Мальта, Нидерланд, Норвегия, Польша, Португалия, Словакия, Финляндия, Франция, Швеция, Чехия, Эстония.
ҚР азаматтары шенген визасын қалай ала алады?
Шенген визасын кез келген консулдық қызметтен алуға болады. Алайда, ол сіздің қай елге баратыныңызға байланысты. Мысалы, сіз Франция еліне сапарға шықсаңыз, алдымен Франция мемлекетінің еліміздегі консулдық қызметіне барып, шенген визасын рәсімдейсіз. Ал егер де сіз бір емес, бірнеше мемлекетке жол тартсаңыз, қай мемлекетте ең көп тұрақтауды жоспарласаңыз, сол елдің консулдық қызметіне жүгінесіз. Шенген визасының бірнеше түрі бар. С категориялы виза түрі кең таралған. Бұл виза бір және көп мәртелі (мультивиза) болып есептеледі.
Шенген визасын алудың талаптары:
Шенген визасын алуға арыз берген азаматтың шетелдік төлқұжатының (паспорт) берілген мерзімі 2002 жылдан кейінгі жылдар болуы керек. Төлқұжаттың кем дегенде екі беті толтырылмаған таза болуы тиіс;
Сапар мақсаты мен барысын айқындайтын құжаттар болуы тиіс: іссапар, демалыс, шақырту, туристік ваучер т.с.с;
Ақша қаражаттары жеткілікті болуы керек (1 күн=100 АҚШ доллары);
Халықаралық медициналық сақтандыру куәлігі міндетті түрде қажет;
Сауалнама толтырылуы тиіс.
Шенген визасын алу үшін қажетті құжаттар:
Шетелдік құжат;
Жұмыс істейтін мекемеңізден қызметіңіз бен айлығыңыз туралы анықтама;
Неке қию немесе ажырасу туралы куәлік;
Валюталық шотыңыз туралы анықтама;
Әуебилет;
3,5х4,5 фотосурет (2 дана);
Ата-анаңыз, жолдасыңыз және балаларыңыз жайлы толық ақпарат.
Шенген визасы қандай жағдайда берілмейді?
Қоғамға, мемлекетке қауіп төндіретін азаматтарға шенген визасы берілмейді.
Шенген аймағына кіретін елдердің біріне сапар шегу белгілі бір себептерге байланысты рұқсат етілмесе, виза берілмейді.
Алдыңғы визалық тәртіпті бұзған жағдайда берілмейді.
Егер де сізге белгілі бір себептерге байланысты шенген визасы берілмесе, сіз үш айдан кейін қайтадан арыз бере аласыз.
Бекіту сұрақтары
Шенгендік визалардың қандай түрлерін білесіз?
Ең бірінші Шенген келісіміне қай жылы қол қойылды?
Екінші Шенген келісіміне қай жылы қол қойылды?
Шенген келісімі елдерінің қайсына кіруге жеңілдікті визасыз тәртіп берілмеген?
Әдебиет:
Ердавлетов, С. Р. География международного туризма [Текст] : учебное пособие / С. Р. Ердавлетов, Ж. Н. Алиева. - Алматы : Қазақ университеті, 2013.
География туризма [Текст] : учебник / А. Ю. Александровой. - 3-е изд. - М. : КНОРУС, 2010. - 592 с.
Бабажанова, Ж. А.Поведение потребителей на рынке туристических услуг [Текст] : учебное пособие / Ж. А. Бабажанова, А. А. Флек. - Шымкент : GOLDYES, 2016. - 230 с.
Кузьменко, Ю. В.Культурный сервис и туризм [Текст] : курс лекции / Ю. В. Кузьменко. - Almaty : TechSmith, 2019. - 156 с.
Дүние жүзінің туристік - рекреациялық аймақтары [Текст] : оқу құралы. - Алматы : Сөздік-Словарь, 2013. - 536 бет.
Смагулова, К. Р.Қонақжайлылық және туризм экономикасы [Текст] : электрондық оқулық / К. Р. Смагулова, О. Ж. Досымова. - Алматы : РЖООАЭК, 2017. - 25 бет.AKNURPRESS
Байискакова Қ.А. Қурорттық және сауықтыру туризмі. Оқу құралы.-Алматы: ЖК "LP-Zhasulfn",2019-110 б
Тақырыбы: Турларды визалық рәсімдеу мен диспетчерлік журнал
Сағат саны: 2
Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары:
1.Турларды визалық рәсімдеу мен диспетчерлік журнал туралы жалпы түсінік
2.Турларды визалық рәсімдеу мен диспетчерлік журналға қойылатын негізгі талаптар
3.Турларды визалық рәсімдеу мен диспетчерлік журналды толтыру тәртібі
Дәріс тезисі
Тәжірибе көрсеткендей, шағын қонақ үйлер - бұл біреудің иелігіндегі қомақты табыс әкелетін тәуелсіз қонақ үйлер. Басқару мен басқа біреудің қызмет көрсету белгісін қолдану сұрақтары туралы басқа да компаниялармен құрылған келісімшарттардың болуы басқа нарықтық қарым-қатынас субъектілермен байланыста кәсіпорынның тәуелсіздігі стасусының өзгеруіне бағытталған.
Соңғы жылдары шағын қонақ үйлер мамандандырылған бағдарламалар мен маркетингтік зерттеулердің көшбасшысына айналды. Бұл қандай категориядағы отельдер және олардың танымалдығы немен байланысты?
Қонақ үйлік желілердің сандық өсуі, олардың өзара қосылуы сұраныс пен демалыс әртүрлілігінің төмендеуі туралы қате ойды қалыптастырады. Бірақ тәжірибеде керісінше тенденция байқалады: желілердің таралуы туристердің әр түрлі қалауларын қанағаттандыра алмайды, бұл өз кезегінде қайталанбастық пен ерекшелікті ұстанатын тәуелсіз шағын қонақ үйлердің дамуына жол ашады. Дәл осы қонақ үйлерді мамандар XXI ғасыр қонақ үйлерінің прототипі санаған: комфортабельді, ауылдық стильге салынған, шағын қаражатқа қызмет көрсететін, демелыс пен жұмысқа керектінің барлығы бар, мейрамханасыз бірақ бөлек тұтынушыларға жоғары сапада қызмет көрсетілетін мейрамханасы бар қонақ үйлер. Шағын қонақ үйдің ерекшелігі нарықтық саясаттың негізгі құралы болып саналады.
Бүгінгі күні нақты анықталған орналастыру құралдарын олардың көлемі бойынша бөлетін тәртіптер белгіленбнген. Тәжірибеде қонақ үйлер үлкен 4 категорияға бөлінген: шағын қонақ үйлер (150 нөмірге дейін), орташа (151-ден 300 нөмірге дейін), ірі (301-ден 600 нөмірге дейін) және алып қонақ үйлер ( 600 нөмірден жоғары). Айт кететін жайт, мемлекетке байланысты, жақшадағы сандар үлкен айырмашылық жасайды. Европа, өзінің тығыз шекарасымен алып АҚШ-пен салыстырғанда, айырмашылық жасайды, мысалға, АҚШ-та Майами, Флорида немесе Лас-Вегастағы 1000-нан аса нөмірі бар қонақ үйлерге аса таң қалмайды. Еуропадағы шағын қонақ үй, негізінен 50 нөмірден аспайды, ал АҚШ-та 150 нөмірлі қонақ үй шағын болып есептеледі.
Осы ретте Ресей Европаға жақынырақ. Қазіргі кезде Қазақстанда 10-нан 100 нөмірге дейінгі қонақүйлер шағын болып есептеледі: (10 нөмірден аз орналастыру құралы қонақүйге жатпайды). Бүгінгі күні қызмет көрсететін шағын отельдердің үлесі Алматы қаласында 4% құрайды. Қонақүйлік туристтік қызмет саласында бағыт көрсетіп отырған жаппай туризм көп із қалдырды, солардың бірі- қонақүйлік өнімнің бір типтілігі.
Бірақ қонақүйлік бизнесті ұйымдастырудың шағын формаларына деген қызығушылық Қазақстанда ғана байқалмайды. Ол қонақ үйлік қызметтің негізгі тұтынушылары болып табылатын туристінің өзін-өзі ұстауы жеңілірек адаптацияланады, «шалғайдағы үйде» секілді атмосфераны туғызады. Қабылдау және орналастыру (Reception) бөлімінің негізгі функциялары болып қонақтарды тіркеу, номерлерді үлестіру, қонақтарды орналастыру мен шығарып салу, және оларға көптеген қосымша қызметтер көрсету табылады. Қабылдау қызметі отельдің холлында орналасады.
Қабылдау және орналастыру бөлімінің администраторы тікелей қонақтарды орналастырумен, оларды тіркеумен айналысады. Қонақтардың сұраныстары мен арыздарын қабылдайды және сәйкес қызметтерді сол мәліметтер туралы ақпараттандырады. Бұл қызметкерлер отельдегі қонақтардың ыңғайлы жүріс - тұрысы үшін жауапты болатын отельдің барлық қызметкерлерінің жұмысын бақылайды.
Консьерж театрлар мен музейлерге билеттерге тапсырыс берумен, таксиге тапсырыс берумен және басқа да сол сияқты жұмыстармен айналысады. Консьерж сонымен қатар келесідей қонақ үй лоббиінің барлық қызметкерлерінің жұмысын қадағалайды: швейцарлар, жүкті жеткізушілер, паждар мен лифтерлар.
Швейцар (doorman) қонақты күтеді, есікті ашады, такси шақырады, машиналардың орналасуын басқарады, қонаққа жүгін түсіруге көмектеседі, жүкті күзетеді және оны жүкті жеткізушілерге береді, олар ол жүкті қонақ үйге кіргізіп номерлер бойынша үлестіреді.
Паж (bellboy) қонақты номерге дейін ертіп барады, оның қол жүгін алып жүреді, номерді ашады, оның дайындығын тексереді, қонаққа номердің құралдарын қолдану ережелерін түсіндіреді, сонымен қатар номерлер бойынша корреспонденцияны жеткізеді және жеткізушінің басқа да функцияларын атқарады [8].
Телефон операторы кіріс және шығыс қоңырауларын үлестірумен айналысады, сонымен қатар келіссөздердің өз уақытылы төленуін қадағалайды. Ол сонымен қатар қонақтарды оятады, және де қонақүй қонақтарының сұрақтарына жауап береді.
Тапсырыс беру бөлімі номерлерді резервілеумен айналысады. Тапсырыстар әртүрлі каналдар бойынша келеді: телефон арқылы, факс арқылы, электронды пошта арқылы.
Шаруашылық қызмет (Housekeeping). Бұл бөлімшенің менеджері барлық отель мен оның номерлерінің тазалығы үшін жауап береді. Сонымен қатар менеджер кір жууды басқарады. Бұл бөлімге күтушілер, ұмытылып қалып кеткен заттар бөлімі және кір жуу қызметкерлері кіреді.
Күтушілер отельді және номерлерді жинастыру үшін жауапты. Әрбір күтушіге өз ауысымында сәйкес территория бекітіледі, ол соның тазалығын қадағалайды. Және де күтушілер тек қана номерлерді ғана жинастырмайды, сонымен қатар қызмет орындарын, мейрамханаларды және т.б. да жинастырады.
Ұмытылып қалып кеткен заттар бөлімі отель қонақтарының барлық ұмытылып қалып кеткен заттары үшін жауапты, олар журналдарда тіркеледі де қоймада сақталады.
Кір жуу қызметі қонақтармен берілген заттардың тазалығы үшін жауапты. Сонымен қатар бұл бөлім қызметкерлері отельдің барлық бөлімшелерінің униформаларының тазалығы үшін жауап береді.
Коммерциялық бөлім (Sales & Marketing department). Бұлардың қызметінің негізгі мақсаты отель жүктемесінің коэффицентінің артуында. Отельдің көлемі мен жұлдызшасына байланысты бұл қызметте шамамен 3 – 10 қызметкер жұмыс істейді. Бұл бөлімшенің міндеттеріне қонақ үйдің табысы артатын сегментті анықтау, клиенттің профилін құрастыру кіреді. Бөлім жарнамалық компанияларды ұйымдастыруға, «Front Office» бөлімі үшін отель жүктемесінің күнделікті болжамдарын дайындауға жауап береді, отель қонақтарының қанағаттану дәрежесіне талдау жүргізеді. Берілгендер қонақтарды сұрастыру мен анкеталау жолымен алынады.
Бекіту сұрақтары
1.Турларды визалық рәсімдеу мен диспетчерлік журналға қойылатын негізгі талаптарға тоқтал.
Әдебиет:
Ердавлетов, С. Р. География международного туризма [Текст] : учебное пособие / С. Р. Ердавлетов, Ж. Н. Алиева. - Алматы : Қазақ университеті, 2013.
География туризма [Текст] : учебник / А. Ю. Александровой. - 3-е изд. - М. : КНОРУС, 2010. - 592 с.
Бабажанова, Ж. А.Поведение потребителей на рынке туристических услуг [Текст] : учебное пособие / Ж. А. Бабажанова, А. А. Флек. - Шымкент : GOLDYES, 2016. - 230 с.
Кузьменко, Ю. В.Культурный сервис и туризм [Текст] : курс лекции / Ю. В. Кузьменко. - Almaty : TechSmith, 2019. - 156 с.
Дүние жүзінің туристік - рекреациялық аймақтары [Текст] : оқу құралы. - Алматы : Сөздік-Словарь, 2013. - 536 бет.
Смагулова, К. Р.Қонақжайлылық және туризм экономикасы [Текст] : электрондық оқулық / К. Р. Смагулова, О. Ж. Досымова. - Алматы : РЖООАЭК, 2017. - 25 бет.AKNURPRESS
Байискакова Қ.А. Қурорттық және сауықтыру туризмі. Оқу құралы.-Алматы: ЖК "LP-Zhasulfn",2019-110 б
Тақырыбы: Елшілік міндеттер, халықаралық ұйымдар өкілдіктері
Сағат саны: 2
Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары:
1.Халықаралық ұйымдар мен олардың лауазымды тұлғаларының түсінігі және тарихы.
2.Халықаралық ұйымдар мен олардың лауазымды тұлғаларының артықшылықтары мен иммунитеттерінің қазіргі кездегі алғышарттары.
Дәріс тезисі:Халықаралық ұйымдардың дамуы мен қалыптасуы шаруашылық өмірді интернационализациялауға көшірудің глобалды бағытын көрсету және халықтар арасындағы экономикалық жақындасудың объективті процесі.Халықаралық ұйымдардың пайда болып, дамуы халықаралық қатынастардың ұзақ мерзімді және табанды саяси және экономикалық іс-қимылдарына байланысты. Көне замандарда, құл иеленуші мемлекеттер кезеңінің өзінде халықаралық келісім-шарттар, халықаралық арбитраждар туындап, халықаралық құқықтың классикалық институттары – конгрестер мен конференциялар пайда бола бастаған. Уақыт жылжыған сайын халықаралық бас қосулар кездейсоқ емес, оқтын-оқтын жүзеге асырылып және мұндай конференцияларды дайындап, шақыру үшін тұрақты органда құрылып өз қызметтерін дәйекті түрде жүзеге асырған. Міне, дәл осындай органдар болашақ халықаралық ұйымдардың қайнар көзі, бастауы болды.Халықаралық ұйымдардың пайда болып дамуына дүние жүзілік сауда, сондай-ақ, діни конфессиялар да әсер етті.Ал халықаралық ұйымдар өздерінің қазіргі мағынасында бұдан жүз жылдай бұрын қалыптаса бастады. Олардың құрылуы халықаралық қатынастардың кеңейіп, күрделенуімен,әсіресе халықаралық экономикалық рыноктың қалыптасуымен тікелей байланысты
Халықаралық ұйымдарды құрудағы жеңілдіктер қатарына сол уақыттың өзінде халықаралық құқықтың бірқатар нормалары мен институттары қызметінің қалыптаса бастағаны да әсер етті. Ең алғашқы ірі халықаралық ұйымдардың қатарына: жер өлшеуші халықаралық одақ (1864ж.), халықаралық телеграф одағы (1865ж.), Дүниежүзілік почта Одағы (1874ж.), Халықаралық өлшем және салмақ Комитеті (1875ж.), әдебиет және өнер шығармаларына меншікті қорғау Халықаралық Одағы (1886ж.), Құлдыққа қарсы Халықаралық Одақ (1890ж.), Халықаралық Темір жолы, тауар қатынасы Одағы (1890ж.) жатады.Кейінгі жылдары халықаралық ұйымдардың саны жедел қарқынмен арта түсіп, үстіміздегі ғасырдың 80-жылдары олардың саны 20000 мыңға жуықтады. Соңғы уақыттағы Халықаралық ұйымдар санының күрт өсуі халықаралық қатынастардың орасан жандануымен және олардың күрделене түсуімен түсіндіріледі. Саяси, экономикалық қатынастардың қарқынды дамуына ХХ ғасырдағы ғылыми-техникалық прогрестің елеулі жетістіктері де өз әсерін тигізді. Халықаралық ынтымақтастықтың жаңа, маңызды түрлері пайда болды. Жекелеген елдер саясатындағы түсініспеушіліктер,қайшылықтар халықаралық ұйымдардың бір қалыпты қызмет атқаруына кедергі бола алмайды. Қайта мұндай түсініспеушіліктер мен қайшылықтар олардың позицияларын келісіедер арқылы анықтап, бейбіт жолмен шешу үшін халықаралық ұйымдардың таптырмас құрал екендігін дәлелдейді. Олардың беделін арттыра түседі. Халықаралық жағдайдың өзгеруіне байланысты халықаралық ұйымдар да өзгерістерге ұшырайды: біреулері өздерінің бағыт-бағдарын қайта құруға ұмтылса, басқа біреулері өз қызметтерін доғарады. Халықаралық ұйымдар халықаралық қатынастар жүйесінің ажырамас бір бөлігі. Бұл жүйенің ең басты және негізгі элементі – мемлекет. Мемлекеттер халықаралық құқықтың басты субъектілері. Сондықтан халықаралық ұйымдары халықаралық қатынастар жүйесінің екінші деңгейдегі элементі деп қарастыру қажет. Халықаралық ұйым халықаралық келісім-шарттарды негізге ала отырып, басқа ұйымдармен белгілі байланыс нысандары арқылы арақатынастарын жөнге келтіре береді.
Бекіту сұрақтары
1.Халықаралық ұйымдар мен олардың лауазымды тұлғалары.
2.Халықаралық ұйымдар мен олардың лауазымды тұлғаларының артықшылықтарын ата.
3. Мемлекеттердің халықаралық құқықтың қандай басты субъектілері бар?
Әдебиет:
Ердавлетов, С. Р. География международного туризма [Текст] : учебное пособие / С. Р. Ердавлетов, Ж. Н. Алиева. - Алматы : Қазақ университеті, 2013.
География туризма [Текст] : учебник / А. Ю. Александровой. - 3-е изд. - М. : КНОРУС, 2010. - 592 с.
Бабажанова, Ж. А.Поведение потребителей на рынке туристических услуг [Текст] : учебное пособие / Ж. А. Бабажанова, А. А. Флек. - Шымкент : GOLDYES, 2016. - 230 с.
Кузьменко, Ю. В.Культурный сервис и туризм [Текст] : курс лекции / Ю. В. Кузьменко. - Almaty : TechSmith, 2019. - 156 с.
Дүние жүзінің туристік - рекреациялық аймақтары [Текст] : оқу құралы. - Алматы : Сөздік-Словарь, 2013. - 536 бет.
Смагулова, К. Р.Қонақжайлылық және туризм экономикасы [Текст] : электрондық оқулық / К. Р. Смагулова, О. Ж. Досымова. - Алматы : РЖООАЭК, 2017. - 25 бет.AKNURPRESS
Байискакова Қ.А. Қурорттық және сауықтыру туризмі. Оқу құралы.-Алматы: ЖК "LP-Zhasulfn",2019-110 б
Тақырыбы: Шетелге баратын туристік топ басшысы, оның міндеті мен жауапкершілігі
Сағат саны: 2
Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары:
1. Шетелге баратын туристік топ басшысы міндеті
2. Шетелге баратын туристік топ басшысы жауапкершілігі
Дәріс тезисі
Топ басшысының жұмысы – туристерді қарсы алу.Топ басшысы қызметіне білім,жұмыс тәжірибесі бар қызметкерлер арасынынан таңдалып,бұйрық арқылы алынады.Ол өз жұмысын шарт бойынша орындайды.
Міндеттері
1. Туристік топ басшысы туристермен келесі: 1.1 Барған елдің заңдары мен тәртіптері;
1.2 Шетел заңдылықтарына сай туристер жауапкершіліктері;
1.3 Кеденнен өт ережелері,шекаралық тексеру,миграциялық қызмет,санитерлық-гигиеналық нормалар туралы;
1.4 Баж салығын төлем көлемі және қоғамның құқықтық мүшелеріне кеден шекараларынан тауарды өткізідің тәртібі туралы;
1.5 Ұшақта турист мінез-құлықтары мен қауіпсізідік техникасы туралы;
1.6 Барған ел туралы бағдарламалар мен ондағы жағдайлар туралы;
1.7 сақтандыру; 1.8 Валюта айырбастау ережелері туралы нұсқауларды жүргізеді.
2. Топты шетелге шығаруға дайындық жұмыстарына қатысу.
2.1 құжаттардың дұрыс толтырылғанын тексеру (шетелге шығу төлқұжаты,виза рәсімдері);
2.2 тіркеуге туристік мекеменің мөрін басып,туристер тізімін құрастыру;
2.3 Топтың кеденнен және тексеруден өткен кезінде басшы бірге болады; 2.4 Егер де тексеру пунктерінен өткенде белгісіз себептермен туристер шетелге бара алмаса,кеден және шекара қызметкерлері өкілдіктерімен бірге актіні толтыруға қатысады; 2.5 ұшақта әуе компания қызметкерлер жұмысының сапасын тексеру.
3.Белгіленген елге келген соң;
3.1 Туристерді баратын орындарына жеткізуге; 3.2қарсы алушы өкілдерімен бірге,туристерді толық қызмет түрлерімен қамтамасыз ету,келісім шарт бойынша қызметтер деңгейін тексеруге;
3.3 туристерді күту бағдарламаларымен таныстыру,қайту күні мен уақыттарын хабарлауға;
3.4 туристерге картосхема ақпараттары ж»не басқа керекті анықтама хабарларды бергенде қатысуға;
3.5 мәселелер туындағанда көмек көрсетуге;
3.6 туристтер арасындағы дау-дамайларды шешу; 3.7 туристерді жүктерін қайтаруға қатысуға ;
3.8 туристерді тасымалдауда алынған билеттерге материалдық жағынан ;
3.9 қауіпсіздікпен қамтамасыз етуге жауапты. 4. Шет елге келгеннен кейін жасаған жұмыстар есебін жүргізу.
5. Туристік топ басшысының жауапкершілігі. 5.1 шартта бекітілген мерзімде туристердің оралуына;
5.2 Шарт жағдайына байланысты туристердің келісілген орынға орналастыруға ; 5.3 себепті жағдайда туристердің сол елде қалуына (ауырып қалуы, құжат жоғалту); 6. Форс –мажорлық жағдай туындағанда туристік топ басшысы шарт жағдайының сақталуына жауапты емес:
6.1 саяхат кезінде жорық дұрыс ұйымдастыру үшін туристік бірлестік менджерлері туристік басшыға ескеру жасау керек;
6.2 туристерді және олардың құжаттарын тексеру ( жолдама, төлқұжат, кейбір елдерде медицаналық анықтама);
6.3 турист келмеген жағдайда диспетчерде белгілен керек ;
6.4 көрсетілген уақытта белгіленген пунктте келгендк ,қайтарға брон жасау немесе ҚР басқа мемлекеттер өкілдігінде ескерту жасау;
7. келген пункте турып топты шығарушы міндеттері:
7.1 шарттың барлық жағдайларының сақталуына;
7.2 сапардағы топ жүріс тұрысына жауапкершілік;
7.3 топты алып жүруден бастартса, ол туралы алдын ала ескерту қажет.
Топ басшысының есебі:
1. Көрсетілген қызметтерде фирма белгісі бар туристер тізімі. 2. Қолданылған жол жүру билеттері .
3. топқа көрсетілген акт, әртүрлі жинақтау квитанциялары.
4. Топ басшысы жұмысы туралы туристер көзқарасы.
5. Жазбаша есеп, онда мынадай түсініктердің жазылуы- топ туралы : туристер құрамы, туристерге ескертлер, туристер жүріс тұрысы, маршрут ұзақтығы. –қызмет көрсету тралы: шартағы барлық жағдайлардың орындалуы, шартта өзгерістер болса нақты көрсету : Топ басшысы құқығы:
1) қызмет көретілуші туристерден бағдарламалардың толық орнын және қызмет көрсеті жағдайларын талап етуге;
2)Тығыз шаруаларды бекітілген бағдарламаларды өзгерткен сұрақтар бойынша туристік серіктестермен байланысуға
3)жол ақпараттарын жүргізуге 4)мекемеден туристер үшін шығаратын буклет,значок,сувенир сатуға 5)қажетті жағдайларда қабылдаған туристік мекемелер басшылығының келісімін транспорт қозғалысының кестесіне және күн тәртібіне өзгеріс еңгізуге 6)топ басшысы жорықтан тәртіп бұзышыны шағарып жіберу үшін топ мүшелерімен бірге акт,заңдылық жасауға
7)туристерге қызмет көрсету бойынша шарттың барлық жағдайларының орындалуын талап етуге
Клиеннтердің уақытын үнемдеу үшін мекеме қызметкерлері хабарлама стендісін жасап, оның ең көз тартарлық жерінде лицензия көшірмесі мен туризм туралы Заңның кейбір баптары жазылып орналастырылуы керек. Олардан басқа: 1.туристерге арналған ескерту (ол әр мемлекетке жеке түрде жасалады). Онда туристерге маршртта қалай жүру ережелері және тағы басқа жағдайларды анықтау; 2.Маршруттың. саяхаттың тізімдері және олардың негізігі мәлеметтері жазылады 3.виза,паспорт алу уақыты және оларды жасау үшін клиенттер қанша ақша төлейтіндері жайлы хабарлама.Барлық хабар шындыққа сәйкес болуы керек. Туристік мекеме мен клиент арасмындағы құжаттарды даярлау. Негізі ұүжаттар і топқа бөлінеді: 1)тапсырысқа арналған құжаттар: тапсырма,брон қағазы,бронды растау қағазы. 2)клиентке арналған құжаттар:шарт,жолдама,ваучер,ескерту,билет,сақтандыр полистері 3)туристердің куәлігін расстайтын құжаттар:төлқұжат,балаларға арналған сенімхат. Төлқұжат және виза құжаттары:құжат түрі мен жасына қарай анықтамасы. Турға брон жасау туристердің немесе топтың тапсырмасы бланкіде дайындалады. Шетелге тристік сапарлар келісімі және тиесілі құжат болған жағдайдағана жасалады.Сәбилерге он жасқа толғаннан кейін шетел паспорты беріледі. Егер де он жасқа толмаса, онда онығ суреті анасының паспортына жабыстырылып, мөр басылады. Виза және тіркеу бөлімінен (ВТБ) рұқсат алу ушін қажетті құжаттар
1.Шетелге шығу төлқұжаты 2.Жеке куәлік 3. 3сурет (3*4) 4.сауалнама (2 тілде) 5.мемлекеттік салық төлеу және оның түбіртегін 6.есеп карточкасының тіркелуі (ИВЦ-информ.вычислительный ценрт)
7.рұқсат визасы (12 жұмыс күнінде жасалады.
Бекіту сұрақтары
1. Қандай шетелге баратын туристік топ басшысы міндетін білеміз?
2. Шетелге баратын туристік топ басшысы жауапкершілігін ата.
Әдебиет:
Ердавлетов, С. Р. География международного туризма [Текст] : учебное пособие / С. Р. Ердавлетов, Ж. Н. Алиева. - Алматы : Қазақ университеті, 2013.
География туризма [Текст] : учебник / А. Ю. Александровой. - 3-е изд. - М. : КНОРУС, 2010. - 592 с.
Бабажанова, Ж. А.Поведение потребителей на рынке туристических услуг [Текст] : учебное пособие / Ж. А. Бабажанова, А. А. Флек. - Шымкент : GOLDYES, 2016. - 230 с.
Кузьменко, Ю. В.Культурный сервис и туризм [Текст] : курс лекции / Ю. В. Кузьменко. - Almaty : TechSmith, 2019. - 156 с.
Дүние жүзінің туристік - рекреациялық аймақтары [Текст] : оқу құралы. - Алматы : Сөздік-Словарь, 2013. - 536 бет.
Смагулова, К. Р.Қонақжайлылық және туризм экономикасы [Текст] : электрондық оқулық / К. Р. Смагулова, О. Ж. Досымова. - Алматы : РЖООАЭК, 2017. - 25 бет.AKNURPRESS
Байискакова Қ.А. Қурорттық және сауықтыру туризмі. Оқу құралы.-Алматы: ЖК "LP-Zhasulfn",2019-110 б
Достарыңызбен бөлісу: |