3 Обьектілі бағдарланған программалау тілін оқыту әдістемесі



бет23/39
Дата12.09.2020
өлшемі0,88 Mb.
#77904
түріПрограмма
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   39
Байланысты:
Delphi программалау тілін оқыту әдістемесі

var <айнымалының атауы>: array [<индекс типі> ] of <тип аты>;

Бір өлшемді масив. Мысалы, бір өлшемді бүтін сандардан тұратын массивтің типін былай көрсетуге болады:

Var А: =ARRAY[1..20] OF INTEGER;



Екі өлшемді массив. Екі өлшемді бүтін сандардан тұратын массивті былай сипаттаймыз:

Var А: =ARRAY[1..5,1..10] OF INTEGER;


1-тапсырма. Бір өлшемді бес элементтен тұратын массив берілген. Енгізілген қандай да бір санға тең массивтің элементі нешінші орында орналасқанын іздеп, анықтау керек.

Тапсырманы орындауға нұсқау:



    1. Delphi ортасын іске қосып, жаңа жобаны ашыңыз.

    2. Пішінді ерекшелеп, обьектілер инспекторы терезесіндегі Caption қасиетіне «Массивтегі элементті іздеу» деп жазып, тақырып қатарын өзгертіңіз.

    3. Пішінге келесі компоненттерді орналастырыңыз: Standart бетінен label1, label2, Edit1, Button1, Additional бетінен StringGrid1. Төменде (2.1.1-сурет) массивтегі элементті іздеудің форма терезесі көрсетілген.

2.1.1-сурет. Массивтегі элементті іздеудің форма терезесі




    1. Келесі компоненттерді ерекшелеп алып, Caption қасиетін өзгертіңіз: label1 – Массив, label2 – Элемент, Button1 – Іздеу. Edit1 компонентінің Техт қасиетін тазалаңыз. StringGrid1 компонентін ерекшелеп, FіxеdCols және FіxеdRows қасиеттеріне 0 мәнін, RowCount (жол саны 1) қасиетіне 1, ColCount (баған саны 5) қасиетіне 5 мәндерін беріңіз, Options опциясының ішндегі goEditing, goTabs, goAlwaysShowEditor қасиеттерін true деп өзгертіңіз.

    2. Button1 компонентін екі рет шертіңіз немесе обьектілер инспекторы терезесіндегі Events бетіндегі OnClick оқиғасына шертіңіз. Пайда болған код терезесіне келесі программаны жазыңыз:

procedure TForm1.Button1Click(Sender: TObject);

const SIZE=5;

var

a: array[1..SIZE] of integer;



obr: integer;

found: boolean;

i: integer;

begin


for i:=1 to SIZE do

a[i] := StrToInt(StringGrid1.Cells[i-1,0]);

obr := StrToInt(edit1.text);

found := FALSE;

i := 1;

repeat


if a[i] = obr then

found := TRUE

else i := i+1;

until (i > SIZE) or (found = TRUE);

if found

then ShowMessage('Iздеу сәтті аяқталды!'

+IntToStr(i)+#13+'орындағы элементпен сәйкес келді.')

else ShowMessage('Сәйкес келген элемент жок.');



end;

end.


Төменде (2.1.2-сурет) осы программаның блок-схемасы көрсетілген:

2.1.2-сурет. Массивтегі элементті іздеу программасының блок-схемасы




    1. Қосымшаны орындауға жіберіп, шыққан нәтижесін тексеріңіз. Төменде (2.1.3-сурет) қосымшаны іске қосқанда шыққан нәтиже көрсетілген:



2.1.3-сурет. Программаның орындалу нәтижесі




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет