3 Обьектілі бағдарланған программалау тілін оқыту әдістемесі


Өзіндік жұмысқа арналған тапсырма



бет34/39
Дата12.09.2020
өлшемі0,88 Mb.
#77904
түріПрограмма
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   39
Байланысты:
Delphi программалау тілін оқыту әдістемесі

Өзіндік жұмысқа арналған тапсырма:

1. Еркін тақырыпта ойын немесе басқа күрделі жоба құрастырып, жазыңыздар.


2.2 Электрондық құралын жасау және пайдалану әдістемесі
Соңғы уақытта біздің елімізде электрондық ақпараттық құралдарды білім берудің мемлекеттік стандартына сәйкес оқу үлгісіне пайдаланудың және бұған қоса отандық бағдарламалық құралдарды шетелдік үлгіде қолданудың ғылыми, тұрақты қызығушылығы және жүзеге асуы дами түсуде.

Қазіргі ақпараттық технологиялардың дамуы кезеңінде электрондық оқу құралдардың ерекшелігі - үлгіге сәйкестілігі мен жоғары мобильділігі, оқуға үйренуге икемділігінде болып табылады. Электрондық оқу құралдары оқу және зерттеу материалдарын толықтыратын, қосымша қолдануға толық жарайтын қажетті құрал болып есептеледі. Электрондық оқу құралдарын мына мақсаттарға пайдалануға болады:



  1. Электрондық анықтама ретінде;

  2. Электрондық есеп ретінде;

  3. Иллюстративтік материал ретінде;

  4. Оқулық ретінде.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарты бойынша электрондық оқу құралы - құрамында оқу курсының ең маңызды бөлімдері, сонымен қатар есептер жинағы, анықтамалықтар, энциклопедиялар, карталар, атластар, оқу тәжірибесін өткізуге нұсқаулар, практикумға, курстық және дипломдық жұмыстарды дайындауға әдістемелік нұсқаулары бар берілген басылым түріне мемлекеттік мекеме беретін арнайы дәрежеге ие электрондық оқу басылымы.

Л.Х. Зайнутдинованың анықтамасы бойынша, «Электрондық оқулық – бұл оқу қызметін және білім деңгейін бақылауды, сонымен қатар, ақпараттық-іздеу функциясын, компьютерлік визуализациясы бар математикалық және иммтациялық модельдеу мен интерактивті кері байланыс шарты бар сервистік функцияларды қамтамасыз ететін теориялық материалдармен ұсынылатын дидактикалық оқу үрдісінің толықтығы мен үзіліссіздігін қамтамасыз ететін кешенді тағайындауды үйретуші программа».

Электрондық оқулық-ғылыми-педагогикалық құрал. Электрондық оқулықтардың жасалуы, модульдік оқудың педагогикалық теориясы болып есептеледі. Оқулықтар мемлекеттік оқу бағдарламасына сәйкес жасалады. Оған әрбір пәннің мамандары, көрнекті саланың ғалымдары мен педагог-дидакттар, әдіскерлер, программист - дизайнерлер, операторлар қатысады.

Электрондық оқулықтармен жұмыс негізгі үш деңгейде атқарылады:

- "оқу"

- "оқыту"

- "бақылау және тексеру".

Электрондық оқулықтар оқушылардың өз бетінше жұмысын және олардың жоғары танымдық белсенділігін арттырады, олардың терең де тиянақты білім алу сапаларын көтереді. Сонымен бірге барлық оқу процесінің-алға қойған мақсатынан бастап, қол жеткен нәтижесіне дейінгі аралықты қамтиды, оқушыларға үлкен ақпараттық білім кеңістігіне жол көрсетеді. Ақпараттық білім беру-танымдық ойлау мен ақпараттық өзіндік анықтамалар білімді автоматты түрде бағалаудың тестілік әдістерін даярлап береді. Электрондық оқулықтар толық курстың жеке бөлігін құрайтын, белгілі ақпараттық, жүйелі қызмет атқаратын білім жиынтығы - модульден тұрады, ол оқушының толық, жүйелі түрде білім алуын қалыптастырады. Кез келген сабақта электронды оқулықты пайдалану оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға, шығармашылықпен еңбек етуге жағдай жасайды. Электрондық оқулықпен оқытудың негізгі мақсаты -оқыту үрдісін үздіксіз және толық деңгейде бақылау, сонымен қатар ақпараттық ізденіс қабілетін дамыту.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет