3 Обьектілі бағдарланған программалау тілін оқыту әдістемесі


Электрондық оқулықтың құрылымдық элементтері



бет36/39
Дата12.09.2020
өлшемі0,88 Mb.
#77904
түріПрограмма
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   39
Байланысты:
Delphi программалау тілін оқыту әдістемесі

Электрондық оқулықтың құрылымдық элементтері:

  • Сыртқы беті;

  • Титулдық экран;

  • Мазмұны;

  • Аннотация;

  • Оқу материалының толық баяндалуы;

  • Оқу материалының қысқаша мазмұны;

  • Қосымша әдебиеттер;

  • Өзіндік білімді тексеру жүйесі;

  • Өзіндік бақылау жүйесі;

  • Мәтіндік үзінділерді іздеу функциясы;

  • Авторлар тізімі;

  • Терминдік сөздер;

  • Оқулықтың элементтерін басқару бойынша анықтамалық жүйе;

  • Оқулықпен жұмысты басқару жүйесі.

Электрондық оқулыққа қойылатын жалпы талаптар:
  1. Жан-жақтылығы.
  2. Iзгiлiктiлiк. Онда кез келген орындаушы өзiне қажеттi бiлiмдi ала алады.
  3. Бейiмдiлiгi. Ұсынылып отырған оқу материалы барлық орындаушылар үшiн бiрмәндi болуы керек. Бiрақ оқу материалы әр түрлi формада берiлуi мүмкiн.
  4. Модульдiк. Кез келген электрондық оқулықты дәстүрлi оқулықтар негiзiнде құрылымын жасақтау.

5. Экономикалық тиiмдiлiгi. Аталған оқулыққа сұраныс көп болуы қажет және сәйкес түсетiн пайданы да қарастыру қажет.
6. Тұтынушыға бағдарлау.

Электрондық оқу құралының объектісі ғылыми негізделген фактілер, тұжырымдар мен ережелердің, сонымен қатар берілген оқу курсында оқытылатын объектілердің, құбылыстар мен үрдістердің қатынастары мен қасиеттерінің жиынтығы болып табылатын сандық, мәтіндік, графикалық, аудио, видео және басқа оқыту ақпараты болуы керек.

  1. Электрондық құрал оқу мақсаттарына тікелей сәйкес келмейтін, яғни, оқу курсының мазмұнына жатпайтын және пайдаланушының назарын өзіне аудартатын ақпаратты қамтымау керек.

  2. Электрондық құралда интерфейс көрнекті, түсінікті, бірмәнді болуы мен қатар, пайдаланушы қате іс-әрекеттер жібермеуі үшін бүтін оқулықтың және оның жеке бөліктерінің жұмыс істеу логикасын түсінуге көмектесетін түрде болу керек.

  3. Электрондық құралда оқылатын объектiлер, үрдістер мен құбылыстардың құрылымын және параметрлерін беру және өзгерту үшін, сонымен қатар сыртқы әрекеттердi имитациялау үшiн, имитациалық компьютерлiк моделдер ыңғайлы құралдармен жабдықталу керек.

  4. Электрондық құрал жабық та, ашық та ортада қолданылу мүмкіндігіне ие болу керек.

  5. Электрондық құрал қосымша программалық құралдарды талап етпейтін операциялық жүйенің, соның ішінде ашық кодты операциялық жүйелердің, нұсқасын ескере отырып автоматты түрде орнатуының мүмкіндігіне ие болу керек. Орнату комплектінде мемлекеттік немесе халықаралық стандарттарына сәйкес Электрондық құрал тәуелсіз жұмысы үшін барлық қажет шрифтер, драйверлер және программалар пакеттері болуы керек.

  6. Электрондық құралда қажетті өзгертулерді енгізуді оңайлату және сынақтан кейін программаның алғашқы кодын өзгертпей электрондық құрал мазмұнын жетілдіру мүмкіндіктері болуы керек, сонымен қатар оқу материалы мен статистикалық деректерге рұқсатсыз қолжетпек болмауы керек.

Электрондық құралдың мазмұн құрылымына қойылатын талаптар:

Электрондық құралдың контенті үш деңгейлі семантикалық оқыту бірліктеріне бөліну керек: 1 – модулдер, 2 – блоктар, 3 – сабақтар.



  1. Модуль блоктан блокқа өскен сайын мағыналы байланыстары бар логикалы байланысқан блоктар тізбегінен тұратын электрондық құралдағы ірі синтактикалық, семантикалық және прагматикалық оқыту бірлігі.

  2. Блок сабақтан сабаққа өскен сайын мағыналы байланыстары бар логикалы байланысқан сабақтар тізбегінен тұратын электрондық құралдағы орташа синтактикалық, семантикалық және прагматикалық оқыту бірлігі.

  3. Сабақ минималды синтактикалық, семантикалық және прагматикалық оқыту бірлігі және ол бірнеше оқыту элементтерінен тұрады. Сабақтағы міндетті оқыту элементтері болып теориялық материал, мысалдар, тапсырмалар, сұрақ-жауаптар және тестілер есептелінеді, ал мiндеттi емес элементтерге оқыту ақпаратын меңгеру, түсіну және еске сақтауға себебін тигізетін және ақпараттық тығыздықты қамтамасыз ететін анықтамалық, графика, аудио және видео жатады.

  • Теориялық материал - таңдап алынған оқу курсы бойынша мазмұны түсінікті, нақты, толық және қарама-қайшылықсыз болатын көкейкесті ақпаратты қамтуы тиіс және бұрын өткен сабақта қабылданған білімді қайталамай өздігінен оқу, тапсырманы жасау және білімді бақылау үшін жеткілікті болуы керек. Теорияда мәтіндердің астын сызу және түсін өзгерту сияқты арнаулы дидактикалық құралдарды қолдану керек.

  • Мысалдар - теорияның жеке маңызды аспектерiн жаттығуды орындау, есептi шешу, сұрақтарға жауаптар тағайындау және т.б. түрiнде деталды талдауын қамтамасыз етуi керек.

  • Тапсырмалар - оқытылатын объекттер, үрдістер мен құбылыстарының iшкi байланысын анықтауға, олардың әртүрлi сыртқы әсерлер кезiндегi функционалдық қасиеттерiн зерттеуге және жаттығуларды орындау мен есептердi шешудегi практикалық машықтарын қалыптастыруға бағытталу керек.

  • Сұрақ-жауаптар - бiлiмдi меңгеру үшiн және практикалық жұмыстарды орындау машықтарын қалыптастыруға бағытталған болу керек. Сұрақтар оқушылардың танымдық іс-әрекетін жетiлдiру үшiн қиындық деңгейі, сипаты және жауаптардың берiлу пішімі бойынша түрленуі керек.

  • Тестілер - сұрақтар мен олардың жауаптарының вариантарын қамтуы керек. Тестілер дұрыс жауапты таңдау кезiнде қарапайым табу әдiсiн қолданбау үшiн мағынасын түсiнбей жауап беретiн сұрақтарды қамтымауы керек. Оқушы оқу материалын терең бiлгенде ғана дұрыс жауапты таңдап алу үшiн дұрыс емес жауаптар өздерiнiң мазмұны бойынша дұрыс жауапқа жақын болуы керек. Тестілер оқушылардың iс-әрекеттерi мен жауаптарында болатын әдеттегi қателер туралы ескертулер мен сол қателердi жiбермеу және түзету туралы түсiнiктемелерді қамтуы мүмкiн.

  • Анықтамалық оқу материалына қатысты және жаттығуларды орындау, есептердi шешу мен тәжiрибе өткiзуге, курстық, дипломдық және т.б. жұмыстарды дайындау бойынша мәтіндік, кестелiк, графикалық және басқа оқу-әдiстемелiк мәлiметтер қамту керек.

  • Графика, аудио және видео оқу курсында оқытылатын объекттер, үрдістер мен құбылыстардың ең маңызды жақтары мен жағдайларын ашу және көрсету үшін қажеттi қосымша дидактикалық материалдарды келтіруге арналған.

  • Тезаурус электрондық құралдың пән аймағына байланысты терминдер және қысқартулар сөздігін қамту керек.

Электрондық құралдың оқыту элементтеріне қойылатын талаптар:

Оқыту элементтерiне: «Теория», «Мысалдар», «Тапсырмалар», «Сұрақтар», «Тестілер», «Тезаурус», «Анықтамалық», «Графика», «Аудио» және «Видео» жатады.



  1. «Теория» оқылатын сабақтың теориялық материалдарының гипермәтiндi сипаттауына қолжетпек жасауына мүмкіндік беру керек.

  2. «Мысалдар» мысалдардың сипаттамасы мен олардың түсініктеріне қолжетпек жасауына мүмкіндік беру керек.

  3. «Тапсырмалар» ағымды сабақ бойынша жаттығуларға және есептерге, сонымен қатар оларды орындау мен шығаруға байланысты көмекке қолжетпек жасауына мүмкіндік беру керек.

  4. «Сұрақтар» ағымды сабақ бойынша тест жүргізуге дейін жауаптары интерактивті берілетін және тексерілетін сұрақтарға қолжетпек жасауына мүмкіндік беру керек.

  5. «Тестілер» оқытудың ағымды бірлігі бойынша білім бақылауды өздігінен жүзеге асыру үшін арналған тестілеу құралына қолжетпек жасауына мүмкіндік беру керек:

- сабақ деңгейінде – ағымдағы білім бақылау;

- блоктар деңгейінде – аралық білім бақылау;

- модулдер деңгейінде – белестік білім бақылау;

- электрондық құралы деңгейінде – қорытынды білім бақылау.



  1. «Тезаурус» электрондық құралда кездесетін және олардың анықтамаларына гипермәтіндік сілтемелері терминдер және қысқартулар сөздігіне қолжетпек жасауына мүмкіндік беру керек.

  2. «Анықтамалық» ағымды сабақ бойынша анықтамалыққа қолжетпек жасауына мүмкіндік беру керек.

  3. «Графика», «Аудио» және «Видео» оқыту элементтері қосымша дидактикалық материалдарға қолжетпек жасауына мүмкіндік беру керек.

  4. «Графика» схемаларға, сызуларға, суреттерге, фотосуреттерге және бейнелерге, соның ішінде анимацияларға қолжетпек жасауына мүмкіндік беру керек.

  5. «Аудио» оқылатын сабаққа қатысты негiзгi ұғымдарды, фактілерді, тұжырымдарды және ережелерді дыбыстауға қолжетпек жасауына мүмкіндік беру керек.

  6. «Видео» оқылатын сабаққа қатысты объектiлердің, үрдістер фрагменттерiнің және құбылыстардың қасиеттері мен қатынастарын және сабақты оқып үйрену үшін қажет атақты ғалымдардың, саясаткерлердің және басқа тұлғалардың сұхбатын көрсететін фильмдерге қолжетпек жасауына мүмкіндік беру керек.

Электрондық оқулықты жасақтаушылар алдына мынадай мәселелер қойылады: неден бастау керек? электрондық оқулықтың типi қалай таңдалады? оны құрудың негiзгi мақсаты қандай? оқулықтың бөлiмдерiн үйренушiнi ынталандыру бағытында қалай таңдап алуға болады? оқулықтың сценарийiн қалай жазуға болады? оның құрылымдық мазмұнын қалай құруға болады? электрондық оқулықпен оқытуда үйренушiнiң қызметiн қалай ұйымдастыруға болады? оқытудың нәтижелерiн қалай бақылауға болады? электрондық оқулықты құруды қалай сипаттауға болады? және т.б.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет