3 Обьектілі бағдарланған программалау тілін оқыту әдістемесі


Пән тақырыптарының атаулары



бет12/39
Дата12.09.2020
өлшемі0,88 Mb.
#77904
түріПрограмма
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   39
Байланысты:
Delphi программалау тілін оқыту әдістемесі

Пән тақырыптарының атаулары:

  • Обьектілі бағдарланған программалау тіліне кіріспе. Программалаудың негізгі түсініктері мен ұстанымдары. Delphi 7 программалау ортасы және оның құрауыштарымен танысу. (1 сағат)

Оқушылар программалау тілдерінің неге арналғанын түсінуі қажет және олардың басқа программалық құралдардан айырмашылықтарын білуі қажет. Программалаудың негізгі заңдылықтары мен программалар құруды, сондай-ақ, программаларды құрудың қажеттілігін түсінуі қажет.

  • Визуальды программалау негіздері. Бос форма және оны түрлендіру. Delphi-ді баптау. Формаға жаңа обьектілерді орналастыру.Форманың қасиеттерін өзгерту. Оқиғаларға жауап қалыптастыру. (1 сағат)

Оқушылар Delphi программалау ортасында визуальды программалаудың алғашқы негіздерімен танысып, визуальды программалау жайлы түсініктерін қалыптастыру қажет.

  • Delphi-дің негізгі компоненттері (1 сағат)

Оқущылар Delphi программалау ортасының негізгі компоненттерімен танысып, олардың әрқайсысы қандай қызмет атқаратынын білуі қажет.

  • Object Pascal (Delphi) программалау тілі және оны қолдану. Object Pascal тіліне кіріспе. Delphi программаларының құрылымы: жоба, модуль, программа элементтері. Тұрақтылар мен айнымалылар. Мәліметтер типтері. Құрама және бос операторлар. If шартты операторы. If-Then-Else құрылымды операторы. Сase таңдау операторы. For, while, repeat қайталау операторлары. Белгі және көшу операторлары. Break, continue басқарушы операторлары. (9 сағат)

Бұл кезеңде оқушылар тілдің негізгі анықтамалары мен құрылымдарын оқиды, сондай-ақ қарапайым есептерді шеше бастайды. Оқушылар стандартты есептерді шығара білуі қажет және мәліметтер типтерін ажырата алуы керек. Нәтижесінде біз ақырғы өнімді алуымыз қажет. Сонымен қатар, үйренген командаларды қолданып, информатикадан немесе басқа пәндерден қарапайым жобаларды орындауды бастауға болады.

  • Бір өлшемді және көп өлшемді массивтерді қолдану арқылы программаны өңдеу. Процедуралар мен функциялар. Рекурсия. (6 сағат)

Оқушылар тілдің негізгі анықтамаларымен танысады. Олар негізгі түсініктерге анықтаулар беріп, оларды сипаттай білу қажет. Массивтер мен ішкі программалар туралы түсініктері қалыптасып, олармен жұмыс істеу біліктіліктері дамуы қажет.

  • Обьектілі бағдарланған программалаудың негізгі түсініктері: инкапсуляция, мұрагерлік, полиморфизм. Класстар және оның құрауыштары. Модульдер. (1 сағат)

Бұл кезеңде класстар мен обьектілердің негізгі түсініктері беріледі. Оқушылар обьектілі бағдарланған программалаудың осы негізгі түсініктерімен танысып, білуі қажет.

  • Жолдармен жұмыс. (2 сағат)

Оқушылар жолдар және олармен орындалатын негізгі амалдармен, функциялар және процедуралармен танысып, оларды әр түрлі есептеулерде қолдана білуі қажет.

  • Файлдар және олармен атқарылатын жұмыс. (2 сағат)

Оқушылар файлдарды басқару ұстанымдарын түсінуі қажет, файлдарды жазу және өңдей білуі керек. Сонымен қатар, программалау тіліндегі кірістірілген программалар және процедуралардың көмегімен файлдарды көшіру, орын алмастыру, өшіру тәрізді негізгі әрекеттер орындалады.

  • Delphi программалау тілінің графикалық мүмкіндіктері. (2 сағат)

Оқушыларда пиксель, түс, стиль тәрізді түсініктер қалыптасуы қажет. Олар графиктерді шығаруға арналған обьектілер мен негізгі графикалық операторларды білуі қажет және графикалық кескіндерді құруға арналған әдістерді қолдануды үйренуі керек.

  • Delphi программалау тілінің мультимедиалық мүмкіндіктері. (2 сағат) Бұл кезеңде оқушылар мультимедиалық кескіндерді құруға арналған обьектілер мен обьектілердің қасиеттерін білуі керек. Мультимедианы құру үшін обьектілердің қасиеттері мен алгоритмдік құрылымдарын қолдануды үйренуі керек.

  • Жобалар мен қосымшалар құру (7 сағат)

Оқушылар әрбір өтілген тақырыптар бойынша қосымшаларды, жобаларды құру арқылы алған теориялық білімін практикалық түрде орындай отырып, біліктілігін, дағдысын қалыптастырып, дамыту қажет. Олар сұхбат терезелермен, менюмен, таймермен, т.б. жұмыс жасау әдістерін білуі керек. Бірнеше формалардан, менюден, саймандар панелінен тұратын аяқталған қосымшаларды құруды үйренуі қажет.

Төмендегі 1-кестеде Delphi программалау тілінен 34 сағатқа арналған тақырыптық күнтізбелік жоспар берілген.


Кесте 1.

Тақырыптық күнтізбелік жоспар



Теория

Оқыту формасы

1. Обьектілі бағдарланған программалау тіліне кіріспе. Программалаудың негізгі түсініктері мен ұстанымдары. Delphi 7 программалау ортасы және оның құрауыштарымен танысу.

Лекция

2. Визуальды программалау негіздері. Бос форма және оны түрлендіру. Delphi-ді баптау. Формаға жаңа обьектілерді орналастыру.Форманың қасиеттерін өзгерту. Оқиғаларға жауап қалыптастыру.

Лекция

3. Delphi-дің негізгі компоненттері

Лекция

4. Object Pascal (Delphi) программалау тілі және оны қолдану. Object Pascal тіліне кіріспе. Delphi программаларының құрылымы: жоба, модуль, программа элементтері. Тұрақтылар мен айнымалылар.

Семинар

5. Мәліметтер типтері. Құрама және бос операторлар.

Лекция

6. If шартты операторы. Кездейсоқ сандар датчигі

Семинар

7. If-Then-Else құрылымды операторы. Иосиф Флавияның есебі немесе Джозефустың санамағы

Практика

8. Сase таңдау операторы. «Меню» программасы

Семинар

9. Қайталану. For операторы

Лекция

10. while операторы

Практика

11. repeat қайталау операторы. Күрделі қайталау.

Практика

12.Белгі және көшу операторлары. Break, continue басқарушы операторлары.

Семинар

13. Жоба: «Зердені тексеру» ойыны

Практика

14. Массивтер. Бір өлшемді ,екі өлшемді және көп өлшемді массивтер.

Лекция

15. Бір өлшемді массивтерді есептеуге арналған тапсырмалар. Иосиф Флавияның есебі.

Практика

16. Массивтерді сұрыптау. Массивтегі элементтерді іздеу.

Практика



17. Екі өлшемді массивтерді есептеуге арналған тапсырмалар

Практика

18. Қосалқы программалар. Процедуралар.

Лекция

19. Функциялар. Рекурсия

Семинар

20. Жоба: Баше ойыны

Практика

21. Обьектілі бағдарланған программалаудың негізгі түсініктері: инкапсуляция, мұрагерлік, полиморфизм. Класстар және оның құрауыштары. Модульдер.

Лекция

22. Жолдармен жұмыс: TStrings класы. Жолдарға қолданылатын функциялар мен процедуралар. Жолдарды өңдеу әдістері. Бір және көп жолды редакторлармен жұмыс.

Лекция

23.Тізіммен жұмыс: қарапайым және күрделі тізімдер. Тізімдердің жалпы қасиеттері мен әдістері

Семинар

24. Жоба: «Сапер» ойыны

Практика

25. Файлдар: Файлдар туралы жалпы түсінік. Файлдарды ашу. Файлдармен жұмыс істеуге арналған процедуралар мен функциялар.

Лекция

26. Файлдарды құру және ашу. Файлдар және қапшықтармен жұмыс жасауға арналған компоненттер.

Семинар

27. «Баспаға шығару» жобасы

Практика

28. Delphi программалау тілінің графикалық мүмкіндіктері:TCanvas, TFont, TPen, TBrush класстары және қасиеттері. Мәтінді шығару.

Лекция

29. Графикалық примитивтерді салу әдістері. Суретті шығару. Мультипликация.

Практика

30. Жоба: «Суретті құрастыр» ойыны

Практика

31. Delphi программалау тілінің мультимедиалық мүмкіндіктері: Animate компоненті. MediaPlayer компоненті.

Лекция

32. Видеоклиптер мен анимацияларды көру. Дыбысты шығару.

Практика

33. «Дыбыссыз кино» жобасы

Практика

34. Жеке жоба

Жылдық қорытынды жұмыс

Объектілі бағдарланған программалау тілін оқытуда басты назар оқушылардың теориялық материалдарды жетік меңгеруіне бөлінетіні белгілі. Сондықтан бұл бөлім бойынша алғашқы сабақта негізгі түсініктерді және ұғымдарды беруде оларды жаттықтыратын тапсырмалармен бекітіп отырған қолайлы болады. Оқушылардың белгілі-бір тақырып бойынша оқулық материалдарды меңгеруіне байланысты келесі кезеңдерде дамыту есептері беріледі.

Обьектілі-бағдарланған программалау тілін оқытудың теориялық бөлімі обьектілер мәні, олардың қасиеттері мен әдістері жайлы түсініктерін қалыптастыруға, әлемге деген ғылыми көзқарастың маңызды бөлігі болып табылатын алгоритмдік ойлау дағдыларын дамытуға бағытталған. Оқытудың практикалық бөлімі программалау біліктілігін қалыптастыру, кейінгі кәсіптік қызметтерде оқушылардың әлеуметтенуі үшін ғана емес, сонымен қатар, басқа оқу пәндерін меңгеру тиімділігін арттыру үшін маңызды болып табылатын обьектілі-бағдарланған программалау құралдарын пайдалану дағдыларын меңгеруге бағытталған.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет