3 орта мектеп Атырау қаласы 3сынып Әдебиеттік оқу пәні



Дата29.01.2017
өлшемі293,5 Kb.
#8171
түріСабақ
Умбеталиева Айгуль Бисембаевна

Бастауыш сынып мұғалімі

3 орта мектеп



Атырау қаласы


3сынып Әдебиеттік оқу пәні

Қысқа мерзімді жоспар

Мерзімі




Тақырыбы

Ақселеу Сейдімбек «Бетпақдала»

Мақсаты

Сын тұрғысынан ойлай отырып,табиғатты қорғау жөнінде өз ойларын,көзқарастарын білдіреді.

Күтілетін нәтиже

1.Шығарманың негізгі ойын біледі. 2.Шығармадағы мақал-мәтелдердің мағынасын талдайды. 3.Шығармадағы оқиғаны өмірмен салыстырады,ой қорытады.

Қажетті жабдықтар

Компьютер,графопроэктор,смайликтер,МАН,3-сынып Ана тілі оқулығы,оқыта үйрету ойынына қатысты керекті құралдар.

Сабақ кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Уақыты

Бағалау

Ұйымдастыру бөлімі

Жыл мезгілдеріне байланысты оқушыларды 4 топқа бөлу.

Сын тұрғысынан ойлу



1 топ. «Күз» 2 топ. «Қыс»

3 топ. «Көктем» 4 топ. «Жаз»

(Өз топтарының атын қорғау.)


2мин

смайликтермен бағалау

Білу.

«Сиқырлы сандықша» оқыта үйрету ойыны.

Әр топқа сұрақтармен толтырылған деңгейлік тапсырмалар беру.Сұрақтар өтілген тақырыпқа байланысты болады.Берілген ақпараттың мәнділігіне қарай бағаланады.Деңгейлік тапсырмалар орындалады.



Әр оқушы сұрақты өз мүмкіндігіне қарай таңдайды,жауап береді.


13 мин

1-5 балдық жүйемен бағалау

Түсіну.

Қолдану.


«Бетпақдала» мәтінінің бөліктері түсініп оқуға беріледі.

1.Мәтінді түсініп оқиды.

2.Мәтіндегі мақал-мәтелдерді дәптерге көшіріп жазады.




12 мин

Смайликтермен бағалау.

Талдау


Сөздік жұмыс.Ханға мінездеме

Топтастыру әдісі .

5 мин

Топтық бағалау.

Жинақтау

АКТ. Венн диаграммасы арқылы екі табиғатты салыстыру.1.Гүлденген дала2.Құлазыған дала

Екі суретті салыстырады,ұқсастықтарын,айырмашылықтарын талдайды,айшықтайды.

8 мин

Топтық бағалау.

Бағалау.

Туған жердің табиғатын көркейту үшін жасалатын жұмыс түрлерін атайды және өздерінің қосқан үлестері туралы әңгімелейді.

Табиғатты қорғау тақырыбында мақал-мәтелдер айтады.( Топтық жарыс)

5мин

Смайликтермен.

Жиынтық бабағалау.

































































Сыныбы: 3 «Б»

Пәні: Қазақ тілі

Күні: 05.12.13

Тақырыбы: Сөйлем мүшелерінің байланысы

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: оқушыларға сөйлем мүшелерінің байланысы туралы алған білімдерін толықтыруға мүмкіндік туғызу;

Дамытушылығы: оқушылардың өз бетімен жұмыс жасау арқылы теориялық ойлауын, сөйлеу тілін дамыту;

Тәрбиелігі: тазалыққа,ұқыптылыққа,ұжымшылдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, талдау, жинақтау, топтау.

Сабақтың көрнекіліктері: тірек сызбалар, мазмұнды суреттер.

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа даярлық.

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру: 94-жаттығуда берілген сурет бойынша сөйлем құрастыру, оларға сұрақтар қою.

ІІІ. Жан-жақты білімдерін тексеру.


Сөйлем

Мағынасына қарай өзара байланысады

Олардың байланысы сұрақ қою арқылы анықталады

Тірек сызбасы арқылы білімдерін тексеру.



ІҮ. Мақсат қою кезеңі: Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау

Ү. Жаңа сабақ: а) оқулықпен жұмыс ә) дәптермен жұмыс Күн ретін жазу. Көркем жазу

96-жаттығуда көрсетілген жұмбақты оқу; шешуін табу,қарамен жазылған сөздердің сұрақтарын табу.



Тоңғақты (кімді )таниды,аяқ-қолды (нені) қариды. (аяз)

Жайған жастық сөгілді,аппақ (қандай) мамық төгілді. (қар)

Үлпілдеген қалпағы (несі), ескен желден (неден) қорқады. (бақбақ)

97-жаттығу Өлеңді мәнерлеп оқу, қарамен жазылған сөздердің байланысын анықтау. Сөйлемдегі сөздердің арасындағы байланысты қалай табамыз?



Ақша қар

Айналамда ұшып жүр

Ақ мамық қар себелеп.

Қалт-құлт еткен бейне бір,

Ақ қанатты көбелек. (Зейнолла Шүкіров)

98-жаттығуда берілген сызба бойынша сөйлемдер құрастыру.


Балалар жиналды.

Оқушылар сабаққа кірді.

Мысық сүтті төгіп ішті.

99- жаттығу Жасырылған мақалды дұрыстап оқысаң, екі жолды мақал шығады.Сөйлем мүшелерінің астын тиісті сызықтармен сыз.

Ақыл жастан шығады,

Асыл тастан шығады.

100-жаттығуда берілген сөздерді қатыстырып сөйлем құрау,сөйлем мүшелерінің байланысын табу.

Қалың қардан шөптің басы көрінбейді.

Қарағым,оқу оқы,босқа жүрме!

Сұңқар шыңын сүйеді.



ҮІ.Бекіту:102-жаттығу Әңгімені оқу, талдау.Қарамен жазылған сөйлемді сөйлем мүшелерінің байланысын табу.

Желтоқсан жұлдызы. Қар көптен жауып,нағыз қыс болды. Күн әбден қысқарған. Күннің көзі көрінсе де,жылынбайды. Өзенді,көлді мұз қаптап,жұрт үстімен жүре бастады. Қалың қардан шөптің басы көрінбейді. Қыс күні аяз кұшті болып,үскірік боран да аз емес.



Қалың қардан шөптің басы көрінбейді.
ҮІІ. Қорытындылау. Сөйлем мұшелерінің байланысы дегеніміз не,сөйлемдерді қалай байланыстырамыз?

ҮІІІ. Үйге тапсырма: 101-жаттығу 103- бет.

ІХ. Бағалау

Сыныбы: 3 «Б»

Пәні: Ана тілі

Күні: 01.10.13

Тақырыбы: Сен ұйықтап жатқанда (Бердібек Соқпақбаев)

Мен елімді сүйемін. (Сырбай Мәуленов.)



Мақсаты:

Білімділігі: оқушыларға Бердібек Соқпақбаев,Сырбай Мәуленов жайлы айтып,түсініктерін кеңейтіп, ойын жеткізе білуге үйрету;

Дамытушылығы: сөйлемді дұрыс құруға, ойын тиянақтай білуге дағдыландыру.

Тәрбиелігі:дамылсыз жұмыс істейтін мамандықтармен таныстыра отырып еңбекке, шыдамдылыққа,туған еліне,жеріне деген сүйіспешілігін арттыру, мейрімділікке тәрбиелеу;

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, талдау.

Көрнекілігі: ақындар суреттері, мамандық иелері суреттері,тірек сызбалар.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа даярлық. «Балалар,сендер сабаққа зейін қойыңдар. Іштеріңнен: «Мен жақсы адаммын, мен әйбәтпін!» деп бірнеше рет қайталаңдар. Бір- біріңе қарап, жымиыңдар.»

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. Өлеңді жатқа айту. Ақын туған даласын кімге теңейді?

( анаға) Суретті пайдаланып, ақын ойын түсіндіріп көр.



ІІІ. Өткенді қорыту. Неге Табиғат ана деп айтамыз?

ІҮ. Мақсат қою кезеңі. Тақырыбымен мақсатын хабарлау.

Ү. Жаңа сабақ: 1. Суреттер топтамасын пайдаланып, Бердібек Соқпақбаев туралы әңгімелеу.

2. Мәтінді түсініп оқу.Әр бөлімде не жайлы айтылғанын анықтау.

3. Суретпен жұмыс: суретте қандай жұмыс түрлері көрсетілген?

4.Мәтіннің мазмұнына сүйеніп, сурет бойынша әңгіме құр.

5.Суреттерге қарап Сырбай Мәуленов туралы әңгімеле.

6.Мәтінді түсініп, жалғастырып, іштен оқу арқылы жазушының көңіл күйін түсіну. 7.Жазушы туған ел неден құралады дейді? Оның мағынасы неге тереңде жатыр дейді?

Туған жерсіз адамның күні жоқ деп неге айтты?

8.Туған елдің тілі баршаға жанға түсінікті дегенді қалай түсінесің?



ҮІ. Сергіту сәті:

ҮІІ. Түсінгендерін тексеру: Мәтіннің мазмұнын мына жоспар бойынша әңгімеле.

а) Арнаулы тұрақ; б) Баспахана;

ә) «Жедел жәрдем»; в) Байланыс бөлімдері.

Шығармадағы негізгі ойды анықта:



  • туған тіл;

  • туған ел;

  • туған жер;

ҮІІ. Бекіту. Бердібек Соқпақбаевтың қандай кітабын білесің? Сырбай Мәуленов кім?

Сызбадағы сөздерді пайдаланып, мәтінді әңгімеле. Салыстырып сипатта дегенді қалай түсінесің? Астананың әсемдігі жайлы не айтар едің? Алматы қаласымен салыстырып көр?



ҮІІІ. Үйге тапсырма: оқу, мазмұнын әңгімеле.

ІХ.Бағалау.

Сыныбы: 3 «Б»

Пәні: Ана тілі

Күні: 19.11.13

Тақырыбы: Амангелді батырым. (Нұрпейіс Байғанин)

Мақсаты:

Білімділігі: оқушыларға Амангелді Иманов батыр жайлы айта келіп, түсініп оқуға, ойын жеткізе білуге үйрету;

Дамытушылығы: сөйлемді дұрыс құруға, ойлау, ойын тиянақтап жеткізе білуге дағдыландыру;

Тәрбиелігі: туған еліне, жеріне, тарихына деген сүйіспешілігін арттыру, батылдыққа, батырлыққа тәрбиелеу

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, әңгімелеу,түсіндіру,іздену.

Көрнекілігі: суреттер, сөзжұмбақ.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру: Сабаққа дайындық. «Балалар, сендер сабаққа зейін қойыңдар. Іштеріңнен:«Мен жақсы адаммын,мен әйбәтпін!» деп бірнеше рет қайталаңдар. Бір- біріңе қарап, жымиыңдар.»

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау: Не үшін қазақ халқы күреске шықты? Жақияның ержүректілігі туралы не айтар едің? Махамбеттің ерлігі жайлы айтылған жолдарды тауып оқы. Жәңгір хан туралы не білесің? Махамбет Жақияны қайтару үшін не деді?

ІІІ.Пысықтау: Махамбет жалғыз жаумен айқасқанда, қандай амал ойлап тапты? Саған әңгіме ұнады ма? Ұнаса несімен ұнады?

ІҮ.Мақсат қою кезеңі: Сабақтың мақсатын,тақырыбын хабарлау.

Ү. Жаңа сабақ: 1.Сөзжұмбақ шешу арқылы мәтіннің тақырыбын ашу. «Амангелді»

(Қабанбай, Махамбет,Исатай, Ақтабан, Бөгенбай,Кенесары,Абылай,шұбырынды, Жәңгір)

2.Өлеңді түсініп, жалғастырып оқу.

3.Елінің бағы үшін Амангелді не істеді?



Ү.Жаң-жақты білімдерін тексеру: Суретпен жұмыс: Суретті салған кім? Сурет қалай аталады? Әңгіме құр.

ҮІ. Бекіту. Амангелді кім? Қазақ халқы үшін ол қандай ерлік жасады?

ҮІІ. Үйге тапсырма: Жаттау,сурет салу.

ҮІІІ. Бағалау

Сыныбы: 3 «Б»

Пәні: Ана тілі

Күні: 07.12.13

Сабақтың тақырыбы: Ту тіккен Рақымжан. ( Кәкімжан Қазыбаев)

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Оқушыларға Рақымжан Қошқарбаев туралы айта келіп,Ұлы Отан соғысындағы рейхстагқа ту тігілген жайлы айту,

Дамытушылығы: сөйлемді дұрыс құруға, ойлау, ойын тиянақтап жеткізе білуге дағдыландыру;

Тәрбиелігі: батылдыққа, Отанын сүйюге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың әдісі: сұрақ- жауап, түсіндіру, әңгімелеу.

Көрнекілігі: суреттер,

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру: Сабаққа дайындық

- Балалар, терезеге қараңдаршы. Далада күн сәулесі жарқырап тұр. Бізге сәулесін шашып тұр. Сәуле сендердің тұла бойларыңа тарап, жандарыңды жадыратып тұр.

- Кәне, айналамызға жылу сыйлайық, жүздеріңнен күннің көзіндей күлкі кетпесін.

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:Мәтінде кім туралы әңгімелейді? Мұқанның бұл жолғы қарсыласы кім?(түрік балуаны Нұрлы) Жекпе-жек немен аяқталды? (жеңіспен)

ІІІ. Пысықтау: Ұлы Отан соғысы кезінде Қажымұқан балуан майданға өз қаражатымен жасалған не жіберіпті? (ұшақ).Балуандар күресі жайында тағы не білесің?

ІҮ. Мақсат қою кезеңі: 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2.Жаңа сабаққа даярлық . Ұлы Отан соғысы жайлы не айтар едің?

Ү. Жаңа сабақ: Мәтінді түсініп оқу.Рейхстаг деген не? Рақымжан командирінен қандай тапсырма алды?Ту тігу үшін командир Рақымжанды неге таңдады?Командирдің тапсырмасы қалай орындалды? Қашан ту тігілді? 30 сәуірдің кеші, 6 сағат 30 минут, 1945

ҮІ. Бекіту: Рақымжан Қошқарбаевтың ерлігі саған қалай әсер етті?

ҮІІ: Үйге тапсырма беру кезеңі:1. Түсініп оқу.

ҮІІІ. Бағалау

Сыныбы: 3 «Б»

Пәні: Ана тілі

Күні: 10.12.13

Сабақтың тақырыбы: Төрт ана. (Мұхтар Шаханов.)

Мақсаты:

Білімділігі: Оқушыларға қасиетті төрт ана жайлы түсіндіріп,білімдерін кеңейту. Дамытушылығы: Сөйлемді дұрыс құруға, ойын тиянақтап жеткізуге, өздігінен жұмыс істей білуге дағдыландыру;

Тәрбиелігі: елін, жерін, тілін, салт-дәстүрін,тарихын құрметтеуге тәрбиелеу

Сабақтың түрі: бекіту сабағы

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, әңгімелеу,іздену.

Көрнекілігі: суреттер, сызба.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру:Сабаққа дайындық

- Балалар, терезеге қараңдаршы. Далада күн сәулесі жарқырап тұр. Бізге сәулесін шашып тұр. Сәуле сендердің тұла бойларыңа тарап, жандарыңды жадыратып тұр.



- Кәне, айналамызға жылу сыйлайық, жүздеріңнен күннің көзіндей күлкі кетпесін.

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау: Ел басынан қандай кезең өтті? Бұл қашан болған? Неге автор Қайратты тірі қалса ақын болар ма еді деп ойлайды? Оның шығарған өлеңін, айтқан өсиетін тауып оқы.

ІІ. Пысықтау: «Ер есімі-ел есінде» дегенді қалай түсінесің?

ІІІ. Мақсат қою кезеңі: 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2.Жаңа сабаққа даярлық . 3.Мұхтар Шаханов туған анаңнан басқа тағы «Төрт ана» бар дейді, оларды атай аласың ба?

ІҮ. Жаңа сабақ: 1.Өлеңді мәнерлеп оқу. Осы өлеңді оқығанда сені қандай сезім биледі?Ақын қандай сезімде болды деп ойлайсың? Өлеңді ақын сезіміне сай мәнерлеп оқып көр. Адамның өз анасынан басқа неше анасы бар екен? Олар қандай? Ата. Бұлар үшін болған күрес қандай күрес дейді ақын?

Ү.Жан-жақты білімдерін тексеру: Өлеңді сызбаға сүйеніп талда.


Бөлім неліктен осы өлеңмен аяқталып тұр деп ойлайсың? Мәтін қалай құрастырылады? Осы бөлімнен халқымыздың басынан қандай кезеңдер өтті? Шығармалардың аттарын және авторын ата.



ҮІ. Үйге тапсырма: Өлеңді жаттау,мәнерлеп айту.

ҮІІ. Бағалау

16. Тақырыбы: Қағаз кесінділерінен құрамақтар жасау.



Мақсаты: Қағаз тілшелеріне әшекейлер жасауды үйрету. Білімін, ой – өрісін дамыту. Ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақ типі: жаңа білімдерді меңгеру сабағы. Әдісі: түсіндіру,әңгімелеу

Көрнекілігі: Суреттер, әр түсті қағаз кесінділерімен, қайшы,желім.

Сабақ барысы:I Ұйымдасу кезеңі:Сабаққа дайындық

II Мақсатын қою кезеңі:Тақырыбын,мақсатын хабарлау

Қағаз кесінділерінен құрамақтар жасау.



IIІ Жаңа материалды түсіндіру кезеңі: Қағаз – әр түрлі бұйымдар жасауға ыңғайлы материал. Ол жақсы желімделеді. Қағаз кесінділерінен сопақша, үшкір немесе шеңбер тәрізді пішіндер құрастыруға болады. Оларды бір – біріне жалғап желімдесе және бояса, әдемі сәндік композиция шығады. Мұның бәрі сенің шеберлігіңе байланысты. Қалың қағаздан немесе жұмсақ қатырма қағаздан құрастырылған композиция майысып, мыжылмайды. Егер ақ қағаздан жасалса, онда ол өте әдемі көрінеді. Қызықты, сәнді композиция жасау үшін алдымен оның нобайын сызып алу керек. 1. Қағаз тілшелерінен әшекейлер жасау тәсілін түсіндіру.- Қағаз тілшелерін не істеуге болады?(кесуге, өруге, бұрауға, әртүрлі құрастырма заттар жасайды). 2. Сурет бойынша жұмыс 33-34 бет. 3. Тілшені қалың қағаздан, жұмсақ қатырма қағаздан жасаса, ол майысып мыжылмайды. Егер ақ қағаздан жасалса, тілшелер әдемі көрінеді. Қағаз тілшелерінен шеңбер тәрізді, сопақша бұрыш пішіндер жасауға болады.

Қызықты, сәндік композицияларды ойша да құрастыра аламыз. Әсіресе әр түрлі механизмдер мен тасымал құралдары әдемі жасалады.



Сергіту сәттері.

ІV. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі: 1. Оқушыларға оқыту: іштей, дауыстап-тізбектей 33 – 34 бет. 2. Сұрақтарға жауап алу. – Қағаз деген не? - Қағазды қалай жасайды? - Қағазбен қандай операцияларды жасай аласыңдар? - Қағазды немен кеседі? - Қағаз тілшелерін не істеуге болады? Оны қалай жасайды?

Техника қауіпсіздік ережелерін қайталау (қайшы, пышақ):Қағаз тілшелерінен әшекейлер жасау.



V. Қорыту. VІ. Үйге тапсырма беру кезеңі: 1. 33-34 бет оқу. 2. Бағалау

Сабақтың тақырыбы: 9 - ға көбейту және бөлу кестесі

Мақсаты: 9 - ға көбейту және бөлу кестесін құру, кестелік жағдайларды ұғыну, логикалық ойлау және салыстыру қабілетін дамыту.

Әдісі: түсіндіру,сұрақ-жауап, талдау, іздену. Көрнекілігі: сызба, суреттер

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Мен бүгін көңілді келдім. Кәне, шеңбер құрайық, өзіміздің жақсы көңіл күйімімізді бір- бірімізге берейік. Өйткені көңіл күйіміз жақсы болса қиындықтарды оңай жеңеміз ғой.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: № 4, 9. ІІІ. Пысықтау: ауызша жұмыс.

а) Әр түрлі тәсілмен оқу және «тізбек бойымен» шешу:

29 + 8 = 37 51 – 7 = 44 38 + 27 = 65 80 – 34 = 46

37 + 7 = 44 63 – 8 = 55 74 + 10 = 84 50 – 27 = 23

46 + 5 = 51 92 – 5 = 87 13 + 88 = 101 90 – 62 = 28

ә) «Кім жылдам?» - 2 мысықтың неше аяғы бар? 5 тышқанның неше құлағы бар?

7 торғайдың неше қанаты бар?

ІҮ. Мақсат қою кезеңі: сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.

Ү. Жаңа сабақ . 1.Ұжымдық жұмыс. № 1 .

9 ∙ 9 = 9 + 9 + 9 + 9 + 9 + 9 + 9 + 9 + 9




9 ∙ 9 = 81

81 : 9 = 9

(9 көбейту және бөлу кестелік жағдайын толық қайталау жөн. Оқушы білімін тиянақтау мақсатында.)

№ 2 Ауызша есептеу. Қай кесеге қымыз құйылған? Қа йысысына шұбат құйылған?

Қымыз құйылған. Шұбат.

72 : 8 = 9 4 ∙ 2 = 8

3 ∙ 3 = 9 56 : 7 = 8

81 : 9 = 9

2. Жұптық жұмыс. № 2 Кестені толтыр:



а

6

5

4

1

0

10

а + 9

15

14

13

10

9

19

а ∙ 9

54

45

36

9

0

90


Сергіту сәті: мұғалім сандарды атайды: 10, 15, 12, 14, 11, 13, 18, 19, 8, 17.

Егер сан екіге бөлінсе – оқушылар екі рет секіреді, ал егер бөлінбесе – бір рет орнында адымдайды.



ҮІ. Өткен материалды бекіту. 1. Ұжыммен. Есеп шығару. № 5

Раушан – 30 және 40 қалампыр Шешуі: (30 + 40) – 5 ∙ 9 = 70 – 45 = 25

Сатылды – 5 гүлден -9 гүлшоғы Жауабы: 25 гүл қалды.

Қалды - ?

№ 6.

Көктікен – 36 гүл – 9г. гүлшоқ. Шешуі: 36 : 9 ∙ 7 = 4 ∙ 7 = 28



Түймедақ - ? гүл - 7 г. гүлшоқ Жауабы: 28 түймедақ гүлі болды.

№ 7.


Түске дейін – 9 гүл – жетіден бірі. Шешуі: 9 ∙ 7 = 63

Барлығы -? Жауабы: барлығы 63 гүл болған.

2. Топтық жұмыс. № 8. Қалдықпен бөлуді орында және тексер:


  1. топ. (1 – 2 баған), 2 топ (3 – 4 баған), 3 топ (5 – 6 бағанды орындайды.)

3. Өздік жұмыс. № 9.

Тік төртбұрыштың ені 4 см, ал периметрі 18см болса, оның ұзындығын тап. Осы тік төртбұрышты сыз және ауданын тап.

а = 4 см в = 18 – 4 ∙ 2 = 10 (см)

Р = 18 см S = 4 ∙ 10 = 40 (см2)



в = ?

S = ?


  1. Шығармашылық жұмыс. № 10. Есепті кестенің көмегімен шығарған қолайлы.




Бірінші натурал сан

1

2

3

4

5

6

Екінші натурал сан

12

11

10

9

8

7

Көбейтіндінің мәні

12

22

30

36

40

42


ҮІІ. Бекіту: бүгінгі сабақта не істедік, неге үйрендік? № 11. Ауызша амалдарды орында.

ҮІІІ. Үйге тапсырма: № 4 143 бет. бағалау.

19. Тақырыбы: Фольгамен жұмыс



Мақсаты: Фольгамен әр түрлі бұйымдарды жасап үйрету. Білімін, ой – өрісін дамыту.Ұқыптылыққа, еңбекке тәрбиелеу.

Сабақ типі: жаңа білімдерді меңгеру сабағы. Әдісі: түсіндіру,әңгімелеу

Көрнекілігі: Суреттер, фольга, біз,қайшы

Сабақ барысы:I Ұйымдасу кезеңі:Сабаққа дайындық

II Мақсатын қою кезеңі:Тақырыбын,мақсатын хабарлау.Фольгамен жұмыс

IIІ Жаңа материалды түсіндіру кезеңі: 1. Фольга деген не? Фольга жұқа парақша немесе таспа, тілше түрінде әр түрлі металдан жасалады. Ол электр техникасы, баспа өндірістерінде қолданады. Тамақ өнеркәсібінде кәмпит, шай, сүт тағамдарын орау үшін пайдаланады.2.Фольгадан не жасауға болады?Жұқа фольгадан ойыншықтар, қалың, қатты фольгадан ашықхат жасауға болады, оған сурет салуға болады.3.Жұқа фольгадан шырша ойыншықтар дайындау тәсілін үйрету.

Сергіту сәті:Жұмыс реті:1.Бұйымның нобайын әзірлеу.2.Домалақшалардың саны мен өлшемдерін анықтау.3.Домалақшалардың саны мен өлшемдеріне сәйкес шаршыларды белгілеп, қию. Домалақшалар жасау.4.Әрбір домалақшаны бізбен тесу.5.Жасалған тесіктен сым өткізу.6.Ұштарынан 3 см сым ілмегін қалдыру.Қалған сымнан алақанын, аяқтың табанын жасауға болады. Бізбен немесе инемен домалақшаның тура ортасынан тесу керектігі есте болсын.Фольга оңай жыртылып, тесіліп, майысып, өзінің пішінін тез өзгертеді. Сондықтан да фольгадан жасалған бұйымдарды ұқыптап ұстау керек.



ІV. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі: 1. Оқушыларға оқыту: іштей, дауыстап-тізбектей 38 – 40 бет.Сұрақтарға жауап алу. - Фольга деген не? Фольга – әр түрлі металдар мен қорытпалардан өте жұқартылып жасалған материал. - Оның қандай түрлері болады? Одан не жасауға болады? 2. Техника қауіпсіздік ережелерін қайталау. (қайшы, пышақ). 3. Фольгадан құлын пішінін құрастыру.

Құлын пішінін құрастырып көрейік. Ол үшін 40 – беттегі сурет бойынша құлын денесінің негізгі бөліктерін анықтаймыз, олар: денесі, аяғы, құйрығы, басы. Жұмсақ фольгадан әзірленген домалақшалар құлын пішінін жасауға қажет бөлшектер бола алады. Домалақшаларды сымға өткіземіз. Олар инемен оңай тесіледі. Көрме ұйымдастыру.



    1. Қорыту: VІ. Үйге тапсырма беру кезеңі: 1. 38-40 бет оқу. 2. Бағалау

20. Тақырыбы: Фольгадан барыстың панносын жасау



Мақсаты: Фольгадан барыстың панносын жасап үйрету. Білімін дамыту. Еңбекке, тазалыққа тәрбиелеу.

Сабақ типі: жаңа білімдерді меңгеру сабағы. Әдісі: түсіндіру,әңгімелеу

Көрнекілігі: Суреттер, тіс пастасының құтысы,қайшы

Сабақ барысы:I Ұйымдастыру кезеңі:Сабаққа дайындық

II. Мақсатын қою кезеңі:Тақырыбын,мақсатын хабарлау.Фольгадан барыстың панносын жасау. IIІ. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:

Қажетті заттар: Тіс пастасының құтысы. Металл пластина

Құты фольгадан жасалған. Металл пластинана сызғышпен тегістейміз. Барыстың суретін көшірме қағаз арқылы пластинаның ішкі жағынан түсіріп аламыз. Пластинана аударып, бетіндегі суретті өңдеп шығамыз. Барыстың айналасына зергерлік айшықтарға ұқсаған ойыс нүктелер түсіреміз. Пластинаны қатырма қағаздың шетінен асыра қайырып, панно етіп жиектейміз.


  1. Сергіту сәті

ІV. жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:

  1. Сұрақтарға жауап алу: Фольганы қандай материалдан жасайды? Фольганың қағаздан айырмашылығы не? Фольганың қандай қасиеттері бар?

  2. Оқулық бойынша «фольгадан барыс панносын жасау» тақырыбын оқу.

  3. Техника қауіпсіздік ережелерін қайталау.

  4. Барыстың пішінін құрастыру

V. Қорыту. VІ. Үйге тапсырма беру кезеңі: 1. 41-43 бет оқу. 2. Бағалау.

Сыныбы: 3 «Б»

Күні: 02.11.13

Тақырыбы: Жер бетінде ауаны жылытуы. Жел

Мақсаты:

Оқушыларға ауаның жер бетінен қызатынын, желдің пайда болуын түсіндіру; білімін, тілін дамыту;

білімдікке тәрбиелеу.

Сабақ типі: Аралас сабақ.

Әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу.

Көрнекілігі: Суреттер, үлестірмелер.

Барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу,түгендеу,оқушылардың зейінін, назарын жаттығулар орындау арқылы сабаққа аудару. ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:

1.«Ауаның жер бетінде таралуы» оқыту. 2. Мазмұнын айтқызу



ІІІ. Білімді тексеру кезеңі: 1.Сұрақтарға жауап алу -Жер бетінде ауа бар екенін қалай оңай білуге болады? -Төңірегімізде ауа бар екенін қалай оңай білуге болады? -Ауаның көлемі қандай жағдайға байланысты өзгеріп тұрады? -Жер бетіндегі тіршілік үшін ауаның қандай маңызы бар? 2.Қорытындылау

IV.Мақсатын қою кезеңі:Тақырыбын, мақсатын хабалау. Жер бетінің ауаны жылытуы. Жел V. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі: 1.Ауаның жер беті арқылы қызатыны жайлы түсінік беру. 2. Желдің пайда болуы жайлы түсіндіру. 3. Желдің күшін өлшейтін аспап( жел бағар) 4. Сергіту сәті

VI. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі: 1. Оқушыларға оқыту:дауыстап-тізбектей. 2. Сұрақтарға жауап. -Неліктен күн сәлелері ауаны тікелей қыздырмайды? -Жел қалай пайда болады? 3.Дәптермен жұмыс: желдің анықтамасы

VII. Бекіту кезеңі: Қорытындылау

VIII. Үйге тапсырма беру кезеңі: 72-75 бет оқу, мазмұндау. Бағалау.

23. Тақырыбы: Қиял әлеміне саяхат



Мақсаты: Оқушыларға қиял – ғажайыптар жайлы түсінік беру. Білімін, тілін дамыту. Еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақ типі: жаңа білімдерді меңгеру сабағы. Әдісі: түсіндіру,әңгімелеу

Көрнекілігі: Суреттер, әр түсті қағаз,қайшы, желім.

Сабақ барысы: I. Ұйымдасу кезеңі: Сабаққа дайындық

II. Мақсатын қою кезеңі: Тақырыбын,мақсатын хабарлау. Қиял әлеміне саяхат

IIІ. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі: 1. Мұғалімнің түсіндірмесі. Қағазбен жұмыс істеу. 2. Еске түсірейік: 1. Қағазбен жұмыс істеген кезде, ең алдымен, оны өлшеп, белгілеуден бастаймыз. 3. Содан соң белгі бойынша бүктейміз. 4. Бүктеу сызығы бойынша қағазды қайшымен қиямыз. 5. Сурет бойынша бұйымды құрастыра аламыз, қағазға жапсырмалаймыз. Жапсырмалау – бұл, негізінен, балалар заттарына арналған әшекейлеу тәсілі.

ІV. Сергіту сәті. V. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:Оқулық бойынша жұмыс . «Біз табиғат перзентіміз» тақырыбына ертегі құра.

VI. Қорыту. VІI. Үйге тапсырма беру кезеңі: Бағалау

Сыныбы: 3 «Б»

Күні: 16.11.13

Тақырыбы: Суды қорғау.

Мақсаты: Судың тіршілікке тигізетін пайдасын аша отырып, оны қорғаудың, таза сақтаудың маңызын түсіндіру; білімін, тілін дамыту; ұқыптылыққа, табиғатты қорғауға тәрбиелеу.

Сабақ типі: аралас сабақ. Әдісі: түсіндіру, әңгімелеу. Көрнекілігі: суреттер

Барысы: І Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу,түгендеу,оқушылардың зейінін, назарын жаттығулар орындау арқылы сабаққа аудару.

ІІ Үй тапсырмасын тексеру кезеңі: 1. Өзен және көлдер. – оқыту. 2. Мазмұнын айтқызу

ІІІ Білімді тексеру кезеңі: 1.Сұрақтарға жауап алу. - Жер асты суы қалай пайда болады?

- Өзен қандай бөліктерден тұрады? Тұзды көл қалай пайда болады? - Жасанды көл қалай жасалады? Судың тіршілік үшін қандай маңызы бар? 2. Қорытындылау



ІV Мақсатын қою кезеңі: Тақырыбын, мақсатын хабарлау. Суды қорғау.

V Жаңа материалды түсіндіру кезеңі: 1. Мұғалімнің түсіндірмесі - Адамның суды пайдалануы - Судың жетіспеуі (2 себеп) - Су қоймаларын қорғау - Суды үнемдеу.

2. Сергіту сәті. 3. Кітаппен жұмыс. Оқып түсіндіру



VІ Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:

1. Оқушыларға оқыту: іштей, дауыстап-тізбектей. 2. Сұрақтарға жауап алу - Көп елдер судан неліктен тапқыншылық көреді? - Су қоймалары неге ластанады?

- Суды қорғау үшін адамдар қандай әрекетттер жасау керек? - «Судың да сұрауы бар» деген халық мәтелін қалай түсінесің? 3. Дәптермен жұмыс: Тест

1. Судың 3 түрлі күйі:

а) мөлдір, сұйық, түссіз;

ә) сұйық, қатты, газ тәрізді;

б) ерігіш, қатты жылы;

в) газданған, мөлдір, суық.

2. Су өткізбейтін тау жынысы:

а) құм;


ә) саз;

б) малтатас;

в) қиыршықтас.

3. Су ... буланады:

а) ауа температурасы жоғары көтерілгенде;

ә) ауа салқындағанда;

б) жауын-шашыннан;

в) ауаға жанасқан кезде.

4. Құдықтың тереңдігі:

а) жер асты суының бағытына байланысты;

ә) жер бедеріне байланысты;

б) жануарлар қажетіне байланысты;

в) су қабатының орналасуына байланысты.

5. Тұщы су жер бетіндегі су қорының ... пайызын қурайды:

а) 98%;

ә) 2%;


б) 1,5%;

в) 0,15%.



VІІ Бекіту кезеңі: Қорытындылау

VІІІ Үйге тапсырма беру кезеңі: 1. Суды қорғау – оқу, мазмұндау. 2. Бағалау

Жауын-шашын

Оқушыларға жауын-шашынның пайда болуын түсіндіру;

білімін, тілін дамыту;

білімділікке тәрбиелеу.



Сабақ типі: аралас сабақ. Әдісі: түсіндіру,сұрақ-жауап,әңгімеле

Көрнекілігі: суреттер, үлестірмелер

Барысы: І Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу,түгендеу,оқушылардың зейінін, назарын жаттығулар орындау арқылы сабаққа аудару. Білімді тексеру кезеңі: 1.Сұрақтарға жауап алу. 2. Қорытындылау

ІV Мақсатын қою кезеңі: Тақырыбын, мақсатын хабарлау. Бұлт және тұман. Жауын-шашын.

V Жаңа материалды түсіндіру кезеңі: 1. Мұғалімнің түсіндірмесі. - Судың булануы - Су тамшыларының пайда болуы -Тұман, бұлт, жауын, бұршақ, шық, қырау туралы түсінік беру. Бұлт түрлері: будақ, шарбы, қабат. 2. Мәтінді оқыту 80-84 3. Сергіту сәті

VІ Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі: 1. Сұрақтарға жауап алу

2. Дәптермен жұмыс. VІІ Бекіту кезеңі: Қорытындылау



VІІІ Үйге тапсырма беру кезеңі: 1. 80-85 бет оқу, мазмұндау 2. Бағалау

Сыныбы:

Күні: 20.11.13

Тақырыбы: Тау жыныстары және оны қорғау

Тау жыныстары деген не? Бос тау жыныстары .



Мақсаты: Оқушыларға тау жыныстары туралы түсінік беру; білімін, тілін дамыту; білімділікке тәрбиелеу. Сабақ типі: аралас сабақ.Әдісі: түсіндіру, әңгімелеу.

Көрнекілігі: суреттер

Барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу,түгендеу,оқушылардың зейінін, назарын жаттығулар орындау арқылы сабаққа аудару.

ІІ Үй тапсырмасын тексеру кезеңі: 1. «Суды қорғау». – оқыту. 2. Мазмұнын айтқызу

ІІІ Білімді тексеру кезеңі: 1.Сұрақтарға жауап алу. - Жер асты суы қалай пайда болады? Бұлақ қандай жерден шығады? - Өзен қандай бөліктерден тұрады? Тұзды көл қалай пайда болады? - Жасанды көл қалай жасалады? Судың тіршілік үшін қандай маңызы бар? - Су туралы қандай мақал-мәтелдер білесіңдер? Суды қорғау үшін сендер қандай үлес қосасыңдар? 2. Қорытындылау

ІV Мақсатын қою кезеңі: Тақырыбын, мақсатын хабарлау. Тау жыныстары деген не?

V Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:

1. Өзен жағасына бара қалсаңдар жарқабақтан құм, саз, малта тастардың бірінің үстіне бірі үйілген қабат құрап жатқанын көресіңдер. Олардан басқа жер бетінде және оның қойнауында гранит, әктас, тұз, тас көмір, мұнай, газ. Жер қыртысын толтырып жатқан денелер тау жыныстары деп аталады. 2. Сергіту сәті. 3. Кітаппен жұмыс. Оқып түсіндіру



VІ Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі: 1. Оқушыларға оқыту: іштей, дауыстап-тізбектей. 2. Сұрақтарға жауап алу: - тау жыныстары деп нені атайды? - тау жыныстары қандай түрлерге бөлінеді?

3. Дәптермен жұмыс: Тау жыныстары деген не? VІІ Бекіту кезеңі: Қорытындылау



VІІІ Үйге тапсырма беру кезеңі: 1. 94-96 бет – оқу, мазмұндау. 2. Бағалау

Сыныбы:

Күні: 23.11.13

Тақырыбы: Тығыз тау жыныстары.

Мақсаты: Оқушыларға тығыз тау жыныстары туралы түсінік беру; білімін, тілін дамыту; ұқыптылыққа, табиғатты қорғауға тәрбиелеу.

Сабақ типі: аралас сабақ. Әдісі: түсіндіру, әңгімелеу. Көрнекілігі: суреттер

Барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу,түгендеу,оқушылардың зейінін, назарын жаттығулар орындау арқылы сабаққа аудару. ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:

1. Оқыту. 2. Мазмұнын айтқызу



ІІІ. Білімді тексеру кезеңі: 1.Сұрақтарға жауап алу. - Жер асты суы қалай пайда болады? Бұлақ қандай жерден шығады? - Өзен қандай бөліктерден тұрады? Тұзды көл қалай пайда болады? - Жасанды көл қалай жасалады? Судың тіршілік үшін қандай маңызы бар? - Су туралы қандай мақал-мәтелдер білесіңдер? Суды қорғау үшін сендер қандай үлес қосасыңдар? 2. Қорытындылау

ІV. Мақсатын қою кезеңі: Тақырыбын, мақсатын хабарлау. Тығыз тау жыныстары. Майда тау жыныстары. V. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі: 1. Мұғалімнің түсіндірмесі. Тығыз тау жыныстар – гранит, мәрмәр, құмтас, тас көмір.Әр қайсысына жеке тоқталу. Құм мен саздың ерекшеліктерімен таныстыра отырып, тәжірибе жасау 2. Сергіту сәті 3. Кітаппен жұмыс. Оқып түсіндіру.

VІ. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі: 1. Оқушыларға оқыту: іштей, дауыстап-тізбектей. 2. Сұрақтарға жауап алу: - Граниттің қандай ерекшелігі бар? Құмтас қалай пайда болады? Оларды қалай қолданады? Құм мен саздың ұқсастығы неде? Қандай айырмащылықтары бар? - тау жыныстары қандай түрлерге бөлінеді? 3. Дәптермен жұмыс: Тығыз, майда тау жыныстарының түрлері. 4. Сарамандық жұмыс

VІІ. Бекіту кезеңі: Қорытындылау. VІІІ. Үйге тапсырма беру кезеңі: 1. 97 бет – оқу, мазмұндау. 2. Бағалау

27. Тақырыбы: Аяз ата мен акшакар жасу



Мақсаты: Оқушыларға жаңа жыл туралы түсінік беру. Білімін, тілін дамыту. Еңбексүйгіштікке, табиғатты аялауға тәрбиелеу.

Сабақ типі: аралас сабақ. Әдісі: түсіндіру, әңгімелеу

Көрнекілігі: Суреттер, шар, әр түсті қағаз, қайшы.

Сабақ барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі: Сабаққа дайындық

II. Мақсатын қою кезеңі: Тақырыбын, мақсатын хабарлау.

III. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі: Мұғалімнің түсіндірмесі.

Жаңа жыл шыршасының құрметті қонақтары Ақшақар мен Аяз ата екенін жақсы білесіңдер. Енді қағаздан Ақшақар мен Аяз атаны жасаймыз.



Аяз атаның орындалу реті: 1.Алдымен Аяз ата пішінінің биіктігі мен жуандығын белгілеп ал. 2. Денесін жасауға биіктеу құты немесе бөтелкені алуға болады. Сонда бойының биіктігі неге байланысты болады екен. 3.Қуыршақты сәндеу өз қиялдарыңа байланысты. Аяз атаға сән беретін – оның сақалы. Оны жасау үшін тік төртбұрышты қағаз тілімдері қажет. Ұзындығын өздерің белгілеңдер. Қағаз тілімін ширатқанда, қысқаратынын ұмытпаңдар, ширату үшін қағаздың әр тілімін қарындашқа ораса болғаны.

  1. Аяз атаның шашын ептеп қайырып қоюға немесе бұйралауға да болады.

  2. Мұртын сақалының үстінен жапсырамыз.

  3. Бас киімі екі бөліктен тұрады.

  4. Қасын,мұрнын және көзін жасаймыз.

IV. Сергіту сәті: Ақшақар пішінін өзің жасап көр.

V. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі: Оқушыларға оқыту: іштей, тізбектеп – дауыстап. VI Қорыту. VII Үйге тапсырма беру кезеңі: 1. 62 – 65 бет оқу. 2. Бағалау.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет