3 оқу залы Қарымбай (Кәрімбай) Қошмамбетов – белгілі мемлекет және қоғам қайраткері


Тәуелсіздік үшін күрес отаршылдыққа қарсы күрестен бастау алған



бет43/47
Дата26.06.2018
өлшемі1,61 Mb.
#44309
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   47

Тәуелсіздік үшін күрес отаршылдыққа қарсы күрестен бастау алған.

Ғалым ағамыз Әбдіқадір Жүргенов былай дейді.

  • Тәуелсіздік Қазақстанға бір күнде аспанна түсе қойған жоқ. Ол үшін күрес сонау Кенесары Қасымов, Сырым Датов, Исатай Тайманов, Амангелді Имановтан тіпті кешегі Желтоқсан оқиғасына дейін қазақ даласында болған 200-ден астам отаршылдыққа қарсы болған ұлт-азаттық көтерілістерден басталды деп есептеу керек. Әр заманда қазақ зиялылары тәуелсіздігіне өздері тапқан жолмен жетуді аңсады. Мысалы, ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсарин, ғалым Шоқан Уәлиханов, ақын-философ Абай Құнанбаевтар қазақ тәуелсіздігін бүкіл халық болып білім мен ғылымды меңгеруден іздеді. Бұл сонау ХІХ ғасырдың екінші жартысы еді. Олар халқымыздың білім-саласын Еуропа елдерінің деңгейіне көтеріп барып, өркениетті халықтар қатарына қосуды көкседі.

Ал, ХХ ғасырдағы қазақ зиялылары Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатовтар Ресей империясы құрамында «Алаш» автономиясын, ұлттық-буржуазиялық мемлекет құруды көксесе, Тұрар Рысқұлов Кеңестер Одағының құрамында бүкіл Орта Азия мен Қазақстанда түркі тілдес халықтарды біріктіріп, Түрік Республикасын, Түрік коммунистік партиясын құру үшін күресіп, олардың алғашқылары «ұлтшыл» атанып, кейінгілері «ұлттық ауытқушылар» деп танылып большевиктерге жақпады. Ал, сара саясат жүргізіп, көрегендік танытқан Дінмұхамед Қонаев Кеңес өкіметінің қолтығы астында жүріп-ақ Қазақстанның экономикалық дербестігі мен мәдениетінің өркендеуіне зор үлес қосты. Тәуелсіздікті өнеркәсіп пен ауылшаруашылығын дамытудан іздеді.

Тек Нұрсұлтан Назарбаевтың тұсында М. С. Горбачевтың табансыз қайта құру саясаты, бағдарламасыз және принципсіз демократиясы КСРО-ны күйретіп, республикамыздың тәуелсіздігіне жол ашты.

Әр заманда әр тұлға өз заманының тарихи мүмкіндігі шеңберінде ұлтының тәуелсіздігі үшін жанқиярлық күрес жүргізді. Қарымбай Қошмамбетов – сондай тұлға. Қалай десек те, оның жүрегі «халқым, жұртым, ұлтым» деп соққан.

1930 жылы мемлекетке астық тапсыру науқанын ұйымдастыру кезінде күзгі қатты суыққа ұрынған Қарымбай Қошмамбетов сол жылы күзде Алматы ауруханасында дүние салған. Ол небәрі 33 жаста еді.



Оны республика жұртшылығы, Мәскеуден арнайы келген Тұрар Рысқұлов, туған –туысқандары ақырғы сапарға зор құрметпен шығарып салғаны туралы 1930 жылғы 9 қаңтарда «Еңбекші қазақ» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газеті ресми хабарлар, қазанама материалдар жариялады.

Өкініштісі Қарымбайдың өмірі өте қысқа болды. Қуаныштысы ол 1932-33 жылдардағы «қызыл қырғын» ашаршылықты көрмей, 1937-38 жылдардағы «халық жауы» деген қарғыны тақпай, сондағы адам төзгісіз азап пен қасіретті басынан көшпей кетті.

Қарымбай есімі елінің жүрегінде. Ол ешқашан ұмытылмақ емес. Оған кешегі Кеңес өкіметі кезінде қызылдың шекпенін киген екен деп теріс көзқараста болмайық. Қалай дегенмен де Қарымбай Қошмамбетов – қазақ халқының қадірлі ұлы. Оның арманы елінің тәуелсіздігі, ұлтының азаттығы болған.

. К. Олжабаева 204-207 б.C., 2008. - № 2, ПГУ им. С. Торайгырова ҚазҰУ хабаршысы=Вестник КазНУ. Сер. Историческая Қарымбай Қошмамбетов ...

csmb.ds.e-taraz.kz/Cat/docs/cont_1464



Каталог: kaz -> images
images -> Ғылыми кітапхана Көркем әдебиет секторы «Бір ел – бір кітап» акциясы
images -> М. Х. Дулати атындағЫ
images -> Құқықтық құжаттар Құрметті оқытушылар және білімгерлер!
images -> Сабақты жоспарлау Сабақ жоспарының мазмұны Сабақ жоспарына қойылатын талаптар Ағылшын тілі сабағының құрылымы
images -> «Бастауыш білім беру» мамандығы бойынша 2/11. 41 тобының «Педагогика»
images -> №і-б (жоо) жылдық статистикалық есеп кімге жіберіледі: Алушының мекен- жайы: Жіберушінің мекен-жайы
images -> Бюллетень 2016 ж. (шілде-желтоқсан) Ақпараттық бюллетень
images -> 1. Кітапхана туралы жалпы мәлімет
images -> Анықтамалық- библиографиялық ЖҰмыс


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   47




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет