3 оқу залы Қарымбай (Кәрімбай) Қошмамбетов – белгілі мемлекет және қоғам қайраткері



бет40/47
Дата26.06.2018
өлшемі1,61 Mb.
#44309
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   47

1.  Уатком фракциясына Артықбаев бастаған рулық дүрдараздықты қоздыруға қатыстылардың барлығын шақырып,мәселені анықтау.

2.  Бақылау Комиссиясы өкілдеріне Артықбаевты партиядан шығару мәселесін хаттау.

3.  Істі тексеру аяқталғаннан кейін оны әкімшілік комиссияға беріп, мұндай қаскүнемдерді Әулиеата уезі аумағынан кетіру [2].

Зерттеу  тақырыбының тағы бір анықталар тұсы аталған мерзімде биліктің барлық деңгейінде  көсемге  жеке  берілгендіктің, көсемділіктің (вождизм) қалыптаса  бастауы еді. Бұл кезеңде  партиялық  пікірталаста әрбір  фракциядағы  немесе  белгілі бір тұғырнамадағы көсемнің  жеңілуі,  оны  жақтаушылар мен жолын  қуушыларға  шара  қолдануға ұласатын.  Мұның  өзі  саясатта  жіберген  қателіктері  үшін  өте  аяусыз түрде  жауап  беретін  уақыттың  таяп  қалғандығын  білдірді.

20- жылдардың  соңына  қарай БК(б)П  идеялық  сипатта  біртұтас  (монолитті) қалыптасып,  ішкі  партиялық  алауыздықтан  азат  етілді, партиядан  бөлек оппозиция  болмауы  себепті,  халықаралық  коммунистік  қозғалыста  үстемдік  етті. Мұндай  нақтылы  мүмкіндіктің  болуы, қоғамдық  өмірдің  барлық салаларында қатал  әкімшілік–командалық  әдістерге  көшу  пиғылын  тудырды.

Мемлекеттік  құрылыс тұрғысынан  алғанда  әсерлі орталықтандырылған  аппарат  құралып, жазалау  органдары  күшейтілді.  Мемлекеттік саяси басқарма (МСБ) КСРО ОАК Президиумының 1923 жылдың 2 қарашасындағы Қаулысымен  КСРО ХКК жанындағы  Бірлескен мемлекеттік саяси басқармаға (БМСБ) атын ауыстырған еді[1, с.86].  1923 жылдан басталып 1927 жылға дейін жалғасқан Кеңес үкіметі мен қоғам арасындағы қарама-қайшылықтың бәсеңдеуіне байланысты 1953 жылға дейінгі кезеңде алғаш және соңғы рет қысқартуға ұшыраған БМСБ органдарының құрамы 1925 жылы 26000 азаматтық қызметтегілерден және 63000 әскерилерден тұрды. Бұған осы органға қызмет еткен 30000 тыңшыларды қоссақ, кеңестік жасырын полицияның қызметіне нұқсан келе қоймағандығын көреміз, ол бұрынғыдай ішкі қауіптен елді қорғауда өзінің позициясын жоғалтпады[1, с.145]. Тиісінше, Түркістан республикасы аумағында 1922 жылдың 28 наурызында МСБ-ның Түркістандық бөлімшесі , облыстарда  МСБ-ның облыстық бөлімшелері құрылды.



1923 жылдың  2 қарашасындағы Қаулысымен  КСРО ХКК жанындағы  Бірлескен мемлекеттік саяси басқармасы (БМСБ) одақтық және автономиялық республикаларда құрылып, жергілікті кеңестерде атқару комитеті жанындағы саяси бөлімдерден тұрды.  Аталған органға берілген өкілеттіліктер, олардың  ешбір  жауапкершілікті сезінбей-ақ талай шектен тыс  шешімдерді  жүзеге асыруға мүмкіндік берді. Осылай, БК(б)П Әулиеата укомы хатшысының (Голышкин. | БК(б)П Сырдария Губкомының жауапты хатшысы Каучуковский мен Губкомның ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі Есқараевқа жазған саяси хатында Әулиеата уезінде экспедициялық сапарда жүрген О.Жандосов пен В.Соколовскийдің Мерке ауданында, жергілікті парткомға ескертпей, 9 халық соты мен тергеушілерді,олрдың жұмысының тығыздығына қарамай, өздерімен бірге ала кеткенін айтады. Бұған қосымша экспедицияның құрамына өз парткомдарына ескертпей өзімбілерлікпен қосылған МСБ - ның өкілі Матеев пен оның көмекшісі Субботиннің азаматтарды жауапты қызметкерлердің үстінен шағым жазуға күштеп, осы іске атсалыспаса «соттар мен тергеушілерді қамап тастаймыз»,- деп қорқытып жүргені туралы сот тергеушілері Балмұхамедов пен Түртембаевтардың аттарынан  хат келгендігі жазылады. Осылай МСБ – ның өкілдері экспедиция құрамында соттар мен сот тергеушілерін жазықсыз жандарды жазалауға азғырып жүрген кезде, 47000 сомның ұрланғаны анықталады.Осыған байланысты Әулиеата укомы Сырдария губкомына Матеев пен Субботинді кері қайыру туралы ұсыныс жасайды [3]. Бұл жерде МСБ өкілдерінің  ұрланған ақшаның ізіне түсу үшін кері қайтуы да  мүмкін. Әйтсе де құжатта, олардың жергілікті партия органдарымен ешбір санаспай, қалыптасып келе жатқан  сот органдарын дегендеріне көндіруге тырысқандары ап-айқын көрініп тұр.  Мұның өзі репрессиялау механизмінің  ешбір өзгермей, «дұшпан бейнесін » анықтау И.В. Сталин бастаған саяси билікте қалып, оларды іздеп-тауып жазалау МСБ мен БМСБ органдарының құзырында екендігінің айғағы болса керек . Қоғам болса идеологиялық алдап-арбаудың нәтижесінда не атқарылып жатқан іс-шараларды қолдап отырды, немесе ол іс-шаралардың жүзеге асырылғандығын үнсіз құптауға мәжбүр болды.

Саяси репрессиялар негізінен контрреволюциялық  қылмыстар  туралы заң арқылы жүргізіліп отырды. Большевиктер жазалау органдары қатарына негізінен азамат соғысына қатысқан, еуропалық нәсілдегілерді тартуға ұмтылды, оған РК(б)П мүшелері мен мүшелікке кандидаттарының «лениндік шақыруы» да әсер етті.  Осылай, Әулиата Уқалкомы атқару бюросының мәжілісі 1924 ж. МСБ-ның  №42 конвойлық командасының №9 коммунистік ұяшығының (ячейкасының) хаттамасына сәйкес партияға кандидаттыққа Горбунов пен Куприяновты қабылдайды [4].

Сөйтіп, билеуші партия өзінің жергілікті жерлердегі жазалау аппаратындағы тірегін нығайту мақсатындағы жұмыстарын бір сәтке де тоқтатпады. Қазақстанда бұл саясаттың ұйытқысы - жүргізушісі 1925 жылы БК(б)П Қазақ  өлкелік комитетінің бірінші хатшысы болып тағайындалған Ф.Голощекин болды. Ол бұл істе РК(б)П-ның алдымен облыстық, кейіннен өлкелік комитетінің үш жыл ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі болған, КСРО ІІХК –ның келешек халкомы Н. Ежовқа арқа сүйеді. Нәтижесінде «жікшіл», «ұлтшыл» деген таңба тағылып көптеген  көрнекті қайраткерлер ( С. Аспандияров, М. Мырзағалиев, С.Садуақасов және т.б.) республикадан тыс жерлерге қуғындалып кетті[5, 5-б.].  Осы қуғын-сүргінді жүзеге асырып жүргендердің көпшілігі «білімім төмен» деп өз қолымен жазып жүрген орталықтан жіберілгендер болатын. Мұның айқын мысалы ретінде 1929 жылдың 20 қыркүйегінде  Сырдария округі бақылау комиссиясының БК(б)П мүшелерін тазалау және тексеру қорытындысы бойынша округтік БМСБ- ның № 9 партия ұяшығындағы мынадай жайларға мән беруге болады.

Тексеруден өткен БМСБ қызметкерлерінің 16-сының тек 4-і ғана мұсылман нәсіліндегілер.  Оның да біреуі тексеруден өткізілмеген. Ал, тексеруден өткен қалған 12 еуропалық нәсілдегілердің мамандығына сәйкестілігі  шамамен мынадай.



1. Вакорин И.П., білімі төмен, саяси дайындығы жоқ.

2.Тюрина А.Ф. 1927жылы партиялық тәртіпті сақтамағаны үшін сөгіс алған, білімі төмен, саяси дайындығы жоқ.

3. Горюнов В.П.шала сауатты,  саяси дайындығы жоқ. Басқалары да осы тектес.

Тіпті сол кездегі БСМБ –ның Округтік бөлімінің бастығы В. Никольскийдің де білімі төмен екендігі жазылған.  Округтік БСМБ бастығының бұл қызметке келуіне оның 1914 жылдан бастап БК(б)П –ға мүше болып, патша үкіметі тарапынан 1жылға жер аударылғаны, Петроградтағы  Қазан төңкерісіне қатысып, одан кейін құжатта жазылғандай әртүрлі жазалау органдарында қызметте болғандығы есепке алынса керек [6].

Осы орайда Орталық жіберген кызметкерлердің басым көпшілігінің саяси қуғын – сүргін зұлматынан аман қалып отырғанына мән беруге болады. Мәселен, Әулиеата уезінде Кеңес өкіметін орнатуға және нығайтуға белсенді қатысқан Тұрар Рысқұлов, Қабылбек Сарымолдаев, Мақсұт Жылысбаев, Сыдық Абланов, Ысқақ  Әсімов, Кененбай Бармақов, Бекбосын Құлжабаев, Дәуіт  Абдуллаевтар  1937-1938 жылдары «халық жауы» ретінде атылып кетті. Ал, Степан Хмелевский, Николай Чернышов, Федотов-Завадский, Данил Цыгановтар Қазақстаннан аман – есен кетіп үлгерген. Бұл топтағылардан


Каталог: kaz -> images
images -> Ғылыми кітапхана Көркем әдебиет секторы «Бір ел – бір кітап» акциясы
images -> М. Х. Дулати атындағЫ
images -> Құқықтық құжаттар Құрметті оқытушылар және білімгерлер!
images -> Сабақты жоспарлау Сабақ жоспарының мазмұны Сабақ жоспарына қойылатын талаптар Ағылшын тілі сабағының құрылымы
images -> «Бастауыш білім беру» мамандығы бойынша 2/11. 41 тобының «Педагогика»
images -> №і-б (жоо) жылдық статистикалық есеп кімге жіберіледі: Алушының мекен- жайы: Жіберушінің мекен-жайы
images -> Бюллетень 2016 ж. (шілде-желтоқсан) Ақпараттық бюллетень
images -> 1. Кітапхана туралы жалпы мәлімет
images -> Анықтамалық- библиографиялық ЖҰмыс


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   47




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет