Сонымен Асылжан Мамытбеков министр болғанда не өзгерді? Қандай іс тындырды? Несімен есте қалды? Біздің нысанамызда! Ендеше, бастаймыз! Назарларыңызда «сөзбе-сөз» бағдарламасы



Дата11.04.2022
өлшемі21,12 Kb.
#138759
түріБағдарламасы
Байланысты:
Созбе соз суфлер 01-04


АНОНС.
ЗКТ. Экс-министр Мамытбеков шенеуніктерге қандай мін тақты?
СНХ.
ЗКТ. Мамытбеков өзін «жолы болғыш» министр ретінде көре ме?
СНХ.
ЗКТ. Асылжан Сарыбайұлы агросекторды қандай деңгейге шығарды?
СНХ.
ЗКТ. Шетелден сатып алған мақтаулы ангус пен герефорд сиырлары қайда?
СНХ
ЗКТ. Экс-министр Елбасыдан сөгіс алатындай, депутаттардан сөз еститіндей не істеп қойды?
СНХ.
/////
ЗКТ. Сонымен Асылжан Мамытбеков министр болғанда не өзгерді? Қандай іс тындырды? Несімен есте қалды? Біздің – нысанамызда! Ендеше, бастаймыз! Назарларыңызда – «сөзбе-сөз» бағдарламасы. Алдарыңызда мен Қайырбек Баймырза!
/////
ЗКТ. Аграрлық сектордың жаңа бастамасы елді елең еткізді. Әсіресе, шаруалар мен банктерді дүрліктіріп қойды. Біріншілері – разы, екіншілері – ызалы. Мұндағы әңгіме - «банкте кепілдікте пайдаланылмай тұрған жерлер мемлекетке қайтарылады» деген мәлімдеме жайында боп тұр. Алайда экс-министр Мамытбеков: «бұдан түк шықпайды»,- дейді. Тіпті, «хайп» деп айып тақты.
СНХ.

ЗКТ. Ауыл шаруашылығының бұрынғы басшысы «шенеуніктер жер ресурстарының астан-кестеңін шығарды, талан-таражға салды» деп меңзеп тұрған сияқты. Бұдан да ауыр-ауыр сөздерді таңып жатты біздің шенділерге. Сөзінше, елде заңның үстемдігі орнатылмаған, саясаткерлер құжатты өз ыңғайына бұрып алыпты. «Өзінің тәжірибесіне сүйеніп, осындай тоқтамға келді ме» деп қаласың. Не десек те, экс-министр ғой?!


СНХ.
ЗКТ. Осы жер кодексі ушыққан тұста Асылжан Мамытбеков, ақыры, отставкаға кетіп тынды. Көпшілік күткен, көп күттірген жаңалық десе де болды. Еске салайын, 2016 жылы билік 2 млн гектарға жуық ауыл шаруашылығы жерін аукцион арқылы сатпақшы болды. Бастамашыл топтың қатарында Асылжан Сарыбайұлы да бар еді.
СНХ.
ЗКТ. Осы сөгістен кейін өзі-ақ өз еркімен орнын босатыпты. Ет одағының қазіргі басқарма мүшесі бұдан 3 жыл бұрын кетуі керек-тін. Орынбасары 100 мың доллар көлемінде пара алып, сотталғанда, сөзі жайына қалды.
СНХ.
ЗКТ. Сөйтіп, уәдесінде тұрмады. Тіпті, шаруалар алдындағы міндетін де толық орындамады. Тым есіріп кеткен оны жұмыстан қууды депутаттар да талап етті. Жұт болып, қуаңшылық тіркелгенде де, шопандарға «өздерің кінәлісіңдер» деп дүрсе қоя бергені бар. 2012 жылы қорасындағы төрт түлікке азық таба алмай шаруалар қатты қиналған еді.
СНХ
ЗКТ. Осылайша, жем-шөп базасын құрып, азық қорын қалыптастыру ісін өзі мандытпаған Мамытбеков былтырғы қуаңшылықта Үкімет «көп іс-шараларды қолға алмады, мәселені жүйелі түрде шешу керек» деген ойын жеткізді. Министр кезінде осыны реттеп кеткенде, бұлай болмаушы еді.
СНХ
ЗКТ. Десек те аграрлық салаға осыдан 14 жыл бұрын келген Асылжан мырза өзін «айым оңына туған, жолым болғым министр» ретінде көреді. Тіпті, Елбасының «көп сөйлейсің, аз тындырасың» деген сынын да ұмытып кеткендей. «Ет экспортын арттырамын» деп тыртық қылғанын да ел ұмыта қоймас.
СНХ
ЗКТ. Құдайдың берген егінімен мақтанудан бөлек үлгі етіп көрсетері жоқ, өйткені. «Ет империясын құрам» деген идеясының быт-шыт шыққаны есімізде. Сонау мұхит арғы жағынан ангус пен герефорд асыл тұқымды ірі қараларын тасымалдап әлекке түсті. Миллион долларлап ақша шашылды, бірақ түк нәтиже шықпады.
СНХ.
ЗКТ. Көтерем болған «қымбат» сиырлар еркектік миссиясын да орындамады. «Шетелдіктерге» қарағанда, біздің әулиекөл мен ақбастар өз «жұмысын» лайықты атқарып шықты. Ал ашқұрсақ байғұс ангустар арам өлді, ақыры. Енді қайтсын?! Азық жоқ, климатқа бейімделмеген. Жобасы сәтсіз болса да, саясаткердің «амбициясы» өте мықты ғой, шіркін!
СНХ
ЗКТ. Әлгі импорттық ірі қаралар кесірлінің нақ өзі болып шықты. Австрия малдары елге 2 ауруды өздерімен бірге қоса әкелгені жадымызда. Салдарынан теріскейдегі түліктерді мұрттай ұшырды.
СНХ
ЗКТ. Ал Австралиядан алдыртқан сиырлары ұшып келе жатып арам қатты. Олардың да арманы жоқ шығар, асылы, асыл тұқымдылар Үнді мұхитының көгінде көз жұмыпты.
СНХ.
ЗКТ. Әйтеуір, өйтіп-бүйтіп елге алдыртқанда Мамытбеков мырзаның өткізген мастер-класстарының құны көк тиынға да татымай қалғандай. Сиырларды қалай тудыру керектігі жайында ақыл-кеңесін айтып жүретін. Олар да жас босанған әйелдер сияқты ерекше күтімді қажет етеді деді.
ШУМ
ЗКТ. Бүгінге осы! Құрметті көрермен, айтарыңыз болса, комментарийге жаза отырыңыздар, бірге талқылаймыз. Ал хабарымыздың кезекті саны ұнаса, лайк басуды да ұмытпаңыздар.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет