Кесте 3.
Салыстырмалы салмақ есебі (FK)
Бастапқы кесте1. (FK)
Сұрыпталған кесте
|
Коммерциалық банктің кредиттік қаражатының бөлінуі.Құны.
Салыстырмалы салмақ
|
Кесте 5.
Ж аңа шығыс құжаты. Салыстырмалы салмақ есебі (FK)
Бастапқы кесте1. (FK)
|
Есептесетін мөлшер. Мағынасы.
|
Шығатын құжат
Салыстырмалы салмақ есебі (FK)
Бастапқы кесте1. (FK)
|
Коммерциалық банктің кредиттік қаражатының бөлінуі.Құны.
|
Кесте 4.
4-сурет. Мәндермен құрылған диаграмма мысалы.
Глоссарии
транзакция (ағылш. Transaction, келісім) − тек қана толығымен жасала алатын, мағыналы, минималды түрде логикалық тұрғыдан ойластырылған операция.
Аутентификация – қатынасатын субъект пен оның идентификаторының сәйкестігін тексеру әрі растау операциясы.
Мысалы: Банкілік жүйеде банкоматпен жұмыс үшін қолдану нұсқасының диаграммаларын қарастырайық
Қ атысушы кейіпкер мен колданушы нускалар арасындагы әртүрлі байланыстар
Осы диаграммада 2 қатысушы кейіпкер: клиент пен кредиттік жүйе көрсетілген. Модельденетін жүйе орындалып тұрған негізгі мынадай әрекеттер бар: салым жасау, балансты қарау және т.б.
Модельденетін жүйе үшін: қолдану нұсқалары – жүйемен орындалатын функциялар, ал қатысушы кейіпкерлер жасалатын жүйеге қатысты қызығушылық білдіретін кейіпкерлер. Бұндай диаграммалар қандай қатысушы кейіпкерлер қолданудың нұсқаларын орындайтындығын көрсетеді.
Қатысушы кейіпкерлер қолдану нұсқаларына қатысты әртүрлі рөлдерді ойнауы мүмкін. Олар оның нәтижелерін қолдануы мүмкін немесе тікелей өздері оған қатысуы да мүмкін. Қатысушы кейіпкерлердің әртүрлі рөлдерінің мәні оның байланыстары қалай қолданылатындығында.
Қолдану нұсқаларының диаграммаларының нақты мақсаты – қолдану нұсқаларын, қатысушы кейіпкерлерді және олардың арасындағы байланыстарды құжаттау.
Қолдану нұсқалары жүйенің не істеуі керек екендігін сипаттауды бастайды. Жүйені нақты әзірлеу үшін неғұрлым нақты детальдар қажет болады. Бұл детальдар оқиғалар ағыны деп аталатын құжатта сипатталады. Оқиғалар ағынының мақсаты – қолдану нұсқаларының шеңберінде жүзеге асырылатын мәліметтерді өңдеу үрдісін құжаттау болып табылады. Бұл құжат жүйенің пайдаланушылары және жүйенің өзі не істейтіндігін нақты сипаттайды.
Оқиғалар ағыны төмендегілерді қамтиды:
қысқаша сипаттама;
алғы шарттар (pre-conditions);
оқиғалардың негізгі ағыны;
оқиғалардың альтернативті ағыны;
соңғы шарттар (post-conditions).
Қысқаша сипаттама. Қолданудың әрбір нұсқаның оның не істейтініді туралы қысқаша сипаттамасы болуы керек. Мысалы: «Ақша аудару» қолдану нұсқасы мынадай сипаттамалардан тұрады: Ол клиентке немесе банк қызметкеріне бір шоттан талап етушіге дейін немесе басқа жинақ шотына дейін ақша аударуға мүмкіндік береді.
Алғы шарттар. Қолдану нұсқасының алғы шарттары қолдану нұсқасының өзі орындалуына дейін орындалатын шарттар. Бұндай шарттар ретінде қолданудың басқа нұсқасының орындалуы немесе осы нұсқаны бастауға қажетті рұқсат (қатынау) құқығының пайдаланушыда болуы мүмкін. Мысалы: іске қосу немесе авторизация. Қолданудың барлық нұсқасында алғы шарттар болмайды.
Оқиғалардың негізгі және альтернативті ағындары. Қолдану нұсқаларының нақты детальдары оқиғалардың негізгі және альтернативті ағындарында сипатталады. Оқиғалар ағыны қолдану нұсқаларында берілген функционалдылығының орындалу барысында не орындалуы керектігін кезең бойынша сипаттайды.
Оқиғалар ағыны жүйенің не істейтіндігіне көңіл аударады.
Оқиғалардың негізгі және альтернативті ағындар мына сипаттамаларды қамтиды:
қолдану нұсқасы қалай іске қосылады;
қолдану нұсқасының орындалуының әртүрлі жолдары;
қолдану нұсқасының оқиғаларының қалыпты немесе ағыны;
оқиғалардың негізгі ағынынан ауытқулар (альтернативті ағындар;
қателер ағыны;
қолдану нұсқасының қалай аяқталатындығын.
Мысалы: «Шоттан ақша алу» қолдану нұсқасының оқиғалар ағыны мынандай болуы мүмкін.
Негізгі ағыны:
Қолдану нұсқасы клиенттің карточкасын банкоматқа салудан басталады.
Банкомат бастапқы терезені шығарады және клиентке жеке PIN-кодын енгізуді ұсынады.
Клиент PIN-кодты енгізеді.
Банкомат енгізілген кодты бекітеді. Егер код бекітілмесе, онда А1 оқиғасының альтернативті ағыны орындалады, яғни негізгі ағыннан ауытқу болады.
Банкомат орындауға болатын әрекеттер тізімін шығарады:
салым жасау;
шоттан ақша алу;
ақша аудару және т.б.
Клиент «шоттан ақша алу» пунктін таңдайды.
Банкомат қанша ақша алатындығын сұрайды.
Клиент қажет соманы енгізеді.
Банкомат осындай ақшаның шотта бар екендігін анықтайды. Егер ақша жеткіліксіз болса, негізгі ағыннан ауытқу болады да, А2 альтернативті ағынорындалады. Егер алынатын соманы бекіту барысында қателіктер туындаса, онда Е1 қателер ағыны орындалады.
Банкомат қажет соманы клиент шотынан азайтады.
Банкомат клиентке талап еткен сомасын қолма-қол береді.
Банкомат клиентке карточкасын қайтарады.
Банкомат клиентке чек баспалайды.
Қолдану нұсқасы аяқталады.
А1 альтернативті ағыны: PIN-кодтың дұрыс енгізілмеуі.
Банкомат клиентке кодтың дұрыс енгізілмегендігі туралы ақпарат береді.
Банкомат клиентке карточкасын қайтарады.
Қолдану нұсқасы аяқталады.
Қолданудың А2 альтернативті нұсқасы: Шотта ақша жеткіліксіз.
Банкомат клиентке оның шотында ақша жеткіліксіздігі туралы ақпарат береді.
2. Банкомат клиентке карточкасын қайтарады.
3. Қолдану нұсқасы аяқталады
Е1 қателер ағыны: Сұралған соманың бекітілгендігі қате.
Банкомат клиентке сұралған соманы бекіту барысында қате кеткендігі туралы ақпарат береді, банктің клиенттеріне қызмет көрсету бөлімінің нөмерін береді.
Банкомат қателер туралы мәліметті қателер журналына енгізеді. Әрбір жазу қате датасын, уақытын клиент атын, оның шот нөмерін және қате кодын қамтиды.
Банкомат клиентке оның карточкасын қайтарады.
Қолдану нұсқасы аяқталады.
Соңғы шарттар. Қолдану нұсқасының аяқталғаннан кейін орындалатын шарттар соңғы шарттар деп аталады. Мысалы: Мәліметтердің сақталуы, т.с.с. Соңғы шарттар барлық қолдану нұсқаларында болуы міндетті емес.
UML тілінде қолдану нұсқалары мен қатысушы кейіпкерлер үшін байланыстардың бірнеше типтері қолданылады. Бұл байланыстар: 1) коммуникациялық (communication); 2) іске қосу (включения - include); 3) кенейтілу (расширения - extend); 4) жалпылау (обобщения - generalization).
Коммуникация байланысы қолдану нұсқасы мен қатысушы кейіпкер арасындағы байланыс. UML тілінде коммуникация байланысын бір бағыттағы ассоциация, яғни бағытталған сызық арқылы көрсетеді. Сызық бағыты кімнің коммуникацияны бастағанын түсінуге мүмкіндік береді.
Іске қосу байланысы жүйенің тәртібін қандай да бір үзіндісі қолданудың нұсқасында бірден көп қайталанатын болған жағдайда қолданылады. Осындай байланыс көмегімен бірнеше рет қолданылатын функционалдылықты модельдейді. Мысалы: Банктік жүйенің «Шоттан ақша алу» және «Салым жасау» сияқты қолдану нұсқалары транзакцияны жүзеге асыру алдында алдымен клиентті және PIN-кодты аутентификациялауы керек. Әрбіреуі үшін аутентификация үрдісін нақты сипаттау үшін осы қызметті «клиентті аутентификациялау» атауымен қолдану нұсқасының өзіне орналастыру керек.
Кеңейту байланысы жүйенің қалыпты тәртібінің өзгерісі сипаттауда қолданылады. Ол қолдану нұсқасына қажет болған жағдайда басқаның функционалдық мүмкіндіктерін қолдануға мүмкіндік береді. UML тілінде іске қосу және кеңейту байланыстары сәйкес стереотиптердің тәуелділіктері түрінде көрсетіледі
Суретте Қолдану және кеңейту байланыстары
Қолдану нұсқалары ақпараттық жүйелерге талаптарды қалыптастыру жобаны зерттеу кезеңінде қажетті құрал болып табылады. Қолданудың әрбір нұсқасы жүйедегі потенциалды талаптардың бірі. Ол анықталмайынша оныжүзеге асыру кезеңіне өту өте қиын.
Өзара әрекеттестіктер диаграммалары (interaction diagrams) объектілер тобының өзара әрекеттестіктерінің тәртібін сипаттайды. Ол қолданудың тек бір ғана нұсқасы шеңберіндегі объектілердің тәртібін қамтиды. Осы диаграммада объектілер қатары және олар өзара алмасатын хабарламалары бейнеленеді.
Хабарламалар (message) – объект-жіберуші объект-қабылдаушыдан өзінің амалдарының біреуін орындауды сұрайтын құрал.
Ақпараттық (informative) хабарлама – объект-қабылдаушыны жағдайын жаңалау үшін ақпаратпен жабдықтайтын хабарлама.
Хабарлама-сұраныс (interrogative) – объект-қабылдаушы туралы ақпарат беруді сұрайтын хабарлама.
Императивті (imperative) хабарлама – объект-қабылдаушыдан әрекеттерді орындауды сұрайтын хабарлама.
Өзара әрекеттестік диаграммасының 2 түрі бар:
- тізбектілік диаграммасы;
- кооперативтік диаграммалар.
Тізбектілік диаграммалары қолдану нұсқасы шеңберінде болатын оқиғалардың ағынын бейнелейді. Мысалы: «Шоттан ақша алу» қолдану нұсқасы бірнеше мүмкін тізбектілікті қарастырады:
ақша алу;
шотта жеткіліксіз болса да, ақшаны алу;
дұрыс емес PIN-код бойынша ақша алу және т.б.
Қандай да бір соманы алудың қалыпты сценарийін құрастыруға болады. Сценарий дегеніміз оқиғалар ағынының нақты экземпляры.
Бұл тізбектілік диаграммасы «Шоттан ақша алу» қолдану нұсқасы шеңберіндегі оқиғалардың ағынын бейнелейді. Қатысушы кейіпкерлер диаграмманың жоғары бөлігінде көрсетіледі. Мысалы: Клиент жүйеге осы қолдану нұсқасын орындауды талап ететін объектілер де жоғары бөлікте көрсетіледі. Бағыттар қатысушы кейіпкер мен объект арасында берілген немесе қажет функцияларды орындау үшін объектілер арасындағы хабарламаларға сәйкес келеді. Тізбектілік диаграммасында объект пунктирлі тік сызықтың төбесінде тік төртбұрыш түрінде бейнеленеді. Тік сызық объектінің өмір сызығы (lifeline) деп аталады. Ол өзара әрекеттестік үрдісінде объектінің өмірлік циклінің үзіндісіні көрсетеді. Әрбір хабарлама 2 объектінің өмір сызықтарының арасында бағыт түрінде бейнеленеді. Хабарламалар үстіден астыға қарай пайда болады. Әрбір хабарлама оның атымен белгіленеді, аргументтер мен қандай да бір басқару ақпаратын қосуға болады және тағы да өзін-өзі беруді көрсетуге болады.
Өзін-өзі беру – объект өзіне-өзі жіберетін хабарлама. Мұнда хабарлама бағыты өзінің өмір сызығына көрсетіледі.
Тізбектілік диаграммалары уақыт бойынша реттелген.
Кооперативті диаграммалаы қолдану нұсқасының нақты сценарийі арқылы оқиғалардың ағынын бейнелейді. Бұл диаграммалар объектілер арасында байланыстарға қатты көңіл бөледі. Бұл диаграммадан объектілер арасындағы байланысты жеңіл түсінуге болады, бірақ оқиғалардың тізбектілігін түсіндіру қиынырақ. Осындай себептерге байланысты сәйкес қандай да бір сценарийлер үшін диаграммалардың 2 типі де жасалады. Олар бір мақсатты көздесе де, бір ақпаратты құраса да, оларды әртүрлі көзқарастан көрсетеді.
Кооперативті диаграммаларда да бағыттар хабарламаларды бейнелейді. Олардың уақыттық тізбектері хабарламаларды нөмірлеу жолымен көрсетіледі.
Тапсырмалар
Кітапхана және Студенттік деканат жумыстары үшін қолдану нұсқасының оқиғалар ағынына анализ жасай отырып, диаграммаларын құрындар.
Қолданылған әдебиеттер
1. Розенберг Д., Скотт К. Применение объектно-ориентированного моделирования с использованием Case средств и анализ прецедентов.:М.ДМК,2002.
2. Коуд П., Норт Д., Мэйфилд М. Объектные модели. Стратегии, шаблоны и приложения: Пер. с англ. – М.: Лори, 1999.
3. Вендров А. М. Проектирование программного обеспечения экономических информационных систем. – М.: Финансы и статистика,2000.
Достарыңызбен бөлісу: |