3 Сақау ұша мен ішкі ағзаларға ветсансараптау және бағалау 4Дауалау шаралары



бет2/6
Дата12.12.2023
өлшемі24,6 Kb.
#196416
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
сақау

Қоздырушысы - Streptococcus equi - домапақ немесе сопақша микроорганизм. Сөл түйіндері мен іріңнен алынған жағындыда стрептококтар ұзын, тізбектелген моншақ тэрізді, бір-біріне түйіскен жағынан қысыңқы болып, ал жасанды коректік ортадағы өсіндіде (ЕПА) тізбегі қысқа, тұлғасы домапақ болады. Сақау стрептококтары қозғалмайды, спора түзбейді, анлинді бояулар- мен жэне Гимза бояуымен боялады, ал қоңыр акридинмен (2мин.) эр түске (стрептокок - қызыл, басқа микробтар көк түсті) боялады. Жаңа бөлінген штамдар қауашақ түзеді, ол өзгертілген Бурри әдісімен бояғанда көрінеді. Стрептокок жартылай ауасыбағалы, кәдімгі қоректік орталардың бэрінде өседі, 10-20% жылқы қанының сарысуы қосылған ортада тұлғасы өзгермей жақсы өседі. Қан қосылған агарда қанды ерітеді, өсу кезінде гемотоксин, лейкотоксин, агрессин бөліп шығарады.
Төзімділігі. Кепкен іріңде сақау қоздьфушысы 6 ай, қөңде 4 апта, ал пішенде, теріде, жүнде 22 күнге дейін сақталады. 75°С-қа дейін қыздьфғанда 1 сағатта, қайнатқанда бірден өледі, 5% карбол қышқылының ерітіндісі. 2%формалин, 3% креолин сақау стрептокогін 10-15 мин. өлтіреді.

Індеттік ерекшеліктері. Табиғи жағдайда сақаумен, әлбетте, көбінесе 5 жасқа дейінгі жас мапдар ауырады, an сақа малдар сирек шапдығады, малдыңкүтімі нашарлағанда сақау зілді өтеді.
Тәжірибе түрінде жұқтырғанда ақ тышқандар мен мысықтың баласы тез ауырады.
Қоздырушының бастауы болып ауру жылқылар саналады, олардың танауынан, жарылған сөл түйіндерінен аққан іріңде сақау стрептококтары көп болады. Бұл микроб тіпті сау жьшқылардың да кеңсіріктегі кілегейлі қабы- ғында, одан бөлінген сорада ұшыраса береді. Малдың күйі оңды, күтімі жақ- сы болса, ауру клиникалық сипат алмайды. Ауырып жазылған малдар бір жылдан артық бактерия алып жүруші болып қалады, сондықтаң щаруащы- лықта жылма-жыл сақау басқа шаруашылықтың қатысынсыз, ауру экелінбей- ақ шыға береді. Іс жүзінде, тіпті сақау бблмаған жерлерде, күзде мал күйсіз болса, енесінен бөлінген қүлындар арасыңда ауру бұрқ ете қалады.
Қоздырушы малға негізінен ауа немесе алиментарлық жолмен жұғады. Микроб организмге сумен, шөппен түсіп, шетен, тағы басқіа заттардан да .жұ- ғуы мүмкін. Әлбетте, мал бірін-бірі иіскеп, пысқырғанда, шағылысу кезінде, емгенде ауру жұқтырады.
Негізінен сақау спорадиялық түрде байқалып, бастапқы кезде салыстыр- малы түрде жеңіл өтеді де, көбінесе(3-4 аптада жазьщады. Мұндай.жағдайда жайылым малының өлімге ұшырауы 5%-дан аспайды. Егер мал қамауда (қорада) қолда тұрса, ауру тез тарайды. 2-3 айда барлық мал түгел ауырады. Оның үстіне қоздырушының уыттылығы біртіндеіг арта береді де, өлімге ұшырауы 25-70%-ға дейін жетеді. Мүнымен қатар, сақа жылқылар да ауырып, аурудың зілділігі артады. Сақаумен жылқылар жылдың кез келген мезгілінде ауыра береді, эсіресе, жазда биені саууға байлағанда жэне күзде қүлын бөлген уақытта жиі кездеседі. Құлынның күтімі нашарлауы, суык немесе ыстық, жауын-шашын организмнің резистенттілігін төмендетіп, аурудың шығуын тездетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет