3 Сақау ұша мен ішкі ағзаларға ветсансараптау және бағалау 4Дауалау шаралары



бет3/6
Дата12.12.2023
өлшемі24,6 Kb.
#196416
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
сақау

Дерттенуі. Сақау стрептококтары денеге енген соң олардың токсин- дерінің әсерінен танау қуысы мен аңқаның кілегейлі қабықтары катарлы ірің- ді қабынуға үшырайды. Аңқаның жіті қабынуынан малдың шөп жеуі мен су ішуі қиындап, ентігу мен жөтел пайда болады. Қабынған алқым сөл түйіндері тез үлкейіп, сипағанда тығыз, ыстық болып, ауырсынады. Ауру басталғаннан 7-10 всүн ішінде олар іріңдеп (абсцестеніп) бір жерінен жүмсара, жұқарып ба- рып, жарылады. Егер абсцесса сыртынан жарылса, онда үзамай қабыну экссу- даты тарқап, дене қызуы төмендеп, іріңдеген жері дәнекер үлпалармен тола бастайды. Мүрыннан аққан ірің тоқтап, 2-3 аптада мал клиникалық (сырттай) жазылады. Егер абсцесса аңқа ішінде жарылса, онда ірің кеңірдекке түсіп, ұзамай сепсис басталады. Мүндай жағдайда элбетте мал өледі. Кейде ауру мал бірден қүлайды да, ұзамай өліп кетеді. Көбінесе кеңірдектің кілегейлі қабығы мен өкпе іріңдікатарлы қабынып, 2-3 күнде ауру мал өледі. Кей жағдайда кеңірдек пен жуан бронхалар да іріңге бітіп қалуы мүмкін.
Күйі төмен, төзімділігі нашар жылқыларда сақаудың асқынған метастаза- лық түрі жиі байқалады. Мұндай жағдайда қоздырушы сөл ағынымен қүлақ түбіндегі, мойындағы, тіпті басқа да сөл түйіндеріне өтіп, оларды іріңдетіп қа- бындырады. Стрептокок қанға түссе, өкпеде, бауырда, бүйректе, т.б. мүше- лерде абсцесса метастазалары пайда болады. Денеге тараған қоздырушының уынан зақымданған мүшелерде зат алмасуы бүзылып,;дененің ыстығы көтері- леді, лейкоцитоз дамып, жүрек жүмысы нашарлайды. Сақаудың асқынған түрінде әсіресе, ішкі мүшелердің зақымдануы жиі өлім-жетімге экеп соғады.
Өтуі мен симптомдары. Аурудың жасырын кезеңі мөлшермен 4-15 күнге тең. Сакау элбетте жіті өтеді. Клиникалық белгілеріне жэне дерт про- цесінің жітілігіне орай сақауды кэдімгі, метастазалық (асқынған) жэне гени- таиьді түрлерге бөледі.
Сақаудың кәдімгі түрі әлбетте дене ыстығының 40-41 °С-қа көтерілуінен бастапады. Мачдың жемшөпке тэбеті шаппай, селсоқ тұрады. Үзамай аңқа мен кеңсіріктің кілегейлі қабықтары жіті қабынып, қызарып, домбығады. Мүрыннан біртіндеп іріңді экссудат аға бастайды. Малдың жемшөп жеп, су ішуі қиындап, кейде ішкен судың біразы мұрыннан сыртқа ағады. Алқымдағы сөл түйіндері үлкейіп, жан жағындағы тері асты шелі мен үлпаларға экссудат жиналып, домбығып, терісі тыртысып, керіліп, ұстағанда ыстығы білініп, ауырсынады. Егер қабыну аңқаға тараса, онда жөтел пайда болады, демапысы қиындап, қырыл естіледі. Қабыну процесі мойынға да шабуы мүмкін, онда мап мойынын бұра апмай, басын алға созып, төмен зорға иеді. Қабынудан 4-5 күн өтісімен терінің тырысуы аздап бәсеңдеп, кей жері бүлкілдеп, жүмсара бастайды. Үзамай сөл түйіні жарылып, одан сары түсті қою, мол ірің ағады, 2- 4 күн өтісімен дене қызуы бәсеңдеп, қабыну процесінің өршуі тоқтап, жарылған орындары біртіндеп дәнекер үлпаларымен тола бастайды. Мұндай ауру 15-25 күнге созылып, сырт көзге жазылып кетеді.
Егер іріңдеген сөл түйіндері аңқа ішінде жарылса, онда сыртынан ісіктің жүмсарып қайтқанына қарамастан, дене қызуы төмендемей аспирациялық бронхопневмания дамып, булыққан жөтел, қырыл аралас демігу пайда болады, малдың күйі күрт нашарлайды. Кейде демалысы ысқырық тәрізденіп ентігіп, ауызынан, мүрыннан ірің ағып, жүргенде теңселіп, элі қүрып, үзамай өліп кетеді. Абсцессті сөл түйіндері көмей ішінде жарылса, мал бірден немесе 2-3 күнде өледі.
Шағылысу жолымен ауру жүқтырған биелерде сақаудың генитапдік түрі дамиды. Мүнда қынаптың кілегейлі қабығы іріңді-катарлы қабынып, маңын- дағы сөл түйіндері үлкейіп, кейде іріңді желінісау пайда болады. Ауру алғаш берілгенде мапдың күйлеуіне үқсайды, сарпайы толысып, кілегейлі қабығы қызарып, ұзамай іріңді вагинитке айналады. Ал айғырларда сақаудың гени- тальдық түрінде қасаның ұшы мен несеп жүретін түтік жіті қабынып, дом- бығып, іседі.
Сақаудың үзілмелі түрі негізінен енесін еміп жүрген күтімі жақсы құлындарда жэне 5-6 жасар ересек жылқыда кездеседі. Мүндай жағдайда мұ рынның кілегейлі қабығы сәл қабынып, жақ асты сөл түйіндері іріңдемей жай ғана ісінеді. Ауырған жануардың танауынан ірің аралас сора ағып, денесінің ыстығы аз уақытқа 39-39,5°С-қа көтеріліп, жемшөпке зауқы азаяды. Ауру зілсіз өтіп 5-7 күнде сауығады.
Сақау асқынған метастазалық түрінде дамыса, онда мұрынның кілегейлі қабығы, алқым сөл түйіндері қабынуымен қоймай, дерт процесі құлақ түбін- дегі, мойын бездерін, шажырқай сөл түйіндерін қамтып, ішкі ағзаларда метас- тазалық абсцессалар пайда болады. Ауру барысында дененің ыстығы көтері- ліп, малдың күйі қүрт нашарлайды. Көбіңесе көздең жас ағып, жүтыңу қиын- дап, түншығу белгілері байқалады. Әлбетте абсцесса аңқа ішінде жарылып, ауыздан, мүрыннан ірің ағады. Егер ірің кеңірдекке іүссе, жіті аспирациялық пневмония дамиды. Іріңді ісік мойынды да қамтып, егер қалың еттегі сөл түйіндері зақымдаңса, онда іріңдеу процесі кеуде пердесіне өгіп плевро- пневмания дамуы мүмкін. Мұндайда дененің ыстығы шегіне жете көтеріліп, өкпеде қырылдаған дыбыс шығып, жүрек жүмысы әлсірейді. Метастаза ошақ- тары бауырда дамыса, дене сарғая бастайды. Шажырқайдағы іріңді түйіндер- дің әсерінен ас қорыту бұзылып, түйнек тэрізді үстамалар жиілейді. Егер мұндағы абсцессалар жарылса, іш пердесі қабынып перитонит дамиды.
Кей жағдайда сақаудың асқынуынан күітгі ауруі (Morbus moculosus) пайда болады. Күптену сақау үзаққа созылса, эсіресе, арық, элсіз малдарда байқалады. Бастапқыда жағы мен мойын астында қатты, салқын, ауырмайтын ісік пайда болады, кейінірек ол үлкейіп сирақтарға, төс пен бауыр астына тарайды. Мұрын мен көздің кілегейлі қабықтарында көп ноқатты дақты қан- талау пайда болып, мұрыннан қызарған сүйық сора ағады. Дене қызуы артып, 40-41°С-қа жетеді, ентігіп танауы делдиіп, тынысы тарылады. Егер аурудың өрбуі тоқтаса, 8-14 күнде жазыла бастайды, көбінесе 3-7 күн ішінде өліп кетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет