3. Сабақ түрі: тәжірибелік



бет6/6
Дата31.01.2018
өлшемі10,5 Mb.
#36684
1   2   3   4   5   6


Қышқылдардың латын атаулары екі сөзден тұрады

  1. N.Sing. формасындағы acidum, I n – қышқыл сөзі.

2. «Қышқыл» сөзімен қиысатын 1-ші топ сын есім.

Қышқылдар құрамына қарай,оттекті және оттексіз болып екі топқа бөлінеді.

Оттекті қышқылдар – қышқыл жасаушы негізге –іс-иm және –оs-иm-жұрнақтарының қосылуы арқылы жасалады.

-іc-um – жұрнағы қышқыл құрамындағы оттегі деңгейінің жоғары дәрежеде екендігін көрсетеді. Ол орыс тілінің –ная, -евая, -овая жұрнақтарына сәйкес келеді. Қазақ тілінде жұрнақсыз аударылады.

Мысалы,

Acidum sulfur –ic –um – сер-н-ая кислота-күкірт қышқылы

Acidum nitr –ic –um – азот-н-ая кислота азот қышқылы

Acidum fol – ic – um – фоли- ев – ая кислота фоли қышқылы

Рецептік жолы:

Recipe: Acidi sulfurici

Acidi folici

-os – umжұрнағы қышқыл құрамындағы оттегі деңгейінің төмен дәрежеде екендігін көрсетеді. Ол орыс тілінде – истая жұрнағымен бірге, ал қазақ тілінде – ты; -ті; -лы; -лі; -ды; -ді жұрнақтарымен бірге аударылады.

Мысалы,

Acidum sulfur -os – um – серн – ист-ая – күкірт – ті қышқыл

Acidum nitr -os –um – азот-ист-ая кислота-азот-ты қышқыл

Рецептік жолы

Recipe: Acidi sulfurici

Recipe: Acidi nirosi

Оттексіз қышқыл атауы – қышқыл жасаушы негізге hydro – приставкасының және –ic –um жұрнағының қосылуы арқылы жасалады. Орыс тілінде соңы – истоводродная болып аяқталатын сын есімге сәйкес келеді. Қазақ тілінде «сутек» сөзімен бірге аударылады.

Мысалы,

Acidum hydro – brom – ic –um - бром-ис-товодородная кислота – бром суте қышықлы

Рецептік жолы

Recipe: Asidi hydrobromici
Қышқылдардың негізгі атаулары

Acidum aceticum сірке қышқылы

Acidum acetylicylicum ацетилсалицил қышқылы

Acidum ascorbinicum аскорбин қышқылы

Acidum arsenicosum мышьякты қышқылы

Acidum benzoicum бензой қышқылы

Acidum carbolicum карбол қышқылы

Acidum carbonicum көмір қышқылы

Acidum citricum лимон қышқылы

Acidum folicum фоли қышқылы

Acidum glutaminicum глутамин қышқылы

Acidum hydrochloricum хлор сутек (тұзды) қышқылы

Acidum hydrocyanicum цианидті (синильді) қышқылы

Acidum hydrosulfuricum күкірт сутек қышқылы

Acidum lacticum сүт қышқылы

Acidum lipoicum липой қышқылы

Acidum nicotinicum никотин қышқылы

Acidum nitricum азот қышқылы

Acidum nitrosum азотты қышқылы

Acidum phosphoricum фосфор қышқылы

Acidum salicylicum салицил қышқылы

Acidum sulfuricum күкірт қышқылы

Acidum sulfurosum күкіртті қышқылы
Оксидтердің латын атаулары екі сөзден тұрады:

1. Gen. Sing. формасындағы химиялық элемент атауы (қиыспаған анықтауыш)

2. Nom. Sing. формасындағы оксидтің топтық атауы (септелетін бөлігі)
Топтық атауларына мыналар жатады:

1.Оксидтер аты «окись» сөзінен шыққан охудиm – атау септігінде жазылады және катион аты 1-ші орынға қойылып, ілік септігінде жазылады. Мысалы:

Zinci oxydum – мырыш тотығы.

2.Пероксид оксидтерде «охуdum» сөзіне «per» деген приставка қосылады.

Мысалы: Magnesii peroxydum – магний қаныққан тотығы.

3.Құрамында су бар оксидтерде «oxydum» сөзіне «hydro» приставкасы қосылады. Мысалы: Alumini hydroxydum – алюминий гидроксиді.

Құрамында оттегі жоқ қышқылдардан пайда болған тұздарда анион «idum» деген жалғауымен аяқталады.

Мысалы: kalii iodidum – калий йодиді.

Егер тұз құрамында органикалық заттар болса онда анионға «hydro» деген приставка жалғанады.

Мысалы: Morphini hydrochlolidum – морфин гидрохлориді.

Толық тотықпаған заттарды закисьдеп атайды. Олар сын есімнің «oxydulatus, a, um» - закисный, закись сөзімен катионның келісуі арқылы пайда болады.

Мысалы: Nitrogenium oxydulatum – азот закисный – закись азота.

Топтық атаудағы оxy-жиілік бөлшегі құрамында оттегінің бар екендігін, ал

приставка қосылыстың құрылымын көрсетеді.

Мысалы: Zinci oxydum – мырыш оксиді.

Hydogenii peroxydum – сутегінің асқын тотығы

Alumini hydroxydum – алюминий гидроксиді.

Оксидтердің рецептік жолы:

Recipe: Zinci oxydi

Recipe : Hydrogenii peroxydi

Recipe : Alumini hudroxydi
10. Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы. 31 мин (35%)

Көп нүктенің орнына ch немесе h әріптерінің тиістісін қойып, жаттығуды көшіріңіз:

  1. ...ydro...boridum, i n 6. I...thyolum, i n

  2. ...loroformium, i n 7. ...arta, ae f

  3. Stry...ninum, i n 8. ...ydrogenium, i n

  4. ...lortetracyclinum, i n 9. ...yoscyamus, i n

  5. ...ydrocаrbonas, atis m 10. ...loridum, i n


Рецептерді қазақ тіліне аударыңыз:

Recipe: Acidi folici 0,0008

Acidi ascorbinici 0,1

Dentur tales doses numero 30 in tabulettis

Signetur:
Recipe: Sulfuris depuratі

Magnesii oxydi

Sacchari ana 10,0

Misce, fiat pulvis

Detur. Signetur:

Recipe: Solitionis Iodi spirituosae 5% - 20 ml

Tannini 3,0

Glycerini 10,0

Misce. Da. Signa:
Тұздар мен эфирлер атауларын жасаңыз:

  • Салицилат (сынаптың, метилдің, фенилдің, натрийдің)

  • Гидрохлорид (этилморфиннің, адреналиннің, платифиллиннің, окситетрациклиннің)

  • Фосфат (олеандомициннің, кодеиннің, кальцийдің, натрийдің)

  • Нитрат ( стрихниннің, күмістің, натрийдің)

  • Сульфат ( мырыштың, атропиннің, барийдің, стрептомициннің)


Жақша ішіндегі тұздар мен қышқылдар атауларын латын тіліне ауыстырыңыз:

  1. Acidum (ацетилсалицил)

  2. Kalii ( бромид)

  3. Morphini (гидрохлорид)

  4. Natrii ( бензоат)

  5. Acidum ( салицил)


11. Жаңа тақырыпты бекіту. 9 мин (10%)

Тест

1. «Йодтың спирттiк ерiтiндiсi» аудармасы:

A. Liquor Iodi spirituosae

B Solutio Iodi oleosae

C. Solutio Iodi spirituosa

D.Solutio Iodi aquosa

E. Liquor Iodi

2. D.t.d. ... деп аударлады.

A. Бiрдей бөлiктерге бөл

B. Осындай дозаларды босат

C. Араластыр, ұнтақ түзілсін

D. Керектi мөлшерде ал

E. Араластыр, жақпамай түзілсін

3. «Ацетилсалицил қышқылы немесе аспирин» аудармасы:

A. Acidum carbolicum aut Aspyrinum

B. Acidum lacticum seu Aspyrinum

C. Acidum salicylicum aut Aspyrinum

D. Acidum acetylsalicylicum seu Aspyrinum

E. Acidum boricum seu Aspyrinum

4. «In charta cerata» - тiркесiнiң қысқартылған түрi мен аудармасы:

Ain ch.cer. - балауызданған қағазда

B i.c.cer. - балауызданған қағазда

C. i.c.cerat. - балауызданған қағаз үшiн

D. ex chart. сerat. - ақ қағаздан

E. ex chart. сerat. - балауызданған қағаздан

5. «Сұйылтылған сутек пероксидiнiң ерітiндiсi» терминнiң аудармасы:

A. Liquor Hydrogenii oxydi dilutus

B.Solutio Hydrargyri peroxydi concentrata

C. Solutio Hydrogenii peroxydi diluta

D.Solutio Hydrargyri peroxydi concentrata

E Liquor Hydrogenii peroxydi concentratus

6. «Іn caps.gel.» қысқартылған тiркестiң толық түрi:

A. in capsulae gelatinae

B. in capsulis gelatinosis

C in capsularum gelatinarum

D.in capsulas gelatinosas

E.in capsula gelatinosa

7. «М.D.S» қысқартудың аудармасы:

A. Араластыр.Бөл.Белгiле

B. Араластыру.Бөл.Ерiт.

C. Көрсет.Бөл.Стерiлде.

D. Араластыр.Белгiле.Бөл.

E.. Араластыр.Босат.Белгiле.

8. «Misce, fiat pulvis-M.f.pulv аудармасы:

A. Араластыр, ұнтақ түзiлсін.

B. Ерiт, ұнтақ түзiлсін.

C. Бөл, ұнтақ түзiлсін.

D. Қара, ұнтақ түзiлсін.

E. Бер, ұнтақ түзiлсін.

9. «Көмiр» сөзінің аудармасы:

A. palma,atis n

B.chlorum,i n

C.color,oris m

D. carbo,onis m

E.pulmo,onis m

10. Оттектi қышқылдан жасалған анион атауы:

A. Phosphas

B.Chloridum

C. Hydrochloridum

D.Hydrobromidum

E. Chloricum
12. Сабақты қорытындылау. 2 мин 2%)

Студенттердің білім деңгейін бағалау және түзеу. Әр студентке сабақта алған бағасы айтылады, жіберілген кемшіліктер талқыланады.

13. Үйге тапсырма беру. 2 мин 2%)

Н-1 §57,

§66 жаттау.

§70 ІІІ рецептерді аудару

13 сабақ


1. Сабақтың тақырыбы: Дәрілік заттар мен препараттардың атауларындағы жиілікті бөлшектер.
2. Сағат саны: 2 сағат 90 мин (100 %)
3. Сабақ түрі: тәжірибелік

4. Сабақтың мақсаты:

  • Оқыту: Дәрілер атауларындағы жиілік бөлшектердің дұрыс жазылуын және мағыналарын білу, оларды дұрыс оқу, аудару, рецептерді дұрыс жазу;

  • Тәрбиелік: Сабақ барысында оқушыларды тәртіпті сақтауға үйрету;

  • Дамыту: Орфографиялық және талдау дағдыларын қалыптастыру.


5. Материалды-техникалық жабдықталуы:

а) техникалық құралдар: мультимедиялық жабдықтар

ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: кестелер, стендттер, кеспе қағаздар

б) оқыту орны: латын тілі дәрісханасы
6. Әдебиеттер:

  • Негізгі:

1. Городкова Ю. И. Элементы латинского языка и основ медицинской терминологии: Учеб. -2-е изд., доп. –М.: Медицина 2001

  1. Латинский язык и основы медицинской терминологии: учеб. для мед. вузов/под ред. Щульц Ю.Ф. -М.:Б.и;1993

  2. М.Д. Машковский. Лекарственные средства. Пособие для врачей.-15-е изд.. перераб. испр. и доп. –М.: РИА «Новая волна»: Издатель Умеренков, 2008

  • Қосымша:

1. П.Х. Попандопуло. Общая рецептура: учебно-метод. пособие. Шымкент: Б. и., 2001

    • Сөздіктер:

1. Т.Г. Казаченок. Фармацевтический словарь. Минск, 1977

2. Дворецкий И.Х.. Латинско-руский словарь: ок 50000 слов. -3-е изд.., испр. –М.: Русский язык, 1986

3. Бабичев Н.Т. Словарь латинских крылатых слов: 2500 единиц

М.: Русский язык, 1982
7. Ұйымдастыру кезеңі: 5 мин (6%)

  • Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

  • Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

  • Сабақтың мақсаты мен міндеті түсіндіріледі, дәрілер атауларындағы жиі кездесетін бөлшектердің орфографиясы мен мағыналарына көңіл бөлінеді.

8. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру.14 мин(15% )

1.Зат есім, сөздік формасы, септеулері.

2.Сөз құрамындағы бөліктер: түбір, приставка(түбір алдындағы қосымша), жұрнақ, жалғау; негіз

3.Сөзжасам тәсілдері.

4.Рецепт, оның құрылымы, латын тіліндегі бөлігінің жазылуы.

9. Жаңа сабақты түсіндіру: 27 мин (30 %)

Фармацевтикалық терминология дегеніміз дәрі-дәрмектердің дайындалуын, қолданылуын және сақталуын зерттейтін ғылымдардың терминдер жиынтығы(грек pharmacon – дәрі-дәрмек).

Дәрі-дәрмектердің көпшілігі бірнеше сөз бөліктерінен тұратын, жасанды түрде пайда болған сөздер. Олардың арасында ондаған, жүздеген атауларда кездесетін сөз бөліктері бар. Сондай белгілі мағынасы бар, дәрі туралы химиялық құрамы, терапиялық әсері немесе фармакологиялық сипатын беретін сөз бөліктері жиілік бөлшектер деп аталады. Дәрілер атауларында оларды ажырата алу сол атаулардың жазылу ерекшеліктерінің есте сақталуын және дәрілер жөнінде арнайы ақпаратты игерілуін жеңілдетеді.

Мысалы: Oxacillinum, Dicloxacillinum, Ampicillinum, Bicillinum т.б. атауларда бәріне ортақ – cillin-(um), пенициллин тобының антибиотик түрін көрсететін жиілік бөлшегі анықталады.

Phenaminum, Phenobarbitalum, Phenylbutazonum т.б. атауларда дәрілер құрамында фенилдың болғандығы –phen- жиілік бөлшегі арқылы көрсетіледі.
Келесі жиілік бөлшектердің жазылуы мен мағынасын есте сақтаңыздар
-cillin- антибиотиктер

-mycin- антибиотиктер

-cyclin- антибиотиктер

ceph-(-cep-), cef- антибиотиктер

-sulfa- микробқа қарсы сульфаниламидтер

-pyr-дене қызуын басатын

-alg-ауырсынуды басатын

-chol- өт айдайтын

-cor- жүректік

-card-жүректік

-oestr- эстрогендік

-aeth(yl)- этил

-meth(yl)- метил

-(a) zol- азот

-(a) zon-, -zid - азот

-(a) zin- азот

-thi(o)- күкірт

-phen (yl)- фенил

-hydr- су, сутек

-oxy- қышқыл, оттек

-cain- жергілікті ауырсынуды жоятын

-aesth- ауырсынуды жоятын

-andr- андрогендік(еркек жыныс гормондарының препараттары)

-barb- барбитураттар

-thyr- қалқанша безге әсер етуші

-phyll- жапырақ

-anth- гүл

-naphth-, қысқа

-glyc- тәтті

1.Дәрілер атауларындағы жиілік бөлшектер дегеніміз жиі кездесетін, белгілі мағыналары бар, дәрілер жөнінде арнайы ақпарат беретін сөз бөліктері. Олардың аса маңыздыларымен алдыңғы сабақта кездестіңіздер.(алдыңғы сабақ өңдеуін қараңыз).

Сонымен бірге келесі жиілік бөлшектерге назар аударыңыздар!

-vas-, ang- тамыр кеңейтетін

-press-, -tens- артериалды қысымды төмендететін

-mal-, -al-, - ұйықтататын

-somn-, -hypn- ұйықтататын

-dorm- ұйықтататын

-flog-, -phlog- қабынуға қарсы

-allerg- аллергияға қарсы

-ur- несеп айдайтын

-lax- іш босататын

-haem(at)-, -aem- қан, қан ауруымен байланысты

-vit- витаминдер
2. Дәрілер түрлерінің (формаларының) атаулары негізінде зат есімдер сөз табына жатады. Олар дәрілік заттардың қандай түрінде даярланғандығын белгілейді. Дәрілік түр (форма) қатты, жұмсақ және сұйық болып ажыратылады. Бір дәрілік құрал әр түрлі формасында даярлануы мүмкін.
Есте сақтаңыздар!

Tabuletta, ae f – таблетка

Tabuletta obducta – қабықталған таблетка

Dragee- драже

Granulum, I n – гранула

Pulvis, eris m – ұнтақ

Unguentum, I n – жақпамай

Linimentum, I n – жағылма

Pasta, ae f – паста

Supposifonium, I n- суппозиторий
Суппозиторий түрлері:

Globulus, I m – шарик

Ovulum, I n – жұмыртқа тәрізді суппозиторий

Pessarium, I n – ұшы домаланған суппозиторий

Bacillus, I m – таяқша

Emplastrum, I n – пластырь, бұласыр

Tinctura, ae f – тұнба

Extractum, I n – экстракт, сығынды

Infusum, I n – тұрынды

Decoctum, I n – қайнатпа

Solutio, onis f – ерітінді

Guttae, arum f (pl) – тамшылар

Mucilago, inis f – кілегей

Emulsum, I n – эмульсия

Suspensio, onis f – суспензия

Mixtura, ae f – қоспа

Membranula(lamella), (ae f ) оphthalmica – көз пленкасы

Pilula, ae f – пилюля

Species, erum f (pl) – жинақ, жиынтық

Sirupus, i m – сироп

Capsula, ae f – капсула

  1. Рецептің алтыншы бөлігінде – дәрілер белгіленуі және олардың мөлшері –

Recipe (Rp: - қысқартуы) – Ал сөзінен кейін дәрі атауы бас әріппен, ілік септігінде (Genetivus) жазылатынын ескеру қажет.

Recipe: Tincturae Valerianae 10 ml

(Ал: Шүйгіншөп тұнбасының 10мл)

Егер Recipe (Aл) сөзден кейін доза (мөлшері) тұрса, онда ол атауы табыс септігін (Accusativus) талап етеді.

Recipe: Olei Menthae guttas III (guttas – Acc.Plur. 1-септеуде)

(Ал: Жалбыз майының үш тамшысын - несін?)

Дәрілер түрлерінің рецепте жазылу үлгілері:

Tabulettae – таблеткалар
Rp: Reserpini 0,00025 Ал: Резерпиннің 0,00025

Dentur tales doses numero 50 Осындай дозалар 50

in tabulettis санымен таблеткаларда

Signa. алынсын

Белгіле.

In tabulettis – көмектес (Ablativus) септіктің көпше (Pluralis) түріндегі сөз тіркесі – таблеткаларда, яғни таблеткалар түрінде
Rp: Tabulettas Reserpini Ал: Резерпин таблеткаларын 0,00025

0,00025 numero 50 50 санымен

Da. Signa. Босат. Белгіле.
Tabulettas – табыс (Accusativus) септігінің көпше ( Pluralis) түріндегі сөз
Unguenta – жақпамайлар

Rp: Unguenti «Synaflan» 15,0 Ал: «Синафлан» жақпамайының 15,0

Datales doses numero 1 in tubulо 1 санымен тубуляда босат.

Signa. Белгіле.
Rulveres – ұнтақтар

Rp: Pulveris radices Rhei 1,0 Ал: Рауғаш тамыры ұнтағының 1,0

Du tales doses numero 12 Осындай дозаларды 12 санымен

Signa. босат.

Белгіле.
Pastae – пасталар
Rp: Pastae Zinci 50,0 Ал: Мырыш пастасының 50,0

Da. Signa. Босат. Белгіле.
Solutiones – ерітінділер
Rp: Solutionis Furacilini 1: 5000 - 500ml

Da. Signa.
Ал: Фурацилин ерітіндісінің 1: 5000 - 500мл

Босат. Белгіле.
Рецептік қысқартулар

Рецептерде әр түрлі қысқартулар қолданылады.

1. Қысқартылады: а) дәрілік формалар және гален препараттар атаулары; б) өсімдік мүшелерінің атаулары; в) фармацевтке берілетін нұсқаулар, стандарттық рецептік сөз тіркестері.

2. Атауы бойынша жақын ингредиенттер қысқартылмайды, өйткені қай дәрі жазылып тұрғандығы анықталмай қалады.

3. Егер қысқарту бірнеше дауыссыз әріпі бар буынға түссе, онда олардың барлығы қысқартуда көрсетіледі: extractum – extr., compositum – comp.

1. Жалпы қалыптасқан рецептік қысқартулар сөз басындағы әріп тобына немесе сирегірек сөз басындағы әріпке жасалады. (Қысқартулар тізбесі §103-Н1)
10. Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы: 31 мин (35 %)

  1. Сабақ тақырыбының мазмұнымен танысу. Жиілік бөлшектердің кестесін(жазылуы, мағынасы) жазып алу.

  2. Жаттығуларды орындау.

А) Дәрілер атауларын латынша оқып, жиілік бөлшектерді анықтап, мағыналарын түсіндіру:

Oleandomycinum, Coralginum, Sulfapyridazinum, Benzylpenicillinum, Cholosasum, Chlortetracyclinum, Pyrcophenum, Cardiotoxinum, Milocordinum, Octoestrolum, Morphocyolinum, Ampicillinum, Cephalexinum, Cardorinum

Б) Дәрілер атауларын латын тілінде жазу:

Пиранал, бициллин, валокордин, ристомицин, антипирин, оксациллин, амидопирин, тетрациклин, сульфален, агопирин, мономицин, эстрадиол, холагол, пирацетам.

В) Рецептерді оқып, аудару:

1. Recipe: Tabulettas Pyroxani 0,015 numero 3

Da.

Signa.

2. Recipe: Cordigiti 0,0008

Da tales doses numero 10 in tabulettis

Signa.

3. Recipe: Unguenti Penicillini 10,0

Da.

Signa.

4. Recipe: Milocordini 1 ml

Da.

Signa.
А) Рецептерді латын тіліне аудару:

1. Ал: Кордиаминнің 10 мл

Босат.

Белгіле.

2. Ал: Пиридоксин таблеткаларын 0, 005 10 санымен

Босат.

Белгіле.

3. Ал: Синэстролдың 0,001

Осындай дозаларды 20 санымен таблеткаларда босат.

Белгіле.

4.Ал: Тетрациклин жақпамайының 0,2 % 25,0

Босат.

Белгіле.

5.Ал: Нафталан эмульсиясының 50,0

Босат.

Белгіле.
11. Жаңа тақырыпты бекіту. 9 мин (10 %)

Оқушылардың өз бетінше атқарған жұмысындағы тапсырмаларды талқылау:

1.Жиілік бөлшектердің орфографиясын (дұрыс жазылуын), мағыналарын талдау

2.Дәрілер атауларының құрамындағы жиілік бөлшектерді анықтап, оларды талдау.

3.Рецептердің оқылуын, жазылуын, олардың дәрілер атауларындағы ақпаратты түсіндіру.

12. Сабақты қорытындылау. 2 мин (2 %)

А) Жеке кеспе қағаздардағы тапсырмаларды орындау;

Б) тест тапсырмаларын орындау
13. Үйге тапсырма беру. 2 мин (2 %)

Н-1§206-207 жаттау, §211 терминдерді жаттау, аудару. Рецептура мен фармацевтикалық терминология бөлімі бойынша қайталау.
15 сабақ
1. Сабақтың тақырыбы: Дәрі-дәрмектер тобының оның фармакологиялық әсері бойынша атауы.
2. Оқу сағат саны: 2 сағат 90 мин (100%)
3. Сабақ түрі: тәжірибелік
4. Сабақтың мақсаты:

  • Оқыту: Дәрілер атауларындағы жиілік бөлшектердің дұрыс жазылуын және мағыналарын білу, оларды дұрыс оқу, аудару, рецептерді дұрыс жазу; әр түрлі дәрілік формаларға рецепт жазуды үйрену; рецептік қысқартуларды игеру.

  • Тәрбиелік: Сабақ барысында оқушыларды тәртіпті сақтауға үйрету;

  • Дамыту: Орфографиялық және талдау дағдыларын қалыптастыру.

5. Материалды-техникалық жабдықталуы:

а) техникалық құралдар: мультимедиялық жабдықтар

ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: кестелер, стендттер, кеспе қағаздар

б) оқыту орны: латын тілі дәрісханасы
6. Әдебиеттер:

  • Негізгі:

1. Городкова Ю. И. Элементы латинского языка и основ медицинской терминологии: Учеб. -2-е изд., доп. –М.: Медицина 2001

2. Латинский язык и основы медицинской терминологии: учеб. для мед. вузов/под ред. Щульц Ю.Ф. -М.:Б.и;1993

3. М.Д. Машковский. Лекарственные средства. Пособие для врачей.-15-е изд.. перераб. испр. и доп. –М.: РИА «Новая волна»: Издатель Умеренков, 2008

  • Қосымша:

1. П.Х. Попандопуло. Общая рецептура: учебно-метод. пособие. Шымкент: Б. и., 2001

    • Сөздіктер:

1. Т.Г. Казаченок. Фармацевтический словарь. Минск, 1977

2. Дворецкий И.Х.. Латинско-руский словарь: ок 50000 слов. -3-е изд.., испр. –М.: Русский язык, 1986

3. Бабичев Н.Т. Словарь латинских крылатых слов: 2500 единиц

М.: Русский язык, 1982

7. Ұйымдастыру кезеңі: 5 мин (6%)

  • Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

  • Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

  • Сабақтың мақсаты мен міндеті түсіндіріледі, дәрілер атауларындағы жиі кездесетін бөлшектердің орфографиясы мен мағыналарына, дәрілік формаларға, рецептің латын тіліндегі бөлігінің жазылуына көңіл бөлінеді.


8. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру.14 мин(15% )

1.Зат есім, сөздік формасы, септеулері.

2.Сөз құрамындағы бөліктер: түбір, приставка(түбір алдындағы қосымша), жұрнақ, жалғау; негіз

3.Сөзжасам тәсілдері.

4.Рецепт, оның құрылымы, латын тіліндегі бөлігінің жазылуы.
9. Жаңа сабақты түсіндіру: 27 мин (30 %)

Ағзаға әсер ету жағынан ұқсас болып келетін дәрілер фармакологияда топ бойынша жіктеледі. Әр топқа орта тектің көпше түрдегі (-а жалғауымен) үлгісінде ерекше атау беріледі, себебі олар зат есіммен орта текті көпше түрдегі атау септігімен тұспалдап байланысады.

Мысалы: Antipyretica (remedia) –қызу түсіретін дәрі

Cardiaca - жүректік

Cholagoga - өттік

Oestrogena - эстрогендік
10. Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы: 31 мин (35 %)

1. Жиілік бөлшектер тізбесін оқу, жазу.

2Дәрілік түрлер (формалар) атауларын жазу, сөздік формасына көңіл бөлу.

3.Дәрілік түрлер атауларын рецепт жолындағы жалғауларымен беру.(202 – 208 бет. Н-1)

4.Рецептік қысқартуларды (§103) оқу

5.Рецептерді оқу, қысқартуларды толықтыру:
Rp: Natrii tetraboratis

Natrii hydrocarbonatis aa 20,0

Natrii chloride 10,0
Rp: Ol. Menthae gtts. 3

M.f. pulv

D.S.
Rp: Cocarboxylasi 0,05

D.t.d. Ν10 in amp.

S.
Rp: Oleandomycini phosphatis 0,25

Dt.d. Ν30 in tab.

S.

Rp: Pulv.fol. Digitalis 0,03

Chinini hydrochloride 0,05

Bromcamphorae 0,25

M.f. pulv.

D.t.d. N12 in caps. gel.

S.

Rp: fol. Desoxycorticosteroni acetatis oleosae 0,5% 1ml

D.t.d. Ν 10 in ampl.

S.

6. Рецептерде латын тілінде қысқартулар мен жазу, қысқартусыз оқу:

Ал: Аскорбин қышқылының 5% 1 мл

Осындай дозаларды 20 санымен ампулаларда босат.

Белгіле.

Ал: Рауғаш тамыры ұнтағының

Магний оксидінің тепе-тең 0,3

Итжидек экстрактының 0,015

Араластыр, ұнтақ түзілсін.

Осындай дозаларды 10 санымен босат.

Белгіле.

Ал: Суппозиторийлерді теофиллинмен 0,2 10 санымен

Босат.

Белгіле.
11. Жаңа тақырыпты бекіту. 9 мин (10 %)

Оқушылардың өз бетінше атқарған жұмысындағы тапсырмаларды талқылау:

1.Сөздікті жаттау (§56) оқу

2.Рецептерді оқу, қысқартуларды толықтыру:
Rp: Natrii tetraboratis

Natrii hydrocarbonatis aa 20,0

Natrii chloride 10,0

Ol. Menthae gtts. 3

M.f. pulv

D.S.
Rp: Cocarboxylasi 0,05

D.t.d. Ν10 in amp.

S.
Rp: Oleandomycini phosphatis 0,25

Dt.d. Ν30 in tab.

S.

Rp: Pulv.fol. Digitalis 0,03

Chinini hydrochloride 0,05

Bromcamphorae 0,25

M.f. pulv.

D.t.d. N12 in caps. gel.

S.

Rp: Fol. Desoxycorticosteroni acetatis oleosae 0,5% 1ml

D.t.d. Ν 10 in ampl.

S.

6. Рецептерді латын тілінде қысқартулармен жазу, қысқартусыз оқу:

Ал: Аскорбин қышқылының 5% 1 мл

Осындай дозаларды 20 санымен ампулаларда босат.

Белгіле.

Ал: Рауғаш тамыры ұнтағының

Магний оксидінің тепе-тең 0,3

Итжидек экстрактының 0,015

Араластыр, ұнтақ түзілсін.

Осындай дозаларды 10 санымен босат.

Белгіле.

Ал: Суппозиторийлерді теофиллинмен 0,2 10 санымен

Босат.

Белгіле.

3. Терминдерді аудару

Extractum Urticae fluidum, extractum Millefolli fluidum, extractum Viburini fluidum, extractum Sanguisorbae fluidum,tabuletta Extracti lagochili obductae, Haemophobinum, codeinum purum, aqua Amygdalarum amararum, extractum belladonnae spissum.
12. Сабақты қорытындылау. 2 мин (2 %)

а)Орындалған тапсырмалар нәтижелері тексеріледі. Дәрілер атауларындағы жиілік бөлшектердің орфографиясына, көрсететін мағыналарына көңіл бөлінеді. Дәрілер түрлері (формалар) белгілейтін ұғымдар түсіндіірледі. Дәрілер түрлерінің сөздік формасына, септеулеріне көңіл бөлініп, олардың рецепт жолындағы жалғауларына көңіл бөлінеді.

Рецептік қысқартуларда қысқарту қандай атауларға және қай әріптерге жасалатындығына назар аудару қажет.

б)Сұрақтарға жауап беру:

1. Жиілік бөлшектер дегеніміз не?

2. Келесі атауларында қандай бөлшектерді анықтауға болады: Флогистин, Гематоген, Ревит, Аллергол, Сомнафин, Вазокор, Протенсил, Уротропин, Лаксосепт, Дорминал.

3. Дәрілік формалардың қандай түрлері бар?

4. Рецепте қалай жазылады?

в)Карточка, тест бойынша тексеру.
13. Үйге тапсырма беру. 2 мин (2 %)

Н-1202-208 беттердегі дәрілік формалар атауларын жаттау, §103 жазу, жаттау. §104 ІІ рецептерді аудару, қысқарту.

15 сабақ



1. Сабақтың тақырыбы: Сөз құрамы. Сөзжасам. Терминоэлементтер туралы түсінік.
2. Оқу сағат саны: 2 сағат 90 мин (100%)
3. Сабақ түрі: тәжірибелік
4. Сабақтың мақсаты:

  • Оқыту: Клиникалық терминжасамның негізгі ұғымдарын білу, терминдердің талдануын, құрастыруын үйрену.

  • Тәрбиелік: Сабақ барысында оқушыларды тәртіпті сақтауға үйрету;

  • Дамыту: Орфографиялық, талдау және құрастыру дағдыларын қалыптастыру.


5. Материалды-техникалық жабдықталуы:

а) техникалық құралдар: мультимедиялық жабдықтар

ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: кестелер, стендттер, кеспе қағаздар

б) оқыту орны: латын тілі дәрісханасы

6. Әдебиеттер:

  • Негізгі:

1. Городкова Ю. И. Элементы латинского языка и основ медицинской терминологии: Учеб. -2-е изд., доп. –М.: Медицина 2001

  1. Латинский язык и основы медицинской терминологии: учеб. для мед. вузов/под ред. Щульц Ю.Ф. -М.:Б.и;1993

  2. М.Д. Машковский. Лекарственные средства. Пособие для врачей.-15-е изд.. перераб. испр. и доп. –М.: РИА «Новая волна»: Издатель Умеренков, 2008




  • Қосымша:

1. П.Х. Попандопуло. Общая рецептура: учебно-метод. пособие. Шымкент: Б. и., 2001


    • Сөздіктер:

1. Т.Г. Казаченок. Фармацевтический словарь. Минск, 1977

2. Дворецкий И.Х.. Латинско-руский словарь: ок 50000 слов. -3-е изд.., испр. –М.: Русский язык, 1986

3. Бабичев Н.Т. Словарь латинских крылатых слов: 2500 единиц

М.: Русский язык, 1982
7. Ұйымдастыру кезеңі: 5 мин (6%)

  • Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

  • Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

  • Сабақтың мақсаты мен міндеті түсіндіріледі, клиникалық терминдердің құрамындағы терминбөлшектерінің орны мен мағыналарына, терминдердің талдануы мен құрастырылуына көңіл бөлінеді.


8. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру.14мин(15% )

1. Терминология, термин туралы түсінік.

2. Медицина терминологиясы.

3. Зат есім, оның құрылымы.

4. Сөз құрамы, оның бөліктері: түбір, түбір алды қосымшасы (приставка – префикс), жұрнақ (суфффикс), жалғау.
9. Жаңа сабақты түсіндіру: 27 мин (30 %)

Сөзжасам деп жаңа туынды сөздердің тудырушы негіздерге приставкалар, жұрнақтар қосылу немесе бірнеше тудырушы негіздер қосылуы арқылы жасалынуы айтылады. Мысалы: vertebra (зат есім) – омыртқа, ал vertebralis (сын есім) - омыртқалық, бұл жерде түбірге (vertebr-) –al- жұрнағы жалғанып, жаңа сөз пайда болады; os (зат есім) – сүйек, ал interosseus (сын есім) – сүйек аралық, түбірге os, ossis n – oss – inter – приставкасы және -е- жұрнағы қосылып, туынды сөз жасалады.

Одан басқа екі немесе бірнеше сөз негіздері (сөздері) қосылу арқылы күрделі сөздер жасалынады. Оларды құрайтын бөліктерден жалпы термин мағынасын шығаруға болады. Мысалы: bronchoscopia: bronch+scop(ia) – бронхоскоп аспабы арқылы бронхтардың ішкі бетін қарау; gastrotomia: gastr+tom(ia) – асқазанды тілу.

Клиникалық терминдердің құрылымында грек сөз бөліктері көбіне дауысты –о- арқылы, ал латын сөз бөліктері –і- арқылы қосылады. Дауысты –о- және –і-интерфикстер деп аталады (байланыстырады). Мысалы: грек cardiographia – жүректі рентгенмен зерттеу (card+graphia), бірақ латын vivification – тірі жасау, тірілту (viv+ficatio)

Терминдерде дене бөлігі, мүше атауы алдына қойылады, ал қалыпсыз жағдай немесе іс-әрекет атауы термин соңына қойылады.

Мысалы: neuralogia – нерв ауырсынуы; osteopathia – сүйек ауруы, gastroscopia – асқазанды қарау т.б.
10. Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы: 31 мин (35 %)

  1. Сабақ тақырыбының мазмұнымен танысу

  2. Терминоэлементтермен (§36, §37, §83) танысу (оқу,жазу)

  3. Терминоэлементтерді анықтап, олардың мағынасын түсіндіру, орыс транскрипциясын беру;

3)Haematologia. 2)Pathololiga. 3)Hyperthermia 4) Dystonia 5)Hypotonia 6)Hypertonia 7) Analginum. 8) Haematogenum (грек-genes – тудырушы) 9) Anaesthesinum 10) Dyspepsia. 11) Hypoglycaemia (грек-glycтәтті) 12) Cholecystopathia.

4. Терминдердің құрамындағы терминоэлементтерді анықтау, мағынасын түсіндіру;

1)Урология 2) Рентгенография 3) Тонометрия 4) Атония 5) Уремия 6) Гематурия 7) Анемия 8) Типотермия 9) Эндокард 10) Флебография 11) Гиперемия 12) Геморрагия

11. Жаңа тақырыпты бекіту. 9 мин (10 %)

Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмыс нәтижелерін талқылау:

1. Сөз құрамындағы терминоэлементтерді талдау, орындалған тапсырмаларды тексеру

2. Қиындық туғызған терминдерді талқылау, талдау

3. Сабақ тақырыбы бойынша түйіндеме жасау

12. Сабақты қорытындылау. 2 мин (2 %)

а) Сұрақтарға жауап беру:

1)Сөз құрамында қандай бөліктері ажыратылады? Олардың орыны қандай?

2) Сөздің негізі болып не табылады?

3) Жалғау қандай қызмет атқарады?

4) Терминоэлементтер (терминбөлшектері) дегеніміз не?

5) Терминді талдау не үшін қажет?

б) тестілеу, жеке тапсырмаларды орындау

13. Үйге тапсырма беру. 2 мин (2 %)

Н-1 §38, § 43 жаттау §84 жаттығуларды орындау
16 сабақ

1. Сабақтың тақырыбы: Клиникалық термин құрылымы.
2. Оқу сағат саны: 2 сағат 90 мин (100%)
3. Сабақ түрі: тәжірибелік
4. Сабақтың мақсаты:

  • Оқыту: Клиникалық терминжасамның негізгі ұғымдарын білу, терминдердің талдануын, құрастыруын жалғастыру, грек-латын дублеттерін, клиникалық терминдердің құрылымындағы сөз бөліктері алатын орнын игеру.

  • Тәрбиелік: Сабақ барысында оқушыларды тәртіпті сақтауға үйрету;

  • Дамыту: Орфографиялық, талдау және құрастыру дағдыларын қалыптастыру, дублеттік атаулардың сәйкестігін ажырата білу.


5. Материалды-техникалық жабдықталуы:

а) техникалық құралдар: мультимедиялық жабдықтар

ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: кестелер, стендттер, кеспе қағаздар, жеке тапсырмалар.

б) оқыту орны: латын тілі дәрісханасы
6. Әдебиеттер:

  • Негізгі:

1. Городкова Ю. И. Элементы латинского языка и основ медицинской терминологии: Учеб. -2-е изд., доп. –М.: Медицина 2001

2. Латинский язык и основы медицинской терминологии: учеб. для мед. вузов/под ред. Щульц Ю.Ф. -М.:Б.и;1993

3. М.Д. Машковский. Лекарственные средства. Пособие для врачей.-15-е изд.. перераб. испр. и доп. –М.: РИА «Новая волна»: Издатель Умеренков, 2008

  • Қосымша:

1. П.Х. Попандопуло. Общая рецептура: учебно-метод. пособие. Шымкент: Б. и., 2001

    • Сөздіктер:

1. Т.Г. Казаченок. Фармацевтический словарь. Минск, 1977

2. Дворецкий И.Х.. Латинско-руский словарь: ок 50000 слов. -3-е изд.., испр. –М.: Русский язык, 1986

3. Бабичев Н.Т. Словарь латинских крылатых слов: 2500 единиц

М.: Русский язык, 1982
7. Ұйымдастыру кезеңі: 5 мин (6%)

  • Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

  • Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

  • Сабақтың мақсаты мен міндеті түсіндіріледі, клиникалық терминдердің құрамындағы грек-латын терминбөлшектерінің орны мен мағыналарына, терминдердің талдануы мен құрастырылуына көңіл бөлінеді.


8. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру.14 мин(15% )

1. Терминология, термин туралы түсінік.

2. Клиникалық терминология.

3. Сөз құрамы, оның бөліктері.

4. Терминоэлементтер (терминбөлшектері), олардың термин құрамындағы орны.
9. Жаңа сабақты түсіндіру: 27 мин (30 %)

Клиникалық терминология дегеніміз ағзалардағы өзгерістерді, қалыпсыз, патологиялық (грек pathos –ауру, ауытқу; грекlogia – ғылым, ілім) жағдайларды анықтау, емдеу және алдын алу әдістері мен үдерістерін зерттейтін ғылымдардың терминдер жиынтығы. Клиникалық терминдердің негізі болып патологиялық анатомия мен патологиялық физиорлогия терминдері табылады. Медициналық, клиникалық терминдерді саналы түрде есте сақтаудың шарты болып, олардың құрылымдық бөліктері бойынша талдануы табылады.

Латын сөздердің құрамы орыс, қазақ тілдеріндегідей, келесі бөліктермен сипатталады: түбір, приставка (түбір алдықосымшасы), жұрнақ және жалғау. Түбір деп сөздің міндетті болатын, өзіндік мағынасына иеленген бөлігі аталады. Сол мағынасы барлық бір түбірі бар сөздер үшін бірдей болады. Түбірсіз сөз болмайды. Мысалы: medicus – дәрігер, medicina – медицина, medicinalis – медициналық. Осы сөздерде бәріне ортақ medic – бөлігі түбір болып табылады. Приставкалар мен жұрнақтар қосымша мағына береді және олар сөздердің міндетті емес сөз бөліктері, сөздер оларсыз бола береді. Мысалы: cost(a), бұл жерде а – жалғау, cost – түбір. Приставкалар (префикстер) түбір алдында, ১§§§л жұрнақтар түбірден кейін тұрады. Приставкалар (префикстер)ретінде латын және грек предлогтары жиі қолданылады. Мысалы: intercostalis (қабырғалар), intervertebralis (омыртқааралық) сөздерінде inter – префикс (приставка) – аралық; -al – жұрнақ.

Сөз соңындағы бөлігі жалғау деп аталады, ол сөзді өзгерту (грамматикалық) мағынасын көрсетеді, яғни тегін, сан түрін, септігін немесе жағын. Мысалы:

Fossa profunda – терең шұңқыр (атау септігі, жекеше түрі, әйел тегі (жен.род);

Fossae profundae – терең шұңқырлар (атау септігі, көпше түрі).Жалғауды алған кезде басқа өзгермейтін өз бөлігі негізі деп аталады. Мысалы:nodus- nod-us, nod – I (mod – негізі); lobules – lobul-us (lobul – негізі); intervertebralis – intervertebral – is (intervertebral – негізі)

Термин саласында тұрақталған мағынаға иеленген түбірлік және сөзжасамдық элементтері (бөліктері – приставкалар, жұрнақтар), термин құрамында терминоэлементтер деп аталады. Мысалы:a pnoe (a – приставкасы жоқтық, болмау; pnoe – тыныс) – тыныстың жоқтығы; neuralgia –невралгия (neur –нерв; algia –ауырсыну) – нервтің ауырсынуы; gastri-tis –гастрит (gastr –асқазан, -it is –қабыну) – асқазанның қабынуы.

Жиі қолданылатын терминоэлементтер §36, §37,§83 – H1көрсетілген.

10. Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы: 31 мин (35 %)

1. Сабақ тақырыбының мазмұнын игеру

2. Терминдердің мағынасын оларды талдау арқылы түсіндіру. Энтерит, ангиография, кардиопатия, перикардит, гастродуоденскоп, гематурия, уремия, неврома, склеродермия, энцефалит, пародонтоз, ларинготрахеит, метроскоп, глоссит.

3. Берілген мағынасы бойынша терминдерді құрастырыңыздар:

буын ауруы; тамырлардың ауруы; буын қабынуы; асқазан қабынуы, асқазанды алып тастау; тері аурулар ілімі; бүйректі тілу; бронхтың тарылуы; жұтқыншақ пен мұрын қабынуы; тамырдың кеңеюі, ішпердесінің қабынуы, қан аздығы, несеп шығудың бұзылуы.

11. Жаңа тақырыпты бекіту. 9 мин (10 %)

Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмыс нәтижелерін талқылау:

1. Терминдердің талдануында терминоэлементтердің термин құрамындағы орны байқалады.

2. Терминдердің құрастыруында сөз бөліктерінің орнына, жазылуына көңіл бөлінеді.

12. Сабақты қорытындылау. 2 мин (2 %)

а)Сұрақтарға жауап беру:

  1. Сөзжасам дегеніміз не?

  2. Сөзжасаның тәсілдері.

  3. Клиникалық терминдердің құрылымындағы терминоэлементтердің орны қандай?

  4. Терминоэлементтер қандай дауыстылар арқылы жалғанады?

б)Тестілеу, жеке тапсырмалар орындау арқылы жүргізіледі.

13. Үйге тапсырма беру. 2 мин (2 %)
Н-1 § 106 жаттау. § 108 білу, қорытынды бақылауға дайындалу.

17 сабақ


1. Сабақтың тақырыбы: Грек-латын дублеттері.
2. Оқу сағат саны: 2 сағат 90 мин (100%)
3. Сабақ түрі: тәжірибелік
4. Сабақтың мақсаты:

  • Оқыту: Клиникалық терминжасамның негізгі ұғымдарын білу, терминдердің талдануын, құрастыруын үйрену.

  • Тәрбиелік: Сабақ барысында оқушыларды тәртіпті сақтауға үйрету;

  • Дамыту: Орфографиялық, талдау және құрастыру дағдыларын қалыптастыру.


5. Материалды-техникалық жабдықталуы:

а) техникалық құралдар: мультимедиялық жабдықтар

ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: кестелер, стендттер, кеспе қағаздар

б) оқыту орны: латын тілі дәрісханасы

6. Әдебиеттер:

  • Негізгі:

1. Городкова Ю. И. Элементы латинского языка и основ медицинской терминологии: Учеб. -2-е изд., доп. –М.: Медицина 2001

  1. Латинский язык и основы медицинской терминологии: учеб. для мед. вузов/под ред. Щульц Ю.Ф. -М.:Б.и;1993

  2. М.Д. Машковский. Лекарственные средства. Пособие для врачей.-15-е изд.. перераб. испр. и доп. –М.: РИА «Новая волна»: Издатель Умеренков, 2008

  • Қосымша:

1. П.Х. Попандопуло. Общая рецептура: учебно-метод. пособие. Шымкент: Б. и., 2001

    • Сөздіктер:

1. Т.Г. Казаченок. Фармацевтический словарь. Минск, 1977

2. Дворецкий И.Х.. Латинско-руский словарь: ок 50000 слов. -3-е изд.., испр. –М.: Русский язык, 1986

3. Бабичев Н.Т. Словарь латинских крылатых слов: 2500 единиц

М.: Русский язык, 1982

7. Ұйымдастыру кезеңі: 5 мин (6%)

  • Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

  • Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

  • Сабақтың мақсаты мен міндеті түсіндіріледі, клиникалық терминдердің құрамындағы терминбөлшектерінің орны мен мағыналарына, терминдердің талдануы мен құрастырылуына көңіл бөлінеді.


8. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру.14мин(15% )

1. Терминология, термин туралы түсінік.

2. Медицина терминологиясы.

3. Клиникалық терминология.

4. Сөз құрамы, оның бөліктері: түбір, түбір алды қосымшасы (приставка – префикс), жұрнақ (суфффикс), жалғау.
9. Жаңа сабақты түсіндіру: 27 мин (30 %)

Анатомиялық терминологияда дене бөліктері, мүшелері латын сөздерімен белгіленеді, ал клиникалық терминдер – грек сөз бөліктерімен. Сондай бір мағынасы бар екі (латын және грек) тілдегі атаулары грек-латын дублеттері деп аталады. Мысалы: жүрек – лат. cor, грек. cardi(o); бүйрек – лат. ren, грек. nephr(o).



Мүшелердің, дене бөліктерінің грек-латын дублеттік мағынасы

Грек ТЭ

Латын тілі сөзі

Мағынасы


А

kephalo-, cephalo-,

-cephalia (kephale)

somato-, -soma

(soma, atos)

osteo- (osteon)

acro-, acria (akron)

stetho- (stethos)


spondylo- (spondylos)

cardio-, -cardium

(kardia)

arthro- (arthron)

stomato- (stoma, stomatos)

glosso-, -glossla

(glossa)

rhino- (rhis, rhinos)

odonto-, -odontia

(odus, odontos)



Б

cheiro-, chiro-,

-cheiria, -chiria

(cheir)


podo-, -podia (pus podos)

gon- (gony)

r (h)achi-(rhachis)

С

cheilo-, cheilia (cheilos)

urano- (uranos)

ul-, ulo- (ulon)

melo- (melon)

gratho-, -grathia

(gnathos)

-genia (genys, genyos)

-genta (geneion)

caput, itis, n


corpus, oris n
os, ossis n

membrum, i n

pectus, oris n

thorax, acis m

vertebra, ae f

cor, cordis n

ostium cardiacum (PNA)

articulatio, onis f

os, oris n
lingua, ae f
nasus, i m

dens, dentis m

manus, us f

pes, pedis m


genu, us n

columna vertebralis


labium, i n

palatum, i n

gingiva, ае f

bucca, ае f

maxilla, ае f
mandibula, ае f

mentum, i n


бас
дене


сүйек

аяқ-қол


төс

көкірек жасушасы

омыртқа

жүрек


кардия, кардиалді тесік

буын


ауыз
тіл
мұрын

тіс


қол

аяқ басы
тізе

омыртқалық бұғана
ерін

таңдай (қатты)

қызылиек

ұрт


жоғарғы жақ
төменгі жақ

иек



10. Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы: 31 мин (35 %)

1. Сабақ тақырыбының мазмұнымен танысу

2. Терминоэлементтермен (§36, §37, §83) танысу (оқу,жазу)

3. Терминоэлементтерді анықтап, олардың мағынасын түсіндіру, орыс транскрипциясын беру;

3)Haematologia. 2)Pathololiga. 3)Hyperthermia 4) Dystonia 5)Hypotonia 6)Hypertonia 7) Analginum. 8) Haematogenum (грек-genes – тудырушы) 9) Anaesthesinum 10) Dyspepsia. 11) Hypoglycaemia (грек-glycтәтті) 12) Cholecystopathia.

4. Терминдердің құрамындағы терминоэлементтерді анықтау, мағынасын түсіндіру;

1)Урология 2) Рентгенография 3) Тонометрия 4) Атония 5) Уремия 6) Гематурия 7) Анемия 8) Типотермия 9) Эндокард 10) Флебография 11) Гиперемия 12) Геморрагия

11. Жаңа тақырыпты бекіту. 9 мин (10 %)

Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмыс нәтижелерін талқылау:

1. Сөз құрамындағы терминоэлементтерді талдау, орындалған тапсырмаларды тексеру

2. Қиындық туғызған терминдерді талқылау, талдау

3. Сабақ тақырыбы бойынша түйіндеме жасау

12. Сабақты қорытындылау. 2 мин (2 %)

а) Сұрақтарға жауап беру:

1. Клиникалық терминология дегеніміз не?

2. Сөз құрамында қандай бөліктері ажыратылады? Олардың орыны қандай?

3) Сөздің негізі болып не табылады?

4) Жалғау қандай қызмет атқарады?

5) Терминоэлементтер (терминбөлшектері) дегеніміз не?

6) Терминді талдау не үшін қажет?

б) тестілеу, жеке тапсырмаларды орындау

13. Үйге тапсырма беру. 2 мин (2 %)

Н-1 §38, § 43 жаттау §84 жаттығуларды орындау





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет