3. Сабақ түрі: тәжірибелік



бет2/6
Дата01.02.2018
өлшемі10,5 Mb.
#37349
1   2   3   4   5   6
Қысқалық ережелері.

1. Егер созылыңқы дыбыстан кейін созылыңқы дыбыс келсе:

Мысалы: So – lu – ti – o – ерітінді

2. Егер созылыңқы дыбыстан кейін «h» - га әріпі келсе:

Мысалы: extraho – экстраго

3. Ерер созылыңқы дыбыстан кейін қысқа b, d, c, g, p, t әріптері l, r әріптерімен қосылып келсе:

Мысалы: vertebra – омыртқа

palpebra – қабық

4. Егер созылыңқы дыбыстан кейін диграфтар кездессе ch, th, rh, ph және qu әріп қосындысы, себебі олар екі қысқа дыбыстың үнін бермейді:

Мысалы: Sto –ma – chus – асқазан

5. Келесі жұрнақтарда созылыңқы дыбыс қысқа болғандықтан:

- ul pil – ul – a - пилюля

- ic nar – cot – ic – us – наркотикалық

- id li – qu – id – us – сұйық

- it pi – per – it – us – бұрыш

- il frag – il – is - сынғыш

10. Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы. 31 мин (35%)

«S» анаграммасы




стрихнии

строфантин

стрептоцид

сульфадимезин

синэстрол

сарколизин
Төменде берілген сөздерді латын әріптерімен жазыңыз:
Нэрвус, субкутáнэус, акýстикус, óрганон, áпэкс, сцéлетон, капúтулюм, максúлля, кáуда, дэнтэс, квáнтус, тэнзор, цэлля, сáнгвис, цэллюля, артикуляцио, мукóзус.
Тапсырмалар:

Қосарланған әріптердің, диграфтардың оқылуына көңіл бөліңіз және дауыстап оқыңыз:

Squáma қабыршақ; lingua тіл; sánguis қан; ángulus бұрыш; articulatio буын; mixtio қоспа; solútio ерітінді; núcha желке; thyreoideus қалқанша без; thórax кеуде жасушасы; rhaphe тігіс; pharyngēus жұтқыншақтық; philosophia философия; quinque бес; rheum рауғаш; singularis жекеше; chirurgia хирургия; chole өт.
Ұзақ және қысқа жұрнағы бар сөздерді екі бағанаға бөліңіз:

Commisura, alveolus, musculus, tinctura, solutus, pilula, piperitus, liquidu, оfficinalis, pelvinus, Foeniculum, pulmonalis, mixtura
11. Жаңа тақырыпты бекіту. 9 мин (10%)

Тест

1. Егер соңынан екiншi буындағы дауысты «х», «z» алдында тұрса, ол ... болады.

A. екпiнсiз

B.қысқа

C.ұзақ

D.қатты

E.жұмсақ

2. Зат есiмдер мен сын есiмдердегi -ur-,-at- жұрнақтары әрқашан …

A.орта.

B. ұзақ.

C. қысқа.

D. майда.

E. қатты.

3. «Amylum» сөзінде екпiн соңынан ... буынға қойылады.

A төртiншi

B. бесінші

C. екiншi

D. бесiншi

E. үшiншi

4. Соңынан екiншi буындағы дауысты екi немесе бiрнеше дауыссыздар алдында тұрса, ол буын ... болады.

A.ұзақ

B. қысқа

C. қатаң

D. қатты

E.екпiнсiз

5.Латын тiлiнде екпiн соңынан екiншi буынға ...

A түседi,егер ол қысқа болса.

B. түседi,егер ол ұзақ болса.

D. түспейдi,егер ол ұзақ болса.

E. түспейдi,егер ол жұмсақ болса.

6. Соңынан екiншi буынның құрамында дифтонг болса, ол буын ... болады.

A. жұмсақ

C. қысқа

D. екпiнсiз

E. ұзақ

7. Латын тiлiнде екпiн соңынан үшiншi буыннан кейiнгі буынға ...

A. қойылмайды, егер ол қысқа болса.

B. қойылады егер ол ұзақ болса.

C. қойылмайды, егер ол ұзақ болса.

D. сирек қойылады.

E. ешқашан қойылмайды.

8. Екi буыннан тұратын сөзде екпiн ...

Aбiрiншi буынға қойылады.

B. ешқашан қойылмайды.

C. соңғы буынға қойылады.

D. соңғы әрiпке қойылады.

E. сирек қойылады.

9.Егер дауыстыдан кейiн басқа дауысты тұрса,онда ол буын ... болады.

A.қысқа

B.жабық

C.ұзақ

D. ашық

E. екпiндi

10. «Екпін» тақырыбындағы «-» – бұл ... белгiсі.

A. күрделiк

B. жайшылық

C. ұзақтық

D. қысқалық

E. ұзақтылық
12. Сабақты қорытындылау. 2 мин 2%)

Студенттердің білім деңгейін бағалау және түзеу. Әр студентке сабақта алған бағасы айтылады, жіберілген кемшіліктер талқыланады.

13. Үйге тапсырма беру. 2 мин (2%

Н-1 §9 қосымша жаттығуды орындау. §10 бақылау сұрақтарға жауап беру.

3 сабақ


1. Сабақтың тақырыбы: Зат есім. Бес септікке шолу.
2. Сағат саны: 2 сағат 90 мин (100%)
3. Сабақ түрі: тәжірибелік
4. Сабақтың мақсаты:

  • Оқыту: зат есімнің грамматикалық категориясын дұрыс анықтау, оқушылардың білімін кеңейту және естерінде сақтау.

  • Тәрбиелік: еңбекке, мейірімділікке тәрбиелеу.

  • Дамыту: оқушылардың бір-біріне сұрақ қоя білуін жетілдіру, ойлау қабілетін дамыту, сауатты жазуға дағдыландыру.


5. Материалды-техникалық жабдықталуы:

а) техникалық құралдар: интерактивті тақта, ноутбук

ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: плакат, өзіндік жұмыстарға арналған кеспелер, тест тапсырмалары.

б) оқыту орны: латын тілі дәрісханасы
6. Әдебиеттер:

  • Негізгі:

1. Городкова Ю. И. Элементы латинского языка и основ медицинской терминологии: Учеб. -2-е изд., доп. –М.: Медицина 2001

2. Латинский язык и основы медицинской терминологии: учеб. для мед. вузов/под ред. Щульц Ю.Ф. -М.:Б.и;1993

3. М.Д. Машковский. Лекарственные средства. Пособие для врачей.-15-е изд.. перераб. испр. и доп. –М.: РИА «Новая волна»: Издатель Умеренков, 2008

    • Қосымша:

1. Руководство к лабораторным занятиям по фармакологии: учебное пособие/ под ред. Д.А. Харкевича.-4-е изд.,испр. и доп. –М.: Медицинское информационное агенство, 2005

2. Д.А. Харкевич. Фармакология: учеб. для вузов. -10-е изд., испр. и доп.

-М.: ГЭОТАР –Медиа, 2008

3. П.Х. Попандопуло. Общая рецептура: учебно-метод. пособие. Шымкент: Б. и., 2001

    • Сөздіктер:

1. А. Рақышев. Анатомиялық терминдердің сөздігі. Алматы. Рауан, Демеу, 1994 ж.

2. Т.Г. Казаченок. Фармацевтический словарь. Минск, 1977

3. Дворецкий И.Х.. Латинско-руский словарь: ок 50000 слов. -3-е изд.., испр. –М.: Русский язык, 1986

  1. Бабичев Н.Т. Словарь латинских крылатых слов: 2500 единиц

М.: Русский язык, 1982

  1. Ж.К. Ермахан. Тәнтану атауларының латынша-қазақша-орысша тақырыптық сөздігі. Алматы: Ана тілі, 1996


7. Ұйымдастыру кезеңі: 5 мин (6%)

  • Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

  • Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

  • Сабақтың мақсаты мен міндеті.


8. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру: 14 мин (15%)

Буындардың ұзақ және қысқа оқылуына қарай сөздердің екпінін қойыңыз.

Medulla ossium – сүйектік ми; membrum inferius – аяқ; ligamentum – байлам; processus transversus – көлденең өсінді; corpus maxillae – жоғарғы жақтың денесі; arcus vertebrae – омыртқаның доғасы.
Буындардың ұзақ және қысқа оқылуына қарай сөздердің екпінін қойыңыз.

Hiatus sacralis – сегізкөздік саңылау; incisura vertebralis – омыртқалық тілік; clavicularis – бұғаналық; mentalis – иектік; processus zygomaticus - әлпеттік өсінді; digitatus – саусақтық; sulcus pulmonalis - өкпелік жүлге; gingiva – қызылиек; osteologia – остеология; myologia – миология; pars superior duodeni – он екі елі ішектің жоғарғы бөлігі; orbita oculi – көзшара.
9. Жаңа сабақты түсіндіру: 27 мин (30%)

Латын тіліндегі зат есімдердің орыс тілі сияқты, үш тегі бар:

Ер тегі – genus masculinum

Әйел тегі – genus femininum

Орта тегі – genus neutrum
Екі сан түрде өзгереді:

singulāris (жекеше)

plurālis (көпше)
Латын тілінің 6 септігі бар:

Nominativus (Nom.) - атау

Genetivus (Gen.) - ілік

Dativus (Dat.) - барыс

Accusativus (Acc.) - табыс

Ablativus (Abl.) – көмектес

Vocativus (Voc.) – шақыру
Зат есімнің септеулері

Латын тілінде 5 септеу бар. Септеу белгісі – бұл ілік септігінің жекеше түрінің жалғауы.

1- септеу – ae

2- септеу – i

3- септеу – is

4- септеу – us

5- септеу – ei

Зат есімнің сөздік формасы

Латын тілінің сөздік формасы, яғни сөздікте жазылу түрі 3 компоненттен тұрады:

  1. Сөз атау септігінің жекеше түрінде жазылады

  2. Ілік септігінің жалғауы жазылады

  3. Тегінің белгісі көрсетіледі m – masculinum, f – femininum, n – neutrum.

Сөздік формадағы ілік септігі жекеше түрінің жалғауына қарап, қай септеуде тұрғандығын анықтауға болады.

Мысалы, pasta, ae f –сығынды – 1септеу

succus, i m - шырын – 2септеу

decoctum, i n – қайнатпа – 2септеу

dosis, is f - мөлшер – 3септеу

auris, is n - құлақ – 3септеу

fructus, us m – жеміс – 4септеу

species, ei f – жинақ – 5 септеу

Бір буынды сөздерде ілік септігінің сөзі толығымен жазылады

Мысалы, os, ossis n – сүйек

pes, pedis m – аяқ басы
Зат есімнің негізін анықтау

Зат есімнің негізін анықтау үшін, ілік септігінің жекеше түрінің жалғауын алып тастайды.

Мысалы, tincturа, ae f – тұндырма; негізі – tinctur -

globulus, i m – шар тәрізді; негізі –globul -

os, oris n – ауыз; негізі – or

Көптеген 3 септеу зат есімдердің сөздік формасында ілік септігі жекеше түрінің – is жалғауының алдында негіздің бір бөлігі көрсетіледі.

Мысалы,: articulatio, onis f – буын

негізі articulation –

cortex, icis m – қабық

негізі cortic-

corpus, oris n – дене

негізі corpor-
Зат есімнің тегін анықтау
Зат есімнің грамматикалық тегін атау септігі жекеше түрінің жалғауы арқылы анықталады.

us жалғауына аяқталса, ер тегі, –a жалғауына аяқталса әйел тегі, –um, –en – орта тек.



ocŭlus, i m – көз

vena, ae f – көктамыр

10. Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы. 31 мин (35%)

Төмендегі анатомиялық атауларды аударыңыз:

  • тіл

  • таңдай

  • бас

  • мойын

  • дене

  • бассүйек

  • арқа

  • кеуде

  • сүйек

  • омыртқа


«С» әрпімен басталатын сөздер бойынша төмендегі кестелерді толтырыңыз:

С


































С


































С


































С


































С


































С



































«А» дыбысынан басталатын сөздер ойлап тауып, төмендегі сызбаны толтырыңыз:


Берілген сөздерді латын тіліне аударыңыз:

Топайдың жүлгесі, кеуде омыртқасының денесі, сопақша мидың пирамидасы, маңдай қойнауларының пердесі, қойнаудың жүлгесі, мұрынның пердесі, иық сүйегінің төбешігі, башпайдың денесі, тізе тобығының байламы, мойынның бұлшықеті, шынтақтың басы, тілдің ұшы, тілдің пердесі, тамырдың тамыры.
11. Жаңа тақырыпты бекіту. 9 мин (10%)

Тест

1. Зат есімнің латын атауы:

  1. Pronomina personalia

  2. Nomen adjectivim

  3. Nomen substantivum

  4. Nomen numerale

  5. Nomen personale

2. Зат есімдердің септіктер саны:

  1. 4

  2. 5

  3. 3

  4. 6

  5. 7

3. Латын тiлiндегi зат есiмдерде ... септеу бар.

  1. 6

  2. 5

  3. 7

  4. 3

  5. 8

4. Зат есiм сөздiк формасында ... компоненті бар.

  1. 4

  2. 6

  3. 3

  4. 1

  5. 2

5.Зат есiмі септеуi ... жалғауы бойынша анықталады.

  1. Ablativus.

  2. Accusativus.

  3. Genetivus.

  4. Dativus.

  5. Vocativus.

6. Екiншi септеу зат есiмдері Gen.Sing. түрінде … жалғауына аяқталады.

  1. -i.

  2. -ae.

  3. -ei.

  4. -us.

Е. -is.

7. Табыс септiгi латын тiлiнде casus ... деп аталады.

  1. Ablativus.

  2. Accusativus.

  3. Nominativus.

  4. Vocativus.

  5. Dativus.

8. Бесiншi септеудің Gen.Sing. жалғауы:

  1. -ae

  2. -us

  3. -is

  4. -ie

  5. - ei

9. Латын тiлiнде iлiк септiгі ... септігі болып табылады.

  1. тура толықтауыштың

  2. қиыспаған анықтауыштың

  3. қиысқан анықтауыштың

  4. пысықтауыштың

  5. қиысқан анықтауыштың және пысықтауыштың

10. Spiritus, us зат есiмнiң тегi мен септiгi:

  1. m IV

  2. f IV

  3. m III

  4. n IV

  5. n III


12. Сабақты қорытындылау. 2 мин 2%)

Студенттердің білім деңгейін бағалау және түзеу. Әр студентке сабақта алған бағасы айтылады, жіберілген кемшіліктер талқыланады.

13. Үйге тапсырма беру 2 мин 2%)

Н-1 §30 сөздікке жазу, жаттау.

§29 жаттығуларды аяқтау.

№4 сабақ
1. Сабақтың тақырыбы: І септеудің зат есімдері. Қиыспаған анықтауыш.
2. Сағат саны: 2 сағат 90 мин (100%)
3. Сабақ түрі: тәжірибелік
4. Сабақтың мақсаты:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет