3. Сабақ түрі: тәжірибелік



бет52/62
Дата08.02.2022
өлшемі7,69 Mb.
#120543
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   62
Байланысты:
Әд.-өңд.-лат.т-Мейірбике-2-курс-лат.т

9. Жаңа сабақты түсіндіру: 27 мин (30 %)
Сөзжасам деп жаңа туынды сөздердің тудырушы негіздерге приставкалар, жұрнақтар қосылу немесе бірнеше тудырушы негіздер қосылуы арқылы жасалынуы айтылады. Мысалы: vertebra (зат есім) – омыртқа, ал vertebralis (сын есім) - омыртқалық, бұл жерде түбірге (vertebr-) –al- жұрнағы жалғанып, жаңа сөз пайда болады; os (зат есім) – сүйек, ал interosseus (сын есім) – сүйек аралық, түбірге os, ossis n – oss – inter – приставкасы және -е- жұрнағы қосылып, туынды сөз жасалады.
Одан басқа екі немесе бірнеше сөз негіздері (сөздері) қосылу арқылы күрделі сөздер жасалынады. Оларды құрайтын бөліктерден жалпы термин мағынасын шығаруға болады. Мысалы: bronchoscopia: bronch+scop(ia) – бронхоскоп аспабы арқылы бронхтардың ішкі бетін қарау; gastrotomia: gastr+tom(ia) – асқазанды тілу.
Клиникалық терминдердің құрылымында грек сөз бөліктері көбіне дауысты –о- арқылы, ал латын сөз бөліктері –і- арқылы қосылады. Дауысты –о- және –і-интерфикстер деп аталады (байланыстырады). Мысалы: грек cardiographia – жүректі рентгенмен зерттеу (card+graphia), бірақ латын vivification – тірі жасау, тірілту (viv+ficatio)
Терминдерде дене бөлігі, мүше атауы алдына қойылады, ал қалыпсыз жағдай немесе іс-әрекет атауы термин соңына қойылады.
Мысалы: neuralogia – нерв ауырсынуы; osteopathia – сүйек ауруы, gastroscopia – асқазанды қарау т.б.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   62




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет