3. Сандық талдау әдістерінің жіктелуі


Қалыпты таралу қисығын қолдану



бет19/53
Дата29.12.2021
өлшемі0,54 Mb.
#106632
түріЛекция
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   53
Байланысты:
Лекциялар сандық анализ

Қалыпты таралу қисығын қолдану. Өлшеулердің аздаған саны кезінде қисық орташаның дұрыстығын бағалау үшін қызмет етеді. Мысалы, егер X= 10,0% , ал s=0,65% болса, нәтижелердің үштен екісінің (68%) шамамен 10,0±0,65% интервалына түсуі керек. Осылайша, жалпы жағдайда нәтижелердің үштен екісі қалыпты жиынтықты құрай отырып, орташа мәнге қатысты ± 1s интервалына түсуі тиіс.

Кейбір жағдайларда өлшеулердің қалыпты статистикалық таралуын және олардың қателіктерін білу талдау нәтижелерінің көп санын бағалау үшін пайдалы (нәтижелерді таңдау жеткілікті үлкен және оны жиынтық деп санауға болады). Мысалы, зауыттық зертханада апта сайын жүгері сірнесінің бірнеше жүз үлгісінде глюкоза құрамын автоматты түрде анықтау жүргізіледі. Аспаптардың дұрыс жұмыс істеуін тексеру үшін әрбір алтыншы үлгі ретінде белгілі мөлшерде глюкозасы бар стандартты үлгі қолданылады. Бір стандартты үлгінің аликвотты бөліктерін бірнеше рет талдағаннан кейін оның стандартты ауытқуын есептейді. Егер стандартты және бақылау үлгілерінің стандартты ауытқулары бірдей деп болжалса, үлгілердің шамамен үштен екісінің талдауы стандартты ауытқудың ± 1 бірлігі (σ) интервалында, ал 95% —±2 бірлік σ және т.б. интервалында бейнеленуі мүмкін. Осылайша, глюкоза талдауының сенімділік дәрежесі туралы түсінік алуға болады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   53




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет