3. семинар сабақтарының жоспары



Дата18.02.2017
өлшемі141,12 Kb.
#10187
түріЛекция
3. СЕМИНАР САБАҚТАРЫНЫҢ ЖОСПАРЫ:
Студент семинар сабағынан қалмауы тиісті. Студент семинар сабағына дайындалғанда нормативтік актілерді басшылыққа ала отырып, берілген тақырыпты, конспектілеп, жан жақты дайындалуы керек. Яғни арнаулы әдебиеттерді де қолданып, тақырыпты ашуға ниеттенуі тиіс. Сондай-ақ, ауызша да дайындалып, сұрақ-жауап негізінде жауап беругеде дағдылануы керек.

Оқу бағдарламасына сәйкес, реферат жазу, оны қорғауы тиіс. Семинар сабағы үстінде өтетін проблемалы тақырыптарды талдауға ат салысып, өз білімін жетілдіре білуі керек.



  1. Қатысу: Сіздердің міндеттеріңіз аудиторияға уақытында, кешікпей келіп, оқуларыңыз (орындамасаңыз-Сіздің балыңыз әрбір ескертпе үшін 0,5 балл төмендетіледі). Себепті болған жағдайда: ауру, жанұя жағдайына байланысты сабақтан босатылғаныңыз үшін балды сақтап қалуыңызға болады, бірақ, міндетті түрде:

  • босатылғаныңыз жөнінде қажетті құжаттық көшірмесі болса: арыз, анықтама т.б.

  • Сіз бұл жөнінде оқытушыға ескертуіңіз керек.

  • Сіз жедел барлық тапсырманы орындауыңыз керек. Барлығы: 2 балл.

  1. Лекцияны конспектілеу:

Лекция тақырыбын барлық сұрақтарын конспектілегеніңіз үшін – 0,2 балл. Барлығы: 2 балл.

  1. Семинар сабағындағы жұмыс.

Балл қою саясаты.

Қалыпты баға:

  • семинар сабағына белсенді қатысу;

  • Барлық тапсырмаларды қосымша материалдарды пайдалана отырып уақытында орындау;

  • Тақырып түсіну деңгейі.

Бағаны төмендету:

  • сабаққа жеткіліксіз дайындалу.

  • Материалды қысқаша түсіндіру.

  • Сұраққа толық жауап бермеу.


Курс саясаты

а) міндетті түрде сабаққа қатысу.

б) СӨЖ және үй жұмысын орындау, үнемі семинарға дайындалу.

в) Семинар сабағындағы белсенділік және СӨДЖ – ғы белсенділік.




Семинар сабағы бойынша тақырыптары
№ 1 тақырып Жедел-іздестіру қызметінің түсінігі ,міндеті.

Өту нысаны: кіріспе сабағы ретінде өтеді

Сабақтың мақсаты: студенттерге жедел-іздестіру пәні нені оқытады және жедел-іздестіру білім мен оның мүмкіндіктерін тиімді пайдалана білуі құқық қорғау органы қызметкерлерінің кәсіптік дайындығының көрсеткіші болып табылатындығын көрсету. Сонымен қатар лекция кезінде студенттер өздеріне қандай пайдалы ақпарат алғандарын саралау.

Негізгі қойылатын сұрақтар:

  1. Жедел-іздестіру қызметінің түсінігі.

  2. Жедел-іздестіру қызметінің негігі түсінігі. Түсініктердің қалыптасуы «жедел-іздестіру қызметі» және «қылмыстық-атқарушылық қызмет».

  3. Жедел-іздестіру қызметінің міндеттері.

  4. Жедел-іздестіру қызметінің функциялары.

Тапсырма: конспект жазып, ауызша жауап беруге дайындалу.

Әдістемелік нұсқаулық: жедел іздестірудің негізгі мақсаты қылмыстың алдын алу, ашу, қылмыскерді және белгісіз жағдайда жоқ болып кеткендерді іздеу және басқа арнайы органның қызметі. Бұл арнайы мемлекеттік уәкілеттілік органдардың, азаматтардың бостандығы мен заңды мүдделерін, құқықтарын, денсаулығын, өмірлерін қорғауда қоғамның қауіпсіздігін сақтауды қамтамасыз етудегі рөліне көңіл аудару.

Қолдануға ұсынылатын әдебиеттер:

  1. «Жедел іздестіру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының заңы 1994ж.

  2. Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексі

  3. ҚР Қылмыстық – іс жүргізу кодексі.-Алматы:Юрист,2003ж.-220б.

2 тақырып



Құқықтық негіздер және жедел-іздестіру қызметінің қағидасы.

Өту нысаны: семинар

Сабақтың мақсаты: студенттерге жедел-іздестіру қызметінің қағидаларын және оның құқықтық негіздерін түсіндіру, талдау.

Негізгі қойылатын сұрақтар:

  1. Жедел-іздестіру қызметінің құқықтық негізі.

  2. Жедел-іздестіру қызметінің қағидасы.

  3. Жедел-іздестіру қызметінің құқықтық кепілдемесі.

Тапсырма: конспект жазып, ауызша жауап беруге дайындалу. Жедел іздестіру қызметінің қағидаларына түсініктеме беріңіз.

Әдістемелік нұсқаулық: Қазақстан Республикасының Коституциясынын басқа жедел - іздестіру қызметінің құқықтық негізін Парламентпен, Қазақстан Республикасының Президентінің қабылданған заңды күші бар нұсқаулар болып табылады. Қазақстан Республикасының Конституциясында мемлекеттің аса маңызды құндылығы адам оның өмірі бостандығы жазылған. Бұл жүйені іске асыруда заңмен уәкілетті мемлекеттік органдардың жедел іздестіру қызметі жүйесі, негізгі болып табылатындығына сабақ барысында ерекше көңіл аудару.

Қолдануға ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Қазақстан Республикасының Конституциясы 1995 ж. 30 тамыз

  2. ҚР Қылмыстық – іс жүргізу кодексі.-Алматы:Юрист,2003ж.-220б.

  3. «Жедел іздестіру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының заңы 1994ж.

3 тақырып



Жедел-іздестіру қызметінің субъектісі, оның міндеті мен құқығы.

Өту нысаны: семинар

Сабақтың мақсаты: жедел-іздестіру қызметі субъектілерінің құқықтық мәртебелерін және оларды қандай органдар қамтамасыз ететіндігін анықтау.

Негізгі қойылатын сұрақтар:

  1. Жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын орган.

  2. Жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын орган, және олардың міндеттері.

  3. Жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын органның құқығы.

  4. Жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын органның компетенциясы.

Тапсырма: конспект жазып, ауызша жауап беруге дайындалу. Жедел іздестіру қызметінің субъектілері қандай міндеттер мен құқықтар атқарады?

Әдістемелік нұсқаулық: Жедел - іздестіру қызметін жүзеге асыратын органдар. Оларға: Ішкі істер органы, Ұлттық қауіпсіздік органдары, Қазақстан Республикасының қорғаныс министірінің әскери барлау органдары және т.б. органдардың құрамының ерекшеліктерімен танысуы тиіс.

Қолдануға ұсынылатын әдебиеттер:

  1. «Жедел іздестіру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының заңы 1994ж.

  2. ҚР Қылмыстық – іс жүргізу кодексі.-Алматы:Юрист,2003ж.-220б.

  3. Қазақстан Республикасының Құқық қорғау органдары Заңнамалық актілер жиынтығы.-Алматы: Юрист, 2003.-159б

4 тақырып



Жедел-іздестіру қызметі органдарының арақатынасы.

Өту нысаны: семинар

Сабақтың мақсаты: ҚР жедел-іздестіру органдарының өзара қатынасын және шетелдердегі, сонымен қатар халықаралық құқық қорғау органдарымен де ара қатынасын түсіндіру болып табылады.

Негізгі қойылатын сұрақтар:

  1. ҚР Жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын органның арақатынасы.

  2. Шет мемлекеттердегі жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын органның арақатынасы.

  3. ҚР Жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын органның халықаралық құқық қорғау органдарымен арақатынасы.

Тапсырма: конспект жазып, ауызша жауап беруге дайындалу. ҚР жедел іздестіру органдары мен шетел мемлекеттеріндегі жедел іздестіру органдарының айырмашылығы неде?

Әдістемелік нұсқаулық: Жедел-іздестіру органдарының өзара қатынасын, олардың құқықтық мәртебесін және олардың басқа органдармен қарым-қатынасын анықтау.

Қолдануға ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Қазақстан Республикасының Құқық қорғау органдары Заңнамалық актілер жиынтығы.-Алматы: Юрист, 2003.-159б

  2. Гинзбург А.Я. Основы оперативно – розыскной деятельности./ Жедел – іздестіру қызметтің негіздері/. – Алматы, 1997ж.-75б.

  3. Ю.Ф. Чуфарковский. Психология в оперативно-розыскной деятельности. Установление и развитие контактов с субьектами заинтересованности. М. 1996г.

5 тақырып



Жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыруға қатысатын тұлғалар.

Өту нысаны: семинар

Сабақтың мақсаты: жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын органдардың қызметкерлері, жасырын қызмет көрсететін тұлғалардың өзара қатынастарын түсіндіру.

Негізгі қойылатын сұрақтар:

  1. Жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын органдардың қызметкерлері.

  2. Жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын органдардың жасырын көмек көрсететін тұлғалар.

  3. Жедел-іздестіру қызметіндегі келіспеушілік серіктестік.

  4. Жедел-іздестіру қызметінің басқа органдармен серіктес болуы.

Тапсырма: конспект жазып, ауызша жауап беруге дайындалу. Жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын органдардың қызметкерлерін атаңыз?

Әдістемелік нұсқаулық: Жедел-іздестіру қызметіне қатысатын органдар қызметкерлеріне кімдер, оларға қандай өкілеттіліктер берілген және қандай тұлғалар ондай қызметті жүзеге асыра алатындығы туралы арнайы әдебиеттермен танысу.

Қолдануға ұсынылатын әдебиеттер:

  1. «Жедел іздестіру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының заңы 1994ж.

  2. Қазақстан Республикасының Құқық қорғау органдары Заңнамалық актілер жиынтығы.-Алматы: Юрист, 2003.-159б

  3. Ю.Ф. Чуфарковский. Психология в оперативно-розыскной деятельности. Установление и развитие контактов с субьектами заинтересованности. М. 1996г.


№ 6 тақырып

Жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын тұлғаларды құқықтық және әлеуметтік қорғау.

Өту нысаны: семинар

Сабақтың мақсаты: жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын тұлғаларды, сонымен қатар жасырын қызмет көрсететін тұлғаларға құқықтық және әлеуметтік көмек көрсетудің ерекшеліктерін түсіндіру.

Негізгі қойылатын сұрақтар:

  1. Жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын тұлғаларды құқықтық және әлеуметтік қорғау.

  2. Жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын жасырын көмек көрсететін тұлғаларды құқықтық және әлеуметтік қорғау.

Тапсырма: конспект жазып, ауызша жауап беруге дайындалу. Жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын тұлғалардың құқықтық мәртебесін көрсетіңіз?

Әдістемелік нұсқаулық: Жедел - іздестіру қызметіне қатысатын орган қызметкерлерін құқықтық және әлеуметтік қорғауды кімдер, қай нормативтік құқықтық актілер қолданатындығын анықтау арқылы өзіндік оймен саралау.

Қолдануға ұсынылатын әдебиеттер:

  1. «Жедел іздестіру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының заңы 1994ж.

  2. ҚР Қылмыстық – іс жүргізу кодексі.-Алматы:Юрист,2003ж.-220б.

  3. Ю.Ф. Чуфарковский. Психология в оперативно-розыскной деятельности. Установление и развитие контактов с субъектами заинтересованности. М. 1996г.

7 тақырып



Жедел-іздестіру шарасының түсінігі және түрі.

Өту нысаны: семинар

Сабақтың мақсаты: жедел-іздестіру шараларының мазмұнын, компетенцияларын анықтау.

Негізгі қойылатын сұрақтар:

  1. Жедел-іздестіру шарасының түсінігі.

  2. Жедел-іздестіру шарасының түрі және мазмұны.

  3. Арнайы жедел-іздестіру шарасы.

  4. Жедел-іздестіру шарасының компетенциясы.

Тапсырма: конспект жазып, ауызша жауап беруге дайындалу. Жалпы жедел іздестіру шараларын атаңыз?

Әдістемелік нұсқаулық: жедел іздестіруге байланысты заңнамалық актілердегі анықтамаларға көңіл аудару.

Қолдануға ұсынылатын әдебиеттер:

  1. «Жедел іздестіру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының заңы 1994ж.

  2. Гинзбург А.Я. Основы оперативно – розыскной деятельности./ Жедел – іздестіру қызметтің негіздері/. – Алматы, 1997ж.-75б.

  3. В.С. Зеленский Общая теория борьбы с преступностью. Концептуальные основы. Харьков 1994г.

8 тақырып

Жедел-іздестіру шарасының негізі және шарты.

Өту нысаны: семинар

Сабақтың мақсаты: жедел-іздестіру шараларының негізі мен шарттарын пысықтау

Негізгі қойылатын сұрақтар:

  1. Жедел-іздестіру шарасының негізі.

  2. Жедел-іздестіру шарасының жүргізу негізі.

  3. Жедел-іздестіру шарасының шектеуі.

  4. Жедел-іздестіру шарасының негізін қысқарту.


Тапсырма: конспект жазып, ауызша жауап беруге дайындалу. Жедел-іздестіру шарасына қойылатын шектеулерді атаңыз?

Әдістемелік нұсқаулық: Негізгі жедел-іздестіру шараларының өткізілудің негізі неде, шараларының шарттары қандай, қызметінің шектеудің, шараларын тоқтатудың негізі неде деген сұрақтарға көңіл аудара отырып Мақсатымыз жедел-іздестіру шараларының өткізілуінің негіздері мен шарттарының тиімділігін көрсету.

Қолдануға ұсынылатын әдебиеттер:

  1. «Жедел іздестіру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының заңы 1994ж.

  2. Справочник следователя под ред. Гинзбурга А.Я. Алматы 1998г.

  3. Организованная преступность. Проблемы. Дискуссии. Предложения. Сборник под ред. А.И. Долговой, С.В. Довкова М. 1989г.

9 тақырып



Жедел-іздестіру қызметінің нәтижесі және оны орындау тәртібі.

Өту нысаны: семинар

Сабақтың мақсаты: жедел-іздестіру қызметінің нәтижесі мен орындалу тәртібін анықтау.

Негізгі қойылатын сұрақтар:

  1. Жедел-іздестіру қызметінің түсінігі және қызметінің нәтижесі.

  2. Жедел-іздестіру қызметінің нәтижені қалыптастыру бағыты.

  3. Жедел-іздестіру қызметінің нәтижені қалыптастыру, тергеушіге, прокурорға немесе сотқа берген нәтижесі.

  4. Жедел-іздестіру қызметінің нәтижені қалыптастыру,қылмыстық процестің шегінен тыс.

Тапсырма: конспект жазып, ауызша жауап беруге дайындалу. Жедел-іздестіру қызметінің нәтижені қалыптастыру бағыты бойынша тірек сызба дайындау

Әдістемелік нұсқаулық: жедел-іздестіру қызметінің нәтижесі мен орындалу тәртібін анықтауда маңыздылығына көңіл аудару.

Қолдануға ұсынылатын әдебиеттер:

  1. ҚР Қылмыстық – іс жүргізу кодексі.-Алматы:Юрист,2003ж.-220б.

  2. Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексі

  3. Қазақстан Республикасының Құқық қорғау органдары Заңнамалық актілер жиынтығы.-Алматы: Юрист, 2003.-159б

10 тақырып



Жедел-іздестіру қызметінің бағыты.

Өту нысаны: семинар

Сабақтың мақсаты: жедел-іздестіру қызметінің негізгі бағыттарын анықтау

Негізгі қойылатын сұрақтар:

  1. Жедел-іздестіру қызметінің барлау бағыты.

  2. Жедел-іздестіру қызметінің контрразведкалық бағыты.

  3. Жедел-іздестіру қызметінің қылмыстық іздестіру бағыты.

  4. Жедел-іздестіру қызметінің әкімшілік іздестіру.

Тапсырма: конспект жазып, ауызша жауап беруге дайындалу. Жедел-іздестіру қызметінің негізгі бағыттарын атап көрсетіңіз?

Әдістемелік нұсқаулық: жедел іздестіру қызметінің бағыттарының басқа да түрлеріне мән беріп, салыстыру.

Қолдануға ұсынылатын әдебиеттер:

  1. «Жедел іздестіру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының заңы 1994ж.

  2. А.К.Мулдахметов, А.Д. Шаймуханов. Сборник терминов, понятий и определений по ОРД. Алматы 1997г.

  3. Справочник и методические рекомендации работнику, ведущему борьбу с наркобизнесом. АВШ МВД РК А. 1992г

  4. В.С. Зеленский Общая теория борьбы с преступностью. Концептуальные основы. Харьков 1994г.

11 тақырып



Жедел-іздестіру қызметінің түрі.

Өту нысаны: семинар

Сабақтың мақсаты: жедел-іздестіру қызметінің классификациясы және басқа да құқық қорғау функциясын анықтау.

Негізгі қойылатын сұрақтар:

  1. Жедел-іздестіру қызметінің классификациясы және құқық қорғау функциясының түрлері.

  2. Құқыққа қайшы қызметтің шығуы.

  3. Құқыққа қайшы қызметті ескерту

  4. Құқыққа қайшы қызметпен қиылысу.

  5. Қылмысты ашу.

  6. Жедел-іздестіру қызметінің классификациясы және арнайы функциялы түрдің болуы.

Тапсырма: конспект жазып, ауызша жауап беруге дайындалу. Жедел-іздестіру қызметінің классификациясы және арнайы функциялы түрлерінің ерекшелігі неде?
Әдістемелік нұсқаулық: жедел іздестіру қызметінің реттелу ерекшелігіне байланысты оның басқа да құқық қорғау функцияларының заңнамалық актілеріне көңіл аудару

Қолдануға ұсынылатын әдебиеттер:

  1. «Жедел іздестіру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының заңы 1994ж.

  2. Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексі

  3. Қазақстан Республикасының Құқық қорғау органдары Заңнамалық актілер жиынтығы.-Алматы: Юрист, 2003.-159б

  4. Гинзбург А.Я. Основы оперативно – розыскной деятельности./ Жедел – іздестіру қызметтің негіздері/. – Алматы, 1997ж.-75б.

12 тақырып



Жасырынып жүрген қылмыскерлерді іздеу бойынша жедел іздестіру органдарының қызметі

Өту нысаны: семинар

Сабақтың мақсаты: жасырын жүрген қылмыскерлерді іздеу бойынша жедел іздестіру органдарының қызметін талдау.

Негізгі қойылатын сұрақтар:

1. Құқық қорғау органдарының іздестіру қызметін ұйымдастыру (түсінігі, мәні, іздестіру қызметін тағайындау)

2. Жасырынып жүрген қылмыскерлерді іздеуді ұйымдастыру және оның ерекшеліктері.

3. Хабар ошарсыз кеткен тұлғаларды іздеуді ұйымдастырудың ерекшеліктері



Тапсырма: конспект жазып, ауызша жауап беруге дайындалу. Жасырынып жүрген қылмыскерлерді іздеуді ұйымдастыру және оның ерекшеліктерін көрсетіңіз?

Әдістемелік нұсқаулық: Жасырын жүрген қылмыскерлерді іздеу бойынша жедел іздестіру органдарының қызметіерекше орын алатынына назар аударыңыз.

Қолдануға ұсынылатын әдебиеттер:

  1. «Жедел іздестіру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының заңы 1994ж.

  2. Қазақстан Республикасының Құқық қорғау органдары Заңнамалық актілер жиынтығы.-Алматы: Юрист, 2003.-159б

  3. Гинзбург А.Я. Основы оперативно – розыскной деятельности./ Жедел – іздестіру қызметтің негіздері/. – Алматы, 1997ж.-75б.

  4. Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексі

13 тақырып



Жедел-іздестіру іс- жүргізуі.

Өту нысаны: семинар

Сабақтың мақсаты: Жедел-іздестіру іс-жүргізудің функциясын және сатыларын талқылау

Негізгі қойылатын сұрақтар:

  1. Жедел-іздестіру іс-жүргізудің функциясы мен ұғымы.

  2. Жедел-іздестіру іс-жүргізудің сатысы.

Тапсырма: конспект жазып, ауызша жауап беруге дайындалу. Жедел-іздестіру іс-жүргізудің сатыларын көрсетіңіз?

Әдістемелік нұсқаулық: жедел іздестірудің іс жүргізудің арнайы функцияларының маңыздылығына көңіл аудару.

Қолдануға ұсынылатын әдебиеттер:

  1. «Жедел іздестіру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының заңы 1994ж.

  2. Гинзбург А.Я. Основы оперативно – розыскной деятельности./ Жедел – іздестіру қызметтің негіздері/. – Алматы, 1997ж.-75б.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет