Закон Республики Казахстан



бет1/9
Дата04.03.2023
өлшемі40,54 Kb.
#171080
  1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Диплом ж мысы мазм НЫ

1. Курстық жұмыстың жалпы ережелері


Курстық жұмыс – студентті өз бетімен зерттеу жұмысын орындау әдістемесіне үйретудің бір нысаны болып табылады.
Оқу жоспарында курстық жұмысты орындау:

  • студенттің өз бетімен ғылыми зерттеу жұмысын жүргізу қабілетін дамытуды;

  • ұсынылған зерттеу тақырыбы бойынша әдебиеттермен жұмыс жүргізу әдістемесін қалыптастыруды;

  • курстық жұмыс жазу кезінде зерттеу мәселесі бойынша қойылған міндеттерді орындау барысында зерттеу әдісі және мүмкіндігі бойынша эксперименттер жасауды меңгеруді;

  • студенттің өзекті мәселелерді іздеу қабілетін дамыту және алынған нәтиженің теориялық және тәжірибелік маңызын түсіне білуін;

  • жүргізілген зерттеуді негізге ала отыра объективті, негізді қорытындылар жасай білу шеберлігін дамытуды қамтамасыз етеді.

Курстық жұмыс өз кезегінде мазмұн мен нысанның диалектикалық біртұтастығын көрсетеді. Мазмұн тақырыптың өзектілігімен, алынатын мәліметтер көлемінің анықтылығымен және жеткіліктілігімен, жұмыстың нәтижесіндегі қорытынды түйіндердің объективтілігімен анықталады. Нысан дегеніміз жұмыстың материалын мазмұндау және оны рәсімдеу тәртібі мен стилі.
Курстық жұмысты дайындау, орындау және оны қорғау процесі бірнеше кезеңнен тұрады:

  1. курстық жұмыстың тақырыбын таңдау және бекіту;

  2. ақпарат көздерін таңдау және зерттеу;

  3. курстық жұмыстың мазмұны мен оны рәсімдеуге қойылатын талаптарды зерттеу;

  4. курстық жұмысты жазу;

  5. курстық жұмысты жазуды аяқтау және оны кафедраға ұсыну;

  6. қорғау үшін баяндама тезистерін дайындау; 7. курстық жұмысты қорғау.

2. Курстық жұмыстың тақырыбын таңдау және бекіту


Курстық жұмыстың тақырыбын таңдау кезінде студент курстық жұмысты жазу мен қорғаудың негізгі мақсаты – зерттелетін мәселелерді шешу бойынша теориялық білімнің, дағдылардың, шеберліктің тәжірибеде жүзеге асырылуын көрсету екендігін ұғынуы қажет.
Курстық жұмыстың тақырыбын таңдау іс жүзінде қолда бар материал, ғылыми жетекшінің кеңесі мен студенттің өзінің қалауы ескеріле отырып жүзеге асады.
Курстық жұмыстың тақырыбын студент берілген пән бойынша кафедрада бекітілген үлгілік тақырыптардың тізімінен таңдайды. Егер студент жұмыстың тақырыбын өзі ұсынатын болса, бұл тақырып курстық жұмыс орындайтын пәннің атауына сәйкес келу керек.
Бір академиялық топта немесе курста оқитын екі немесе одан да көп студенттерге бірдей тақырыпта курстық жұмысты орындауға рұқсат етілмейді.
Курстық жұмыстың тақырыбын бекіту үшін студент таңдап алған тақырыбын кафедрадағы курстық жұмыстарды тіркеу журналына тіркеп, өзінің аты-жөні мен тегін, таңдап алынған тақырыбының атауын және тіркеу мерзімін көрсетіп, сонымен қатар қолын қоюы керек.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет