Закон Республики Казахстан


Курстық жұмыстың мәтінін рәсімдеу тәртіптері



бет6/9
Дата04.03.2023
өлшемі40,54 Kb.
#171080
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Курстық жұмыстың мәтінін рәсімдеу тәртіптері

Жалпы талаптар


Курстық жұмыстың мәтіндік және таңбалық бөлімінің беттері А4 210 х 297 мм форматына сәйкес болуы қажет.
Курстық жұмыс компьютер мен принтерді қолдану арқылы баспа әдісімен А4 форматындағы ақ қағаз бетінің бір жағында шегі (рамка) салынбай орындалуы тиіс. Шрифт – кәдімгі кегль 14, Times New Roman, Times New Roman KZ түрінде болуы қажет.
Курстық жұмыстың мәтінін келесі өлшемдерді ескере отыра басу керек: сол жағы 30 мм кем емес, оң жағы – 1,5 мм кем емес, үстіңгі жағы – 20 мм кем емес, астыңғы жағы – 20 мм кем емес.
Курстық жұмыстың көлемі иллюстрацияларымен бірге, қосымшаларды есептемегенде, қалыпты қағаз парағындағы 25-30 бетті құрауы тиіс.
Курстық жұмыс мәтінінде азат жолдар нақты көрсетілуі керек. Азат жолындағы қызыл жолдың көлемі 1,27 см құрауы тиіс. Азат жолдар барлық жұмыс мәтінінде бірдей болуы қажет. Жолдардың арасы бір интервалды құрап, бір беттегі жолдар саны 28-30 болуы қажет.
Автоматты түрде сөздерді көшіру бекітілуі қажет.
Әрбір тарау жаңа беттен басталуы керек. Бөлімдердің (пункттердің) мәтінін аяқталмаған бетте орын қалатын болса, сол беттің бос бөлігіне басуға болады.
Тараулардың атауларының, бөлімдер мен пункттердің арасы бір интервалды; бөлім (пункт) мен мәтіннің арасы бір интервалды құрауы тиіс; мәтіннің соңы мен келесі бөлімнің (пункттің) арасы екі интервалды құрауы тиіс
Беттерді нөмірлеу.
Курстық жұмыстың беттері араб цифрларымен алмаспайтын нөмірлеу жүйесін ескере отыра курстық жұмыстың барлық мәтіні бойында белгіленеді. Бет нөмірі төменгі жақтың ортасына қойылады. Бет нөмірінен кейін нүкте қойылмайды.
Титульдік бет пен Мазмұны бет нөмірлерінің жалпы санына кіреді. Титульдік бетте нөмір қойылмайды. Нөмірлеу курстық жұмыстың екінші бетінен басталады.
Иллюстрациялар (мәтіннің мазмұнын суретпен сипаттау) мен кестелер жеке парақтарда орналасып, курстық жұмысты жалпы нөмірлеу құрамына кіреді (немесе Қосымшалар қатарына енеді).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет