Закон Республики Казахстан


Курстық жұмыстың мазмұны мен рәсімделуіне қойылатын негізгі талаптар



бет3/9
Дата04.03.2023
өлшемі40,54 Kb.
#171080
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Курстық жұмыстың мазмұны мен рәсімделуіне қойылатын негізгі талаптар


Курстық жұмыстың құрылымдық элементтері болып:

  • Титульдік бет (Қосымша 2);

  • Мазмұны (Қосымша 1);

  • Кіріспе;

  • Негізгі бөлім;

  • Қорытынды;

  • Пайдаланылған қайнар көздер тізімі (Қосымша 3); - Қосымшалар табылады.

Титульдік бет


Титульдік бет жұмыстың бірінші беті және құжатты іздеуге қажетті ақпарат көзі болып табылады (Қосымша 2).
Титульдік бетте келесі мәліметтер болуы қажет:

- жұмыс орындалған қала және орындалу мерзімі (жылы).
Титульдік бет дипломдық жұмыс беттерімен бірге жалпы нөмірлеу құрамына енеді. Беттің нөмірі титульдік бетте қойылмады.

Кіріспе


Кіріспеде зерттелетін мәселенің қазіргі кездегі жағдайына қысқаша сипаттама беріледі және курстық жұмыстың тақырыбының көкейкестілігі талданады, студенттің тақырыпты таңдау себебі, жұмыстың зерттелу деңгейі, мақсаты көрсетіледі, курстық жұмыс тақырыбын ашу мақсатында негізгі міндеттер қойылады. Сонымен қатар жұмыстың құрылымы көрсетіледі.
«Кіріспе» тақырыбы нөмірленбейді. Кіріспе мәтіні 2 бетте мазмұндалады.

Негізгі бөлім


Курстық жұмыстың бұл құрылымдық элементін тарауларға, бөлімдерге және пункттерге бөлу қажет болып табылады. Бір тараудан екіншісіне көшу курстық жұмыстың мазмұнымен анықталады. Алайда барлық тараулар бір-бірімен тығыз байланысты және қисынды кезектілікпен берілуі қажет.
Бірінші тарау. Бұл тарау курстық жұмыстың теориялық негізі болып табылады және зерттелетін мәселенің әдістемелік аспектілерін ашатын, нақты жағдайға шолу жасайтын, теория мен тәжірибеде мәселенің зерттелу деңгейін, біздің еліміз бен шетелде осыған ұқсас мәселелердің шешілуіне анализ жасайтын бөлімдерден (тармақтардан) тұрады.
Студент курстық жұмыстағы анализ жасалатын мәселелер шешілу үшін қолданыстағы заңнаманы жетілдіру мақсатында бұл саладағы өзінің білімін, теориялық білімі мен жинақтаған тәжірибесін қолдана білу шеберлігін көрсетуі қажет. Сонымен қатар, зерттелетін мәселелерді шешуге қажетті нормативтік құқықтық актілерге сын көзімен шолу жасап, оның қазіргі кездегі талаптарға сәйкестігіне сипаттама беруі қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет