Жұмысты жазу барысында көмек көрсету, сонымен қатар жұмыстың орындалуына бақылау жасау үшін және студент материалдарды таңдау, жұмысты жазу және рәсімдеуге байланысты кез келген мәселе бойынша кеңес алу үшін ғылыми жетекші тағайындалады.
Студент курстық жұмысының тақырыбын бекіткеннен кейін ғылыми жетекші оған жалпы сипаттағы кеңестер береді, олар: нормативтік құқықтық актілермен, арнайы әдебиеттермен және басқа да ақпарат көздерімен жұмыс жүргізу тәртібі, курстық жұмыс Мазмұнын, яғни Кіріспенің, оның жекелеген бөлімдерінің, Қорытындының жалпы мазмұнын құрастыру, жұмыстың мәтінін басу мен орналастыру тәртібі, пайдаланылған қайнар көздер тізімін рәсімдеу және т.б. мәселелер бойынша ақпараттар береді.
Ғылыми жетекші жұмыс жоспары мен курстық жұмыстың бөлімдерін негіздеуге қатысудан басқа:
курстық жұмысты дайындауға тікелей және жүйелі түрде жетекшілік етеді;
курстық жұмыстың жекелеген тарауларын дайындығы шегінде оқып тексереді;
студентке материалдың мазмұны, мазмұндау кезектілігі, жинау, жариялау, жүйелеу және нақты тәжірибелік материалдың әдістемелік құрылымы бойынша кеңестер береді;
орын алған сұрақтарды студентпен бірге талқылайды, қосымша әдебиеттер мен жаңадан қабылданған нормативтік құқықтық актілерді пайдалануға кеңес береді;
жұмыстың орындалу сапасын қадағалайды, қажет болған жағдайда оны қайта қарап өңдеуге қайтарады; - курстық жұмысты қорғауға жіберуге рұқсат береді;
курстық жұмыстың қорғалуын бағалайды.
Курстық жұмыстың Мазмұнын (жоспарын) құрастыру тәртібі
Курстық жұмыстың мазмұны (жоспары) белгілі бір тәртіпте құрастырылған құрама бөліктерінен (Кіріспе, тараулар, Қорытынды және т.б.) және жұмыста ашылуға тиіс негізгі мәселелерден (бөлімдерден) тұрады.
Уақытында және дұрыс құрастырылған жоспар ғылыми жетекшінің алғашқы кеңесі сияқты ұйымдастырушы фактор болып табылады, бұл ақпарат көздерін, тәжірибе материалдарын дұрыс жинауға, курстық жұмыс материалдарын кезектілігі бойынша мазмұндауға мүмкіндік береді. Сондықтан да жоспарды құрастыруға студент көп көңіл бөлуі қажет.
Жасалған Мазмұнның (жоспардың) жобасын студент ғылыми жетекшінің танысуына ұсынады, ғылыми жетекші қажет болған жағдайда жоспарға түзетулер енгізуі мүмкін. Жасалған жоспар курстық жұмысты дайындау процесінде ішінара өзгеруі мүмкін (Қосымша 1).