Закон Республики Казахстан



бет9/9
Дата04.03.2023
өлшемі40,54 Kb.
#171080
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Ескертулер


Егер жұмысты жазу барысында мәтіннің, кестенің немесе таңбалық материалдың мазмұнына түсіндірме немесе анықтамалық мәліметтер қажет болған жағдайларда ескертулер пайдаланылады. «Ескерту» сөзі азат жолдың басына бас әріптермен жазылады, бірақ асты сызылмау керек.
Ескертулерді мәтіндік, таңбалық материалдың немесе ескерту тиісті кестенің астына орналастыру қажет. Егер ескерту біреу болса «Ескерту» сөзінен кейін сызықша қойылып, ескерту мәтіні жазылады. Бір ескерту нөмірленбейді. Бірнеше ескертулер араб цифрларымен нүкте қойылмай нөмірленеді. Кестеге арналған ескерту кестенің аяқталуын білдіретін сызықтың астына орналасады.

Қосымшалар


Әр қосымша жаңа беттен басталады және әр беттің реттік нөмірі болады.
Жұмыс мәтінінде әр қосымшаға сілтеме жасалуы тиіс. Қосымшалар курстық жұмыстың мәтінінде жасалған сілтемелердің ретімен орналасады.
Әр қосымшаны жаңа беттен, беттің оң жақ шетінде «Қосымша» сөзін көрсете отыра бастау керек (мысалы, Қосымша 1). Қосымшаның атауы болу керек.

Жұмыстың аяқталуы және оны кафедраға ұсыну


Курстық жұмыс ғылыми жетекшіге оның рәсімделуінің дұрыстығын соңғы рет қарауына және сынақ аптасынан 10 күн бұрын ұсынылуы қажет.
Егер ғылыми жетекші курстық жұмысты тексеру барысында ескертулер тапса, жұмыс студентке ондағы ескертулерді жоюға қайтарылады. Егер студент ескертулерді түсінбесе ғылыми жетекшіге сұрақтар қоюы қажет. Студент жұмысқа түзетулер енгізгеннен кейін оны тағы бір рет оқып, ондағы түзетулерден пайда болған қисынсыздықтарды жойып, грамматикалық қателерін тексеру қажет.
Курстық жұмыстың соңында пайдаланылған қайнар көздер тізімінен кейін студенттің қолы, жұмыстың аяқталу мерзімі көрсетіледі (күні, айы және жылы).
Курстық жұмыс папкаға тігіліп бір данада кафедраға тапсырылады.
Ғылыми жетекші курстық жұмыстың соңғы нұсқасын тексергеннен кейін титульдік бетке курстық жұмысты
қорғауға жіберетінін немесе жібермейтінін бекітетін қолын қояды.

Курстық жұмысты қорғау тәртібі және оны бағалау


Курстық жұмысты қорғаудың мақсаты болып автордың жұмыстың тақырыбын ашу деңгейін, мәселені зерттеудің өздігінен жүргізілуі мен тереңдігін, түйіндер мен ұсыныстардың негізділігін анықтау табылады.
Курстық жұмысты қорғауға студент мұқият дайын болуы керек: ол баяндама тезисін құрастырады, қажетінше иллюстрациялық материалдарды (кестелер, сызбанұсқалар, диаграммалар және т.б.) дайындайды; жеке қағаз бетінде курстық жұмыста мазмұндалған, теориялық және тәжірибелік маңызы бар жұмыстың ерекше мәнді ережелерін мазмұндайды. Баяндама тезистерін дайындауды студент курстық жұмысты кафедраға ұсынғаннан бірден бастауы қажет.
Курстық жұмысты қорғау кезінде студент курстық жұмыстың мақсаты мен міндеттерін қысқаша, айқын әрі нақты сипаттайды, оның маңызды ережелерін мазмұндайды, өзінің жасаған түйіндері мен ұсыныстарын талдайды, яғни дәлелдейді. Басқаша айтқанда, курстық жұмысты қорғау барысында студент курстық жұмысты жазу кезінде өздігінен зерттеу арқылы алынған нәтижелерді ауызша дәлелдеуі қажет.
Баяндама жасауға студентке 5-7 минуттан аспайтын уақыт беріледі.
Студентке ғылыми жетекші мен қорғауға қатысушы кез келген адам сұрақтар қоюы мүмкін. Қойылған сұрақтарға студент қысқа, бірақ дәл жауап беруі керек.
Курстық жұмысты қорғаудың нәтижесін ғылыми жетекші «өте жақсы», «жақсы», «қанағаттанарлық», «қанағаттанарлықсыз» деп бағалайды. Курстық жұмысты бағалаудың критериі болып жұмыстың мазмұны және оны рәсімдеу, жұмысты қорғау табылады.
Оң бағалар («өте жақсы», «жақсы», «қанағаттанарлық») оқу пәні бойынша емтихан ведомостіне және студенттің сынақ кітапшасына қойылады. «Қанағаттанарлықсыз» бағасы тек емтихан ведомостіне қойылады.
Курстық жұмыс бойынша қойылған баға студентке қорғаудан кейін бірден жарияланады.
Курстық жұмысты қорғағаннан кейін оң бағаны жоғарылату мақсатында қайта тапсыруға рұқсат етілмейді. «Қанағаттанарлықсыз» баға алған студенттердің қайта тапсыруы институттың деканаты бекіткен мерзімдерде жүзеге асырылады.
Ғылыми жетекші қайта тапсыру кезінде студентке сол курстық жұмысты өңдеуді немесе жаңа курстық жұмысты жазуды бекітеді.
Оқу процесінде жазылатын барлық курстық жұмыстардың бағалары студентке институтты тамамдауда берілетін дипломына қосымша ретіндегі анықтамаға енгізіледі.

Қосымша 1


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ.......................................................................................................................3

  1. INTERNET ДЕГЕН НЕ ЖӘНЕ ОЛ НЕ ҮШІН ҚАЖЕТ

    1. Провайдер таңдау кезінде қойылатын талаптар.......................................5

    2. Internet желісіне қалай қосылуға болады...................................................7

    3. Е-mail, www, ftp мүмкіндіктеріне қысқаша шолу...............................................................................................................9


  1. ТЕОРИЯЛЫҚ БӨЛІМ GOOGLE, YANDEX, RAMBLER АҚПАРАТТЫҚ-ІЗДЕУ ПОРТАЛДАРЫ

    1. Чаттар, форумдар, icq.................................................................................12

    2. Е-үкімет.......................................................................................................13

      1. Internet қызметтер..................................................................................15

      2. Internet-банкинг.....................................................................................17

ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................25

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.........................................................27

ҚОСЫМШАЛАР.......................................................................................................29
Қосымша 2

Жаркент гуманитарлық-техникалық колледжі

DELPHI ОРТАСЫНДА WEB БЕТТЕРІН КӨРУГЕ АРНАЛҒАН ҚОСЫМША
(автоматтандырылған ақпараттық жүйелер пәнінен курстық жұмыс)

1305000 «Ақпараттық жүйелер» мамандығының 306 топ студенті

Оқытушы:

Жаркент - 2018


Қосымша 3
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

  1. Брагинский М.И., Витрянский В.В. Договорное право: Книга 2: Договоры о передаче имущества. - М.: «СТАТУТ», 2000.

  2. Витрянский В.В. Договор купли-продажи и его отдельные виды. - М.: «Статут», 1999.

  3. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі (Жалпы бөлім) 1994ж. 27-желтоқсанда қабылданған (07.08.2007ж. енгізілген өзгертулер және толықтырулармен).

  4. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі (Ерекше бөлім) 1999ж. 1-шілдеда қабылданған (19.06.2007ж. енгізілген өзгертулер және толықтырулармен).

  5. Богатых Е. Гражданское и торговое право (от древнего римского к современному). - М.: ИНФРА, 1996.

  6. Брагинский М.И., Витрянский В.В. Договорное право: Книга 2: Договоры о передаче имущества. - М.: «СТАТУТ», 2000.

  7. Витрянский В.В. Договор купли-продажи и его отдельные виды. - М.: «Статут», 1999.

  8. Гражданский кодекс Республики Казахстан (Особенная часть). Комментарий. / Отв.ред. М.К.Сулейменов, Ю.Г.Басин. – Алматы: Жетi Жарғы, 2000.

  9. Гражданское законодательство: Статьи, комментарии, практика / Под ред. А.Г. Диденко, 1996-2005.

  10. Гражданское право. Том 2 / Отв. ред. М.К.Сулейменов, Ю.Г.Басин. - Алматы, 2002.

  11. Гражданское право / Под ред. А.П.Сергеева, Ю.К.Толстого. Ч. 2. Изд. 6-е - М: ПРОСПЕКТ, 2006.

  12. Гражданское право. Том 2. / Отв. ред. Суханов Е.А.- М.: БЕК, 2005.

  13. Гражданское право. Ч.2. / Под ред. Калниной Л.Г., Масляева А.И.- М.: Юрист, 1999.

  14. Жайлин Г.А. Гражданское право Республики Казахстан. Часть Особенная. Том 1.- Алматы: Данекер, 2001.

  15. Ильиных Е.В. История договора купли-продажи / История государства и права, 2007, №15,с.19-20.

  16. Клюшкин С. Договор энергоснабжения по действующему законодательству Республики Казахстан. / Закон и время, 2007, №5, с.51-53.

  17. Назарбаев Н.А .Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру - ел саясатының ең басты мақсаты. Елбасының Қазақстан халқына жолдауы 6 ақпан 2008ж. // Егемен Қазақстан, 7 ақпан 2008ж.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет