3-сынып күнтізбелік-тақырыптық жоспар 2020-2021 оқу жылы


-сынып күнтізбелік-тақырыптық жоспар 2020-2021 оқу жылы



бет9/9
Дата07.02.2022
өлшемі136,73 Kb.
#93765
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
2020-2021 информатика ктж (1)

11-сынып күнтізбелік-тақырыптық жоспар 2020-2021 оқу жылы


Информатика сыныбы 11 (қоғамдық гуманитарлық бағыты)
Аптасына: 1сағат, барлығы: 34 сағат

р/с

Ауыспалы
тақырыптар
/бөлім/

Сабақтардың тақырыбы

Оқудың мақсаттары

Сағат саны

Мерзімі

Ескерту

І тоқсан 18 сағат




1

І БӨЛІМ Бұлттық технологиялар

Бұлттық технологиялар. Міндеті. Жіктелуі.

11.1.1.1 бұлтты технологияның не екенін түсіндіру

1

01.09-04.09.2020




2




Бұлттық технологияларды қолдану салалары.Бұлттық технологияларды іскерлік салада қолдану.

11.1.1.1 бұлтты технологияның не екенін түсіндіру

1

07.09-11.09.2020




3




Бұлттық технология сервистері.

11.1.1.2 жалпыға қолжетімділікке арналған файлдарды (мәтіндік құжаттар, күнтізбелер, презентациялар, кестелер) қолдану, қашықтан және бірлесіп өңдеу

1

14.09-18.09.2020




4




Бұлттық технология сервистері.

11.1.1.2 жалпыға қолжетімділікке арналған файлдарды (мәтіндік құжаттар, күнтізбелер, презентациялар, кестелер) қолдану, қашықтан және бірлесіп өңдеу

1

21.09-25.09.2020




5




Практикум.Google Диск бұлттық сервисін қолдану.

11.1.1.2 жалпыға қолжетімділікке арналған файлдарды (мәтіндік құжаттар, күнтізбелер, презентациялар, кестелер) қолдану, қашықтан және бірлесіп өңдеу

1

28.09-02.10.2020




6




Практикум.Google Диск бұлттық сервисін қолдану.

11.1.1.2 жалпыға қолжетімділікке арналған файлдарды (мәтіндік құжаттар, күнтізбелер, презентациялар, кестелер) қолдану, қашықтан және бірлесіп өңдеу

1

05.10-09.10.2020




7




Жобалық қызмет.

11.1.1.2 жалпыға қолжетімділікке арналған файлдарды (мәтіндік құжаттар, күнтізбелер, презентациялар, кестелер) қолдану, қашықтан және бірлесіп өңдеу

1

12.10-16.10.2020




8




«Бұлттық технологиялар» бөлімін қорытындылауға арналған тест тапсырмалары

11.1.1.2 жалпыға қолжетімділікке арналған файлдарды (мәтіндік құжаттар, күнтізбелер, презентациялар, кестелер) қолдану, қашықтан және бірлесіп өңдеу

1

19.10-23.10.2020




9




Қайталау сабағы №1 ББЖБ



11.1.1.2 жалпыға қолжетімділікке арналған файлдарды (мәтіндік құжаттар, күнтізбелер, презентациялар, кестелер) қолдану, қашықтан және бірлесіп өңдеу

1

26.10-30.10.2020




ІІ тоқсан 7 сағат

10

ІІ 3D модельдеу

Виртуалды және кеңейтілген шындық

11.2.4.1 виртуалды және кеңейтілген шындықтың мақсатын түсіндіру

1

16.11.-20.11.2020




11




Виртуалды шындықтағы адам

11.2.4.2 адамның психикалық және физикалық денсаулығына виртуалды және кеңейтілген шындықтың әсері туралы айту

1

23.11-27.11.2020




12




3D – панорама және виртуалды тур Image Composite Editor программасында 3D – панорамалар жасау

11.2.4.3 бірінші тұлғадан көрінісі бар 3D панорама (виртуалды саяхат) жасау

1

30.11-04.12 .2020




13




FreeDEXpano GUI бағдарламасында виртуалды тур және сфералық панораманы құру

11.2.4.3 бірінші тұлғадан көрінісі бар 3D панорама (виртуалды саяхат) жасау

1

07.12-11.12.2020




14




Практикум. «Мектепке виртуалды саяхат жасау» № 2ББЖБ

11.2.4.3 бірінші тұлғадан көрінісі бар 3D панорама (виртуалды саяхат) жасау

1

1412-18.12.2020




15




1- жарты жылдық ТЖБ

11.2.4.3 бірінші тұлғадан көрінісі бар 3D панорама (виртуалды саяхат) жасау

1

21.12-25.12.2020




16




«3D- модельдеу» бөліміндегі өзін – өзі бақылауға арналған сұрақтар

11.2.4.3 бірінші тұлғадан көрінісі бар 3D панорама (виртуалды саяхат) жасау

1

28.12-30.12.2020




ІІІ тоқсан 10 сағат

17

ІІІБӨЛІМ 3В Мобильді қосымшалар

Мобильді қосымшалардың конструкторлары және мобильді қосымшаларды әзірлеу ортасы

11.4.1.1 конструкторде ыңғайлы мобильдік қосымшасының интерфейсін құру


1

11.01-16.01.2020




18




Мобильді қосымшалар интерфейсіне қойылатын талаптар

11.4.1.2 кодтың блоктарымен және циклдарымен мобильді қосымшаны жасау

1

18.01.-23.012021




19




Мобильді қосымшалар жасау

11.4.1.3 әзірленген мобильді қосымшаны орнату жолын түсіндіру

1

25.01-29.01.2021




20




Мобильді қосымшаны орнату

11.4.1.3 әзірленген мобильді қосымшаны орнату жолын түсіндіру

1

01.02-05.021.2021




21




Практикум. Мобильді қосымшаларды әзірлеу

11.4.1.1 конструкторде ыңғайлы мобильдік қосымшасының интерфейсін құру



1

08.02-12.02.2021




22




«Мобильді қосымшаларды әзірлеу» бөліміндегі өзін – өзі бақылауға арналған тапсырмалар №3 ББЖБ

11.4.1.1 конструкторде ыңғайлы мобильдік қосымшасының интерфейсін құру



1

15.02-19.02.2021




23

IV БӨЛІМ IT Startup

Өзіңнің Startup – ыңды қалай іске қосу керек. Crowdfunding платформаларының жұмыс істеу принциптері мен қызметі

11.4.2.1 Startup (стартап) түсінігін баяндау;
11.4.2.2 Crowdfunding (краудфандинг) платформаларының жұмыс істеу қағидаларын сипаттау

1

22.02-23.02.2021




24




Жобаны алға жылжыту



11.4.2.3 өнімді насихаттау және сату жолдарын сипаттау

1

01.03-05.03.2021




25




IT Startup және жарнама

11.4.2.4 маркетингтік жарнама жасау (инфографика, бейне)

1

08.03-12.03.2021




26




«IT Startup» бөлімі бойынша өзін – өзі бақылауға арналған тапсырмалар №4ББЖБ

11.4.2.4 маркетингтік жарнама жасау (инфографика, бейне)

1

15.03.-19.03.2021




IV тоқсан 8 сағат

27

V БӨЛІМ Сандық сауаттылық

Қазақстандағы цифрландыру

11.3.1.1 Қазақстанда цифрландыру процесінің ағымдағы үрдістерін талдау

1

01.04-02.04.2021




28




Ақпаратты құқықтық қорғау

11.1.2.1 ақпараттарды және зияткерлік меншікті (1996 жылғы 10 маусымдағы "Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы", 2015 жылғы 16 қарашадағы "Ақпаратқа қол жеткізу туралы", 2003 жылғы 7 қаңтарғы "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" Қазақстан Республикасының Заңдары) қорғаудың қажеттілігін негіздеу

1

05.04-09.04.2021




29




Электрондық цифрлық қолтаңба және сертификат

11.1.2.2 электрондық цифрлық қолтаңбаның және сертификаттың мақсатын сипаттау
11.1.2.3 электрондық үкімет порталында электрондық цифрлық қолтаңбаны қолдану

1

12.04-16.04.2021




30




Электрондық үкімет

11.3.1.2 электрондық үкімет порталының функцияларын сипаттау

1

19.04-23.04.2021




31




eGov электрондық үкімет порталымен жұмыс. Практикалық сабақ.

11.3.1.2 электрондық үкімет порталының функцияларын сипаттау

1

26.0-30.04.2021




32




«Цифрлық сауаттылық» бөліміндегі өзін – өзі бақылауға арналған тест тапсырмалар №5 ББЖБ

11.3.1.2 электрондық үкімет порталының функцияларын сипаттау

1

03 .05-07.05.2021




33




2- жарты жылдық ТЖБ

11.3.1.2 электрондық үкімет порталының функцияларын сипаттау

1

10.05-14.05.2021






34




Курс бойынша қайталау

11.3.1.2 электрондық үкімет порталының функцияларын сипаттау

1

17.05-21.05.2021
24.05-28.05.2021



Қазақстан Республикасы


Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы «17» қазандағы
№ 576 бұйрығына 1-қосымша
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2013 жылғы 3 сәуірдегі
№ 115 бұйрығына 34-қосымша
Негізгі орта білім беру деңгейінің 5-9-сыныптарына арналған «Информатика» пәнінен жаңартылған мазмұн бойынша үлгілік оқу бағдарламасы және түсінік хаты


1- тарау. Негізгі ережелер



  1. Негізгі орта білім беру деңгейінің 5-9-сыныптарына арналған «Информатика» пәнінен жаңартылған мазмұн бойынша үлгілік оқу бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 6 тармақшасына сәйкес әзірленген.

2. «Информатика» оқу пәнін оқыту мақсаты білім алушыларды заманауи ақпараттық технологияларды тиімді пайдалану үшін базалық білім, білік және дағдылармен қамтамасыз ету болып табылады.
3. Негізгі міндеттер:

  1. білім алушыларда ақпараттық процестердің қоғамдағы түсінігін, ақпараттық технологияларды адам іс-әрекетінің әр түрлі салаларында пайдаланудың техникалық мүмкіндіктері мен перспективаларын түсінуді қалыптастыру;

2) ақпараттық технологияларды күнделікті өмірде, оқуда және келешек еңбек іс-әрекетінде тиімді пайдалану біліктерін дамыту;
3) білім алушыларды жүйелерді талдау, шешімдерді әзірлеу, программалық қосымшаларды жасау, өздерінің өнімдерін бағалау үшін компьютермен жұмыс істеудің базалық қағидаларды түсінуін қамтамасыз ету;
4) талдау, абстракциялау, модельдеу және программалау арқылы түрлі тапсырмалар шеше білуді дамыту;
5) білім алушылардың бойынша жалпылау және ұқсастық, есепті құрамдас бөліктерге бөлу және жалпы заңдылықтарды айқындау, қойылған міндеттерді шешудің тиімді және ұтымды тәсілдерін іздеу қабілеттілігін қамтитын логикалық, алгоритмдік, сондай-ақ есептеу ойлауын дамыту;
6) білім алушылардың бойында ақпараттық мәдениетті қалыптастыру – жалпы қабылданған қағидаларды сақтау, жеке адамның және бүкіл қазақстандық қоғам мүдделерін ескеру;
7) білім алушылардың академиялық тілді меңгеруіне және пән бойынша ұғымдық аппаратты байытуына ықпал ету.


2-тарау. «Информатика» пәнінің мазмұнын ұйымдастыру

4. «Информатика» оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:



  1. 5-сыныпта – аптасына 1 сағатты, оқу жылында 34 сағатты;

  2. 6-сыныпта – аптасына 1 сағатты, оқу жылында 34 сағатты;

  3. 7-сыныпта – аптасына 1 сағатты, оқу жылында 34 сағатты;

  4. 8-сыныпта – аптасына 1 сағатты, оқу жылында 34 сағатты;

5) 9-сыныпта – аптасына 1 сағатты, оқу жылында 34 сағатты құрайды.
5. Оқу пәнінің мазмұны оқыту бөлімдері бойынша ұйымдастырылған. Бөлімдер сыныптар бойынша күтілетін нәтижелер түрінде оқыту мақсаттары көрсетілетін бөлімшелерге бөлінген: дағды немесе білік, білім немесе түсінік.
6. «Информатика» пәні бойынша бағдарламаның мазмұны 4 бөлімді қамтиды:

  1. компьютерлік жүйелер;

  2. ақпараттық процестер;

  3. компьютерлік ойлау;

  4. денсаулық және қауіпсіздік.

7. «Компьютерлік жүйелер» бөлімі келесі бөлімшелерді қамтиды:
1) компьютердің құрылғылары;
2) бағдарламалық қамтамасыз ету;
3) компьютерлік желілер.
8. «Ақпараттық процестер» бөлімі келесі бөлімшелерді қамтиды:
1) ақпаратты өлшеу мен ұсыну;
2) ақпараттық объектілерді құру және түрлендіру.
9. «Компьютерлік ойлау» бөлімі келесі бөлімшелерді қамтиды:
1) модельдеу;
2) алгоритмдер;
3) программалау.
10.«Денсаулық және қауіпсіздік» бөлімі келесі бөлімшелерді қамтиды:
1) эргономика;
2) ақпараттық және онлайн қауіпсіздік.
11. 5-сыныпқа арналған «Информатика» оқу пәнінің базалық білім мазмұны келесі бөлімдерді қамтиды:
1) «Компьютердің құрылғылары». Ақпараттың цифрлық тасымалдаушылары;
2) «Компьютерлік желілер». Ортак файлдармен жұмыс (орналастыру, редакциялау, жүктеу);
3) «Ақпаратты ұсыну және өлшеу». Ақпаратты әртүрлі нысандарда ұсыну. Байланыс арналары, ақпарат көздері және қабылдағыштары. Мәтіндік ақпаратты кодтау. Ақпараттың екілік көрінісі;
4) «Ақпараттық объектілерді құру және түрлендіру». Мәтіндік редактор: беттің параметрлері, алдын ала қарау. Компьютерлік графика: растрлық кескіндерді жасау және өңдеу, векторлық суреттер жасау және өңдеу, растрлық және векторлық графиканың артықшылықтары мен кемшіліктері;
5) «Программалау». Роботтың бұрыштық бейімділігін анықтау. Роботты көрсетілген градусқа бұру. Робот қозғалысын ұйымдастыруға арналған түс датчигі. Объектіні табу үшін ультрадыбыстық датчик;
6) «Робототехника». Роботты анықтау. Робот түрлерінің үлгілері және оларды қолдану салалары. Робототехника саласындағы адамзаттың техникалық жетістіктерінің мысалдары. Гироскопиялық датчик жұмыс істеу принципі;
7) «Денсаулық және қауіпсіздік». Қауіпсіздік техникасының ережелері. Біреудің жұмысын көшірудің заңсыздығы. Құжаттарға арналған пароль.
12. 6-сыныпқа арналған «Информатика» оқу пәнінің базалық білім мазмұны келесі бөлімдерді қамтиды:
1) «Компьютердің құрылғылары». Есептеу техникасының даму тарихы. Компьютерлік негізгі құрылғылардың әрекеттестігі;
2) «Программалық қамтамасыз ету». Операциялық жүйелердің негізгі функциялары. IDE интерфейсінің мүмкіндіктері;
3) «Компьютерлік желілер». Сымсыз байланыстың артықшылықтары;
4) «Ақпараттық объектілерді құру және түрлендіру». Мәтіндік құжаттардағы сілтемелерді ұйымдастыру. Сілтемелер. Гиперсілтемелер. Мазмұны. Реферат құру;
5) «Модельдеу». 3D-модельдер қолдану мысалдары. 3D-редактордың мүмкіндіктері. 3D-редакторының графикалық примитивтерді құруға арналған құралдары. Айналу денелерін құру және түрлендіру. 3D-редактордағы объектілердің модельдері. Басып шығару үшін 3D-үлгіні экспорттау. 3D-баспаны баптау;
6) «Алгоритмдер және программалау». Python тіліндегі сызықтық алгоритмдер. Бағдарламалау тіліннің алфавиті және синтаксисі. Мәліметтер типтері;
7) «Эргономика». Эргономика міндеттері (барынша жайлылық пен тиімділік үшін);
8) «Ақпараттық қауіпсіздік». Интернетке тәуелділіктің проблемалары. «Авторлық құқық», «плагиат» ұғымдары. Авторға сілтеме жасайтын ақпаратты сақтау.
13. 7-сыныпқа арналған «Информатика» оқу пәнінің базалық білім мазмұны келесі бөлімдерді қамтиды:
1) «Компьютердің құрылғылары». Компьютердің жады түрлері (жедел есте сақтау құрылғысы, тұрақты есте сақтау құрылғысы, сыртқы жады, кеш-жады);
2) «Программалық қамтамасыз ету». Бірдей ақпаратты сақтайтын түрлі форматтағы файлдардың өлшемдерін салыстыру. Ақпаратты қысу, архиватор-бағдарламалар. Мұрағаттарды құру және ашу;
3) «Компьютерлік желілер». Компьютерлік желінің мақсаты, жіктелуі (ауқымы бойынша, топологиясы бойынша, тиістілігі бойынша);
4) «Ақпаратты ұсыну және өлшеу». Ақпаратты өлшеу бірліктері, ақпаратты бір өлшем бірлігінен басқаға аудару;
5) «Ақпараттық объектілерді құру және түрлендіру». Мәтіндік процессордағы кестелерді жасау, өңдеу және пішімдеу. Электрондық кестелер, электрондық кестенің негізгі ұғымдары. Деректерді енгізу, редакциялау және пішімдеу, маркер толтыру. Деректер типтері. Формулалар енгізу. Шартты пішімдеу. Диаграммаларды құру;
6) «Алгоритмдер мен программалау». Салынған және құрамдас шарттарды, тармақталған алгоритмдерді программалау. Файлдарды оқу және жазу;
7) «Ақпараттық қауіпсіздік». Ақпаратты зиянды бағдарламалардан қорғау;
14. 8- сыныпқа арналған «Информатика» оқу пәнінің базалық білім мазмұны келесі бөлімдерді қамтиды:
1) «Компьютердің құрылғылары». Процессор және оның негізгі сипаттамалары;
2) «Компьютерлік желілер». Компьютерлік желінің өткізу қабілеті;
3) «Ақпаратты ұсыну және өлшеу». Ақпараттың көлемін бағалаудың алфавиттік тәсілі;
4) «Ақпараттық объектілерді құру және түрлендіру» .Электрондық кестелердегі деректер пішімдері. Абсолюттік және салыстырмалы сілтемелер. Функциялар графиктерін құру. Кірістірілген функцияларды пайдалану: математикалық (сомасы, көбейтіндісі, дәрежесі), статистикалық (ең төменгі, ең жоғары, орташа, есеп), логикалық (егер);
5) «Модельдеу». Интеграцияланған дайындау ортасында қолданбалы міндеттерді шешу;
6) «Алгоритмдер және программалау». Цикл операторлары (параметрі бар цикл, алғышартты цикл, кейінгі шартты цикл). Алгоритм трассировкасы. Интеграцияланған дайындау ортасында міндеттерді шешу;
7) «Денсаулық және қауіпсіздік». Электрондық құрылғылардың адам ағзасына әсері, электрондық құрылғылардың теріс әсерінен қорғау тәсілдері. Желідегі пайдаланушының қауіпсіздігі: алаяқтық, интернеттегі агрессия.
15. 9-сыныпқа арналған «Информатика» оқу пәнінің базалық білім мазмұны келесі бөлімдерді қамтиды:
1) «Компьютердің құрылғылары». Мақсатына байланысты компьютердің аппараттық конфигурациясын таңдау;
2) «Программалық қамтамасыз ету». Пайдаланушының қажеттіліктеріне байланысты бағдарламалық қамтамасыз етуді таңдау;
3) «Компьютерлік желілер». Бұлтты технологияларды қолдану арқылы құжаттармен ортақ жұмыс істеу;
4) «Ақпаратты ұсыну және өлшеу». Ақпарат қасиеттері (өзектілігі, дәлдігі, анықтығы, құндылығы);
5) «Ақпараттық объектілерді құру және түрлендіру». Дерекқор, өріс, жазба. Электрондық кестеде деректер базасын құру. Деректерді іздеу, сұрыптау және сүзгілеу;
6) «Модельдеу». Процесс моделдерін (физикалық, биологиялық, экономикалық) электрондық кестеде зерттеу;
7) «Алгоритмдер мен программалау». Бір өлшемді массив. Екі өлшемді массив. Массивтерді өңдеудің негізгі алгоритмдері: массив элементтерін іздеу, сұрыптау, орнын ауыстыру, жою және қою. PyGame кітапханасы. Ойынның артқы фоны. Ойынға арналған дайын кейіпкерлер. Кейіпкер қозғалысы. Дайын сценарий бойынша ойын программмалау. Ойын нәтижелерін есептеу;
8) «Эргономика». Компьютерде ұзақ уақыт жұмыс істеу тәуекелін бағалау;
9) «Ақпараттық қауіпсіздік». Желіде жұмыс істеудің этикалық және құқықтық нормаларын бұзу салдарлары.


3-тарау. Оқыту мақсаттарының жүйесі

16. Бағдарламада «оқыту мақсаттары» кодтық белгімен белгіленген. Кодтық белгідегі бірінші сан сыныпты, екінші және үшінші сандар бөлім және бөлімше ретін, төртінші сан бөлімшедегі оқу мақсатының реттік нөмірін көрсетеді. Мысалы, 6.2.1.4. кодында «6» – сынып, «2.1» – екінші бөлімнің бірінші бөлімшесі, «4» – оқыту мақсатының реттік саны.


17. Білім алушыларға қойылатын мақсаттар:
1) Компьютерлік жүйелер

Қазақстан Республикасы


Білім және ғылым министріні
2018 жылғы «17» қазандағы
№ 576 бұйрығына 2-қосымша

Қазақстан Республикасы


Білім және ғылым министрінің
2013 жылғы 3 сәуірдегі
№ 115 бұйрығына 70-қосымша


Жалпы орта білім беру деңгейінің 10-11-сыныптарына арналған қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы «Информатика» оқу пәнінен жаңартылған мазмұн бойынша үлгілік оқу бағдарламасы және түсінік хаты


1-тарау. Жалпы ережелер

1. Жалпы орта білім беру деңгейінің 10-11-сыныптарына арналған «Информатика» пәнінен жаңартылған мазмұн бойынша үлгілік оқу бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 6 тармақшасына сәйкес әзірленген.


2. «Информатика» пәнін оқыту мақсаты білім алушыларды негізгі біліммен, тиімді пайдалануға арналған заманауи ақпараттық технологиялармен жүретін жұмыс дағдылары және қабілеттерімен қамтамасыз ету болып табылады.
3. Негізгі міндеттері:
1) білім алушылардың ақпараттық процестердің қоғамдағы түсінігін, ақпараттық технологияларды адам іс-әрекетінің әр түрлі салаларында пайдаланудың техникалық мүмкіндіктері мен перспективаларын қалыптастыру;
2) білім алушылардың ақпараттық технологияларды күнделікті өмірде, оқуда және одан әрі жұмысында тиімді пайдалана алу мүмкіндігін қалыптастыру;
3) білім алушыларға жүйені талдау, шешімдерді әзірлеу, программалық қосымшалар жасау, өздерінің өнімдерін бағалау үшін, олардың компьютермен жұмыс істеудің базалық қағидаларды түсіну түсініктерін дамыту;
4) талдау, абстракция, модельдеу мен программалау арқылы білім аушыларға әр түрлі тапсырмаларды шешуді үйрету;
5) білім алушыларда логикалық, алгоритмдік, сонымен қатар, жалпылау мен үйлестік, тапсырмаларды құрамдас бөлікке ажырату мен ортақ заңдылықтарды бөлу, қойылған тапсырмаларды шешуге тиімді және рационалды тәсілдер табу мүмкіндіктерін қосатын есептік ойлауды дамыту;
6) білім алушыларда ақпараттық мәдениетті қалыптастыру – жалпы ережелерді ұстану және жеке тұлға мен бүкіл қазақстандық әлеуметтің мүддесін көздеу;
7) жасанды интеллект, Blockchain, Startup, Crowdfunding терминдерін түсіну;
8) білім алушылардың академиалық тілді меңгеруіне және пән бойынша ұғымдық аппаратты байытуға септік жасау.

2 – тарау. «Информатика» пәнінің мазмұнын ұйымдастыру


4. «Информатика» оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:


1) 10-сыныпта – аптасына 1 сағатты, оқу жылында 34 сағатты;
2) 11-сыныпта – аптасына 1 сағатты, оқу жылында 34 сағатты құрайды.
5. Оқу пәнінің мазмұны бағдарламаның пән бойынша оқыту бөлімдерінен тұрады. Әр бөлім бөлімшелерге бөлінген. Бөлімшелер күтілетін нәтиже, дағды немесе білік, білім немесе түсінік түрінде оқыту мақсаттарын қамтиды.
6. «Информатика» оқу пәні бойынша қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы базалық мазмұны 4 бөлімді қамтиды:
1) компьютерлік жүйелер;
2) ақпараттық нысандарды құру және түрлендіру;
3) ақпараттық процестер және жүйелер;
4) қосымшаны құру;
6) компьютерлік жүйелер және ақпараттық қауіпсіздік
7. «Компьютерлік жүйелер» бөлімі келесі бөлімшелерді қамтиды:
1) бұлттық технологиялар;
2) ақпараттық қауіпсіздік.
8. «Ақпараттық объектілерді құру және түрлендіру» бөлімі келесідей бөлімшелерді қамтиды:
1) дизайн теориясы;
2) видео контент құру;
3) веб-жобалау;
4) 3D – модельдеу.
9. «Ақпараттық процестер мен жүйелер» бөлімі келесідей бөлімшелерді қамтиды:
1) ақпараттық технологияларды дамытудың заманауи үрдістері.
10. «Қосымшаларды әзірлеу» бөлімі келесідей бөлімшелерді қамтиды:
1) мобильдік қосымшалар;
2) IT STARTUP (ай-ти стартап).
11. 10-сыныпқа арналған «Информатика» оқу пәнінің базалық білім мазмұны:
1) «Компьютерлік жүйелер»
Ақпараттық қауіпсіздік: «ақпараттық қауіпсіздік», деректер «құпиялылығы» және «тұтастығы»; қауіпсіздік шаралары - деректерді резервтік көшіру және шифрлау; жеке тұлғаны сәйкестендіру әдістері;
2) «Ақпараттық объектілерді құру және түрлендіру»
Дизайн теориясы: «дизайн», «қолданылуы», визуалды дизайнның классификациясы; Ақпаратты қабылдау принциптері; «жақсы дизайн» қағидаттары (ыңғайлылық, қарапайымдылық және т.б.); графикалық файл пішімдері; графикалық файлдарды түрлендіру; сайттың дизайн-макетін әзірлеу.
Бейне контентін құру: видео түсірілімнің негізгі қағидалары және бейнелерді өңдеу; бейнемен жұмыс істеу бағдарламалары; бейне клиптерді өңдеу.
Веб-жобалау: сайттар конструкторы; веб-беттегі мультимедиа; сайтты алға жылжыту әдістері; сайтты жариялау.
3) «Ақпараттық процестер мен жүйелер»
Ақпараттық технологияларды дамытудың қазіргі заманғы үрдістері: машиналық оқытудың принциптері, нейрондық желілер; жасанды интеллект қолдану салалары; Blockchain технологиясының мақсаты мен жұмыс принципі..
12. 11-сыныпқа арналған «Информатика» оқу пәнінің базалық білім мазмұны:
1) «Компьютерлік жүйелер»
Бұлттық технологиялар: файлдарды ортақ пайдалану.
Ақпараттық қауіпсіздік: ақпаратты және зияткерлік меншікті қорғау; электрондық цифрлық қолтаңба, мақсат, қолдану алгоритмі.
2) «Ақпараттық объектілерді құру және түрлендіру»
3D – модельдеу: виртуалды және кеңейтілген шындық; олардың адам денсаулығына әсері; бірінші тұлға көрінісімен 3D панорама (виртуалды саяхат) жасау.
3) «Ақпараттық процестер мен жүйелер»
Ақпараттық технологияларды дамытудағы заманауи үрдістер: Қазақстанда цифрландыру процесінің қазіргі заманғы үрдістері; электрондық үкімет порталы.
4) «Қосымшаларды әзірлеу»
Мобильді қосымшалар: мобильді қосымшалар интерфейсі; мобильді қосымшаларды әзірлеу және орнату.
IT Startup: Crowdfunding платформаларының жұмыс қағидалары; маркетингтік жарнама, өнімді өткізу және сату жолдары.


3-тарау. Оқыту мақсаттарының жүйесі

13. Бағдарламада оқыту мақсаттары кодтық белгімен белгіленді. Кодтық белгідегі бірінші сан сыныпты, екінші және үшінші сандар бөлім және бөлімше ретін, төртінші сан бөлімшедегі оқу мақсатының реттік нөмірін көрсетеді. Мысалы, 10.1.2.1. кодында «10» – сынып, «1.2» – бірінші бөлімнің екінші бөлімшесі, «1» – оқу мақсатының реттік саны.


14. Білім алушыларға қойылатын мақсаттар:
1) Компьютерлік жүйелер
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2018 жылғы «17» қазандағы
№ 576 бұйрығына 3-қосымша

Қазақстан Республикасы


Білім және ғылым министрінің
2013 жылғы 3 сәуірдегі
№ 115 бұйрығына 90-қосымша


Жалпы орта білім беру деңгейінің 10-11-сыныптарына арналған жаратылыстану-математика бағытындағы «Информатика» пәнінен жаңартылған мазмұн бойынша үлгілік оқу бағдарламасы жіне түсінік хаты


1-тарау. Жалпы ережелер

1. Жалпы орта білім беру деңгейінің 10-11-сыныптарына арналған «Информатика» пәнінен жаңартылған мазмұн бойынша үлгілік оқу бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 6 тармақшасына сәйкес әзірленген.


2. «Информатика» пәні бойынша оқу бағдарламасының мақсаттары білім алушыларға заманауи технологияларды сапалы қолдану үшін дағдыларды, білімді түсіну мен дұрыс үйрету болып табылады. Информатика пәнінің оқу бағдарламасы білім алушылардың кез келген жаста университетке түсу үшін қажетті деңгейде компьютерлердің қалай жұмыс істейтінін түсінуіне және жүйелерді талдауына, шешімдерді, бағдарламалық қосымшаларды жобалауына, жүйелерді дамытуына және қол жеткізілген нәтижелерді бағалауына бағытталған.
3. «Информатика» пәнін оқу мақсаты білім алушылардың оқуы мен жұмысында компьютерлік технологияларды пайдалану дағдыларын қамтамасыз ету болып табылады. Білім алушыларға пайдалану үшін ең жақсы қосымшаларды анықтау барысында саналы түрде таңдау жасау мүмкіндігі берілу керек. Бағдарламаның басқа мақсаты білім алушыларға ақпараттық технологияларды пайдалану саласында терең білім беруді және бағдарламалық құралдар ғылыми, коммерциялық, инженерлік және мәдени дамуды қолдау үшін пайдаланылатынын түсіндіруді қамтамасыз ету болып табылады.
4. Негізгі міндеттері:

  1. білім алушылардың ақпараттық процестердің қоғамдағы рөлі жайлы, сондай-ақ ақпараттық технологияларды пайдаланудың техникалық мүмкіндіктері мен перспективалары туралы түсінігін қалыптастыру;

  2. білім алушыларға жүйені талдау, шешім ұсыну, бағдарламалық қосымшалар жасау, оларды дамытып жетілдіру, сонымен қатар, өздерінің өнімдерін бағалау мүмкіндігін беру мақсатында компьютердің жұмыс істеуінің негізгі қағидаларын түсінуін қамтамасыз ету;

  3. талдау, абстракция, үлгілеу мен программалау арқылы білім алушыларға әртүрлі тапсырмаларды шешуді үйрету;

  4. білім алушылардың логикалық, алгоритмдік, сондай-ақ, жалпылау және үйлестік тапсырмаларды құрамдас бөліктерге бөлу және ортақ заңдылықтарды табу, қойылған міндеттерді орындауға қажетті тиімді және рационалды тәсілдер табу сияқты қамтитын есептік ойлау қабілетін дамыту;

  5. білім алушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыру – жалпы ережелерді ұстану және жеке тұлға мен бүкіл Қазақстандық қауымның мүддесінде әрекет ету;

  6. білім алушылардың пән аясында академиялық тілді меңгеруіне және терминологиялық лексиканы байытуға жағдай жасау;

  7. есептеуіш платформалар негізінде басқарылатын электрондық құрылғыларды құру, құру, программалаудың тәсілдері және қағидаттарымен білім алушыларды таныстыру;

  8. қазіргі таңдағы программалау ортасында программалау дағдыларын дамыту;

  9. тәжірибеде қолдану арқылы білімді тереңдету және оқуға деген ынтаны арттыру;

  10. әртүрлі білім саласында (математика, физика, информатика) алған білімдерін кіріктіріп қолдану;

  11. ғылыми-техникалық әзірлемелерге деген қызығушылықтарын дамыту;

  12. білім алушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту.



2 – тарау. «Информатика» пәнінің мазмұнын ұйымдастыру

5. «Информатика» оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:


1) 10-сыныпта – аптасына 2 сағатты, оқу жылында 68 сағатты.
2) 11-сыныпта – аптасына 2 сағатты, оқу жылында 68 сағатты құрайды.
6. Оқу пәнінің мазмұны оқыту бөлімдерінен тұрады. Бөлімшелер күтілетін нәтижелер: дағды немесе білік, білім немесе түсінік түрінде сыныптар бойынша оқыту мақсаттарын қамтитын әр бөлім бөлімшелерге бөлінген.
7. Жаратылыстану-математика бағытындағы «Информатика» оқу пәнінің базалық мазмұны 6 бөлімді қамтиды:
1) аппараттық және программалық қамтамасыз ету;
2) деректерді ұсыну;
3) ақпараттық процестер мен жүйелер;
4) ақпараттық объектілерді құру және түрлендіру ;
5) қосымшаларды әзірлеу;
6) компьютерлік желілер және ақпараттық қауіпсіздік
8. «Аппараттық және программалық қамтамасыз ету» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:
1) аппараттық қамтамасыз ету;
2) программалық қамтамасыз ету.
9. «Деректерді ұсыну» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:
1) есептеу жүйелері;
2) компьютердің логикалық негіздері;
3) ақпаратты кодтау.
10. «Ақпараттық процестер мен жүйелер» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:
1) реляциялық деректер қоры;
2) мәліметтер қорын құру;
3) құрылымдалған сұраныстар;
4) ақпараттық технологияларды дамытудағы қазіргі заманғы процестер.
11. «Ақпараттық объектілерді құру және түрлендіру» бөлімі келесідей бөлімшелерді қамтиды:
1) 3D – модельдеу;
2) web-жобалау.
12. «Қосымшаларды әзірлеу» бөлімі келесідей бөлімшелерді қамтиды:
1) алгоритмдер және программалар;
2) мобильдік қосымшалар;
3) IT Startup (ай-ти стартап).
13. «Компьютерлік желілер және ақпараттық қауіпсіздік» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:
1) компьютерлік желілерді ұйымдастыру;
2) желіде жұмыс жасау кезіндегі қауіпсіздік шаралары.
14. 10-сыныпқа арналған «Информатика» оқу пәнінің базалық мазмұны:
1) Аппараттық және программалық қамтамасыз ету: басқару құрылғысының (бұдан әрі - БҚ), арифметика- ­логикалық құрылғының (бұдан әрі - АЛҚ) және жад регистрінің процессордың бір бөлігі ретінде функциясын сипаттау.
2) Деректерді ұсыну: есептеу жүйелері: ондық жүйедегі бүтін сандарды екілік, сегіздік, он алтылық санау жүйесіне аудару және кері аудару. Компьютердің логикалық негіздері: логикалық операциялар (дизъюнкция, конъюнкция, инверсия); логикалық өрнектер; ақиқат кестесі; Компьютердің логикалық элементтері (конъюнктор, дизъюнктор, инвертор); логикалық сызбалар. Ақпаратты кодтау: Unicode (юникод) және ASCII (аск(и)и) символдарын кодтау кестелері.
3) Ақпараттық процестер мен жүйелер: реляциондық деректер қоры: жол, жазба, индекс, бірінші кілт; Bigdata (үлкен деректер). Деректер қорын «structured query language» («құрылымдалған сұраныстар тілі») (бұдан әрі SQL) әзірлеу: деректер қорын, мәліметтер типін, біркестелі және көпкестелі деректер қоры; формалар; есептер; сұраныстар. Құрылымдық сұраныстар: конструктор режимінде іріктеуге сұраныстар жасау, SQL, конструктордың және (SQL) көмегімен іріктеуге бағытталған сұраныстарды жасау; web-беттердің деректер қорымен байланысы.
4) Ақпараттық объектілерді құру және түрлендіру: web-жобалау: HTML (Hyper Text Markup Language — «гипермәтіндік белгілеу тілі»), CSS (Cascading Style Sheets — каскадты кестелер стилі); скрипттерді пайдалану, web-парақшаға мультимедиа нысандарын енгізу.
5) Қосымшаларды әзірлеу: алгоритмдер мен программалар: пайдаланушы функциялары және процедуралары, жолдармен жұмыс жасау,
файлдармен жұмыс жасау, сұрыптау әдістері; графтардағы іздеу алгоритмдері.
6) Компьютерлік желілер және ақпараттық қауіпсіздік: компьютерлік желілерді ұйымдастыру: желілік компоненттер (тораптар, маршрутизаторлар, коммутаторлар); IP-мекен-жайы; DNS (Domain Name System — домендік атаулар жүйесі); жеке виртуалды желілер. Ақпараттық қауіпсіздік: ақпараттық қауіпсіздік, құпиялық, тұтастық және қол жетімділік; деректерді шифрлау; пайдаланушы деректерінің қауіпсіздік шаралары - құпиясөздер, есеп жазбалары, сәйкестендіру, биометриялық сәйкестендіру.
15. 11-сыныпқа арналған «Информатика» оқу пәнінің базалық мазмұны:
1) аппараттық және программалық қамтамасыз ету: мобильдік құрылғылар сипаттамасы. Программалық қамтамасыз ету: Виртуалды машиналар; аппараттық және программалық қамтамасыз етудің даму заңдылықтары;
2) ақпараттық процестер мен жүйелер: ақпараттық технологияларды дамытудағы қазіргі заманғы процестер: машина оқыту қағидаттары, нейрондық желілер; жасанды интеллект; нейрондық желілерді жобалау; «мұғаліммен оқыту» әдісі; Blockchain технологиясы; Қазақстанда цифрландыру процесінің ағымдағы үрдістері; электрондық үкімет порталы; «заттар интернеті»;
3) ақпараттық объектілерді құру және түрлендіру: 3D – модельдеу: виртуалды және кеңейтілген шындық; олардың адам денсаулығына әсері; бірінші тұлға көрінісімен 3D панорама (виртуалды саяхат) жасау;
4) қосымшаларды әзірлеу: мобильді қосымшалар: мобильді қосымшалар интерфейсі; мобильді қосымшаларды әзірлеу және орнату; ақылды үй, ақылды үй құрылғысымен басқару үшін программаларды әзірлеу. IT Startup: Crowdfunding платформаларының жұмыс қағидалары; маркетингтік жарнама, өнімді өткізу және сату жолдары;
5) компьютерлік желілер және ақпараттық қауіпсіздік: ақпараттық қауіпсіздік: ақпараттарды және зияткерлік меншікті қорғау; электрондық цифрлық қолтаңба, сипаттау, пайдалану алгоритмі.


3-тарау. Оқыту мақсаттарының жүйесі

16. Бағдарламада «оқыту мақсаттары» кодтық белгімен белгіленді. Кодтық белгідегі бірінші сан сыныпты, екінші және үшінші сандар бөлім және бөлімше ретін, төртінші сан бөлімшедегі оқу мақсатының реттік нөмірін көрсетеді. Мысалы, 10.2.1.4. кодында «10» – сынып, «2.1» – екінші бөлімнің бірінші бөлімшесі, «4» – оқу мақсатының реттік саны.


17. Білім алушыларға қойылатын мақсаттар:
1) Аппараттық және программалық қамтамасыз ету


Бастауыш білім беру деңгейінің 3- 4-сыныптарына арналған «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» пәнінен жаңартылған мазмұн бойынша үлгілік оқу бағдарламасы және түсінік хаты


1- тарау. Жалпы ережелер

1. Бастауыш орта білім беру деңгейінің 1-4-сыныптарына арналған «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 6 тармақшасына сәйкес әзірленген.


2. «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» пәнін оқыту мақсаты – білім алушылардың оқу мен күнделікті өмірде есептей білу дағдылары, робототехника, базалық білім, заманауи ақпараттық технологиялармен жұмыс жасаудағы білік және дағдыларды тиімді қолдануын қамтамасыз ету.
3. Негізгі міндеттері:
1) білім алушыларға компьютер туралы, қазіргі заманғы цифрлық құрылғылар және олардың қоғамдағы рөлі туралы бастапқы ақпараттар беру;
2) ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып, білім алушылардың есептей білу, роботтарды жинау және программалау, іздеу, жинақтау, өңдеу, ақпараттарды сақтау және тарату дағдыларын қалыптастыру;
3) білім алушылардың әртүрлі қолданбалы программаларды қолдану арқылы өз идеяларын ұсыну дағдыларын қалыптастыруға ықпал ету;
4) байланыс, ақпарат алмасу және ынтымақтастық үшін ақпараттық- коммуникациялық технологияларды пайдалануын ынталандыру;
5) білім алушыларды компьютермен қауіпсіз жұмыс істеу ережелері мен авторлық құқықтарды құрметтеуді үйрету.
4. Оқу бағдарламасында үш тілде оқыту ғана емес, сонымен қатар білім алушылардың мектептен тыс сабақтарын үш тілде (қазақ, орыс және шетел тілдерінде) ұйымдастыруды көздейтін үш тілде білім беруді жүзеге асыру қарастырылған.
5. Оқу бағдарламасының ерекшелігіне оның пән бойынша білім мен білігінің қалыптасуына бағдарлануы ғана емес, сонымен қатар, білімді функционалдық және шығармашылық жағынан қолдану, сын тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу, ақпараттық және коммуникациялық технологияларды, әртүрлі коммуникациялық әдістерді пайдалану, топта және жеке жұмыс істей білу, проблемаларды шешу және шешім қабылдау сияқты кең ауқымды дағдылар жатады.
6. Жеке тұлғалық қасиеттердің кең спектрлі дағдылардың табиғи үйлесімде дамуы - білім алушылардың бойында: «қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік», «құрмет», «ынтымақтастық», «еңбек және шығармашылық», «ашықтық», «өмір бойы білім алу» сияқты базалық құндылықтарды қалыптастырудың негізі болып табылады. Бұл құндылықтар білім алушылардың мінез-құлқына және күнделікті іс-әрекеттеріне ынталандырушы болуға арналған оның тұрақты тұлғалық бағдары болуы тиіс.


2-тарау. «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» пәнінің мазмұнын ұйымдастыру



7. «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» пәні бойынша білім жүктемесінің көлемі:
1) 1-сыныпта, аптасына 0,5 сағаттан, оқу жылында 17 сағат;
2) 2-ші сыныпта аптасына 1 сағаттан, оқу жылында 34 сағат;
3) 3-сыныпта аптасына 1 сағаттан, оқу жылы бойынша 34 сағат;
4) 4-ші сыныпта аптасына 1 сағаттан, оқу жылында 34 сағат.
8. «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» пәнін оқытудағы негізгі талап - компьютерлік жүйелерге қолжетімділік. «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» пәнін тиімді өткізуге арналған қажетті жабдықтардың тізімі:
1) гарнитурамен жабдықталған дербес компьютерлер (микрофоны бар құлаққаптар);
2) Интернетке кең жолақты қосылуымен мұғалімдер мен білім алушылар арасындағы байланыс және құралдарын деректермен алмасуды қамтамасыз ететін жоғары сапалы ашық қатынас желісі;
3) перифериялық құрылғылар: принтер, сканер, көшіру техникасы, интерактивті проектор/интерактивті тақта;
4) робототехникаға арналған жиынтықтар.
9. Оқу пәнінің негізгі мазмұны 5 бөлімнен тұрады:
1) компьютер;
2) ақпаратты ұсыну және өңдеу;
3) интернет желісінде жұмыс істеу;
4) есептей білу;
5) робототехника.
10. «Компьютер» бөлімі келесі бөлімдерді қамтиды:
1) компьютердің құрылғылары;
2) программалық қамтамасыз ету;
3) қауіпсіздік.
11. «Ақпаратты ұсыну және өңдеу» бөлімі келесі бөлімдерден тұрады:
1) мәтіндер;
2) графика;
3) презентациялар;
4) мультимедия.
12. «Интернеттегі жұмыс» бөлімі келесі бөлімдерді қамтиды:
1) ақпаратты іздеу;
2) ақпаратпен алмасу.
13. «Есептей білу» бөлімі төмендегі бөлімдерді қамтиды:
1) алгоритмдер;
2) программалау.
14. «Робототехника» бөлімі келесі бөлімдерді қамтиды:
1) жалпы робототехника;
2) роботтың қозғалысы;
3) датчиктер мен қозғалтқыштар.
15. 1-сыныпқа арналған «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» оқу пәнінің базалық мазмұны:
1) «Компьютер»: Информатика кабинетінде жүріс-тұрыс ережелері; Интернет желісінде жұмыс істеу қауіпсіздігі;
2) «Интернет желісіндегі жұмыс»: желіде орналастырылған ақпараттың сенімділігі мен пайдалылығы; желідегі қалаусыз байланыс тәуекелдері;
3) «Есептей білу»: алгоритмдер; сызықты алгоритмдерді орындаушы; программалау ойын алаңынының интерфейсі (Scratch); программалау ойын алаңында жобаны құру, сақтау және ашу;
4) «Робототехника»: білім беру роботының негізгі моделін құру; роботқа арналған программаны жүктеп алу және іске қосу; роботтың доңғалақ бұрылыстарының белгіленген саны бойынша қозғалысы, роботтың берілген бұрышта қозғалысы (90, 180 градус).
16. 2-сыныпқа арналған «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» оқу пәнінің базалық мазмұны:
1) «Компьютер»: компьютерлік құрылғылар; енгізу құрылғылары (тінтуір, пернетақта, микрофон) және шығыс (монитор, принтер, динамиктер/ құлаққаптар).
Программалық қамтамасыз ету: файл және бума туралы түсінік; файл мен буманы құру, көшіру, орнын ауыстыру және жою; контекстік мәзірді пайдалану.
Қауіпсіздік: цифрлық құрылғылармен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік ережелері;
2) «Ақпаратты ұсыну және өңдеу»: мәтіндер: пернетақта симуляторы мен мәтін редакторында сөйлемдерді теру;
Графика: суретті өңдеу; суретті кесу, айналдыру, өлшемін өзгерту; сурет фрагментін көшіру және көрсету.
Мультимедиа: дыбысты жазу және ойнату; аудиофайлдарды өңдеу.
3) «Интернет желісіндегі жұмыс»: берілген тақырып бойынша ақпарат іздеу үшін браузерді қолдану; қосымшалар арасындағы мәліметтермен ауысу.
4) «Есептей білу»: алгоритмдер: тармақталған алгоритм; алгоритмнің ауызша түрі.
Программалау: программалау ойын алаңының кірістірілген графикалық редакторында жеке өзінің кейіпкерін жасау; пернетақтадан спрайтты басқаруды ұйымдастыру; кейіпкерлер арасындағы мәтіндік диалогті ұйымдастыру.
5) «Робототехника»: ауызша түрінде берілген алгоритм бойынша роботтың қозғалысын ұйымдастыру; жанап өтетін датчикті қолдану; роботқа арналған аудиофайлды жүктеу; роботқа арналған программаны әзірлеуде дыбысты қолдану; құрылған роботты аудиторияға ұсыну.
17. 3-сыныпқа арналған «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» оқу пәнінің базалық мазмұны:
1) «Компьютер»: компьютер құрылғылары: таңба регистрін, пернетақтаның орналасуын, меңзерді басқаруды өзгертуге арналған клавиштер.
Программалық қамтамасыз ету: қолданбалы программаларда «қызу» клавиштерді пайдалану.
Қауіпсіздік: Интернет желісінде жұмыс істеуде жеке қауіпсіздігінің негізгі ережелері.
2) «Ақпаратты ұсыну және өңдеу»: мәтіндер: мәтінді теру ережелері; маркіленген және нөмірленген тізімдер; мәтінді өңдеу; шрифт пен абзацты пішімдеу (жазылуы, түсі, тегістеу); кесу, көшіру, белгіленген мәтінді құжатқа қою; мәтінге суретті қою және орналастыруын реттеу;
Презентациялар: презентация конструкторы; программа мәзірі; презентацияның ашылуы мен сақталуы; мәтінді және суреттерді слайдқа орналастыру; слайдтар арасында ауысу; презентация дизайны.
Графика: фотосуреттерді өңдеуге арналған программа (жарықтық, контраст, жиектеме);
3) «Интернет желісіндегі жұмыс»: ақпарат іздеу: құжаттан мәтін үзіндісін іздеу.
Ақпарат алмасу: желідегі ақпарат алмасу жолдары; жоба бойынша бірлесіп жұмыс істеуге арналған мессенджерлерді пайдалану.
4) «Есептей білу».
Алгоритмдер: цикл; циклдік алгоритмді іске асыру кезінде орындаушының командалары жүйесі.
Программалау: программалау ойын алаңын құру барысында алгоритмді жүзеге асыру; дайын сценарий бойынша ойын әзірлеу; программалау ойын алаңында бірнеше көріністер және кейіпкерлермен жұмыс істеу.
5) «Робототехника»: орта мотордың жылдамдығы мен айналымның санын күйге келтіру; робот қозғалысын ұйымдастыру үшін циклді қолдану.
18. 4-сыныпқа арналған «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» оқу пәнінің базалық мазмұны:
1) «Компьютер»: компьютер құрылғылары: компьютерлік және мобильді технологиялардың ескіруі ғылыми-техникалық прогреспен байланысты екенін түсіндіру.
Қауіпсіздік: сенімді пароль критерийлері;
2) «Ақпаратты ұсыну және өңдеу».
Мәтін: мәтіндегі кестелер.
Презентациялар: слайдтың макеті; объектілердің анимациясы; бейне мен аудионы орналастыру.
Мультимедиа: бейнеролик жасау.
3) «Интернет желісіндегі жұмыс»: ақпарат іздеу: компьютерде файл мен бумаларды іздеу; ақпарат алмасу : браузерді реттеу (бетбелгі, журнал мен жүктеу); электрондық пошта: хабарлама қабылдау және жіберу, файлдары қоса берілген хабарлама.
4) «Есептей білу»: алгоритмдер: енгізілген циклдер, логикалық операторлар, салыстыру операторлары.
Программалау: программалау ойын алаңында айнымалыларды қолдану; жеке сценарийі бойынша ойын әзірлеу.
5) «Робототехника»: түс датчигі; ультрадыбыс датчигі.


3-тарау. Оқу мақсаттарының жүйесі
19. Оқу мақсаттары программада кодпен берілген. Кодта бірінші нөмір сыныпты, екінші және үшінші сандар - бөлім мен бөлімше, төртінші сан оқу мақсатының нөмірленуін көрсетеді. Мысалы, 2.1.2.1 кодында: «2» – сынып, «1.2» – бөлімше, «1» – оқу мақсатының нөмірленуі.
20. Оқыту мақсаты жүйесі әр сыныпқа бөлім бойынша берілген:

БЕКІТЕМІН: КЕЛІСЕМІН Ә/Б ОТЫРЫСЫНДА


№20 орта мектеп ДОІЖО Хаттама№1
директоры Абдраймова Г.А
Құткелдиева М.Б
_________________ _________________ ___________________
«_____» _________2020 ж «_____» _________2020 ж «_____»_______2020 ж

Тақырыптық күнтізбелік жоспары
2020-2021 оқу жылы

Пәні: Ақпараттық коммуникациялық технологиялар


Сыныбы : 3 сынып
Сағат саны 34
Апталық сағат саны1
Оқулық авторлары Г.А Көпеева, Д.М.Ділманова «Арман ПВ» -2018ж
3-4 сыныптарда оқу процесі ҚР Білім және ғылым министрі міндетін атқарушысының 2017 жылғы 25 қазандағы №545 бұйрығымен (ҚР Әділет министірлігінде 2017 жылы 13 қарашада №15982 тіркуелген) Бекітілген «Негізгі орта білім беру деңгейінің» «Ақпараттық коммуникациялық технологиялар» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасымен жүзеге асырылды .

БЕКІТЕМІН: КЕЛІСЕМІН Ә/Б ОТЫРЫСЫНДА


№20 орта мектеп ДОІЖО Хаттама№1
директоры Абдраймова Г.А
Құткелдиева М.Б
_________________ _________________ ___________________
«_____» _________2020 ж «_____» _________2020 ж «_____»_______2020 ж

Тақырыптық күнтізбелік жоспары
2020-2021 оқу жылы

Пәні: Ақпараттық коммуникациялық технологиялар


Сыныбы : 4 сынып
Сағат саны 34
Апталық сағат саны1
Оқулық авторлары Г.А Көпейева, Ә.Ә.Қаптагаева, А.Ғ.Юсупова, Ж.У.Кобдикова «Арман ПВ» -2019ж
3-4 сыныптарда оқу процесі ҚР Білім және ғылым министрі міндетін атқарушысының 2017 жылғы 25 қазандағы №545 бұйрығымен (ҚР Әділет министірлігінде 2017 жылы 13 қарашада №15982 тіркуелген) Бекітілген «Негізгі орта білім беру деңгейінің» «Ақпараттық коммуникациялық технологиялар» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасымен жүзеге асырылды .

БЕКІТЕМІН: КЕЛІСЕМІН Ә/Б ОТЫРЫСЫНДА


№20 орта мектеп ДОІЖО Хаттама№1
директоры Абдраймова Г.А
Құткелдиева М.Б
_________________ _________________ ___________________
«_____» _________2020 ж «_____» _________2020 ж «_____»_______2020 ж

Тақырыптық күнтізбелік жоспары
2020-2021 оқу жылы

Пәні: Информатика


Сыныбы : 5 сынып
Сағат саны 34
Апталық сағат саны1
Тоқсандық жиынтық бағалау 2
Оқулық авторлары Г.А Көпеева, Ә.Ә Қаптағаева, А.Ғ Юсупова «Арман ПВ» -2020ж

5-8 сыныптарда оқу процесі ҚР Білім және ғылым министрі міндетін атқарушысының 2017 жылғы 25 қазандағы №545 бұйрығымен (ҚР Әділет министірлігінде 2017 жылы 13 қарашада №15982 тіркелген) Бекітілген «Негізгі орта білім беру деңгейінің» «Ақпараттық коммуникациялық технологиялар» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасымен жүзеге асырылды .


БЕКІТЕМІН: КЕЛІСЕМІН Ә/Б ОТЫРЫСЫНДА


№20 орта мектеп ДОІЖО Хаттама№1
директоры Абдраймова Г.А
Құткелдиева М.Б
_________________ _________________ ___________________
«_____» _________2020 ж «_____» _________2020 ж «_____»_______2020 ж

Тақырыптық күнтізбелік жоспары
2020-2021 оқу жылы

Пәні: Информатика


Сыныбы : 6 сынып
Сағат саны 34
Апталық сағат саны 1
Тоқсандық жиынтық бағалау 2
Оқулық авторлары Г.И. Салғараева, Г.А Көпеева, Ә.Ә Қаптағаева, А.Ғ Юсупова «Арман ПВ» -2020ж

5-8 сыныптарда оқу процесі ҚР Білім және ғылым министрі міндетін атқарушысының 2017 жылғы 25 қазандағы №545 бұйрығымен (ҚР Әділет министірлігінде 2017 жылы 13 қарашада №15982 тіркелген) Бекітілген «Негізгі орта білім беру деңгейінің» «Ақпараттық коммуникациялық технологиялар» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасымен жүзеге асырылды .


БЕКІТЕМІН: КЕЛІСЕМІН Ә/Б ОТЫРЫСЫНДА


№20 орта мектеп ДОІЖО Хаттама№1
директоры Абдраймова Г.А
Құткелдиева М.Б
_________________ _________________ ___________________
«_____» _________2020 ж «_____» _________2020 ж «_____»_______2020 ж

Тақырыптық күнтізбелік жоспары
2020-2021 оқу жылы

Пәні: Информатика


Сыныбы : 7 сынып
Сағат саны 34
Апталық сағат саны1
Тоқсандық жиынтық бағалау 2
Оқулық авторлары С.Т.Мұхамбетжанова, А.С.Тен , Д.Н.Исабаева, В.В Сербин «Атамұра» -2017ж

5-8 сыныптарда оқу процесі ҚР Білім және ғылым министрі міндетін атқарушысының 2017 жылғы 25 қазандағы №545 бұйрығымен (ҚР Әділет министірлігінде 2017 жылы 13 қарашада №15982 тіркелген) Бекітілген «Негізгі орта білім беру деңгейінің» «Ақпараттық коммуникациялық технологиялар» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасымен жүзеге асырылды


БЕКІТЕМІН: КЕЛІСЕМІН Ә/Б ОТЫРЫСЫНДА


№20 орта мектеп ДОІЖО Хаттама№1
директоры Абдраймова Г.А
Құткелдиева М.Б
_________________ _________________ ___________________
«_____» _________2020 ж «_____» _________2020 ж «_____»_______2020 ж

Тақырыптық күнтізбелік жоспары
2020-2020 оқу жылы

Пәні: Информатика


Сыныбы : 8 сынып
Сағат саны 34
Апталық сағат саны1
Тоқсандық жиынтық бағалау 2
Оқулық авторлары Р.А Кадыркулов «Алматы кітап» -2018ж

5-8 сыныптарда оқу процесі ҚР Білім және ғылым министрі міндетін атқарушысының 2017 жылғы 25 қазандағы №545 бұйрығымен (ҚР Әділет министірлігінде 2017 жылы 13 қарашада №15982 тіркелген) Бекітілген «Негізгі орта білім беру деңгейінің» «Ақпараттық коммуникациялық технологиялар» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасымен жүзеге асырылды


БЕКІТЕМІН: КЕЛІСЕМІН Ә/БОТЫРЫСЫНДА


№20 орта мектеп ДОГЖО Хаттама№1
директоры Абдраймова Г.А
Құткелдиева М.Б
_________________ _________________ ___________________
«_____» _________20200 ж «_____» _________2020 ж «_____»_______2020 ж

Тақырыптық күнтізбелік жоспары
2020-2020 оқу жылы

Пәні: Информатика


Сыныбы : 9 сынып
Сағат саны 34
Апталық сағат саны1
Тоқсандық жиынтық бағалау 2
Оқулық авторлары Н.Т. Ермеков, В.А.Криворучко, Л.Н.Кафтункина, «Алматы кітап» -2018ж

5-8 сыныптарда оқу процесі ҚР Білім және ғылым министрі міндетін атқарушысының 2017 жылғы 25 қазандағы №545 бұйрығымен (ҚР Әділет министірлігінде 2017 жылы 13 қарашада №15982 тіркелген) Бекітілген «Негізгі орта білім беру деңгейінің» «Ақпараттық коммуникациялық технологиялар» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасымен жүзеге асырылды


БЕКІТЕМІН: КЕЛІСЕМІН Ә/БОТЫРЫСЫНДА


№20 орта мектеп ДОГЖО Хаттама№1
директоры Абдраймова Г.А
Құткелдиева М.Б
_________________ _________________ ___________________
«_____» _________2020 ж «_____» _________2020 ж «_____»_______2020 ж

Тақырыптық күнтізбелік жоспары
2020-2021 оқу жылы

Пәні: Информатика Жаратылыстану бағыты


Сыныбы : 10 сынып
Сағат саны 68
Апталық сағат саны 2
Тоқсандық жиынтық бағалау 4
Оқулық авторлары Г.И Салғараева,Ж.Б.Базаева, А.С.Маханова «Арман-ПВ » -2019ж

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым миистрлігінің 2019 жылғы 7- наурыздағы №105 бұйрығына 14-қосымша және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2017 жылғы 27 шілдедегі №352 бұйрығына 191 қосымша және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2013 жылғы 3-сәуірдегі №115 бұйрығына 409- қосымша

БЕКІТЕМІН: КЕЛІСЕМІН Ә/БОТЫРЫСЫНДА
№20 орта мектеп ДОГЖО Хаттама№1
директоры Абдраймова Г.А
Құткелдиева М.Б
_________________ _________________ ___________________
«_____» _________2020 ж «_____» _________2020 ж «_____»_______2020 ж

Тақырыптық күнтізбелік жоспары
2020-2021 оқу жылы

Пәні: Информатика Қоғамдық гуманитарлық бағыт


Сыныбы : 10 сынып
Сағат саны 34
Апталық сағат саны 1
Тоқсандық жиынтық бағалау 2
Оқулық авторлары Г.И Салғараева,Ж.Б.Базаева, А.С.Маханова «Арман-ПВ » -2019ж

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым миистрлігінің 2019 жылғы 7- наурыздағы №105 бұйрығына 14-қосымша және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2017 жылғы 27 шілдедегі №352 бұйрығына 191 қосымша және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2013 жылғы 3-сәуірдегі №115 бұйрығына 409- қосымша

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет