3. Сөйлеу процесі деген не?



Дата06.02.2022
өлшемі23,07 Kb.
#79944
Байланысты:
Логопедия 2сем


1.Динамикалық локализация. ХХ ғасырдың басында сөйлеу тілі қызметі бас мида орналасқан ерекше «оқшаланған сөйлеу орталықтарымен» байланысты деген көзқарас таралған болатын. И. П. Павлов бұл ойға жаңа бағыт беріп, ми қыртысының сөйлеу қызметінің шоғырлануы (локализациясы) тек күрделі ғана емес, сонымен қатар өзгермелі екенін дәлелдеп, оны «динамикалық локализация» деп атаған.
Локализация (франц. Localisation - орналасқан жері) - локализация орны. Патологиялық процестің орналасқан жері (дененің бөлігі, органдар, тканьдер). Көптеген аурулардың себеп ерекшеліктеріне байланысты, бұл себептердің органдар мен тканьдерге әсер ету сипатына байланысты, организмнің реактивтілігі және т.б. күйлеріне байланысты өздеріне тән басым орны болады.

2. П. К. Анохин, А. Н. Леонтьев, А. Р. Лурияның орталық жүйке жүйесіне қатысты пікірлері қандай?


П. К. Анохин, А. Н. Леонтьев, А. Р. Лурия және т.б. ғалымдардың зерттеулері бойынша кез келген жоғары психикалық қызметтің негізі жеке «орталықтар емес», орталық жүйке жүйесінің әртүрлі бөліктерінде орналасқан, бір бірімен біртұтас әрекетпен байланысты күрделі функционалды жүйелер болып табылады.

3.Сөйлеу процесі деген не?


Сөйлеу процесі адам баласына ғана тән, өте күрделі жоғарғы психиқалық қабілет. Ол шартты рефлекс заңдарына бағынады. Сөз арқылы қатынасқа түсу процесінде (коммуникация) адамдар бір бірімен ой бөлісіп, бір біріне ықпал етеді. Сөздік қатынас тіл арқылы мүмкін болады.

4.Тіл дегеніміз не?


Тіл дегеніміз – қатынас құралының фонетикалық, лексикалық, грамматикалық жүйесі.Сөйлеуші өз ойын жеткізу үшін керек сөздерді іріктеп, оларды тілдің грамматикалық ережелерімен байланыстырып, сөйлеу аппаратының артикуляциясы арқылы айтады.Адамның сөзі түсінікті және анық болу үшін, сөйлеу мүшелерінің қимылы заңды және нақты болуы тиіс. Сонымен бірге бұл қимылдар әдеттенген болып, еріксіз іске асуы керек.Әдетте, сөйлеуші тек өз ойының ағымын ғана ескереді де, ал сөйлеген кезде оның ауыз қуысындағы тілі қандай қалыпта болуы керек екені, қай кезде тыныс алу керек екенін, т.б. ойламайды. Бұл сөйлеу механизмінің әрекеті нәтижесінде іске асады. Сөйлеу механизмінің әрекетін түсіну үшін сөйлеу аппаратының құрылымын жақсы білу қажет.

5.Сөйлеу аппараты деген не?


Сөйлеу аппараты дегеніміз – орталық жүйке жүйесінің әр бөлігіне әр деңгейде орналасқан, бірақ барлығы жиылып бір іске жұмылған өз алдына дербес қабілетті жүйе (Правдина О.В.

6. Сөйлеу аппараты неше бөліктен тұрады?


Сөйлеу аппараты бір бірімен тығыз байланысты екі бөліктен тұрады: орталық (реттеуші) және перифериялық (шеткі- атқарушы).
Сөйлеу аппаратының орталық бөлімі адамның миында орналасқан. Ол реттеу функциясын атқарады. Бұл бөлім ми қыртысынан (көбінесе сол жақ мидың), ми қыртысы асты ядролардан, ми өзегі, ми өзегі ядроларынан, соларды жалғайтын жүйке жолдарынан және тыныс алу, дауыс, артикуляциялық бұлшық еттеріне баратын жүйкелерден тұрады.

7. Орталық сөйлеу аппаратының және оның бөліктерінің қызметі қандай? (неде?)


Сөйлеу жоғары жүйке жүйесінің басқа да көріністерімен қатар рефлекстер негізінде дамиды. Сөйлеу рефлекстері мидың әр түрлі бөліктерінің әрекетіне байланысты, дегенмен сөйлеудің жасалуында ми қыртыстарының кейбір бөліктері басты роль атқарады. Әсіресе мидың сол жақ қыртысының шеке, самай, төбе және шүйде бөліктері (солақайларда оң жақ).

9,10 Ми қыртысының шеке бөлігінің төменгі қыртысында Брока орталығы орналасқан. Адамның дауыс шығару және сөйлеу процестері осы орталық арқылы іске асады. Ал ми қыртыстарының самай бөлігінде басқа адамның сөйлеген сөзін естіп – түсіну қабілетін іске асыратын орталық орналасқан (Вернике орталығы). Осыған байланысты адам басқа адамның сөйлеген сөзін естіп, түсінеді.


Ми қыртыстарының төбе бөлігі естіп, сөзді түсініп, адамның жазу жазып және жазылған сөздерді шүйде бөлігінде орналасқан көру орталығы арқылы көзбен көріп, түсінуге үлкен ықпал етеді. Баланың тілінің дамуы ересектердің артикуляциясын көріп қабылдау арқылы жүзеге асатыны белгілі.
Ми қыртысы астындағы ядролар адамның сөйлеген кезде анық, байсалды және әсерлі сөйлеуіне әсерін тигізеді.
Сөйлеу аппаратының барлық мүшелері ми өзегі ядроларына шығатын бас сүйек-ми жүйкелермен қамтамасыз етілген.
Сөйлеу аппаратының орталық және шеткі бөлімі мидан шығатын қос жүйкелермен қамтамасыз етіледі (V-үшкіл, VII-бет, IX - тіл-жұтқыншақ, Х- кезбелі, XI-қосымша, XII-тіл асты).
Үшкіл қос жүйке (V) адамның төменгі жағын қимылға келтіреді; бет қос жүйкесі (VII) бетті әртүрлі қимылға түсіретін, соның ішінде ерінді және ұртты қимылға түсіретін бұлшық еттерді; тіл-жұтқыншақ (IX), кезбелі (X) қос жүйкелер дауыс перделерімен көмей бұлшық еттерін, жұтқыншақпен жұмсақ таңдай бұлшық еттерінің қимылын қамтамасыз етеді. Сонымен қатар тіл-жұтқыншақ қос жүйке тілдің сезімтал жүйкесі, ал кезбелі қос жүйке тыныс алу мүшелерімен жүрек бұлшық еттерін жүйкелендіреді. Қосымша (XI) қос жүйке мойын бұлшық еттерінің, ал тіл асты (XII) қос жүйке тілдің әртүрлі қимыл жасауын қамтамасыз етеді.
Осы нерв жүйелері арқылы адамның миындағы сөйлеу орталықтары (Брока және Вернике) шетте жатқан сөйлеу аппаратының мүшелерімен тікелей байланысып, бір біріне серпіндерін (импульстерін) жіберіп отырады.

11.Лурия 3 блок: Белгілі психолог А. Р. Лурияның орталық нерв жүйесінің жұмысының принциптері жайындағы көзқарасы бүгінгі күнге дейін өзектілігін жоғалтпаған. Ол мидың жұмысында функционалды үш блокты ажыратады.

Бірінші блокқа ми қыртысы астындағы ядролары, екінші блокқа ми қыртысының артқы бөлігі кіреді, ол сырттан сезім арқылы келген информацияны қабылдап, сақтайды. Атап айтқанда осы блок танымдық процестерді қамтамасыз ететін мидың негізгі аппараты болып саналады.
Екінші блоктің құрамында бірінші реттік, екіншіреттік, үшіншіреттік зоналар ажыратылады.
Бірінші реттік зоналарда белгілі сезім мүшелерінен мәліметтер қабылданады.
Бірінші реттік зоналардан алынған серпіндерін талдау екіншіреттік зоналар арқылы іске асады. Бірінші реттік және екінші реттік зоналар белгілі бір анализатордың бөлігі болып табылады (есту, көру, т.б.).
Үшінші реттік зоналар қабылданатын сезім мәліметтерін талдау, жинақтау және интеграциялау қызметін атқарады.

Үшінші блок үлкен жарты шардың алдыңғы бөлігінің қыртысынан тұрады. Ол адамның тәртібін жоспарлап, реттеп, бақылайды және ми асты қыртыстарының жұмысын реттейді.Осы блоктардың қызметінің өзара тығыз байланысы нәтижесінде сөйлеу процесі іске асады. Сонымен қатар, сөйлеу процесінде әр блок арнайы өз қызметін атқарады. Сөйлеу әрекетінің бұзылуының спецификалық симптомдары мидың зақымдалған бөлігіне байланысты байқалады.


12. Сөйлеу аппаратының шеткі бөлігі (атқарушы) үш бөліктен тұрады: тыныс алу, дауыс шығару, артикуляциялық бөлігі.


Тыныс алу бөліміне адамның кеудесі, өкпесі мен тыныс жолдары кіреді. Адамның сөйлеу процесі дем алып, дем шығару процесімен тікелей байланысты. Адам дем шығару арқылы сөйлеуді, оның сөйлеген кездегі дем алуы, дем шығаруы өзгеше болады. Сөйлеген кезде адам дем алып – дем шығару арқылы әр түрлі дыбыс шығарып, әр түрлі әуенді сөз құрап, сөйлеу қабілетіне ие болады. Бұл құбылыста әсіресе дем шығару процесі өте маңызды роль атқарады, дем шығару процесі дем алу процесімен салыстырғанда ұзаққа созылады ( 1:20 тіптен 1:30), ересек адамдар орта есеппен 16-18 рет дем алып, дем шығаратын болса, сөйлеген кезде бары –жоғы 8-10 рет дем алып, дем шығарады екен.

13.Демалу бөлігіне адамның кеуде қуысы, өкпесі, бронхылары және кеңірдегі кіреді.


14. Дауыс шығару бөлімі неден тұрады. Дауыс бөлімі дауыс қыртысы бар көмекейден тұрады. Көмекей дегеніміз конустың формасына ұқсайтын бірнеше шеміршектен және жұмсақ еті бар сақиналардан құралған кең де қысқа түтікше, көмекей мойынның алдынғы жағында орналасқан, үстінгі жағында жұтқншаққа; ал төменгі жағында өкпенің тыныс жолдарымен жалғасып жатады.
Көмекей мен жұтқыншақтың арасында жұтынған кезде көмекейді жауып тұратын қалқанша (надгортанник) орналасқан, соның аркасында жұтқан сілекей көмекей куысына түспейді. Көмекейдің ішіндегі кілегей қабығының қыртыстары шын дауыс сінірімен және оның төменгі жағындағы жалған дауыс сінірінен тұрады.
Адамның дауысы шыққан кезінде дауыс сінірлері бір-біріне қабысып жақын тұрады. Дем шығарғанда ауа сол дауыс сінірлерінің арасынан қысылып өтіп, олардың арасын ашады. Көмекей еттерінің жиырлуы арқылы дауыс сінірлері қайтып өз орнына келеді. Дауыс сінірлерінің арасының осылайша ашылып-жабылуы дауыс шығаратын өкпеден сыртқа шығатын ауаның қысымы біткенше созылады. Осылайша фонация кезінде дауыс сінірлері дірілдеп, көмекей қуысында ауаны әртүрлі дірілге келтіріп, қозғап, соған байланысты дыбыс шығарады.
15. Фонация деген не? ФОНАЦИЯ (грек. рhone – дыбыс, дауыс) – 1. дыбыстың құралуы, сөйлеу мүшелерінің жұмысы, сондай-ақ естуге болатын сөздің дыбысталуы. 2. Дыбыстау мүшелерінің жұмысына байланысты сөз сөйлеу бірлігінің саласы.
17. Артикуляциялық аппараттың құрамына ауыз және мұрын қуыстары
мен жұтқыншақ кіреді. Артикуляция мүшелері белсенді – қозғалмалы (тіл,
жұмсақ таңдай, ерін, төменгі жақ сүйектері) және енжар – қозғалмайтын
(қатты таңдай, жоғарғы жақ сүйектері, тістер) мүшелер болып бөлінеді.
18. Тіл-артикуляцияның негізгі мүшесі болып табылады. Тіл–көлемді,
сіңірлері жоқ бұлшық етті мүше. Жақ сүйектері қабысқан кезде ол бүкіл ауыз
қуысын толтырады. Тілдің алдыңғы бөлігі қимылды, артқы бөлігі тіл түбірі
деп аталады. Тілдің қимылды бөлігінің ұшы, алдыңғы және бүйір жақтары,
тіл арқасы (2 сурет). Тілде сөйлеу кезінде әр түрлі міндет атқаратын көптеген
бұлшық ет топтарын ажыратуға болады. Мысалы, тіл үшы, тілдің бүйір
бұлшық еттері, тіл арқасы, тіл түбірі бұлшық еттері, т.б. Тілдің бұлшық еттері: ішкі (жоғарғы бойлық, төменгі бойлық, көлденең,
тік) және сыртқы (иектік-тілдік, тіласты-тілдік, таңдайлық-тілдік, біз тәрізді-(шилоязычная ) болып бөлінеді.
Ішкі бұлшық еттерінің жиырылу кезінде тілдің формасы және жеке
бөліктерінің қалпы өзгереді:
а) жоғарғы бойлық – тілді жоғары қалыпта ұстап, тіл ұшын жоғары қайыра
алады;
б) төменгі бойлық – тілдің ұшын төмен қаратады;
в) көлденең-тілді жіңішкертеді, ұшын үшкірлетеді;
г) тік – тілді жалпақтатады, оны ауыз қуысының астына орналастырады.
Сыртқы бұлшық еттерінің жиырылуы тілдің қимыл-қозғалысын
қамтамасыз етеді (біртұтас мүше ретінде):
а) иектік-тілдік–тілді алдыға шығарып, жоғары ұстауға жауап береді;
б) тіласты-тілдік – тілді ауыз қуысының астына түсіріп, тілдің түбірін
төмендетеді;
в) біз тәрізді – тілді ішке тартып, оны таңдайға қарай көтереді.
Тіл бұлшық еттері қос болып келеді. Әр дыбыс күрделі бұлшық ет
синергияларының нәтижесі, яғни әр түрлі функционалды топтарға жататын
бұлшық еттерінің бір мезгілде жиырылуы.
Дыбыстарды айтуда тіл бұлшық еттерінің ролі өте маңызды. Өйткені,
тіл барлық дауысты және түгелге жуық дауыссыз (еріндік дыбыстардан
басқа) дыбыстардың шығуына қатысады. Олардан басқа артикуляторлы
актқа ерін және бет, мойын бұлшық еттері, астынғы жақ сүйектерін көтеруге
көмектесетін бұлшық еттері қатысады. Жұмсақ таңдай жай демалған кезде
босанқы болады. Ол жұтқыншақтан ауыз қуысына қарай қуысты жартылай
жабады. Ал терең дем алғанда, есінеген және сөйлеген кезде таңдай пердесі
көтеріледі. Осы кезде ол ауыз қуысына қарай жолды ашып, керісінше,
мұрын-жұтқыншаққа қарай жолды жабады.
19,20,21 Артикуляция (лат.т. articulare — бөлшектеу, айықындап анық айту)– жеке
тіл дыбыстары мен олардың қосындыларын айтқанда қажет сөйлеу мүшелерінің
іс-әрекеті. Бұл дыбыс шығаруына бағытталған сөйлеу тілінің перифериялық
мүшелерінің жұмысы.
Сөз дыбыстары қалай жасалады?
Сөз дыбыстары белсенді дыбыстау мүшелерінің (тіл, ерін, жұмсақ
таңдай, төменгі жақ) жұмысының нәтижесінде пайда болады.
Тіл мен ерін әртүрлі қимылдар жасап, әртүрлі қалыпта бола алады. Жұмсақ
таңдай мұрын жолдарын ашып, жауып, ал төменгі жақ–ашылып, жабылып
тұрады. Сөйлеу кезінде өкпеден шығатын ауа трахея арқылы көмекейге
барады. Дауыстың қатысуысыз айтылатын дыбыстардың жасалуы кезінде
дауыс перделері ашық болады да, ауа көмекейден еркін өтеді.
Артикуляциялық аппараттың ең белсенді мүшелері — тіл мен
еріннің қалпы әр сөз дыбыстарын қалыптастырады. Тілдің әр бөлігі (ұшы,
бүйірлері, түбірі) әр түрлі қимыл жасай алады, соның нәтижесінде тіл
көптеген акустикалық әсер беретін алуан түрлі артикуляция жасай алады.
Оларды біз әртүрлі дыбыс ретінде қабылдаймыз.
Артикуляциялық аппараттың құрылысында әртүрлі кемістіктер болуы
мүмкін (мұрын қуысының, таңдайдың ақауылықтары, жақ сүйектерінің
құрылысының ақаулықтары және т.б.). Солардың әсерінен баланың дыбыс
шығару қабілеті бұзылады. Сөйлеу тілі кемістіктерінің себептерін анықтау
үшін сөйлеу мүшелері мен олардың кемістіктерін білу қажет.
22. Прогения (көне грекше: pro - алға + көне грекше: geneion - жақ ) — астыңғы жақтың алға қарай шығыңқы көрінуі, ілгері шығып тұруы. Прогения туа біткен, жалған, кәрілікпен байланысты және фроиталды, яғни маңдай алды прогениялары болып бөлінеді. Опырауыз деп те атайды. Тістенудің қабыспауы- үстіңгі және астыңғы тістердің жағына түсіп тұрады. Тістенудің қабыспауы – үстіңгі және астыңғы жақ сүйектеріндегі тістер қабысқанда тістенбей, аралары ашық қалады. Кейбір жағдайда тістенбей қалу тек тістердің арасында болады. Азу тістердің қабыспауы- сол жақтың оң жақтың және екі жақтың болуы мүмкін. Тістердің орналасу құрылысы боламай, қатарларының бұзылуынан сақаулануы мүмкін. Мысалы: тістердің арасының алшақтығынан және ретсіздігінен сөйлегенде тілдің ұшы сыртқа шығып кетіп, сөздің анықтығы бұзылады.
23. Прогнатия (гректің pro – алдына қарай және gnathos – жақ) –жоғарғы жақ және жоғарғы тіс доғасы алдына қарай, төменгі алдыңғы тістер жоғары тістерден алыс орналасқан (40сур.); осыған байланысты төменгі алдыңғы тістер ұзарып, қатты таңдайға дейін жетеді. Азу тістерінің қылыпты аралықтары сақталады. Кемиек деп те атайды. Прогнатия жоғарғы жақтың алдыға жылжуымен сипатталады. Төменгі жақтың дистальды жылжуынан және жоғарғы жақтың алдыңғы және бүйір тістердің тістесуі бұзылады. Прогнатия кезінде жоғарғы тістер арасында қуыс болады (жоғарғы және төменгі тістер арасында саңылау болады). Жақтарды түйістіргенде жиі төменгі тістер жоғарғы жақтың шырышты қабатына тиеді, оларды зақымдайды. Прогнатияда азу тістер аймағындағы қатынастың бұзылысы: бірінші азу тістің алдыңдағы ұрт төмпегі бірінші төменгі азу тістің аттас бұдырша, кейде жүлгесіне, екінші кіші азу тіс, төменгі бірінші азу тістің алдыңғы ұрт төмпегіне сай келеді. Айқын байқалатын прогнатияда алдыңғы жоғарғы тістер қатты алдыға шығып тұрады. Жоғарғы ерінді итеріп Соның салдарынан тістердің кескіш қыры көрініп тұрады. Төменгі ерін керісінше жоғарғы тістердің астына кіріп тұрады. Бұның бәрі науқастың келбетін бұзады және бұнымен бірге сөйлеу және шайнауы бұзылады.
26. Диастема – интерференциальdы кеңістік, үстіңгі орталық тығындарды ажыратады (жиі емес – төменірек) тіс. Диастема — бұл эстетикалық кемшілік емес, сонымен қатар сөйлеу бұзылыстарына да ықпал етеді, байланыс пен психологиялық қиындықтардың пайда болуы. Диастема мен аномалияның себептерін түсіндіру және стоматологиялық тексеру арқылы жүзеге асырылады, интрауральды рентгенография, ортопанктомография, Жақтардың диагностикалық үлгілерін зерттеу. Диастаманы емдеу терапевтік әдіспен жүзеге асырылуы мүмкін (эстетикалық қалпына келтіру), ортопедиялық (тәждер, Шпондар), хирургиялық операциялар (үстіңгі еріннің немесе тілдің пластмасса бітеуі), ортодонтиялық (вестибулярлық тақталар, жақшалар) әдістер бойынша. Диастаманың себептері
Клиникалық байқауды талдау көрсеткендей, бұл тұқым қуалау диастеманың пайда болуының ең көп тараған себебі болып табылады: 50-ге жуық генетикалық бейімділігі бар отбасыларда% Туыстары Менде бұл тістің ақауы бар.
Диастеманың пайда болуындағы маңызды рөл саланың ауытқуларына беріледі, осылайша, қысқа қылқалам тілі сияқты, жоғарғы ерні френумының төмен бекітілуі, жоғарғы ерні және докторы. бұдан басқа, диастема супер-толықтырылған әсер етілген тістердің болуы мүмкін, микродержание, жартылай немесе бірнеше агентия, тұрақты тістің кеш тістері, Ішкі ісіктер (odontome), альвеолярлық процестің жарықтығы.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет