Экспансия сатысы жаңа кәсіпорындардың іске қосылып, ескілерінің жаңартылуымен, өндірістің, жұмысбастылықтың, инвестиция көлемінің, жеке табыстың өсуімен басталады. Бұл сатыда сұраныс пен баға көтеріледі. Саты жоғары деңгейде жұмыспен қамтылып, өндіріс қуаттылықтарының шамадан тыс жүктелуімен аяқталады. Сатының соңында баға деңгейі, жалақы ставкасы, пайыздық норма жоғары мәнге жетеді.
Экспансия сатысының жоғары нүктесі шың деп аталады. Шың нүктесінде аталған көрсеткіштердің бәрі максимум мәнге ие болады. Бұл сатының міндетті жалғасы ретінде құлдырау (тоқырау) сатысы басталады. Құлдырау сатысында таратылмай қалған тауарлардың қорының өсуі өндіріс көлемінің қысқаруына әкеледі. Өндірістік инвестициялар төмендейді, нәтижесінде жұмыс күшіне сұраныс азаяды. Шикізатқа сұраныстың төмендеуі оның ұсынысын да төмендетеді. Пайданың күрт төмендеуі байқалады, несиеге сұраныс азаяды. Бұл пайыздық ставканың түсуіне әкеледі. Ақырында, құлдыраудың ұзаққа созылуы тауар бағасының өсуін баяулатады. Әрі қарай құлдырау сатысы депрессия сатысына ұштасады.
Достарыңызбен бөлісу: |