Болжанылмаған инфляция тұрақты табыстардың барлық түрін азайтады, номиналды табыстары орташа бағаға қарағанда тез өсетін экономикалық агенттерді «субсидиялайды». Бұл инфляция тұсында қарызын қайтарушылар ұтады, ал кредиторлар (қарыз берушілер) ұтылады.
Инфляциясыз экономиканың әрекет етуі мүмкін емес. Оның белгілі бір деңгейден артып кетуі экономика үшін жағымсыз болып табылады. Инфляция макроэкономикалық құбылыс болғандықтан онымен күресу мемлекеттің күшімен жүргізіледі. Инфляциямен күресу - оны шектеу, тұрақты деңгейде ұстап тұру деген сөз. Мемлекеттің инфляциямен күресудегі басты шаралары төмендегілерге бағытталуы тиіс:
ақша массасын азайту;
есептік ставканы арттыру;
міндетті резервтер нормасын көтеру;
мемлекеттік шығындарды қысқарту;
салық жүйесін жетілдіру және бюджетке түсетін салық түсімдерін арттыру.
Дегенмен, бұл шаралардың жүргізілуі әрдайым тиімді бола бермейді.
Экономикадағы баға төмендеуі де мүмкін. Орташа баға деңгейінің тұрақты түрде төмендеуі дефляция деп аталады, ол - инфляцияға кері процесс. Ал инфляция деңгейінің қысқаруы дезинфляция деп аталады.
3. Біз нарықтық экономиканың циклді түрде дамитындығын анықтадық, олай болса, мұндай ауытқулар тұсында циклдің барлық фазаларында ресурстарды толық қолдану мүмкін емес. Экономикалық циклдердің анағұрлым ауыр салдары инфляция және жұмыссыздық болып табылады. Алдымен, «жұмыссыздық» деп аталатын негізгі ұғымды түсіндіруден бастайық. Халықаралық еңбек ұйымының анықтамасы бойынша «жұмыссыз - бұл жұмыс жасағысы келетін, бірақ жұмысы жоқ адам». Бұл анықтамада адамның еңбек ету бостандығы мойындалады. Еңбек бостандығы туралы біздің елімізде алғаш рет ҚР Конституциясының (1995ж.) 24 бабында айтылған: «әр адам еңбек бостандығына, қызмет және кәсіп түрін таңдауға құқылы».
Жұмыссыздық шаруашылық жасаудың нарықтық жүйесінің ажырамас белгісі болып табылады. Статистикалық мәліметтерді талдау нәтижелерінен дағдарыс кезінде жұмыссыздықтың деңгейінің өсетінін және өсу кезінде қысқаратынын байқауға болады.
Еңбектің халықаралық ұйымының анықтамасына сәйкес, жұмыссыздардың қатарына кәмелетке толған, бірақ жұмыста жоқ, дәл осы уақытта жұмысқа жарамсыз және қарастырылған уақытта белсенді түрде жұмыс іздеп жүрген адамдар жатады. Жұмысты белсенді түрде іздеу әрекеттеріне жататындар: еңбек биржасында тіркелу, жұмыс берушілерге өтініш жасау, газет беттерінде хабарландыру беру немесе сәйкес хабарландыруларға көңіл бөлу т.с.с.
Қазақстандық тәжірибеде «жұмыссыз» санатына кімді жатқызуға болатынын анықтау үшін қазақстандық статистикаға 1995 жылы енгізілген жұмыс күшінің жаңа жіктемесін қолданамыз. Елдің барлық халқы еңбекке қатысты екіге бөлінеді:
Достарыңызбен бөлісу: |