3. Тақырып. Ортағасырлық Шығыс пен Батыс философиясы. Дәріс мақсаты: Орта ғасырлық мәдениеттегіфилософия феномені
арабтық – шығыстық орта ғасырлық философия..
Тақырыпқа қатысты сұрақтар: 1. Ортағасыр философиясы және оның негізгі сипаттамасы. Аврелий Августиннің және Фома Аквинскийдің философиясы.
2. Араб-шығыстық ортағасырлық философиясы. Араб тілідік философия Аль-Кинди, Аль-Фараби, Ибн-Сина, Ибн-Рушд.) классикалық суффизмнің (сопылықтың) философиялық мәні: Ходжа Ахмета Яссауидің. Юсуф Баласағұнның, Махмут Кашқаридың философиялық көзқарастары. Түрік тілдес философияның қалыптасуы..
3. Батысеуропалық философиядағы сенім мен білім мәселесі. (томизм, схоластика, теоцентризм, провиденциализм, креационизм
4. Түрік тілдес философияның қалыптасуы
Тақырыптың қысқаша мазмұны (тезистер); Философия тарихында бұл талаптарды әмбебеаптар, яғни универсалдар (лат. unuversalia – жаппайлық), яғни жалпылық ұғымның табиғаты жайлы айтыс, талас деп аталады. Мұны шешудің жолдары айтылады. Біреуі - жалпы ұғым- әмбебаптар адам санасынан, нақты зат атауынан тыс, оған дейін өмір сүретін шындық деп түсіндіреді. Бұл көзқарасты жақтаушылар реалистер деп аталады. Бұған екінші пікір, әмбебаптар адамнан, нақты заттардан тыс өмір сүрмейді. Бұл тек нақты заттарды топтап атау арқылы пайда болған жалпылық ұғым. Бұл пікір бойынша, «жалпы адам» дүниеде жоқ. Қоғам әрбір жеке бейнелерден тұрады. Ал адам деген жалпы атау-ол нақты адамдардың бәріне тең, ортақ ұғым. Бұл пікірді жақтаушыларды «номиналистер» деп атады (лат. nomina – нақты атау). Реализм өкілдері – Альберт фон Больштедт, Фома Аквинский, Дунс Скотт, Раймунд Лулли.
Томас Аквинский (1225-1274) ұлы схоласт. Аквинский және барлық схоластар космостың кіндігі жер болып табылады деген Аквинский философияның пәні білімдердің жиынтығы деп есептеген. Философия адам ақыл-ойымен бір бөлшек болғандықтан, құдай туралы ілімнен (теологиядан) төмен тұрады. Теология – құдайдың өзінің ақыл-ойының сферасы. Құдай дүниені жоқтан жаратты. Материя қозғалыссыз, ол тек мүмкіндік. Форма белсенді. Ол материяны ақиқат етеді. Реалистерге кері бағыт ұстаған номиналистер. Олар астыртын материалистік ұғымды қолдады. Оның өкілдері: Роджер Бэкон (1214-1292), Уильям Оккам (1285-1349), Николай Уразмский (1313-1382). Санадан тыс өмір сүретін жалпылық жоқ, тек нақты заттар бар деп түсіндірді. Нақты затқа жалпының да, жалқының да керегі жоқ деді Уильям Оккам. Әмбебаптар - олар үшін тек белгілер (терминдер) бірақ олар барлық заттарға қолданылмайды, тек өзара ұқсас заттарға ғана қолданылады - деді. Роджер Бэкон схоластиканы сынады. «Шындыққа жету үшін нақты ғылымдарды, білу қажет»- деді.
Схоластика мен дін қағидаларын сынаған ғалым әрі ақын Омар Хайям (1048-1123) өмір сүрді. Ертедегі Қазақстан жерінен шыққан Әл-Фараби (870-950) философ, энциклопедист, Аристотельдің ірі талдаушысы. Оны «екінші мұғалім» деп атаған. Философияда ол идеалист болды, құдайлық, тәңірлік ақыл мен жанның мәңгіліктігі, өлмейтіндігі туралы үйретті. Біреуі-жалпыға бірдей-біреуі – нақты денемен байланысты, жеке екі жан бар деген,. 6 негізгі ережесі бар олар: құдайлық, аспан сфералары, белсенді интеллект, жан, форма, абстракт, материя. Философиялық білімді басты деп есептеді. Дүниеде космостық ақыл бар, оны белсенді ақыл деп те атауға болады. Әбу Әли Ибн Сина (Авиценна) (980-1037).Бұхарадан шыққан, тәжік отбасында дүниеге келген. Ол феодализм дәуірндегі Иран мен Орта Азиядан шыққан көрнекті философ. Материя – мүмкіндік, құдай қажеттілік, ал дүние – шындық. Құдай дүниенің себебі сияқты мәңгілік, дүние нәтиже сияқты мәңгілік. Жан өлмейді және материалдық емес. Бірақ қайтыс болғаннан кейінгі дүние физикалық мағынада емес, рухани мағынада өмір сүреді. Ибн-Рушд /Аверроэс/ (1126-1198) Корды халифатында /Испанияда/ туған. Ол философ, дәрігер, заңгер болды. Оның замандастары айтқан еді: «Аристотель табиғатты түсіндірді, ал Ибн-Рушд Аристотельді түсіндірді». Ол Аристотельдің ілімін жоғары жетістік деп жариялады, онда ешбір толықтырулар мен түзетулердің қажеті жоқ деп ойлаған. Ол ХІІ ғ. Араб философиясының тарихындағы ең соңғы ірі философ. Әрі қарай мұсылман әлеміндегі философияның дамуына ислам дінінің билеушілері кедергі жасады.
Ислам - дүниедегі ең ірі әлемдік діндердің бірі. Оның негізін салған - Мұхаммед пайғамбар /570-632/. Араб елдерінде философия мынандай төрт бағытта болды: 1) «таза ағайындылар» ілімі,2) Шығыстың перипатетизмі. Өкілдері: Закария Рази /864-925/, әл-Кинди /800-870/, әл-Фараби, әл-Бируни, Ибн-Сина, Ибн-Рушид, 3) Суфизм /софылық ХІ-ХІІғғ./ Түркістанда өмір сүрген Ахмет Иассауи софылықтың ірі өкілі болған. Софылық - өз заманындағы қоғамдық-әлеуметтік теңсіздікке, дүниеқоңыз болып, арын сатқан, билікке таласқан әкімдердің зорлық-зомбылығына, харам іс-әрекеттеріне наразылық көрсетіп, оларды Құдай жолынан ауытқығандар деп, өздері оларға қарсылық ретінде рахаттан безіп, диуаналық өмір сүрген адамдардың діни бағыты.