Ситуациалық есеп № 4
Науқас М., 26 жастағы даяшы әйел, стационарға басының ауруы, бұлшық еттерінің әлсiздiгi, еңбекке қабiлеттілігiнiң төмендiгi, шөлдеу, несеп бөлуінiң жиiлеуi, ұйқысының бұзылуы шағымдарымен келiп түстi. Өзiн кейiнгi бір жылда ауру санайды. Дәрiгерге салмағының артуы мен жалпы әлсiздiк мазалаған соң қаралған, артериялық гипертензия анықталған (АҚ 150/100 мм сын. бағ.) гипотензиялық дәрмектермен емделген. Бiртiндеп аузының құрғауы, шөлдеу дамып, терiсiнде безеулер, қолтық асты шұңқырының түктерінiң жоғалуы, салмақ қосу және жалпы әлсiздiк үдеген. Анамнезiнде жиi салқындаулар, 2 рет бүйректік шаншуы болған, етеккірдiң бұзылысы бар.
Об-тi: жалпы жағдайы қанағаттанарлық, бетіне, мойнына, төс аймағына, ішіне, сандарына май жиналған, iшi және сан терiлерiнде ашық-қызыл жолақтар бар, салмағы 96 кг, бойы 160 см. Бетi қошқыл-қызыл, кеңейген майда қан тамырлары көзге айқын көрiнедi. Бетiнде, кеудесiнде, арқасында гипертрихоз. Жүрек шегі сол жағына шамалы ығысқан, жүрек тондары тұйықталған, тахикардия. АҚ 200/100 мм сын. бағ.
Қан анализiнде: эрит. 5,8х1012/л, лейк. 10,0х109/л, қандағы глюкоза – 7,0 ммоль/л.
Синдромдарды анықтаңыз
Негізгі диагнозды дәлелдеу үшін ең қажетті қандай зерттеу әдістері
Қандай ауру деп ойлайсыз?
Достарыңызбен бөлісу: |