Ситуациалық есеп № 6
Науқас К., кардиология бөлімшесіне төс астында ұзақ уақыт бойы ұстама тәріздес ауырсыну пайда болғаннан кейін түскен. Анамнезінде: 8 жыл бойы жүректін ишемиялық ауруы, стенокардия. Соңғы ұстамалы ауырсыну тыныштық күйде пайда болып, 2 сағаттан ұзаққа созылған, нитроглицерин таблеткасы көмектеспеген. ЭКГ-ның қортындысымен мынандай диагноз қойылған: қарынша аралық перденің инфаркты, ірі ошақты инфаркты, жедел сатысы.
Синдромдарды анықтаңыз
Негізгі диагнозды дәлелдеу үшін ең қажетті қандай зерттеу әдістері
Қандай ауру деп ойлайсыз?
Ситуациалық есеп № 7
Науқас М., миокард инфарктына күдікпен ауруханаға жатқызылған.
Жатқан кездегі оның шағымдары: Төс астында 1 сағаттан ұзақ күйдіріп ауырсыну, сол қолға беріледі. Тексерген кезде: терісі бозғылт, мұздай жабысқақ тер басқан. Қан қысымы 140/90 мм.рт.ст.
ЭКГ-де сол жақ қарыншаның артқы қабырғасындағы инфаркт белгілері.
Синдромдарды анықтаңыз
Негізгі диагнозды дәлелдеу үшін ең қажетті қандай зерттеу әдістері
Қандай ауру деп ойлайсыз?
Достарыңызбен бөлісу: |