16.08.2021
1-тапсырма
1.2 – ресурс
3-тапсырма: Сіздің мектебіңізде оқушыларды халықаралық тестілеуге дайындау бойынша мұғалімдер үшін ұйымдастыруға болатын іс-шараларды ұсыныңыз.
№
|
Мұғалімдерді оқытуға арналған іс-шаралар
|
Негіздеме: бұл не үшін қажет?
|
1
|
Семинарлар
|
Семинарда белгілі бір мәселелерді ұжым болып талқылайды. Талқылау барысында аталған мәселелерді меңгереді, өз алдына жұмыс істеуді және оны ауызша не жазбаша баяндайды, өз қорытындыларын дәлел-уәжбен қорғайды, пікір алмасады.
|
2
|
Тренингтер
|
Жаттығу/жаттықтырушы деген мағынаны білдіреді. Тренинг саналы жұмыс түріне баулиды: қатысушылар пікір алмасады, өз көзқарасын қалыптастыру, жеткізуге, сұрақты дұрыс жүйелеуге, өз білімін практикада қолдануға дағдыланады. Адамды күтпеген оқыс жағдайда ойлану мен шешім қабылдауға үйретеді. Нағыз іске, шеберлікке баулу сәттерін тудырады. Басты жауапкершілік жаттықтырушы (сабақ үдерісінде мұғалім мен көмекшілеріне) жүктеледі, оның ойынды ұйымдастыру, қарым – қатынас тұлға ретінде балаларға әсер етіп, шәкірт қабілетін аша білер кәсіби шеберлігі де аса маңызды.
Тренингтер ақпарат ала отырып түсініксіз сәттерді талқылауға, сұрақ қоюға мүмкіндік алса, онда берілген ақпарат тез меңгеріледі және алынған білімдер шәкірттердің мінез – құлық дағдыларын қалыптастыруға ықпал етеді.
|
3
|
Шеберлік сабақтары
|
Авторлық әдістемелерді көрсететін, өзіндік қағидасына сүйенетін және белгілі бір құрылымы бар педагогикалық тәжірибені қорытудың және таратудың ерекше формасы. Шеберлік сабағының тәжірибе таратудағы басқа формалардан айырмашылығы, оны жүргізу үдерісінде ұсынылған әдістемелік өнімді тікелей талқылау жүріп жатады және шеберлік сабағына жан-жақтан қатысушылардың педагогикалық проблемаларын шығармашылықпен шешу іске асады.
|
4
|
Коучинг
|
Коучпен жұмыс істеуде белгілі бір мақсатқа, өмірде және жұмыста жаңа, позитивті тұжырымдалған нәтижелерге жету көзделеді.
|
Достарыңызбен бөлісу: |