3-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ ТАПСЫРМАЛАРЫ ІІ тоқсан «Сақталу заңдары» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Оқу мақсаттары 9.2.3.1 - дене импульсі мен күш импульсін ажырату
9.2.3.2 - импульстің сақталу заңын тұжырымдау жәнеиесептер шығаруда қолдану
9.2.3.5 - механикалық жұмысты аналитикалық жәнеиграфиктік тәсілдермен анықтау
Бағалау критерийі Білім алушы:
Механикалық жұмысты графиктік тәсілдермен анықтайды
Ойлау дағдыларының деңгейлері Қолдану
Орындау уақыты 25 минут
Тапсырмалар: 8 км/сағ жылдамдықпен жүгіріп келе жатқан массасы 63 кг адамның импульсі қандай?
Кішкене зымыранның массасы 300 г. Ондағы жанғыш заттың массасы 0,07 кг. Газ зымыран соплосынан 200 м/с жылдамдықпен лезде шығады деп есептеп, зымыранның қозғалыс жылдамдығын анықтаңдар?
Жер бетінен 3,5 м биіктікке көтерілген массасы 6 кг дененің потенциалдық энергиясын анықтаңыз.
Бала динамометрді созып, өзінің тарта алатын ең үлкен күшін анықтады. Ол 500 Н – ға тең болып шықты. Серіппені созғанда бала қандай жұмыс атқарады? Динамометр серіппесінің қатаңдығы 20000 Н/м.
Зеңбіректен ату кезінде 3 м/с бастапқы жылдамдық алған снаряд тік жоғары ұшады. Ату орнынан қандай биіктікте снарядтың кинетикалық энергиясы оның потенциалдық энергиясына теңеледі?