3-тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың спецификациясы



Дата29.01.2022
өлшемі16,61 Kb.
#115670
түріБағдарламасы
Байланысты:
тжб СПЕЦИФИКАСЫ

3-тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың спецификациясы


1. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мақсаты
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы оқу бағдарламасының мазмұнына сәйкес білім алушылардың оқу мақсаттарына жеткендігін тексеруге және тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларын анықтауға бағытталған.

Спецификация 1-сыныпта «Сауат ашу» пәні бойынша тоқсандық жиынтық бағалаудың мазмұны мен өткізу рәсімін сипаттайды.


2. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар
«Сауат ашу» оқу бағдарламасы (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында). Бастауыш білім беру (1- сынып).
3. 3-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға шолу
3.1 Ұзақтығы - 40 минут

Балл саны – 12

Тыңдалым мен айтылым бөлек тексеріледі




    1. Жиынтық бағалаудың құрылымы

Тоқсан бойынша жиынтық бағалауда әртүрлі: көп таңдауы бар, қысқа және толық жауапты қажет ететін тапсырмалар қолданылады.

Көп таңдауы бар тапсырмаларда білім алушы ұсынылған жауап нұсқаларынан дұрысын таңдайды.

Қысқа жауапты қажет ететін тапсырмаларда білім алушы сөздер немесе сөйлемдер түрінде жауап береді.

Толық жауапты қажет ететін тапсырмалар мәтінді түсінуге, өз ойын ауызша және жазбаша түрде толық, жүйелі, түсінікті етіп жеткізуге бағытталған.

Тапсырма бірнеше құрылымдық бөліктерден/сұрақтардан тұруы мүмкін.

Берілген нұсқа қысқа және толық жауапты қажет ететін 3 тапсырмадан тұрады.

Бірінші тапсырма тыңдалым және айтылым дағдысын, екіншісі–оқылым, үшінші тапсырма жазылым дағдысын тексеруге бағытталған.



Тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы



Сөйлеу әрекетінің түрлері

Ортақтақырып

Оқу мақсаты

Тапсырманың

сипаттамасы

Тапсырма саны

Жалпы балл

1

Тыңдалым және айтылым

Саяхат
Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті


1.1.2.1 Мұғалімнің көмегімен мәтінде кім?(не?) туралы айтылғанын анықтау

1.1.3.1 Мұғалімнің көмегімен оқиғаның ретін сақтай отырып баяндау



Білім алушы жабық түрдегі көп таңдауы бар және ашық түрдегі толық жауаптықажет ететін тапсырманы орындайды.

1



4

2



Оқылым

1.​2.​1.​2 Оқудыңтүрлерін (буындапоқу, жиікездесетінсөздердітұтасоқу, түсініпоқу) қолдану

1.2.2.1 Мәтінде автордың кім? (не?) туралы айтқысы келгенін түсіну



Білім алушы жабық түрдегі көп таңдауы бар тапсырманы орындайды.

1

4

3

Жазылым

1.3.10.2 Тәуелдік және жіктік жалғауларының қарапайым формаларын қолдана алу (терминсіз)

Білім алушы ашық түрдегі қысқа жауапты қажет ететін тапсырманы орындайды.



1

4

Барлығы

3

12


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет